Инфоурок Биология Другие методич. материалы8-сыныпқа арналған биология пәнінен сабақ жоспарлары

8-сыныпқа арналған биология пәнінен сабақ жоспарлары

Скачать материал

Сабақ № 55-56

Сынып: 8

Күні: 11.04.14

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Тері аурулары. Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды   тері аурулары және көбеюдің маңызы жайлы білім беру;    

Дамытушылық: оқушынылардың материалды  оқып, ой-өрісін   тереңдетуге баулу, ізденіске жетелеу;                                    

Тәрбиелік: жеке бас гигиенгасын сақтауға баулу;

Сабақтың түрі: аралас                                                                                                                                                                              

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, бор мен тақта                                        

Сабақтың әдісі:  өздігінен меңгерту           

Сабақтың барысы:           І.    Ұйымдастыру бөлімі.

                                           ІІ.   Жаңа сабақты түсіндіру.

                                           ІІІ.  Бекіту.

                                           ІV.  Үйге тапсырма беру.

                                           V. Үй тапсырмасын тексеру

                                           VІ. Бағалау.

І. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.                                

ІІ.   Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Теріде болатын аурулардың қандай түрлері бар?

2. Күбіртке қандай ауру оның п.б. себебі ?

3.Күйіктің қандай түрлері бар. Ол кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?

4.Үсіктің белгілері, ол кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?

Тері — жылу реттейтін мүше. Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тері аркылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға белініп отырады. Жылудын бөлінуі адамның тіршілік ету жағдайына байланысты.

Ауаның температурасы жоғарылағанда — қан тамырларынын қабырғасы кеңейеді, соның нәтижесінде организмнің шеткі аймақтарына канның ағымы көбейеді де, өзіндегі жылудың артық  сыртқа бөледі. Егер ауаның ылғалдылығы жоғарыласа, онда жылудың бөлінуіне кедергі туады. Мысалы, мұндай жағдай адамның ыстық, құрғак климат жағдайынан ылғалдылығы жоғары (өне бойы нөсерлеп жаңбыр жауатын тропикалық аймақ) климат жағдайына барғанда байқалады.

Суық ауа райы күндері қан тамырлары тарылып, жылуды ішкі мүшелер қызметіне сақтайды. Тер өте аз мөлшерде ғана бөлінеді. Өте ыстык климат жағдайында бір тәулікте организмнен 12 литрге дейін тер бөлінуі мүмкін. Көп терлегенде жүрек және қан тамырларына күні түседі. Сонымен бірге тердің құрамымен организмдегі маңызды тұздар көп бөлініл, онын қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Теріде болатын аурулар. Күбіртке — саусақтағы тырнақ көбесінің іріндеп қабынуы. Бүл Жұмыс үстінде жараланған саусаққа (тырнақ кәбесіне) микроб түсіп, оны іріндетеді, ірің солқылдатып, қатты ауырады. Адам тырнақ алғанда етін жарақаттап алуы мүмкін.Саусақ іріні асқынғанда — тамыр қуалайды, қолтық безі шошиды.  жұмыс істегенде, қауіпсіздік ережелерін сақтап, қолдың терісі сыдырылғанда, пышақ кескенде, дереу, йод, бриллиант көгін жағып, таза дәкемен байлайды. Күйік ыстықтан, кайнаған су мен кызған темірден, оттан және химиялык заттардан (қышқыл, сілті, улы заттар және т.б.) болады. Тері кызарып күйеді, қол тигізбей ауырады, қызарған тері күлдіреп, ішіне су толады.

Алғашқы жәрдем: химиялық заттар күйдірсе, күйген жерді салқын сумен жуу керек. Егер денені кышқыл күйдірсе, ас содасы ерітіндісімен, ал сілті күйдірсе, онда сірке қышқылынын ерітіндісімен жуады.

Үсу — терінің аяздан, үскірік суық желден үсікке шалдығуы. Тері ауруларын зерттейтін ғылым дерма­тология.

Терінің әр қабатында орналасқан рецепторлар суықты, ыстықты, қысымды, т.б. сезеді. Жанасқы денешік қолдың саусақтарында, алақанда, табанда, ерінде, тілде бо­лады. Тақташалы денешік дененін терісінің тереңінде орналаскан. Негізінен сіңірде, шажырқайда (брыжейка) болады. Ол дірілдеуді, теңселуді және қысымды сезетін рецептор. Жүйкенің бос жатқан тармақтарының ұшы да өте сезімтал.

            Көбею — түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялык құбылыс.

Жыныстык көбеюдің функциялык негізінде аталық және аналық клеткалар қосылып ұрықтанады, ұрық анасының организмінде дамиды. Адамның көбеюі ұрықтанудан басталып, бірнеше даму кезеңдерінен өтеді, оны онтогенез дейді. Онтогенез деп тірі организмнің жұмыртка клеткасының ұрыктануынан бастап адамның өмірінің соңына дейінгі кезеңдерді айтады. Онтогенез екі үлкен кезеңнен тұрады: біріншісі — анасының жатырында даму, екіншісі — анасынан туып, бөлек өмір сүру кезеңі. Екінші кезеңде организмде үлкен сапалы және сандық өзгерістер өтуінен оның денесінің және мүшелерінің салмағы мен көлемі артады, бала өседі. Сапалы өзгерістерге физиологиялық жүйелер мен бүтін организмнің дамуы жатады. клеткаларында клетканың көбеюін реттеуші химиялык зат пайда болады.  Адам организмінің даму барысында ішкі секреция бездернің кызметіне бағынышты қалыптасады. Жыныс бездерінде ішкі секрециялық және сыртқы секрециялық кызмет қатар болады.

Жыныс жүйесінің дамып жетілуі нақты генетикалық бағдарлама бойынша етеді. Дегенмен бұған әлеуметтік, климаттық, экологиялык факторлар әсерін тигізеді. Жыныс жүйесінің жетілуінде оның екі жеке функциясын еске алу кажет: екінші  жыныстық белгілер функциясы мен көбеюдің жыныс мүшелерінің функциясы. Жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің функциясының үдемелі болуынан соңғы жыныстык белгілер пайда болады. Олардың барлық жыныстық белгілері ересек адамдардың типіне сәйкестенеді. Мысалы, баланың алғашкы 10 жас өмірінде гипоталамустың (аралық ми) қызметі эпифиз безінің тежелтуші әсерінде болады. Эпифиз семген соң гипоталамустың қызметіне тежелту әсер болмағандықтан, ол жыныс жүйесі жетілуінің механизмін іске қосады. Балалық шақта жүйке және эндокриндік жүйелер белгілі мерзімге дейін ішкі фактор (эпифиз) әсерінен тежелуде болады. Эпифиз ми аралығында орналасқан. Ол адамның 7—8 жасына дейін ғана кызмет етеді  Эпифиздін бөлетін гормондары ерлердің жыныс бездерінің дамуын баяулатады. Эпифиз ішкі секреторлық қызметі нашарлағанда — жыныс бездері мерзімсіз өсіп, жетіледі және мұрт шығады. Эпифиздің жұмысы жоғарылағанда адам семіреді. Тимус немесе кеуде ішкі безі адамның 13—15 жасына дейін, яғни жыныс бездерінің дамып жетілуіне дейін қызмет етеді. Тимус организмнің өсуіне әсер етеді. Тимус тимозин деп аталатын гормон боледі. Тимозиннің әсерінен тимуста Т-лимфоциттер дамып, иммундык реакция жүргізу қабілетін меңгереді. Тимус безі жетілмей туған баланың канынын кұрамында ақ қан түйіршіктері (лейкоциттер) аз болады.

 

Жаңа сабақты тест арқылы бекіту.

1. Тері қабаты нешеу?
  а) 1               ә) 3     
     б) 2
2. Тері қызметін атаңдар.
 а) Көру     ә) Сезу    б) Есту
3. Тері пигменті.   
   а) Лизоцин       ә) Меланин  б) Хлоратин
4. Тері қандай ұлпадан тұрады? 
    а) Эпителий            ә) Дәнекер         б) Жүйке
5. Терінің мүйізді түзілісі.
а) Шаш   ә) Тырнақ     б) Тері
6. Тері қандай мүше?  
а) Дәм сезу   ә) Сипап сезу      б)  Көру
7. Тері ауруының дәрігері.
 а) Уролог    ә) Дерматолог   б)  Терапевт
8.  Нағыз тері қабаты
  а) Эпидермис   ә) Дерма       б)  Май бездері
9. Адам тәулігіне қанша литр тер бөледі?
  а) 1 литр         ә) 1,5 литр        б) 5 литр
10. Терінің сыртқы қабаты
   а) Май қабаты    ә) Эпидермис    б) Май бездері

 

Үй жұмысы: Тері аурулары. Көбеюдің маңызы, көбею мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8-сыныпқа арналған биология пәнінен сабақ жоспарлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 659 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 4742
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Махамбетов Данияр Балтабекулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Махамбетов Данияр Балтабекулы
    Махамбетов Данияр Балтабекулы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33314
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 139 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек