Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / 11- сыныпқа тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

11- сыныпқа тәрбие сағаты

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ауызша жаунал

Көрнекілігі: слайд шоу, А3 форматтар, түрлі- түсті маркерлер, стикерлер

Тәрбие сағатының жоспары:

I. Кіріспе сөз

II. Ауызша журнал «Мамандық әлемінде»:

1. Еңбек нарығындағы жетіспейтін мамандар (өзекті мәселе).

2. Мамандықтар классафикациясы (Сен білесің бе?).

3. Психологиялық тренинг « Мен қандай маман боламын?».

4. «Мен таңдаған мамандық» ( жоба қорғау)

5. Ең тапшы мамандықтар (Қызық деректер).

III. Қорытынды

Кіріспе сөз: Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлылықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы қанатымызды қатайтып, өрісімізді кеңейтіп, білім жарысының мәресіне жеткеннен кейінгі ойланатын мәселе – болашақ мамандығым қандай болмақ? Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.

Біздің журналымыздың бүгінгі саны мамандық туралы болмақ. Сіздер журналымыздың «Өзекті мәселе», «Жаңалықтар таспасы», «Оқушылар жобасы», «Қызық деректер», «Сен білесің бе?» «Психологиялық тренинг» айдарын тамашалайсыздар. Ендеше, журналымыздың бірінші бетін ашайық. «Өзекті мәселе» айдарында Қалау Н. Және Мүшебаева Мөлдірдің «Еңбек нарығында жетіспейтін мамандықтар» атты мақаласын тыңдаймыз.

Мөлдір: Сарапшылардың айтуынша – заңгерлер, экономистер, басқарушылар шамадан тыс көп. Бiрақ, дәл осы мамандық иелерi кей компанияларда жетiспей жатады. Былтырғы түлектер бәсекесiнде жастардың арманы – бай болу екенi тағы байқалды. ЖОО-ның ақылы бөлiмдерi қаржы, кеден, салық саласының мамандарын көптеп дайындаса да бұл кәсiптi таңдаушылар саны азаяр емес. Осы мамандықтарға үмiткерлердiң көптiгiн былтырғы жылы бiр орынға шамамен отыз адамнан келгенiнен байқауға болады. Соңғы үш жылда “Қаржы және кредит”, “Бухгалтерлiк есеп және аудит” мамандығына құжат тапсырушылар тiптен көбейген. Аталған мамандықтарға елiмiз зәру емес. Осы орайда сарапшылар жергiлiктi еңбек нарығына дәл қазiр ақпараттық технология (программистер) және электроника бойынша инженерлер, инженер-технологтар тапшы екенiн алға тартып отыр.

Сол сияқты Қазақстанға кәсiпқой, бiлiктi басқарушылар керек. Инновациялық жобаны дайындап, сату iсiне дейiн жеткiзетiн басқарушының экономика мен қаржыдан хабары бар екендiгi және өндiрiстен тәжiрибесi молдығы маңызды. Қай кезде де өз iсiне шебер мамандар барлық жұмыс орны үшiн таптырмас кадр.

Нұрғиса: Бүкiл әлемдегi секiлдi Қазақстанның еңбек нарығына денсаулық саласы бойынша мамандар жетiспейдi. Жылына медицина саласындағы арнайы оқу орнын бiтiрген мамандардың тек төртеуi ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады екен. Қалғаны басқа салаға бас сұғады. Тапшы кадрлардың бiрi – биотехнологтар мен медицина құрылғыларының тiлiн бiлетiн маман. Жыл сайын жаңарып отыратын медицина саласына көзi ашық, көкiрегi ояу, технология тiлiн бiлетiн кадр ауадай қажет. Бұл салада фармацевтер тiптi жоқтың қасы.

Мемлекет экономикасы дамыған сайын кадр тапшылығы сезiле түседi. Дәл қазiр Қазақстанның еңбек нарығында жаңа технологиялардың тiлiн бiлетiн маман қажет. Экономика дамыған сайын кадр мәселесi шешiлмейтiн түйiнге айналуда. Дәл бүгiнде елiмiз аса зәру болып отырған салалардың бiрi – ғарыш саласы. Осы орайда астрофизик, астроном мамандықтарының қажеттiлiгi жылдан-жылға артып келедi. Мемлекеттiк стандарт бойынша бiлiм беру жөнiндегi Ұлттық орталықтың мәлiмдеуiнше, елiмiз зәру болып отырған механик, картограф және геодезист (бұл кәсiпке өте аз грант бөлiнген), геолог, баспа iсi мамандығына ұмтылушылар саны мардымсыз немесе жоққа тән.

Бүгiнгi таңда елiмiз металлургия және тау-кен өнеркәсiбi мамандарына зәру болып отыр. Сол сияқты техникалық мамандықтар, тұрғын үй және жол құрылысы (темiржонушы, ағаш өңдеу, кiрпiш қалау, монтаждаушы т.б.) бойынша мамандар дайындау аса қажет.

Келесі «Сен білесің бе?» айдарында «Мамандықтар классификациясы» атты мақаласымен Берген Арайлым

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

адам – техника,

адам – адам,

адам – белгі жүйесі,

адам – табиғат,

адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой-өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

Енді, «Қызық дерек» айдарына көшейік. Әлемде ең сирек кезедестін мамандықтар туралы дайындаған Аманғос Әкімгерей және Мырзағали Ақгүл.

Әкімгерей: Хош иісті әрі дәмді шыны шайдан дәм тарту – көпшілігімдіздің бой тынықтырып, туған-туыс, жақындармен әрі достармен араласудағы өте жақсы желеу екені белгілі. Алайда, дүниежүзінде шай ішуге мамандық ретінде қарайтын адамдар да бар. Ол титестер – адамдар, яғни шайдың сапасы мен дәмдік беделін анықтайтындар. Дәл осы адамдар түрлі сұрыптан шай жиынтықтарын жасайды. Өздері жасайды әрі алғашқы болып өздері татып көреді.

Титестер немен айналысады?

Тетистер шайды тестілейді. Алдымен құрғақ шай тестіленеді, одан кейін қайнатылған шай жапырағы зерттеледі. Шай тұнбасын тестілеуде титестер шайды ішпейді, тек онымен ауыз қуысын шаяды. Содан кейін шай тамшысын тіл арқылы таңдайға тигізу жолымен оның дәмін анықтауға тырысады. Хош иісін анықтау барысында ол ыстық шайға мұрнын тигізбейді, тек қайнатылған шайдан босаған құтыны иіскейді немесе шайы төгілген, ыстық емес қайнатылған шай жапырақтарын абайлап иіскейді.

Ақгүл: Жарнамалық роликтер жасайтындар біледі, қазіргі таңдағы ең тапшы кәсіп - ол спецэффект шеберлері. Бұл шеберлер экрандағы азық- түліктерді арнайы заттармен ауыстырып көрсетуді ойлап табады.

Жарнамада көріп жүрген газды сусын, йогурттар, шоколад, мөлдір сыралардан шығып жататын ауа түйіршіктері - бұл біз ойлағандай дәл сол иогрут емес - ал оның алмастырушылары. Мәселен, тұшпаралар экранда қайнап жатқан суға әдемі салыну үшін оның орнына пластикалық заттар қолданылады, ал су - суық. Қайнап жатқан суды арнайы компрессормен немесе мотор арқылы қайнап жатқан кейіпке енгізеді. Кейін барлық сурет компьютерде дәлденеді. Мынадай нәтижелерді жүгезе асыру өте қымбат тұрады. Сондықтан жарнама жасаушылардың жалақысы да жоғары.

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану Жайылханұлы Дамир

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

Кезекті «Мен таңдаған мамандық» атты оқушылар жобасына береміз. Оқушылар өздерінің таңдаған бесінші пәндеріне байланысты 3 топқа бөлініп отыр. «Физика», «География» және «Биология, химия» әр топқа ресурстар үлестіріледі. Әр топ мамандықтарының жобасын қорғайды. 6 мин.

Қорытынды сөз: Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, яғни сендердің қолыңда, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктіліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





ТАМДЫ ОРТА МЕКТЕБІ









АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ:



«МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-

ӨМІРДІ ТАҢДАУ»





СЫНЫБЫ:11 «А»

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: Д.Б.ЕСЕНОВА



















2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров914
Номер материала ДВ-492358
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх