Инфоурок Другое Конспекты7 сынып,Алтын бесік Атамекен

7 сынып,Алтын бесік Атамекен

Скачать материал

                  Маңғыстау облысы

              Жаңаөзен қаласы

                                                      № 8 Қашаған Құржыманұлы атындағы

                                  орта мектептің өзін – өзі тану

  пәнінің мұғалімі Умирбаева Амангул Сергеевна

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Тақырып:  Алтын бесік Атамекен                Құндылық:  Ақиқат 

Қасиеттер:  Шыншылдық, мейірімділік

Сынып «7»

 

Мақсаты: 
Оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
Міндеттері:
- Атамекенді қадірлей білуге, Атамекенге қызмет ету, адам өмірінде Атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;
- Оқушылардың өз Атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;
- Өз Атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.

Ресурстар:

интерактивті тақта (слайд, видео, «Атамекен» және «Өз елім» әні, «Кең жайлау» күйі)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ барысын талқылау:

 

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Дәйек сөз.

 

 

ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).   

Мұғалім сыйы.  

Сонымен бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз – Атамекен алтын бесік. Атажұрт, атамекен, туған жер – өте кең ұғым. Ол халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, сусын ішіп, өмір сүріп, өсіп - өніп келе жатқан кең жазира жері. Бұларға жеке - жеке тоқталатын болсақ, атажұрт - этникалық ұжымның, яғни ру, тайпа, елдің байырғы ата - бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп - өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Ал, атамекен ұғымы бізге араб тілінен келген екен."Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі қолбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау болса, мекен сөзі араб тілінде «мәкан» - орын, жай деген мағынаны білдірген. Бұл дегеніміз - туған жер, өңір, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «атақоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата - бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Туған жер дегеніміз - әр адамның шыр етіп дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Әр адамзаттың бір ғана Отаны, яғни Атамекені болады. Алайда, қазіргі таңда кейбір адамдардың екі Отаны болады. Оған себеп, ғаламдану дәуіріне сәйкес басқа мемлекеттерде тұрып, сол елдің азаматтығын алып, өзінің екінші Отаны деп санайды.
Туған жер мен Атамекеннің айырмашылығына тоқталатын болсам: туған жер деп кіндік қаның тамған жерді айтамыз. Ал, атамекен – ата - бабамыздың білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған қасиетті жері. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман - тоғайларының, кең - байтақ, ұлан - ғайыр даласының атаулары мың сан. Бұлардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен біте қайнасып, ғасырлардан ғасырларға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре. Халықтың ұшқыр қиялы, саналы ой, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез - құлық болмысының көрінісі. Сонымен атамекен - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі.
- Балалар, енді «Әңгімелесейік, пікірлесейік» айдарына кезек берсек.

1) Атамекен, атақоныс, атажұрт несімен қымбат?
2) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
3) Ел баласы атану үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?
4) Өз Атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?
Оқу ақпараты
(Оқушылармен «Оқу ақпараты» арқылы Атамекен, Атажұрт, Атақоныс, Туған жер құндылықтары туралы талқыланады.)
Атамекен - туған халқымның, ұлтыңның мекен еткен, ата бабаңның қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де Атамекенімен тығыз байланыста болады.

Мәтінмен жұмыс
(Оқушыларға оқулықтағы «Отан сүйер ұлан бол» өсиетін оқытып, Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту )

Мұғалім сөзі:
- Балалар, біз Б. Момышұлын білеміз ғой?! Ол Отан үшін отқа түскен, қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, әйгілі жазушы, XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға. Сіздерге Б. Момышұлының өсиеті беріліп отыр.
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек, еттен,
Арым бар, намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма, немере, шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Елді сүйер ұлан болыңдар! Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б. Момышұлы

 

 IV. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың Атамекенге деген сүйіспеншілік сезімдерін шығармашылық жолмен жеткізу тапсырылады. (Сурет салу арқылы)
Дәптермен жұмыс
К. Нығметованың «Менің ауылым» мәтінін негізге ала отырып, «Туған жер - тұғырың» тақырыбында өз туған жері туралы эссе жазу.

 

V.Топпен ән айту.                                                                                          

Атамекен
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен.
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы: 
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы

 

VІ.Үй тапсырмасы

 

VII.          Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 сынып,Алтын бесік Атамекен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2016 1801
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умирбаева Амангул Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умирбаева Амангул Сергеевна
    Умирбаева Амангул Сергеевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17258
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека