Инфоурок Начальные классы КонспектыСыныптан тыс шара на тему "Жүзден жүйрік"

Сыныптан тыс шара на тему "Жүзден жүйрік"

Скачать материал

Игилманова Магида Пазыловна

№46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Орал қаласы

Тақырыбы:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Мақсаты: Балалардың тіл туралы таным деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылық-тарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық-қа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайд көрмелері.

Жоспары: 1) Жедел жауап;

                    2) Тіл-өнер;

                    3) Бәрін білгім келеді;

                    4) Қызықты тұрақты тіркестер;

                    5) Мықты болсаң, тауып көр;

                    6) «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы».

Барысы: Кіріспе сөз.

     Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл-халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығы-мыз, барымыз.

    Қайырлы күн, құрметті көрермендер, сайыскерлер! Бүгін біздің «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды көруге шақырамыз. Сайысымызға екі топ қатысып отыр.

1-топ. «Бәйтерек»

Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

 

2-топ. «Сұңқар»

Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла,

                Талап қыл, артық білуге»

     Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетеді. Әділ-қазылар алқасын сайлау.

 

Білім деген биік шың ,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- деп сайысымыздың алғашқы шарты - «Бәйге» бөлімін бастаймыз.

1-бөлім. «Жедел жауап»

1-топ.

1.     Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

2.     Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)

3.     Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Ю. Гагарин)

4.     Қазақтың атақты күрес шебері. (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

5.     1-маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)

6.     Қазақстан әнұранының авторлары кімдер? (Ж.Нәжімеденов,

Н. Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

7.   Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

8.  Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)

9.  2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетика чемпион-

      дары. (Илья Ильин, Майя Манеза, Зулфия Чиншанло, Светлана

      Подобедова)

10. Ұлы Отан соғысына қатысқан шығыстың қос шынары (Мәншүк

       Мәметова, Әлия Молдағұлова)

 

2-топ.

1.     Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)

2.     Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж.)

3.     Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ (Тоқтар Әубәкіров, 1991 ж.)

4.     Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

5.     Қазақстан Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

6.     Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)

7.     Биыл қай жыл? (жылқы жылы)

8.     6-шілде қандай мереке? (Астана күні)

9.     Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ы. Алтынсарин)

10. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

 

2-бөлім. «Тіл-өнер»

1-топ.

1.     Ең тәтті де тіл, ... (ең ащы да тіл)

2.     Оқу-білім бұлағы, ... (білім-өмір шырағы)

3.     Еңбек етпесең, елге өкпелеме, ... (егін екпесең жерге өкпелеме)

4.     Өнер алды, ... (қызыл тіл)

5.     Ашу-дұшпан, ... (ақыл-дос)

6.     Отан-... (оттан да ыстық)

2-топ.

1.     Отансыз адам-... (ормансыз бұлбұл)

2.     Ер жігіт елі үшін туады, ... (елі үшін өледі)

3.     Мектеп-кеме, ... (білім-теңіз)

4.     Егііннің жайын еккен білер, ... (арбаның жайын жеккен білер)

5.     Қыз-елдің көркі, ... (гүл-жердің көркі)

6.     Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген,

... (таза болсаң, судай бол, бәрін жуып кетірген)

 

3-бөлім. «Бәрін білгім келеді»

     Бұл бөлімде пәндер бойынша ұяшық берілген. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

      4 пәннен 4 сұрақтан барлығы, 16 сұрақ әзірленген.

Қазақ тілі.

10. Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын зерттейтін сала)

20. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (үшке: қатаң, ұяң, үнді)

30. Есептік сан есім дегеніміз не? (Заттың нақты санын білдіруі)

40. Қаратпа сөз дегеніміз не? (сөйлегенде біреудің назарын аудару

       үшін айтылатын сөздер)

 

Әдебиеттік оқу.

10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-

       мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер)

20. «Менің атым-Қожа» әңгімесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

30. Сен ғылымға болсаң ынтық,

       Бұл сөзімді әбден ұқ.

       Білгеніңнің жақсысын қыл.

       Білмегенді біле бер.

       Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім? («Сен ғылымға».

       Ш. Құдайбердіұлы)

40. Қазақ тіл білімінің, қазақ әліпбиінің негізін салушы кім? (Ахмет

       Байтұрсынұлы)

 

Математика.

10. Екігі бөлінетін сандар (жұп сандар)

20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (45)

30. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін секіру

       үшін қанша секунд кетеді? (15 секунд)

40. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30 аяқ)

 

Дүниетану.

10. Омыртқаның ішінде не бар? (жұлын)

20. Көкжиектің неше тұсы бар? (4)

30. Қандай табиғат құбылыстары апат деп аталады? (жер сілкіну, су тас-

       қыны, дауыл, сел)

40. Топырақ деген не? (Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты)

 

4-бөлім. «Қызықты тұрақты тіркестер»

1-топ.

1. Қой аузынан шөп алмас-момын, жуас.

2. Сүт пісірім уақыт-жылдам, тез.

3. Су жүрек-қорқақ.

4. Ит өлген жер-алыс.

2-топ.

1. Жүрегі аузына тығылды-қатты қорықты.

2. Көзді ашып жұмғанша-лезде, жылдам.

3. Екі езуі екі құлағында-қуанды, күлді.

4. Төбе шашы тік тұрды-қорқу.

 

5-бөлім. «Мықты болсаң, тауып көр»

Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.

1-топ.

1.     Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас. (жұлдыз, звезда, star)

2.     Тұмсығымыен қозғалар,

Артында аппақ із қалар. (бор, мел, chalk)

3.     Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

4.  Білімді мыңды жығады,

      Білекті ... жығады. (бір, один, one)

5.  Сырты тәтті, іші тәтті,

      Ортасы сүйек қатты. (алма, яблоко, apple)

2-топ.

1.  Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

      Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

2.  Айдағаны ... ешкі,

      Ысқырығы жер жарады. (бес, пять, five)

3.   Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

       Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

4.    Жылт-жылт еткен,

       Жырадан өткен. (су, вода, water)

5.    Өзі сөйлей білмейді,

       Салған ізі сөйлейді. (қалам, ручка, pen)

 

6-бөлім. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»

Әр топтан оқушылар шығып, белгілі бір тақырыпта өлеңдерді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің ашықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

 

Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі қазылар алқасында,- дей отыра жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік (жеңімпаздарды марапаттау). Сонымен оқушылар жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңізге тілектеспін. Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс шара на тему "Жүзден жүйрік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 535
    • DOCX 22.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утебалиева Гулбарам Магжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29606
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе