Инфоурок Классному руководителю ПрезентацииСлайд."Сөз тіркесі,сөздердің байланыс түрлері"

Слайд."Сөз тіркесі,сөздердің байланыс түрлері"

Скачать материал
Скачать материал "Слайд."Сөз тіркесі,сөздердің байланыс түрлері""

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ...

    1 слайд

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
    Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
    ЖӘНЕ ИЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
    Орындаған:КЯЛ-14-01 тобы студенті Адилханова Г.Қ.
    Тақырыбы:Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары

  • Жоспар1.Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері 
2. Сөз тір...

    2 слайд

    Жоспар
    1.Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері
    2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
    3. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер
    4.Сөздің байланысу формалар

  • Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтары...

    3 слайд

    Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын -грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек-бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады.
    Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір граммтикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.

  • Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты...

    4 слайд

    Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі.
    Сөз тіркесі жөнінде пікірлердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылады да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер көп қозғалмайды.
    Орыс тілінде сөз тіркестерін (СТ) тұңғыш қолға алған В.В.Виноградов СТ түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы Тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады. Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып, СТ номинативті, сөйлемді предикативті деп танитын болды. Осылай СТ «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды.
    В.В.Виноградов

  • Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қ...

    5 слайд

    Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу. Солардың бәрі өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар.
    Н.А.Баскаков

  • Сөз тіркестерін  түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркест...

    6 слайд

    Сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш, мал дәрігері т.б.).Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне көтерілуі болмақ (қолөнер, ашудас, кәсіподақ).

  • Кейбір зерттеушілер есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты...

    7 слайд

    Кейбір зерттеушілер есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, француз түркітанушысы Ж.Денидің ізімен А.П.Поцелуевский былай дейді: «логикалық және тұлғалық жақтан бір бүтін болып есептелетін екі немесе одан да көп сөздер сөз тіркесі деп аталады». Осылай сөз тіркесін жеке сөзге балап бір бүтін дейтін себебі –тіркескен сөздердің соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді. Егер олай болса, лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. Бірақ оның келтірген мысалдарында, сөз тіркестерін топтастыруында ол байқалмайды.
    А.П.Поцелуевский

  • А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін төмендегідей төрт топқа бөлген
1) детерминат...

    8 слайд

    А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін төмендегідей төрт топқа бөлген

    1) детерминативті;


    2) салалас;

    3)сабақтас;
    4)сөйлем.
    Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын. Алайда оның сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.

  • Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керектігіне  ерекше көңіл бөл...

    9 слайд

    Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керектігіне ерекше көңіл бөледі: «Сөз тіркесі де, сөйлем де бірнеше сөздер тобынан тұрады. Алайда екеуін біріктіретін принциптер мүлдем басқа. Бастауыш пен баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бәрі сөз тіркесі болып табылады». Соңғы пікірі біраз дәлелдеуді қажет еткенмен, ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының үлкен мәні бар. Ол сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін уағыздайды.
    Сөйлем байымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді.

  • Мұндай пікір Н.А.Баскаков мақалаларында да бар.  Бұл пікірді  құптауға болмай...

    10 слайд

    Мұндай пікір Н.А.Баскаков мақалаларында да бар. Бұл пікірді құптауға болмайды, өйткені байымдау, біріншіден, грамматикалық категорияларға тән ұғым емес, логика ғылымына тән. Екіншіден, сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

    Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгіндей тұлғалық дәйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы бар.
    Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та «атрибуттық» топтарды ғана (жазық дала) сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков «атрибуттық» сөз тіркесі дегенді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе, сөйлем деп таниды.

  • Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін  жан-жақты зерттеудің объе...

    11 слайд

    Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің бірі –Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады: сөйте тұрып, сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып, екінші жағынан сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады.
    Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қортындыларымен қатар лексикаға және сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар.


  • Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын –сөз.  Сөз тіл білімінде ле...

    12 слайд

    Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын –сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады.

    Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан сөз –ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.

  • 13 слайд

  • 2.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер: 1)Жалғаулар...

    14 слайд

    2.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер:
    1)Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік): кітаптың беті, қаладан келді т.б.
    3)Сөздердің орын тәртібі: биік үй, қалың орман т.б.



    2) Шылаулар(демеуліктер, жалғаулықтар): адам үшін, көрген сайын т.б.



    4)Интонация: Бұл –кітап, Асан –студент т.б.

  • СТ сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы –синтетикалық байланыс, қосымшаларс...

    15 слайд

    СТ сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы –синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.

  • Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде  қалыптасқан  синтаксистік бай...

    16 слайд


    Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формалары:

    Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы: мен келдім, сен айттың т.б.
    Матасу –бағыныңқы мен басыңқының бірі ілік жалғауында, бірі тәуелдік формасында тұрып байланысуы: менің анам, ағаштың жапырағы т.б.
    Меңгеру –бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы: есікті ашты, маған келді т.б.
    Қабысу –бағыныңқының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы, ал енді бір қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап тұрады. Бұл жанасуға жатады.

  • 3. Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі  болғанда, олардың құрамына әр...

    17 слайд


    3. Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Олар түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
    Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Олай болмаған жағдайда стильдік қате болып есептеледі.

    Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады: Асау терек долданып, буырқанып... (Абай). Мұндай тіркестер метафоралық тіркестер деп аталады.

    Енді бір тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады: жүрегі шайылу, көз қырын салу т.б. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз.

    Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады: жақсы кісі, жақсы ат, жақсы кітап т.б. Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркестер дейміз.

  • Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз...

    18 слайд

    Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан тұрады: бірі сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі –оның басыңқы сыңары, екіншісі –оған қатысты және тәуелді бөлігі – бағыныңқы сыңары. Мысалы: жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы).

    Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер және басқа түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер дегеніміз - өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін, яғни лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Оларға күрделі етістіктер тобы (жүріп келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы ( жол жүру, қол қою), қосарлы есімдер тобы (жылдан-жылға, ыдыс-аяқ), күрделі есімдер тобы (арбаның қасы), тұрақты тіркестер тобы (үрейі ұшу, есі тану) кіреді.

  • 1)СТ тізбектеліп,  ондағы сөздер  біріне-бірі сатылана байланысады: Азамат ке...

    19 слайд

    1)СТ тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады: Азамат кең бөлменің ортасында отыр екен дегенде, кең сөзі бөлме сөзіне бағынып, бір тіркес, бөлменің сөзі ортасы дегенмен байланысып, екінші тіркес, ал ортасында сөзі отыр екен етістігімен тіркескен.

    2) Кейде СТ құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Кеше мектепте ұстазыммен кездестім деген сөйлемде мынадай тіркестер бар: кеше кездестім, мектепте кездестім, ұстазыммен кездестім.
    Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңде керісінше орналасуы мүмкін.

    Сөйлем ішінде СТ екі түрлі ыңғайда
    құралады:

  • 20 слайд

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2016 6841
    • PPTX 2.5 мбайт
    • 110 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таласова Алмагул Танжарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таласова Алмагул Танжарбаевна
    Таласова Алмагул Танжарбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 105059
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 790 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 846 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе