Инфоурок Начальные классы КонспектыҚұстар біздің досымыз тәрбие сағаты

Құстар біздің досымыз тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты:

1.  Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы                           құстардаң мағнасы жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

2.  Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

3.  Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, үнтаспа, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

 

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

Оқушылар ендеше құстар туралы не білетінімізді ортаға салайық.

1 - оқушы

Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.

2 - оқушы

Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.

3 - оқушы

Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,

адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.

4 - оқушы

Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.

5 - оқушы.

Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.

 

 

6 - оқушы

Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.

7 - оқушы

Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.

Жүргізуші:

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған.

Сұлулықты паш етіп

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді, көл көркі

Құс патшасы мен болам- демекші ортада «Аққу» биі

–       Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.  «Тал басында тамаша үй». Ұя

–       Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?

–       Ұяны құстар мекендейді.

–       Құстар туралы сендер не білесіңдер?

–       Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды.

Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.

–       Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңңдаңыздар.

Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:

—         Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.

Оны естіген ата бұлбұл:

–       Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.

Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.

Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.

Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.

–Қарға :     мен қарғамын, қарғамын,

Көп қой менің арманым. Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.

–Бұлбұл:    Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.

–Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,

                                     Қонақжаймын аңқыылдаған.

–Бұлбұл:  Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.

–Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.

 Мен торғаймын, торғаймын,

Ағаштарды қорғаймын.

–       Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.

–       Бүркіт:  Мен бүркітпін, бүркітпін,

Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха.

–Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.

–Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.

Қарлығашпын қалықтаған,

Ұшудан ешбір жалықпаған.

–Бұлбұл: Қандай ідемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады.

Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.

Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

Туған жерім – қымбат мекен,

                   Өскен ұям ыстық екен.

                   Бұлбұл үні – өз тіліме,

                   Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін  барлық құстар қызыға тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.

–Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?

–       Иә.

–       Ертегі не деп аталады?

–       Ерке бұлбұл.

–       Ертегіде қандай құстар кездесті?

–       Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүпкіт, торғай.

                 Жарайсыңдар.

Ән: «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.

Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.

Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

Шағала келсе сең бұзылады.

Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

Қорытынды.

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.

Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан.

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құстар біздің досымыз тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2017 1125
    • DOCX 44.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нұрадинова Айжан Шырақбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нұрадинова Айжан Шырақбайқызы
    Нұрадинова Айжан Шырақбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12035
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе