Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / СТАТЬЯ для учителей на тему "Қазіргі заман талабына сай студенттерді дайындау"

СТАТЬЯ для учителей на тему "Қазіргі заман талабына сай студенттерді дайындау"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:






Қазіргі заман талабына сай колледж студенттерін сапалы дайындау

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» (Н.Ә. Назарбаев)

«Ұстаз» десек әркімнің өмір жолында мәңгілік із қалдырған, арман үмітіне қанат бітірген, ой-қиялын биікке самғатқан, мұғалімге деген сүйіспеншілік сезім бірден, «қалдырған ізің-мәңгілік» - деп елес береді. Мұғалім-адам жанының инженері, мінез-құлық суретшісі, ой мен сезім дирижёрі. Еңбегінің жемісін жылдар бойы күтетін бағбан. Қандай тамаша айтылған сөздер десеңізші.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- деген бүгінгі тәуелсіз  мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың  меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу,тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық   шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана   ерекшеліктерін  әлеуметтік  қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі студенттердің мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір жасөспірімнің білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір студенттің шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі. Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.
     Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек»- деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» - деп атап көрсетуі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халыққа берген жолдауында былай деген; «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды». Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім.Ал бүгінгі таңда мектептің ,мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет. Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз. Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады шыңдалуына негіз болады. Ұстаздық еңбек жолында өзіміздің жерлесіміз әрі ғалым, әрі жазушы Мәлік Ғабдулиннің мына пікірін негізге аламын: «Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті де кішпейіл болуы, білімдарлығымен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді», - деп жоғары бағалаған. Осы пікірді негізге ала отырып, өмірде сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз болуды мақсат еттім, себебі ұстаз еңбегі-абыройлы еңбек. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар еркін түрде меңгерген тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Оқу орнында білікті маман даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Бүгінгі дүниенің күн санап өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде. Жаңа идеялар, білім беруге жаңаша көзқарас, кәсіби біліктілік біздің бұрынғыдан да жаңа жоғары сатыға көтерілгендігіміздің белгісі. Міне, мұның бәріне қол жеткізуге әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеуі ерекше болуы тиіс және студенттердің шығармашылық қабілеттерін оқыту процесінде дамыту мақсаты көделуі керек.

Студенттің бойында шынайы білім, білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыра алған сөйлеген сөзі, істеген ісі, парасат-пайымы, инабатты, білімінің тереңдігі мен жан-жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам ұстазға саналады.

Осы пікірді түйіндей келе жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, көркеюіне себепші болып, олардың тағдарында шапағатты із қалдыратын өмір тәжірибесі мол дана адам болып табылады. Қазіргі заманның ұстазы ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта, сыйлата алатын, дүниежүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек екені баршамызға мәлім. Ұстаздың оқу-тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой сезіміне әсер ету үшін:

Біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы;

Екіншіден, өз бойындағы білімді студенттің жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі;

Үшіншіден, студенттің психологиялық ой-өрісін бақылай алатын, сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет.

Қазіргі  заман  болашақ  мамандарынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,  тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы талап етілуде. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес.

Педагогикалық колледжде инновациялық технологияларды қолдану студенттердің  білімге деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандығына деген ықыласын, ынта-жігерін қалыптастырып, практика мен оқу дәрісінің үйлесім табуы арқылы жетістікке жол ашады. Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, педагогикалық мамандандыққа студенттерді сабаққа ынталандыру үшін көрнекі құралдар мен оқу әдістері тиімді болу керек. Сондықтан да, студентттің жеке тұлғалық қасиеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс жасау міндеті қойылады. Ең алдымен сабаққа оқушыларды қызықтыра білу талабын орындау қажет. Топтағы студенттерді психо-педагогикалық тұрғыдан зерттеп, әр топқа оқытудың өзіндік жолын пайдалану шарт. Өйткені бірізділік оқытушының сабағына деген көзқарасты сол деңгейде қалдырады. Сондықтан оқытушы топтағы студенттер құрамына қарай өз іс-әрекетін ұйымдастырады. Бұл, біріншіден, студент оқытушының алда қандай әрекеттер жасайды деген жұмбағын таптырмайды, екіншіден, әрдайым жаңашылдық танытуының арқасында студенттердің сабаққа деген қызығушылығын оятады, үшіншіден,студенттпен арадағы байланыс нығайып, оқытушының кәсіби шеберлігіне деген студенттің сенімі нығайып, құрметі жоғарлайды.  

 Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын  өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.

Педагогикалық колледж студенттері теориялық алған білімдерін жүзеге асыру мақсатында және кәсіби білік дағдыларын шыңдауы үшін апталық, айлық іс-тәжірибе өтеді. Іс-тәжірибе алдында студенттерге арнайы дайындалған жоспар бойынша оқу іс-тәжірибесінен дәріс алып, қажетті біліммен толықтырылады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі, әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:
-    жүйелі ойлауды;
-    құқықтық ақпараттық мәдениетті;
-    кәсіпкерлік мәдениетті;
-    өзін-өзі тануды;
-    басқаларға ұсынуды;
-    өз қызметін білімді талдауды;
-    жаңа білімді;
-    жаңа технологияларды меңгеруді;
-    кейбір жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
-    бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді;
-    әр іске жауапкершілікпен қарауды;
-    нәтижеге бағытталған істерді жасауды.
Осыған орай, біздің – мамандықтар бойынша арнайы пәндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлар, оқу – әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық – технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия әдістері  қолданылып келеді.
      




Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014ж. Қ.Р « Білім туралы» Заңы.  Астана  2007 № 319 –III

2.  “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007       
3. Қ.Ж Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003ж, 40-бет. 
 
4. Қ.Р. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

5. Қ.Ж. Бұзаубақова. « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру». Алматы. Жазушы 2006,250 – б


6 . Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына Жолдауы». Елбасының   «Қазақстан жолы» – 2050   Астана 2014 ж








      




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДВ-365596
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх