Инфоурок СтатьиСтатья " Мәңгілік Ел идеясының тарихи - патриоттық құндылығы"

Статья " Мәңгілік Ел идеясының тарихи - патриоттық құндылығы"

Скачать материал

Солтүстік Қазақстан  облысы

 Қызылжар ауданы   

 Петерфельд орта мектебі

Алькенова Айдана Жанатовна

Тарих және география пәнінің мұғалімі

Мәңгілік Ел идеясының тарихи - патриоттық құндылығы

            Мәңгiлік ел тaқырыбы тамырын тeреңге жайған үлкен ағаш  секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың  жапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным - қазақ ұлты, қазақ елі,  қазақ халқы. Бұл  мен үшін мәңгілік ел бейнесінде  көрініс тапты.

 «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл Жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.

 Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз.

Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады:  «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады.

550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы. Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды. 

Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін, қазақ елін  мәңгілік ел  болып қалуы үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе - бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты  Наурызбай, Абылай хан қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғағап, халық қорғаны  бола білді.

Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір-біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып, бірінің етін біріне жегізіп қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемлекеттерге ауып кетіп, тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе?! Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!..

Ал  Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы  созылған соғыста ұлдарымыз Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигильдинов айтпағанда, қыздарымыз Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияақты батыр қыздарымыздың  өзі қан майданда ерлікпен шайқасты. Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы ұлдарымыз бен қыздарымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп, күрсінген жүректің демімен дамыл таппай, ішінен тынып, балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген, еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел -Аналар-ай!

     Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады. Ресейдің қол астында болып ең басты, ең маңызды байлығымыз болған салт -дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, тілімізді, дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сайрадық. Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп, алаңға шығып, білектің күшімен күрессе, әдебиетте ақын- жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.

Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...

Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем  мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ  кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа  айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық.

Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!  Әр ұстаздың міндеті өз елінің патриотын тәрбиелеу. Өз басым Мәңгілік ел идеясын келешек ұрпаққа мынадай іс –шаралар арқылы сіңірудемін. Білім берудің қазіргі міндеті – білім алып, білім мен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік кәсіби ақпаратты өзі іздеп тауып, талдай алу, ұғымды пайдалану, тез өзгермелі қоғамға лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. «Мәңгілік Ел» болып жасай беру, оны қорғау, Қазақстан мемлекетінің тарихын жүйелей, саралай отырып, «көздің қарашығындай» сақтау әрбір азаматтың ұлттық тарихқа деген сүйіспеншілігі, үлкен қайсар шешімі екенін терең білу - ортақ парызымыз. 11-сыныптың Қазақстан тарихы бағдарламасына Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» туындысы енгізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауын» оқытудың өзектілігі мынада: қазір – елдің сын кезінде тұрған уақыты. Дүниежүзілік дағдарыстар әлемді шарпып барады. Жер бетінде тынымсыз арпалыстар, бәсекелестік пиғылдар, агрессиялық әрекеттер күшейді. Ел мүддесіне жат діни экстремистік ағымдар да қауіп төндіруде. Мұндай жағдайда қоғамды сөзбен ұйымдастырып, Отанымызға деген сүйіспеншілікті нығайта түсу маңызды. Жасампаз халықтың өткен тарихымен рухтандырып, болашаққа деген адамдардың наным-сенімін күшейте түсу - кезек күттірмейтін іс. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қажет етеді. Еліміздің білім беру ұйымдарының алдына мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту міндеті қойылды. Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқу үрдісінде оқу жылының алғашқы күнінен бастап дәстүрге айналған «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізгенде, ата – аналар мен оқушылардың бойындағы ұлттық құндылықтарды ұлттық идеямен ұштастырдым. 11-сыныптың бағдарламасындағы «Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес», ал 10 сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясымен кіріктірілген сабақ өткіздік. Мақсатымыз: қазақ халқын біртұтас сақтап қалған тарихи  тұлғалардың ерлік істерін насихаттау, қиындықпен келген Тәуелсіздігіміздің туын желбіретіп тік ұстауға насихаттау. 5.7-сынып оқушыларымен «Біртұтас Қазақ мемлекеті» тақырыбына байланысты Петропавл қаласындағы Абылай хан резиденциясына танымдық – саяхат сабағын ұйымдастырып, отансүйгіштік, ізденімпаздық қабілеттерінің шыңдауды мақсат еттім. Оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында «Өлкенің тарихи тұлғасымен сырласу» тақырыбында ой – толғау жаздық.  Тәуелсіздік мерекесінде «Мұзға жанған  алау» тақырыбында тарихи – сахналық кеш ұйымдастырып,  ұлттық тарихқа деген сүйіспеншлігін ояту, қайсар мінезді жастардың рухын асқақтату мақсаты көзделді. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы құрбандарына тағзым» атта тарихи кеш өткіздім. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрмет тұту. Сонымен қатар, өңірімізде  аңыз адамға айналған әлемдік велоспорт шебері А.Винокуров атындағы спорт кешенінде демалысымыздың бір күнін  өткіздік.  Тәуелсіздігіміздің туы желбіреп, тыныштық орнаған бейбіт заманда болашақ ұрпақ үшін ендігі үлгі тұтатын тұлғалардың бірі. Менің ойымша,  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының https://pp.vk.me/c628617/v628617308/4ec6d/myWaTWDXXMQ.jpgмақсаты  - мұғалімнің әр оқушының бойынан ел болашағының тұтқасын ұстайтын тұлғаны аңғарып, өмірге тез бейімделуге үйрету. Мәселен, Көкшетаудағы қарулы күштер қатарында әскери білім алып жүрген оқушыларым – Омаров Нариман мен Букенов Әділжан. Әсіресе, Букенов Әділжан білім алып жүрген қатарластарының арасынан ерекшеленіп, Астана қаласында оқуын жалғастыруда. Әділжанның кезекті демалысында әңгімелесуде оның болашақта мамандығын Қарулы Күштер қатарында жалғастырып, еліміздің қорғаныс саласында жұмыс атқармақ ойын білдім. Әрине, оқушыларымның мұндай жетістіктері көңіліме қуаныш ұялатады. Бұл «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының орындалып жатқанының айқын дәлелі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Бакина Н.С, Жанақова Н.Т Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық- Алматы «Атамұра» 2012ж -9 бет.

2.     Артықбаева Ж.О, СабданбековаӘ.Ә, Әділ А.Е. Қазақстан тарихынан әңгімелер

     Жалпы білім беретін мектептің 5- сыныбына арналған оқулық- Алматы «Атамұра» 2015ж-40 бет

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья " Мәңгілік Ел идеясының тарихи - патриоттық құндылығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 329 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2017 1177
    • DOCX 939.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алькенова Айдана Жанатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алькенова Айдана Жанатовна
    Алькенова Айдана Жанатовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17499
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 169 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе