Инфоурок Всеобщая история СтатьиСтатья на тему : Мәлік Сабырұлы Фазыловтың жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі саяси-партиялық қызметі

Статья на тему : Мәлік Сабырұлы Фазыловтың жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі саяси-партиялық қызметі

Скачать материал

                                     

Мәлік Сабырұлы Фазыловтың  жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі саяси-партиялық қызметі

№58 ЖББОМ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

тарих пәні мұғалімі

Мықтыбек Жандос Сабырбекұлы

Бұл мақалада  КСРО, кейін Қазақстан Республикасының дипломатия саласында қызмет еткен Мәлік Сабырұлы Фазыловтың жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі саяси-партиялық қызметі қарастырылады. М.С.Фазыловтың қызметі сол тұстағы КСРО-ның сыртқы саясатындағы ұстанымдарымен бірге қарастырылады. М.С.Фазыловтың Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қалыптасуында қосқан үлесі зерттеледі.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына биыл жиырма бес жыл толып отыр. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. 

Қазіргі жастардың келешекте қоғамның саяси, экономикалық және ғылыми элитасының негізін қалайтынын естен шығармау керек. Осы жағдайларды ескере отырып, жастарды тәрбиелеудің мәні мен рөлін жоғарылату, рухани болмысын қалыптастыру қажет. Бұл процестің тағы бір маңызды тұсы-елжандылық тәрбиесі, яғни жас ұрпақтың бойында азаматтық ұстаным белсенділігін жетілдіру және оларға өз болашағы үшін жауапты екендігін сезіндіру.

Мәлік Сабырұлы Фазылов қазақтан шыққан тұңғыш және жалғыз Төтенше және Өкілетті елші дәрежесіндегі КСРО-ның Мали мен Мароккодағы  елшісі болған дипломат. Қазақ халқының мұндай біртуар азаматы КСРО-ның атынан шетелде саясат жүргізсе де, туған жері-Қазақстанның шетелде таңылуына, қазақтарды шетелдіктер, әсіресе Қазақстан жайлы мүлде бейхабар африкалықтарға  туған халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын айтып, насихаттай жүрген.   Ұлы дипломаттың 15 тамыз 1927 жылы Қостанай облысының Обаған ауданының Қарағай ауылында дүниеге келген. Балалық шағын жоғарғы партиялық қызмет атқарған  туған ағасы Ғалиев Сәлімжан Фазылұлының[4,б.28;5,б.105]қарамағында өткізіп, сол кездегі Петропавл қаласындағы жалғыз қазақ мектебінде білім алады. Мәлік Сабырұлының балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Кеңес елінің мыңдаған патриоттары сияқты Мәлік Сабырұлы да еліне басып кірген жаумен шайқасу үшін соғыс майданының шебіне аттанбақшы болады, алайда жасының кішілігіне байланысты әскер қатарына алынбады. Отанын сүйетін шын патриотқа тұсау жоқ сияқты! Әйтеуір Ұлы Жеңіске аз да болса өз үлесімді қосайын деп, майданда қанымды төкпесем де, тылда терімді төгейін деп,  Петропавл қаласындағы №347 әскери зауытқа металл жөніндегі токарь болып жұмысқа орналасады. Бұл кезде Мәліктің жасы 16-ға да толмаған болатын. Мәлік Сабырұлы жоспарды еселеп орындада, сондықтан соғыстан кейін  Мәлік Сабырұлының төсінде алғашқы мемлекеттік награда – «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалі жарқырап шықты. Балалық шағы соғыстың ауыртпалығымен осылай өтті. [7,б.4]

Мәлік Сабырұлы Н.К.Крупская атындағы  Шымкент Мемлекеттік мұғалімдер институтына түсіп, 1945 жылы оны үздік аяқтады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау мақсатында жаңа халықаралық ұйым БҰҰ құрылды. Халықаралық қатынастар шеңберінде жаңа мүмкіндіктер ашылды, күн талабына сай, халықаралық мәселелерді шешуге қажетті жоғары білімді мамандарға деген сұраныс пайда болды. Мәскеу қаласында ашылған ММХҚИ (МГИМО) сол кезде уақыт талабымен ашылған жоғарғы оқу орны болатын. Көп ойланбастан және үлкен ағасының қолдауымен Мәлік өз оқуын одақтың астанасы – Мәскеуде Халықаралық Қатынастар Институтында жалғастыруға бел буды. Арнайы жолдаумен М.С.Фазылов Мәскеуге аттанып, МГИМО емтихандарын ойдағыдай тапсырды.

МГИМО-ны бітіргеннен кейін Мәлік Сабырұлы соғыстан кейінгі алғашқы жылдары беделді ЖОО–ның дипломын алып, «Халықаралық қатынастар жөніндегі тарихшы», «Франция жөнінде референт» бола тұра бірден халықаралық істермен араласпады.[7, б 5-16]

1960 жылы  М.С.Фазылов  Көкшетау облысының идеология жөнінде обком партиясының хатшысы лауазымына тағайындалады. Партиялық жұмыста Мәлік Сабырұлы халық арасында идеологиялық жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін іздеуді бастады. Бұл жайында оның партиялық жұмыс жөніндегі  әріптестері де айтты. Мысалы К. Балахметова:«Мәлік Сабырұлы ізденімпаз кісі еді, ол бізге де идеологиялық жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін іздеткізетін–оған, обком партиясының 2–ші хатшысына жаңа көзделген іс-шараларды өткізу оңай еді. Бұрынғыдай үлкен назар жастардың, еңбекшілердің патриоттық және интернационалдық тәрбиеге көңіл бөлінді». [7, б. 17]

Обком хатшысы болып оған Ұлы Жеңістің 20 жылдығына арналған мерекені ұйымдастыру құрметі берілді. М.С.Фазылов қантөгісті соғыс кезіндегі Кеңес халқының ерлігіне арналған 1965 жылғы мерейтойдың өткізілуіне бар күш–жігерін жұмсады.[7, б. 17]

Кеңес одағының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 20 жылдық мерейтойын бүкіл одақ тойлады. Бұл  мерейтойға Мәлік Сабырұлының өзі де қатынасты. Ол 40–жылдары майдан шебіне сұранып еді, бірақ жасының кішілігіне  байланысты зауытта токарь болып қызмет атқаруға тура келді. Осы арқылы ол да  жеңіс  үшін терін төкті. Жастық шақтың естеліктері, Жеңіс үшін тер төгуі және жастар Ұлы Отан Соғысының батырларын білсін, соларға еліктеп, нағыз патриот болсын деп Ұлы Жеңістің мерейтойына деген ерекше сезімін туғызды. Сол себептен ол  Көкшетау облысында Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған іс–шараларды, дайындық жұмыстарын үлкен ұқыптылықпен  өткізді. [7, б. 18]

М.С.Фазылов былай қарағанда мүмкін емес нәрсені істеді деп айтуға болады. Неге десеңіз, әскери шеру тек КСРО–ның астанасы Мәскеуде, Ленинградта, одақтас Республикалардың астаналарында және әскери  бөлімдері бар облыс орталықтарында ғана өткізілетін, ал Мәлік Сабырұлы кішігірім әскери шерудің Көкшетау қаласында да өткізілуіне рұқсат алды. Көкшетау тұрғындары алғаш рет мерекелік адыммен, әрбір қадамын нық басқан әскердің, әскери техниканың қала алаңында зулап өткенін көрді. Бұл, сөзсіз, Жеңістің мерейтойлық датасын тойлап жатқан адамдарға мерекелік, әрі патриоттық сезім ұялатты. Мәлік Сабырұлы Фазылов облыс пен Көкшетау қаласында жарқын тарихи  оқиғалардың ұмыт қалмауына үлкен көңіл бөлді. [7, б. 18]

1968 жылы М.С.Фазылов Алматыға жұмыс бабымен ауысады. Бұл жерде оған Қазақстан Компартиясы ОК–нің білім бөлімі мен оқу орындары бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Жаңа қызметінде Қазақстан мектептерінің білім беру деңгейінің арттыру, оқушылар арасында идеологиялық, яғни патриоттық және интернационалистік тәрбиелеуге бар күш–жігерін салады.

1973-1976 жылдардағы Сыртқы Істер Министрі қызметі Мәлік Сабырұлына ұмыт болған Халықаралық Қатынастар әлеміне қайта сүңгуіне мүмкіндік берді. Бұл жұмыста ол еліне сол кездегі уақытты ескеріп барынша көп көмек көрсеткісі келді. Аз уақыт ішінде Мәлік Сабырұлы жұмысты оң жолға қойып, бұрын жаңа министрлікке сын  оймен қараған адамдар, енді оған және оның қызметкерлеріне үлкен сыйластық пен қошемет білдіретін болды. [7, б. 24]

Дипломат Сәлім Ақмағамбетұлы Құрманғожиннің айтуы бойынша Мәлік Сабырұлы Қазақ КСР Сыртқы Істер Министрі қызметі жылдары Қазақстан есімінің халықаралық аренада асқақтату үшін көптеген істер жасады. Айта кететін жайт Сәлім Ақмағамбетұлы Құрманғожин Мәлік Сабырұлын өзінің екінші ұстазым деп есептейді[2, б. 41].

1976  жылы шілде айында Мәлік  Сабырұлының Мали  Республикасына Кеңес Одағының Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. 1980 жылы 8 мамырда КСРО елшілігінде Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің  35–ші мерейтой атап өтілді. Африкалық қонақтар үшін  соғыс туралы деректі фильмдер көрсетілді. Айта кету керек 80–жылдары шет елдерде жұмыс істеп жатқан Кеңес елшілері үшін жұмыс істеу өте қиын болды. Себебі, 1979 жылдың желтоқсанында Кеңес Одағы Ауғанстанға өз әскерін кіргізді. Батыс Пресса Кремльдің бұл іс-әрекетін айыптап, барлық елдерді протест ретінде Мәскеу Олимпиадасын байкоттауға шақырды. Батыс Еуропаның жетекші елдері мен АҚШ Кеңес астанасы Мәскеуде өтейін деп жатқан XXI Жазғы Олимпиада Ойындарына өз спортшыларын  жіберген жоқ. Сол жылдары шет елдерде қызмет істеп жатқан Кеңес дипломаттары мен елшілеріне Кеңес әскері контингентінің  Ауғанстанға басып кіруіне байланысты КСРО билігін ақтау мен себебін түсіндіру үшін үлкен күш жұмсады. Олар өздері істеп жатқан елдердің спортшыларын Мәскеу Олимпиадасына қатысуларына көндіруге тырысты. Мәлік Сабырұлы ақыр соңында Мали басшылығының көңіліне жол тауып, Мәскеу Олимпиадасына өз спортшыларын жіберуге көндірді. Бұл оның дипломатиялық карьерасындағы бір үлкен жеңісінің бірі болды.

Осылай Мәлік Сабырұлының Мали Республикасындағы қызметі аяқталды. Мали Республикасындағы жеті жылдық қызметінің жемісі ретінде Мәлік Сабырұлы африкалық елдің жоғарғы үкімет марапаты – Мали халқының Офицер Орденімен марапатталды. [7, б. 45]

Д.А.Қонаевтың КСРО СІМ басшылығына арналған өтінішінен кейін, Мәлік Сабырұлы Марокко Корольдігіндегі Кеңес Елшілігін басқаратын болды.

Мәлік Сабырұлы өзінің Марокодағы қызметі жылдарында саяси және  экономикалық серіктестікке ғана назар аудармай, сонымен қатар мәдени серіктестікке де көптеп назар аударды. Бұл серіктестікті асыру барысында ол қазақ мәдениетін Африканың бұл Араб мемлекетіне барынша көбірек таныстырғысы келді. Бұл ойын асыру кезінде Мароккодағы Қазақстанға арналған алғашқы іс-шара 1985  жылдың көктемінде болды. Бұл іс–шара «Қазақ КСР–ның мәдениет апталығы» деп аталды. Көрме залында қазақстандық суретшілердің туындылары, қазақ қолданбалы өнерінің бұйымдары,  республикалық  басылымдардың кітаптары, «Тың жер», «Қазақстандағы жоғарғы білім», «КСРО халықтарының  бауылас жанұясындағы Кеңестік  Қазақстан» атты түсті үлкен форматты фотоқойылымдар орын тепті.

«Марокко-КСРО» достығының ассоциациясының төрағасы М.Эль-Фасси Қазақстандық көрмені аралап, Қазақ мәдениетіне тәнті болып, Мароккода Қазақ КСР–ның жетістігіне арналған тағы да көрменің ұйымдастырылуы жайлы тілек білдірді. Оның  бұл тілегі орындалды. Мәлік Сабырұлы Кеңес Қоғамының Достық Одағының басшылығына хабарласып, М.Эль-Фасси тілегінің орындау мақсатында 1986 жылы Қазақ КСР мысалында Мароккодағы КСРО күндерін өткізуге рұқсат алды. Бұл Араб елінде Қазақ КСР қатысуымен өтетін кешенді іс-шараның өткізілуіне арналған дайындыққа қазақ достық қоғамы жарты жыл ішінде үлкен жұмыс атқарды.

1986 жылдың 15-23 сәуірі аралығында Мароккода Қазақ КСР қатысуымен өткен КСРО  күндерінде бұл Араб еліне ресми делегация мен арнайы топ жіберілді. Делегацияны Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы Манура Мерғалиқызы Ахметова бастап келді. Делегация мүшесі болып Қазақ КСР – ның халық әртісі Әлібек Дінішев кірді. Республиканың Ағарту министрінің орынбасары Әуесхан Канафин басқарған арнайы топқа Қазақ КСР мәдениет министрінің орынбасары Әшірбек Сығаев, Қазақ КСР СІМ Ақпарат пен Баспа бөлімінің меңгерушісі Диас Хасанов кірді.

Қазақстан өнер шеберлерінің тобы Хорлан Қалымбекова, Раушан Байсеітова, Шора Умбеталина сынды республиканың халық әртістерінен; Қайрат Байбосынов, Фируза Жұлымбетова және Лора Мәжикеева сынды еңбегі сіңген әртістерден және «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрдің әртістерінен қаланды.

КСРО күндерінің өткізілуі «Марокко - КСРО» достығы ассоциациасының құрылуының 15-жылдығымен дәлме-дәл келді. Бұл мерекелі күнге орай Рабат қаласында қазақстандық делегацияның қатысуымен мерекелі жиналыс болып өтті. Кеңес күндеріне орай Рабат қаласындағы Кеңес мәдени орталығында қазақ КСР–ның декоративтік–қолданбалы өнері мен халық көркемөнер өндірісінің көрмесі орын алды. Бұл көрмеде Әбілхан Қастеев атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік өнер мұражай қорында сақталған экспонаттар көрсетілді. Бұлар, Марокко басылымдарының бірі жазғандай, қазақ халқының көркемөнер талантын аңғартады.

Сонымен қатар Марокко фольклорының труппасы мен Қазақ КСР–ның өнер шеберлерінің бірлескен концерті де болып өтті. Бұл Марокко жеріндегі  Кеңес әртістерінің сегізінші және соңғы ресми өнер көрсетілуі еді. Олар үлкен шығармашылық  өрлеумен қазақ халық әндері мен билерін, аспапты музыканы, КСРО халықтарының әндерін орындады. Бұл көрсетілімге Марокко мәдениет министрлігінің бас хатшысы А. Киляль қатысты. Бұл ұжымның құрамында әйгілі қазақ - кеңес балет әртісі, балетмейстер Болат  Аюханов та өз өнерін паш етті. Мароккодағы соңғы нүкте боп 1989 жылдың күзінде ашылған «Қазақстанның халық өнері» атты көрме болды. Оны Орал педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор М.М. Тілеужанов басқарды. Мәлік Сабырұлының  Қазақ КСР мен Марокко арасындағы мәдени байланыстарын дамыту жолындағы саясаттың негізгі кезеңдері еді.[6]

1990 жылы Мароккодағы дипломатиялық миссиясын бітіргеннен кейін, Мәлік Сабырұлы Отан алдындағы борышын ақтадым деген сезіммен отанына оралды. Отанға қайтқанға дейін Патша ІІ Хасан және «Марокко - КСРО» достығының Ассоциациясының  төрағасы М. Эль-Фасси Мароккодағы КСРО елшісі Мәлік Сабырұлының еңбегін  жоғары  бағалап, оны мемлекеттік жоғары марапатымен және «Марокко КСРО» достығының Ассоциациясының құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлы тұлға 1990 жылдан өмірінің соңғы күні 17 қазан 1995 жылға дейін Қазақстан үшін қызмет етті.  Атап айтсақ ол Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министірлігінің кеңесшісі қызметін  атқарды. Не деген Отанға деген жанберушілік десеңізші!

Қорыта кетсе ХХ ғасырдағы тарих болашақ ұрпақтың білуге тиісті ұлы тұлғалар мен тарихи оқиғаларға толы. Мәлік Сабырұлы сондай тұлғалардың бірі! Оның бүкіл өмірлік қызметі патриотизмнің жарқын көрінісі болып табылады. Сондықтан оның өмір жолы жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі маңызы ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Алматы облысының мемлекеттік мұрағат.«КСРО - ның Төтенше және Өкілетті елшіcі»: Құжаттар, очерктер, естеліктер. -2002. - 81-82 бет

2.     Сәлім Құрманғожин «Жарты ғасыр дипломатияда» - «Өлке» баспасы, Алматы,- 2006, - 41 бет

3.     Нихалин В.П.«Внешняя политика Советского Союза», -  Московское Издательство Политической литературы - 1985.154-157 стр

4.     Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты  Қор 1189,  тізім 1, сақтау бірлігі 1142, -28 бет

5.     Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты// Солтустік Қазақстандық ҚП(б)К ОК партиялық қоры//, қор 22, тізім 10, сақтау бірлігі 898, -105 бет

6.     Мароккодағы Қазақстан апталығы  «Казахстанская правда», - 26.04.1986

7.     Азербаев С. Служение Отечеству: Книга о дипломате М.С.Фазылове: научное исследование,очерки, воспоминания, документы// - Алматы: «Жибек жолы», 2010. – 472 с. + 48 с. илл.

8.     Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұражайы:  -24 альбом

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья на тему : Мәлік Сабырұлы Фазыловтың жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі саяси-партиялық қызметі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 032 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2017 925
    • DOCX 29.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мыктыбек Жандос Сабырбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мыктыбек Жандос Сабырбекович
    Мыктыбек Жандос Сабырбекович
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7501
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1361 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 919 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психосоматика детей и взрослых: психологические аспекты различных заболеваний

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе