Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыСурет салу. Тақырыбы: "Қыс" (Балабақша)

Сурет салу. Тақырыбы: "Қыс" (Балабақша)

Скачать материал

 Африка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Африка

Africa (orthographic projection).svg
Африка

Ауданы

30,221,532 км²

Халық саны

1,032,532,974 (2011) адам

Орташа тығыздығы

30.51 адам/км²

Этнохороним

африкандық

Құрамына кіретінмемлекеттер

мемлекет

Тәуелді аймақтар

Тізім[көрсет ►]

Уақыт белдеулері

UTC-1 UTC+4

Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0f/LocationAfrica.png/400px-LocationAfrica.png

Африка

Мазмұны

  [жасыру] 

·         1Қысқаша мәлімет

·         2Жер бедері

·         3Пайдалы қазбалары

·         4Топырағы

·         5Климаты

·         6Ішкі сулары

·         7Өсімдіктер дүниесі

·         8Жануарлар дүниесі

·         9Тарихы

·         10Мемлекеттік жағдайы

·         11Африка тайпалары

·         12Африкалық бетперделер

·         13Африка шөлдері мен өзендері

·         14Сахара шөлі

·         15Сыртқы сілтемелер

·         16Дереккөздер

Қысқаша мәлімет

Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканыэкватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішкеСуэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі  Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи,Фернандо-По аралдары орналасқан.

Жер бедері

Colonial N.Africa 1913 map.svg

Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңіздібойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.

Пайдалы қазбалары

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d8/HEUraniumC.jpg/300px-HEUraniumC.jpg

Уран

Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындарыНигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған.Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.

Топырағы

Африканың тропикалық аралық жерлерінде топырақ латерриттік процесспен құралған. Оның ылғалды, мәнгі жасыл ормандары - экваторлық бөлігі құнарлы қызыл-сары латерит топырақты жерлер. Өзендер баяу ағаиын Конго ойыс батыс бөлігінің топырағы латерит-глей топырақ және тропиктік батпақты топырақ. Жапырағын түсіретін мәнгі жасыл аралас ормандар мен ылғалды саванналарда қызыл топырақ, құрғақ саванна шөлейтте қызыл қоңыр жцне карбонатты қызғылт топырақ пайда болды. Суданның қазан шұңқырлары мен Шығыс және Оңтүстік Африка - негізінен гидроморфты қара топырақтық және тропиктік батпақ топырақты жерлер. Шығыс Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Африка әжептәуір қызыл қошқыл топырақты келеді. Оазистерге шалғын-сор және сор топырақ тән. Африканың жерортатеңіздік климатты, субтропиктік белдеуіндегі карбонатты, гипсты қошқыл топырақ, неғұрлым қуаң аудандарда сұр қошқыл топырақ шөлейт пен шөлде сұр топырақ кездеседі.

Климаты

Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.

Ішкі сулары

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b9/%C3%84gypten_am_Nil.jpg/300px-%C3%84gypten_am_Nil.jpg

Ніл өзені

Африка- үлкен өзендер құрлығы.[1] Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразиямен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері  Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж.[2] Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады.[1] Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория,Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.

Өсімдіктер дүниесі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c0/Phoenix_dactylifera2.jpg/300px-Phoenix_dactylifera2.jpg

Финика пальмасы

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтықшөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-гежететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Карру шөлдерінде суккулентті өсімдіктерденсүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.

Жануарлар дүниесі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/73/Lion_waiting_in_Namibia.jpg/300px-Lion_waiting_in_Namibia.jpg

Қарапайым арыстан

Африкада жануарлар өте көп және алуан түрлі. Құрлық сүтқоректі жануарларға, әсіресе, тұяқты жануарларға бай. Жер шарындағы 51 туысқа біріктірілетін сүтқоректілердің 1/4-і осында шоғырланған. Тек қана Африкаға тән жануарлардан африка піл, керік, зебр, адам тәріздес маймылдар  шимпанзе мен горилла, басы итке ұқсас маймылдар павиан мен мандрил, сондай-ақ бегемоттар, Мадагаскараралығындағы лемурды атауға болады. Құрлықтың жануарлар дүниесі 19 ғасырда, әсіресе, 20 ғасырдың басында аяусыз қыру нәтижесінде күрт азайып кеткен. Қазір құрлық бойынша 150-ден астам ұлттық саябақтар, қорықтар, қамашаулар құрылған. Ірі ұлттық саябақтарға Рувензори, Кения,Серенгети, Вирунга, Цаво, Кафуэ, Калахари-Хемсбок, Крюгер, Намиб жатады.

Тарихы

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5c/Afrikakonferenz.jpg/300px-Afrikakonferenz.jpg

Берлин конференциясы

Африка туралы мәлімет өте ерте кезден-ақ белгілі болған, әсіресе, оның жерортатеңіздік жағалауындағы ірі мемлекеттер туралы деректер көп. Египет перғауынында қызметте жүрген финикиялықтар біздің заманымыздан бұрынғы 600 жылы шамасында бүкіл құрлықты айнала жүзіп шыққан. 14 ғасырда марокколық араб Әбу Абдаллах ибн-Баттута қазіргі Сомали мемлекеті аймағын, кейіннен Мали мен Тимбукту жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. Құрлықты біздің заманымызда ең алғаш рет Үндістанға баратын қысқа жол іздеу мақсатында Васко да Гама (1497 – 1498) басқарған португал экспедициясы айналып шыққан, бірақ құрлықтың ішкі бөлігіне ешкім тереңдеп енбеген. Тек 19 ғасырдағы отаршылық науқаны кезінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ағылшын саяхатшысыДавид Ливингстонның 1840 – 1870 жылдары және орыс саяхатшысы Василий Юнкердің 1876 – 1896 жылдарызерттеулерін атауға болады.

Мемлекеттік жағдайы

Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Суазиленд), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.

·         Алжир

·         Ангола

·         Бенин

·         Ботсвана

·         Буркина-Фасо

·         Бурунди

·         Габон

·         Гамбия

·         Гана

·         Гвинея

·         Гвинея-Биссау

·         Джибути

·         Замбия

·         Зимбабве

·         Кабо-Верде

·         Камерун

·         Кения

·         Комор аралдары

·         Конго Демократиялық Республикасы

·         Конго Республикасы

·         Кот-д’Ивуар

·         Лесото

·         Либерия

·         Ливия

·         Маврикий

·         Мавритания

·         Мадагаскар

·         Малави

·         Мали

·         Марокко

·         Мозамбик

·         Мысыр

·         Намибия

·         Нигер

·         Нигерия

·         Орталық Африка Республикасы

·         Оңтүстік Африка Республикасы

·         Оңтүстік Судан

·         Руанда

·         Сан-Томе және Принсипи

·         Суазиленд

·         Сейшель Аралдары

·         Сенегал

·         Сомали

·         Судан

·         Сиерра-Леоне

·         Танзания

·         Того

·         Тунис

·         Уганда

·         Чад

·         Экваторлық Гвинея

·         Эритрея

·         Эфиопия

Африка тайпалары

Африка осыдан 8-5 млн жыл бұрын алғашқы адамдардың отаны болған. Қазіргі таңда бұл құрлықты, негізінен жергілікті тұрғындар мекендейді. Дегенмен Африкадағы бір мемлекетті екіншісімен салыстыру қиын. Олар әртүрлі тілде сөйлейді, діни-ұстанымдары, салттары бір-бірінен өзгеше.

Африкалық бетперделер

Африкалық бетперделердің тарихына үңгілсек, олардың ежелгі тас дәуірінде пайда болғанына көз жеткіземіз. Ойын кезінде киетін бетпернені африкалықтар теріден, матадан және басқа да ағаш түрлерінен жасаған. Африкалық бетперделер әлемдегі өнертанушылардың ішінде ерекше орын алады. Өнер туындылармен жинақтаудын айналасатын мамандар тамаша бетпердені өте қымбатқа бағалайды. Бетперде жасау дәстүрі африкалықтар өмірінде тарихи, мәдени айрықша маңызға ие.

Африка шөлдері мен өзендері

Африка жер бетіндегі ең үлкен шөл - Сахара шөлінің отаны. Құрлықта негізінен үш шөл бар: Сахара, Намбий және Калахари. Жыл бойы күн сәулесі түсіп тұратын алып жазықтар Африканың ауқымды бөлігін қамптып жатыр. Шөл даланы өзінің құрғақ сағалары кесіп өтеді, мұнда құрғақшылыққа шыдамды бұлттар ғана тамыр жаяжы. Карас пен Хун сияқты кішкентай тау тізбектері де кездесіп қалады.

Сахара шөлі

Сахара шөлі жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Бұл өлкеге жылына шамамен 8 см-дей ғана жауын-шашын түседі. Тіпті ең жаңбырлы аймақ дегенінің өзіне жауын аптасына екі рет жауып содан бірнеше жыл тамшы тамбай қалуы да мүмкін. Сахара шөлі Солтүстік Африканың 9 400 000 шаршы шақырымын алып жатыр. Нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады. [2]

Сыртқы сілтемелер

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сурет салу. Тақырыбы: "Қыс" (Балабақша)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 761 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2017 1685
    • DOCX 249.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абылгазина Камал Магзумовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абылгазина Камал Магзумовна
    Абылгазина Камал Магзумовна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8617
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 3412 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 349 человек

Курс повышения квалификации

Менеджмент в дошкольной образовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 271 человек

Курс повышения квалификации

Коррекционная работа с детьми, имеющими расстройства аутистического спектра, в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 526 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе