Инфоурок Начальные классы КонспектыСыйынар ем, Ана деген тәңірге! /тәрбие сағаты/

Сыйынар ем, Ана деген тәңірге! /тәрбие сағаты/

Скачать материал

Сыйынар ем, Ана деген тәңірге!

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар, әжелер мен аруларды құттықтау. Мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыруға, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, аналарымыздың фотосуреттері, слайд-шоу, шарлар мен гүлдер, көрме, тосын сыйлар, лента, тақырыбы, қима әріптер.

Б А Р Ы С Ы:

                                                      І  Б Ө Л І М

Қарсы алу: Аналарымызды балаларымен қол ұстасқан ретімен «Ана мен бала» музыкалық әуеннің қолдауымен қарсы алу. Әр бала өз анасын төрге шығарып салып, орындықтарына жайғастырады да, балалар өз орындарына отырады.

Мұғалім: Қощ келдіңіздер, құрметті әжелер, аналар,арулар! «Сыйынар ем, АНА деген тәңірге» атты шағын концертімізді ашық деп жариялаймын!

Меңсұлу: Қош келдіңіздер, қымбатты әжелер, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

                          Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

                          Аналардан туған небір даналар.

                          Ана деген тіршіліктің тірегі,

                          Армысыздар, қасиетті аналар!

 

Аружан: Құрметті әжелер, аналар, арулар! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 

                          Аяулысың, ауылымның асылдары,

                          Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

                          Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

                          Сендер үшін мереке шашулары.

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Ләззаттың анасының фотосы көрсетіледі.

 

Ләззат: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Ана ақ сүтін беріп аялаған, жанын да аямай, түн ұйқысын төрт бөлген ардақты да, асыл адам. «Ана» - үш әріптен тұратын жалғыз ғана сөз. Дегенмен, осы үш әріптің астарында қаншама ой, қаншама толғаныс, қаншама асыл сөздер жатыр десеңізші...

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Меңсұлудың анасы мен әжесінің фотосы көрсетіледі.

Меңсұлу: АНА, АНА, АНА! Не деген мейірімді, шапағатты сөздер еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен? Жақсылық атаулының барлығы  да ананың ақ сүтінен жаралған.

 

Аружан: Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.

                         Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

                         Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

                         Қалайша аяулы ана тына алармын,

                         Ән болып сағыныштан ақтарылмай.  

 

Ән шашу: «Айналайын ақ мамам» әні. Орындайтын хор.

 

Меңсұлу: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдері ешқашан таусылмайды.

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Дастанның анасының фотосы көрсетіледі.

Дастан:  Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

 

Аружан:        Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

                        Бишілер билеп кетті тербетіле.

                        Аққудай қалықтаған теңіздегі,

                        Бишілер өнерлерін көрсетуде.

 

Би: Қайрбек Меңсұлудың орындауында

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Алдиярдың анасының фотосы көрсетіледі.

 

Алдияр:  «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Баубек Бұлқышев. «Ана».

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан т еңіз емес пе!

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Асаналидің анасының фотосы көрсетіледі.

Асанали: Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол – ана.

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Тамерланның анасының фотосы көрсетіледі.

Тамерлан: Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі – қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

 

Слайд-шоу: Интербелсенді тақтада Аружанның анасының фотосы көрсетіледі.

Аружан: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

 

Арулар тобы:   Біз әжем екеуміз бұзау сатып аламыз,

                            Бұзауымыз  муки, муки, муки, муки.

                            Біз әжем екеуміз тауық сатып аламыз,

                            Тауығымыз құт, құт, құт, құт, құт, құт.

                            Біз әжем екеуміз үйрек сатып аламыз,

                            Үйрегіміз утю, утю, утю, утю.

                            Біз әжем екуміз күркетауық аламыз,

                            Күркетауығымыз бұлти, бұлти, бұлти, бұлти.

                            Біз әжем екеуміз теледидар аламыз,

                            Теледидар жаңалық, жүргізуші ля, ля, ля.

 

 

 

Мұғалім:  а) Көрме:  «Біздің анамыздың қолынан бәрі келеді....».

 

 

Мұғалім:  ә) Тренинг:  «Көпір».

 

 

 

Асанали:       Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

 

Ләззат:           Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

 

Аружан:        Өзің мына сыйға берген өмірде

 

Тамерлан:     Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

 

Дастан:          Дүниедегі ең кемеңгер дананы

 

Меңсұлу:       Ана табады, аялайды, бағады.

 

Хормен:         Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

 

Алдияр:         Құрметтейік қасиетті ананы.

 

 

Қойылым:      «Анасы мен баласы».

 

Мұғалім:       Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

                        Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

                        Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

                        Осымен концертіміз аяқталды.

                        Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

                        Келтірген дүниеге нелер дана,

                        Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

                        Өмірдің алтын кілті сенде ғана –

 

ІІ  Б Ө Л І М

 

 «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:

      1.  Балаңыздың туған  күні?

      2.  Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

      3.   Балаңыздың парталас көршісі кім?

      4.   Балаңыз қандай өлшемді  аяқкиім киеді?

      5    Балаңыздың сүйікті асы қандай?

      6.   Балаңыз кеше қандай баға алды?

      7.   Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

      8.   Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

      9.   Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

     10.  Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

     11.  Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

     12.   Балаңыздың ең жақын досы кім?

 

     13.   Балаңыз соңғы рет қандай демалыс орнына барып демалды, ойнады?

 

     14.   Балаңыздың бойы қанша?

 

 

Т А П Қ Ы Р Л Ы Қ 

 

ж а р ы с ы

 

Алдымен ата-аналар арасынан балл санап отыратын әділ – қазылар алқасы сайланады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыйынар ем, Ана деген тәңірге! /тәрбие сағаты/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша көмек ретінде құрастырылған мерекелік тәрбие сағаты. Мұнда оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысына сай көркем сөздер берілген. 8-наурыз мерекесіне ұйымдастырылатын әдеби - монтаж немес концерттік бағдарлама болып табылады. Демек, әрі балаларға оңай жатталатын және әнін тез меңгеретін әндер және би ырғағы да бар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 122 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2020 1107
    • DOCX 25 кбайт
    • 33 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бозжигитова Гулбагдат Биртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11227
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 266 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе