Инфоурок Начальные классы Рабочие программыС.Жүнісов "Кімнің мекені жақсы" әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар

С.Жүнісов "Кімнің мекені жақсы" әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Скачать материал

Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:21.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

С.Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мекен, қоныс туралы түсінік беру; әр адамға әркімнің өз мекені, жері жайлы қоныс екенін ұғындыру; оларға туған жерін құрметтеп, оны қадірлеуге тәрбиелеу; тіл байлығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, мақал — мәтелдер, СТО, 5 жолды өлең, ән.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Талаптанып , Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып ,тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://goo.kz/media/img/blog/5072b052c71bf.jpg

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

- « Кімнің мекені жақсы? » 4 — 5 оқушыдан сұрау;

- Сонымен бірге үйге « Менің туған жерім » әңгіме-эссе жазуға берілді. Оқиық. (4 — 5 балаға оқытамын. )

- Дұрыс-ақ.. Туған жер-әрбір адамның жарық дүниеге келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, аяғының ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры (өмірі) туған жермен байланысты. Сондықтан әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.

- Қазір енді мәтінді бір-бір сөйлемнен оқиық. Түсініксіз сөздерді белгілейміз, артынан мағынасын түсіндіремін. (әр оқушыға бір–бір сөйлемнен оқытамын. )

Сөздікпен жұмыс:

- көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр.

- таңдайы кепті – шөлдеді.

- көде – далалы жерде өсетін шөп.

- үйіріліп – аспанды жапты.

- жердің миы шығып – балшық.болды.

- деп қамықты — уайымдады.

- жарықшақ – жердің тілінген жерлері.

- Біздің кейіпкерлеріміз нелермен кездесті? (бозторғай, жауынқұрт)

- Бозторғайдың мекені қандай екен? (жазық дала, аптап тұрған ыстық )

- Ал жауынқұрттың ше? (жауыннан кейінгі батпақ жер)

- Ал сенлерге осы айтылған мекендер ұнады ма? Неге? ( балалардың жауабы. )

- Қазақстан – біздің …………………………………..(Отанымыз, туған жеріміз, атамекеніміз, туған өлкеміз. )

Ол – кең байтақ, табиғаты әсем де көркем, пайдалы қазбаға бай, көп ұлт өкілдері тұратын мемлекет. Қазақстанның қай жерінде тұрсақ та, біз сол жердің толыққанды мүшесіміз.

Бақытты, бейбіт елде туып, өмір сүріп жатырмыз. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне – 20жыл. Біздің қосатын үлесіміз – сабақтан қалмай, сапалы да саналы білім алу.

- Ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? (оқушыларды тыңдау; 1 – 2 мақалдың мағынасын ашу. )

- Мақалдардың бәрі не туралы айтылған? ( Қазақстан картасын ілемін )

- Олай болса, Қазақстанға, туған жерімізге арнап тілек жазайық. (жазғандарын оқып, картаға іледі )

- Мінекей, балалар, мынау – сендердің кішкентай жүректеріңнен шыққан тілектер. Осы жазған тілектерің орындалсын. Ол үшін біз жақсы білім алып,оқуымыз керек. Бүгінгі сабағымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.

Сергіту сәті

Шалшық, балшық,

Балшық, шалшық,

Балшықтан ал шық.

- Шалшық дегеніміз — жиналып қалған су.

 

Ой толғаныс

Ендеше бүгінгі екі кейіпкердің бірі-бозторғайға арнап 5 жолды өлең құрайық.

Бозторғай      

Ұсақ, қоңыр

Ұшады, қонады, қоректенеді

Даланың сәні – бозторғай

Құс.

Үйге тапсырма

76 – 77  бет    ( мазмұндау)  5   жол   өлең жауынқұртқа   құрау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:24.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

К.Ахметова. Астана

Мақсаты

1. К.Ахметованың өмірімен  шығармашылығы туралы қысқаша таныстыру. «Астана» өлеңінің қысқаша мазмұнын ашып, өз Отандарына деген мақтаныш сезімдерін тудыру.

2. Сөздік қорын , тіл мәдениетін, ойын нақты жеткізуді  қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.

3. Ұйымшыл болуға, туған жерін сүюге, оған құрметпен қарауға және патриоттық  тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,үйрету, сұрақ-жауап, ой қозғау, көрнекі құралдар, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі:Астана қаласының әсем суреттері, «Венн диаграммасы»,  тірек-сызба, ребустар, слайд.

 

 

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Әрбір адам? Туысым,досым,жұрағат.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің? Тірлік,тірек,адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық,бірлік, адалдық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS_h2EVwOt3gkeKvWiXTu2W78nD8vm2JpngPsmi1OlyzJbR_mzNKA

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Күләш Ахметова  -ақын, жазушы. Ол Қырғыстан Республикасы ,Талас ауданында, Киров ауылында 1946жылы 26 сәуірде  дүниеге келген. «Ақ гүлім менің», «Жапырақ жаздың жүрегі» атты жыр-жинақтары жарық көрген.

Астана қаласы қандай қала?  Оқушылар өз ойын ортаға салады.

-Енді осы Астана қаласының ішіне саяхат жасайық.(Астана қаласының әсем жерлерін көрсету)

1. «Астана » өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу

Бұл жерде ақын ауызбірлікке,бейбітшілікке,егеменді ел болуға Отаныңды,еліңді қорғауға шақырып тұр.

Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз.Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз.

 Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген,себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық айтқандық болмас.Алматы бұрыңғы тарихы бар астана болса,Астана қазіргі бас қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса,Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек» монументі бар.

2. Оқушыларға тізбектей оқыту

3. Тапсырмалар орындау:

4. Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп   түсіндіру.

а) Сарыарқа                            ә) Алатау                                               б) Алматы

          ↓                                                 ↓                                                               ↓

      Есіл                                          Алматы                                                 Астана

          ↓

     Астана

          ↓

     Бәйтерек

5.Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тапқызып,тұтастай оқыту.

Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.

Поэзия минуты

(Оқушылар Астана мен Алматы қалалары туралы өлеңдер оқиды)

Дәптермен жұмыс

Қараша айының жиырма бірі

Класс жұмысы

Астана

Күләш Ахметова

Шығармашылық жұмыс:

–Енді балалар барлығымыз тақтадағы бәйретектің суретіне зер салайық.Осы сурет сендерде қандай сезім туғызды? Ақынға ілесіп, суреттен алған сезімдеріңді өлеңмен жеткізіп көріңдер.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба ?

..........................................................

Сергіту сәті

Ұзын мұртты  құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Алдына бір қарады,

Артына бір қарады

Үлкен тау деп ойлады.

 

Ой толғаныс

Бәйтерек

Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тапқызып,тұтастай оқыту.

Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.

Үйге тапсырма

А) К. Ахметованың «Астана » өлеңін мәнерлеп оқу

Ә) Астана қаласы туралы альбом жасау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:25.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

Д.Әбілев. Туған тілім

Мақсаты

Сабақтың тақырыбы: Д. Әбілев. Туған тілім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға СТО әдістері арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Сөздік қорын молайту, еркін өз пікірін ашық, еркін айта алатын тұлға дамыту.
3. Ұжыммен жұмыс жасай отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.     

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

« Тіл» деген ұғымды кім қалай түсінеді? әдебиет жүрегі
........байлығымыз мәдениетіміз.......
.......ұлттығымыз намысымыз......
......
арымыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

http://image.slidesharecdn.com/random-141122232459-conversion-gate02/95/-3-638.jpg?cb=1416720480

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.
«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмысы (Түртіп алу стратегиясы)
Бабам – үлкен ата далам - туған жер
Оқушыларға оқыту. (Іштей, дауыстап топпен)

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

 

Ой толғаныс

1 топ. Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру
2 топ Тіл туралы өлең шығару
3 топ Эссе жазу
4 топ «Туған тіл» орнына «қазақ тілі» сөзін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUghttps://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты:қазақ тілі

Уақыты:21.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

Сөйлем және сөз

Мақсаты

 

Сабақтың мақсаты: сөйлемнің сөзден құралатыны, белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру; сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Бала, бала, балапан, 
Қане, қайсы, алақан. 
Саусақтарың әйбат, 
Былай-былай ойнат. 
Бала, бала, балапан, 
Қане, қайсы, алақан? 
Саусақтарың әйбат, 
Былай-былай ойнат. 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Бұл тақырыпқа арналған жаттығулар алдыңғы сыныпта сөйлем туралы берілген ұғымдарды еске түсіріп, жинақтау мақсатын көздейді.

1-жаттығудың         тапсырмасын орындай отырып, оқушылар сөз бен сөйлемнің айырмашылығы туралы қорытынды жасайды. Әр сөйлемде қандай ой айтылып тұрғанын түсіндіреді. Сөйлемдерді ғана көшіріп жаздыртуға болады.

2-жаттығу      бойынша оқушылар кішкентай Айжанның жазған қағазын оқып көруге тырысады. Оны оқудың неге қиын болғанын, оның қандай ережелерді білмейтіндігін санамалай отырып, сөйлемді дұрыс құрау үшін қажетті талаптарды өздері айтады. Содан кейін осы талаптарды оқулықта берілген ережемен салыстырады.

3-жаттығу      бірінші сыныпта танысқан сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерді еске түсіруге арналған.

Жаттығу жұмысын жан-жақты талдап болғаннан кейін сөйлемнің соңына нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі қойылатыны нақтыланады.

4-жаттығу оқушылардың сөйлем туралы алған білімдерін тексеруге берілген. Сөйлемдердің аражігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойғаннан кейін тексеріліп, жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктері анықталады. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, ауызша да сөйлемдердің аражігін ашып көрсетеді.

 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой толғаныс

Сөйлемді жазудың ережелерін өздері құрастырып көреді.

1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2. Сөйлем сөзден құралады.

3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

5. Сөйлемнің соңына тыныс белгісі қойылады.

Үйге тапсырма

   

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg               https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты:қазақ тілі

Уақыты:21.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

Сөйлем және сөз

Мақсаты

Білімділік: оқушыларға жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі туралы түсінік беру, сөйлемдегі сөздерді сатылай кешенді технологиясы арқылы талдай білуге машықтандыру;
Дамытушылық: жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту;
сөз тіркестері мен сөйлемдерге талдау жасауға дағдыландыру, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай ажырата білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тіл қадірін түсініп, оны дамытудың сепшісі бола білуге тәрбиелеу, сөйлемдерді дұрыс құрып сөйлей білуге тәрбиелеу. оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. №2 слайд
Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге, пікірлерін айта білуге баулу, сөйлем мен сөздерді талдату.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, жаттығу жұмыстары, тест
Сабақтың көрнекілігі: флипчаттар, тест тапсырмалары, слайдтар;

 

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 

1. «Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қоя отырып, өткен тақырыптарға шолу жасаймыз.№5 слайд

1. Синтаксис қандай сала, нені зерттейді?

2. Сөйлем дегеніміз не?

3. Сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?

4. Сөйлем құрамы мен құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

6. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

7. Лепті сөйлем дегеніміз не?

8. Бұйрықты сөйлемдер дегеніміз не?

2. «Топтастыру» тәсілі арқылы сөйлемдердің мағынасына қарай жіктелуін тоқталамыз

Мағынаны тану

Топтарға берілетін сөйлемдер топтамасы.
І топ --------------------------------------------------------------ІІ топ
Ақыл бізді білімге жетелейді ----------------------------Бұл – Байжанның талай келген үйі
Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? --------------- Басшысы болмаған елде елдік бар ма?
Енді айыпқа бұйырмаңыз! ------------------------------- Қарағым, қадамың құтты болсын!
Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! ------------------Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті

Орманның бiз емшiсiмiз, 
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады). 
Құрт бiткендi жоқ етемiз, 
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi). 
Тоқ, тоқ, тоқ, 
Жоқ, жоқ, жоқ. 

Ой толғаныс

Үлестірмелі парақша

Тапсырма: жiңiшке дыбыстардың астын сызыңдар.
Көйлек жуу.
Менiң қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектерi көп. Көйлектерi бәрi әдемi. Бiрақ тез кiрлейдi. Оны жиi жуу керек. Мен кiр жууды анамнан үйрендiм. Айсұлудың ұлттық киiмi де бар.
Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын.

Үйге тапсырма

   

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg               https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты:қазақ тілі

Уақыты:22.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

Хабарлы сөйлем

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру; сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету.

Психологиялық ахуал

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

 Тақтаға сөздер жазылған карточкалар ретсіз ілініп қойылады. Оқушылар осы сөздерден сөйлем құрастырады. Оқушылардың әр сөзді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырып, орнын дұрыс тауып қоюын бақылау. Сөйлем туралы не білетіндіктері сұрақтар арқылы анықталады.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық жұмысы 1-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Сурет бойынша мәтін құрастырғаннан кейін, мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтайды. Әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады. Хабарлы сөйлем туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.

2-жаттығу бір нәрсе жайында хабарлай айтылған сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылатынын байқатуды көздейді. Сөйлемді дұрыс ырғақпен оқуға үйренеді. Әр сөйлемнен кейін сәл тоқтап тыныс алады. Осы екі жаттығуды орындап болғаннан кейін хабарлы сөйлем, оған қойылатын тыныс белгі туралы қорытынды ережені айтады.

3-жаттығуда   сөздер жазылған карточкалар берілген. Ол сөздерді қатыстырып, жеке сөйлемдер құрастырады. Содан кейін осы сөйлемдерден не жайында мәтін құрастыруға болатынын айтқызуға болады. Балалар мәтіндегі әр сөйлемнің не жайында хабарлап тұрғанын айтады.

4, 5-жаттығулар оқушылардың хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтай түсуіне көмектеседі. Мазмұнына қарай мақалдың жалғасын табады және аяқталған ойды білдіріп тұрған толық сөйлемді іздейді.

 

Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп, 
Екі бақа жүгіріп, 
Секіреді, бақ-бақ, 
Ағаштарды аттап. 
Олар ерте тұрады, 
Беті-қолын жуады. 
Оңға-солға шайқалып, 
Бақылдайды ән салып. 
Судан шіркей табады, 
Өсіп үлкен болады. 
Бақ-бақ, нақ-нақ, 
Біздер айттық тақпақ. 
/Б.Бөрiбаев/ 

Ой толғаныс

Оқушыларға сөйлем жөне оның түрлері туралы алған білімдерін қорытындылайтын сұрақтар қойылады.

1.     Аязды күні торғайлар

2.     Біздің сынып

3.     Алмат сабақтан кешікпейді

4.     Жексенбі күні

5.     Болат күшікті үйге әкелді

6.     Жалғыз аяқ жолмен

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

 

Үйге тапсырма

   

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg               https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәннің аты:қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:24.11

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

 

 

Сабақтың атауы

Диктант

 

 

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: диктант жазыдыртып үйрету, жоспар құра білу ретін түсіндіру, шығарманың сөзден құралатыны, шығарманың алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып, соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру; сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқы,қатесіз жасуға баулу.

 

 

Күтілетін нәтиже

 

 

Психологиялық ахуал

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!            Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 

 

Қызығушылықты ояту

 Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Ерлан жақсы окушы.    Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның  сыныбы таза.
Оқушылар қазақ тілін біледі.  

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар, 
Қолдарыңды созыңдар. 
Саусақтармен ойнаңдар, 
Қолдарыңды сермеңдер. 
Денелерiң шынықсын, 
Саналарың тынықсын. 

 

 

Ой толғаныс

Айырмашылықты табу.

 

 

Үйге тапсырма

   

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

 

 

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

 

 

Кері байланыс

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUg               https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcR131kpWcUUED4dovkbmspoxT_SKRVEWOkIs1gxHky5XK0GLSnj

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:25.11

Кабинет:2

Мұғалім:Ертаева Г.Б.

Сабақтың атауы

   Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы

Мақсаты

Мақсаты: а) Оқушыларға ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы жайында мағұлмат беру

ә) Олардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.

б) Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Бала-бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ауа адам өміріне,жануарлар мен өсімдіктер үшін өте қажет.

-Адам әрекеттері ауаны ластайды.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Бүкіл тіршілікке ауа керек екенің білеміз.Орманды алқапқа кіргенде бірден ауаның тазалығын сезінеміз.Бұл неліктен деп ойлайсындар.Өсімдік тыныс алу арқылы ауаны тазартады.

Сергіту сәті

Қане балалар тұрайық,

Қолды белге қояйық

Оң аяқ, сол аяқ

Шынығып алайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

 

Мына кестені толтырайық

 

Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.

Үйге тапсырма

          

 Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

скачанные файлы (4)

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "С.Жүнісов "Кімнің мекені жақсы" әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 414 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2016 1635
    • DOCX 389.1 кбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ертаева Гульнур Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ертаева Гульнур Болатовна
    Ертаева Гульнур Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4347
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 181 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе