Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Скачать материал

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, білімдерін кеңейту.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі « Менің елім » атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатына,

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2− жүргізуші:

Таңды атырам ел ұрандай өр үнмен

Елтаңбам тұр орын алып төрімнен

Ата заңым сүйенер күш қуатым

Көз тартады көк туым өз көгімнен

Бүгінгі биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір−біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай күн нұрына таласқан!

1-жүргізуші:

Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез арман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан – көркем жер!

Әнұран:

1 оқушы:

Қазақстан дейтін менің Отаным

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2 оқушы:

Қандай дүние жетеді балауыңа,

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңда,

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,

Қазақстан елтаңбасы, жалауы да

3 оқушы:

Менің елім – Қазақстан, жүрегім,

Тек өзіңсің, Отан Ана, тірегім

Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар,

Тәңірден осы менің тілерім

4 оқушы:

Елім менің – Қазақстан, Отаным

Жырлар жазып, өзіңде әнге қосамын,

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,

Арта берсін абыройың атағың.

5 оқушы:

Аман бол, жаңа ғасыр – жаңа заман,

Аман бол, жаңаша күн жарқыраған

Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет

Қазақтың қасиетті ел екенін.

Ән: « Елім менің »

 

2− жүргізуші:

Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туған−туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын мекені. Ал қазір біз Отанымызға тағы бір мәртеқұрмет көрсетіп отан туралы өлең шуамқтарын ақтарып көрсек.

6 оқушы:

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

7 оқушы:

Отан –тарих, отан –тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

отан−өлең, отан−жыр,

көтерген көкке ел даңқын.

8 оқушы:

Отан сенің ата−анаң,

Отан –досың, бауырың.

Отан –өлкең, астанаң

Отан –аудан, ауылың.

9 оқушы:

Отан –осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

« Отан » деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

1-жүргізуші:

Бүгінде Қазақстан көк байрағы көкке желбіреген, қазына байлығын пайдалана білген, ұрпақтарына ұлттық тәлім−тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде басқаларға өз басымдылығын көрсете білген, экономикасы, мәдениеті өркендеген азиялық айбынды мемлекетке айналды. « Болашақтың барысы » деген айдарлы елдің бірі болуға белді бекем байлап, әлем кеңістігіне бойлай еніп, басым беделге бет түзеуде.

2− жүргізуші:

Сондай−ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Ата заңымыз, Әнұранымыз, Туымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болуымыз керек.

Ән: « Көк тудың желбірегені »

10 оқушы:

Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

Көк туымды қалайша құлатармын.

Тып –тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

Бәріміз баласындай бір атаның.

11 оқушы:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

 

 

12 оқушы:

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дала кезіп

13 оқушы:

Қазақ жері – қонақжай, төрдің жері,

Қазақ жері – қас сақтай елдің елі

Елі кедей болмаған –жері байтақ,

Едігедей, Бабырдай ерлер жері.

14 оқушы:

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз

15 оқушы:

Елімізде бақ – береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын,

Халқымның ахуалы дұрыс болсын

Еліміз әрқашанда тыныш болсын.

1-жүргізуші:

Белгілі ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң

Өшкеніңнің белгісі, − деген екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері болашақ жастарға, яғни біздерге аманат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Көк байрағым елдігім, еркіндігім!». 
Мақсаты:Тәуелсіздіктің қарсаңында оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. 
Жүргізуші: 
- Қайырлы күн құрметті қонақтар! 
Аяулы да ардақты ұстаздар! 
Жүргізуші: 
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар, 
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар. 
Құшақ жая қарсы аламыз Сіздерді, 
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар. 
Жүргізуші: 
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, 
Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар. 
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны, 
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.

 
Тәуелсіздік бабалардың ұраны, 
Бейуақытта бойға таққан тұмары. 
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып, 
Ызғар болып жанбай қалған шырағы. 


Жүргізуші: 
Әнұраным – жан ұраным, 
Айтар әнім – сөйлер сөзім. 
Туған жерім сағынарым, 
Мәңгі бақи шырқалады, 
Республика әнұраны. 
Мемлекеттік әнұран орындалсын! 
Елтаңбасы елімнің, 
Неткен көркем әдемі. 
Тұнығындай көңілдің, 
Ортада аспан әлемі. 
Өзіңдікі – Туың да, 
От пен ауа суында. 
Жаса Қазақстаным, 
Белді бекем буын да. 
Көк аспандай туларың, 
Желбірейтін күні бұл. 
Елім деген ұлдардың, 
Елжірейтін күні бұл. 
Жүргізуші: 
Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. 
Жүргізуші: 
Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті. 
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың 
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын 
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп 
Алатаудай көкке өрлеген азатпен 
Жүргізуші: әсем би.Жүргізуші мұғалім: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті. Ашық тәрбие сағатымыз Көк Туымызға арналғндықтан онын тарихына көз жүгіртейік.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы.Мемлекетік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. 

ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. 
Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді, 
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры 
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы 
Келбетіңнен көремін жалғасымды.

 
Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың, 
Жүректерге үміт боп жағылғансың 
Аяулысың білмеген алақаннан – 
Суып барып қайтадан табылғансың. 


Көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. 
Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. 
Жүргізуші: 
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. 
Қазақстан дейтін менің бар елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін! 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман 


Айнымайды аспаннан 
Біздің тудың бояуы 
Оны халық қашан да 
Биікке іліп қояды 
Туымызға жас туған 
Бір қарамай өтпейді. 
Сол көк тудың астында 
Көгереміз, көктейміз. 


Ән орындалады «Туған ел» 
Сыр бойындай баулардан , 
Алатудай таулардан. 
Сарыарқадай даламнан, 
Теңіз Каспий,Аралдан. 
Баян сұлу,Жібектей, 
Төлегендей түлектей. 
Ұл-қызы бар елімнің, 
Жұлдызы бар жерімнін. 
Ұлы тойдай ұлы есім. 
Жаралған ер жер үшін, 
Сырда сұлу күрішім, 
Қырда бидай ырысым. 
Жыршы-жырау салтымнан, 
Әнші-күйші халқымнан 
Сәлем саған,туған ел! 
Жүргізуші: 
Осындай кең байтақ даламызда қасиетті көк барайғымыздың желбіреуі елімізідің, халқымыздың егеменді, тәуелсіз мемлекет екеннің көрсетеді. 
Хормен! Көк барағымызы әр қашанда биіктерден көріне берсін! 
Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе, 
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы. 
Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім. 
Болашақ ұрпағының бақыты үшін, 
Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім! 
Ән орындалады: «Атамекен» 
Бұлт баспасын күнімді 
Тарылмасын өрісім. 
Биік ұстау Туымды- 
Қасиетті борышым 
Көк аспанда нұрлы күн 
Күлімдейді далама 
Бақыт тілеп тұр бүгін 
Ол барлық пәк балаға 
Ұлттық өрнек мұрамыз 
Адастырмас мұраттай 
Нық көтеріп тұрамыз 
Жалауды біз құлатпай! 
Бұлт баспасын күнімді 
Тарылмасын өрісім. 
Биік ұстау Туымды- 
Қасиетті борышым 
Енді бүгін өлген туым тірілді, 
Әнұраным жалғап алды ғұмырды. 
Босағада қалып келген Елтаңба, 
Баяғыда төріме кеп ілінді. 
«Қазақтай ел қайда» ән шашу 
Жүргізуші:мұғалім 
Бір ата, бір ананың түлегіміз 
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз 
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам 
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! 
Көк аспанда көк байрағымыз желбірей берсін! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санамақтар
Қалмау үшін ашығып
Қысқы азығын кеш қамдап,
Қамбасына тасыды
БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ,
БЕС жаңғақ.

Ұйқыдан ол асылы
Көрген емес кеш өріп.
Бүгін тағы тасыды
БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ,
БЕС өрік.

Ал, ал...
Біздің Қанат па?
Қайта - қайта есінеп,
Алды ескерту сабақта
БІР,
ЕКІ,
ҮШ, ТӨРТ,
БЕС рет.
ҚОШАҚАНДЫ ҚАЙРАУ
Қызыл - жасыл даланы
Кезгін келсе шамалы,
Татқың келсе басқа дәм,
Қошақаным, бас қадам

Оңға қарай БІР атта –
Бас қоясың бұлаққа.
Солға қарай БІР атта –
Тойындасың құрыққа.

БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ атта,
Жүгір,
Секір,
жортақта.
Тамақ өзі келмейді
үйден шықпас қорқаққа.

ОН - ОТАНЫҢ АРДАҚТЫ,
Он - Отаның ардақты,
Ол - қорғаның салмақты.
Сені ақылды болар деп,
Бар тілегін арнапты.

БІР ДЕГЕНІМ - БЕЛІН,
Бір дегенім - белін,
Екі дегенім - егін,
Үш дегенім - үкі,
Төрт дегенім - төл,
Бес дегенім - бекіре,
Алты дегенім - адам,
Жеті дегенім - жеміс,
Сегіз дегенім - сең,
Тоғыз дегенім - тоң,
Он дегенім - оң,
Он бір болады одан соң.

ЖЕТІ - ТУҒАН ЖЕРІМІЗ,
Жеті - туған жеріміз,
Біз - туған жер төліміз.
Жиі барсақ ауылға,
Тола түсер кеміміз.

ЕКІ ДЕГЕНІМ - ЕЛІМ,
Екі дегенім - елім,
Атамекен жерім.
Ол - өзен, көл, кең дала,
Ол - тауларым менің.

ОНҒА ДЕЙІН САНАЙЫҚ!
Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта - қайта санайық.
О
Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.

Дидактикалық ойындар

·         alma005

 

·         9 қыркүйек 2013

 

·         76529

 

·         0

·                                                                                                                                100

Ярмантович Алмагүл Жұманғалиқызы
Дидактикалық ойындар.
Ясная Поляна орта мектебі.

Алғы сөз.
“ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал
жас ұрпақтыңтағдыры ұстаздың қолында. ”
(Н. Ә. Назарбаев.)

Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Бұл – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорын ескере отырып, сабақты қызықты өткізу мақсатында қолданылатын қосымша құрал.
“Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын.

“Моншақ”ойыны
Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу

“Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.

Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:

1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

“Асхана” ойыны.

Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.

“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран

к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

“Қожанасыр қоржыны”ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері: сөздерді қазақшаға аудар:
Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.

Сөзді септе: жолбарыс

Сандарды сөзбен жаз:

25 + 7 = 32
150/30 = 50
10 + 3= 13
43 – 20 =23
90 – 40 =50
80 + 25 =105
5
Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
( мысық )

Сөйлемдерді қазақша жаз:
Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.

“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.

“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

“ Сиқырлы қоржын” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?


1-сыныпқа арналған математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар


«Не өзгерді?»


Мақсаты:
 түс, пішін, мөлшер, кеңістік қатынастары туралы түсініктерін бекіту; байқағыштықтарын, зейінін, есте сақтау қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту.

Заттар жинағы (геометриялық фигуралар, заттық суреттер, мазмұнды суреттер, т.б.) сөрелерге қойылады немесе тақтаға бекітіледі. Мұғалім (оқушы) бір затты алып тастайды немесе орындарын ауыстырады. Оқушылар қандай өзгеріс болғанын ауызша айтады. Заттарды әр жерге қойып, заттардың санын көбейтіп, ойынды күрделендіруге болады.


«Шешуін тап»


Мақсаты:
 оқушылардың математикалық білімдерін дамыту; математикалық түсініктерін қорытындылау және бекіту.

Математикалық объектілердің жиынтығын (3-тен 6-ға дейін) мұғалім 4 және одан да көп әр түстегі сөрелерге, жинақ полотносына, магнитті тақтаға орналастырады. Бір оқушы кез келген түстегі сөрені іштей таңдайды. Басқа оқушы ол жерде қандай математикалық объектілер орналасқанын айтады да, ол заттың сол сөреде бар-жоғын сұрайды. Сөйтіп, оқушының қай сөрені таңдағанын табады. Мысалы, оқушы сұрайды: «Онда 3 және 5 сандары бар ма? Кесінді ше? Қызыл үшбұрыш бар ма?», т.с.с.

Ойынды мынадай сұрақтар қойып күрделендіруге болады: «Үшбұрыш кесіндінің оң жағына немесе сол жағына орналасқан», т.с.с.


«Эстафета» («Тізбек»)


Мақсаты:
 есептік, реттік санау дағдыларын, ауызша есептеу тәсілдерін дамыту.

Оқушы қатарынан 2-3 санды атайды, ары қарай келесі оқушы санауды жалғастырады. Бұл ойынды доптың көмегімен жүргізуге де бола­ды.


«Пойыз құрастырамыз»


Мақсаты: реттік және есептік санау дағдыларын, ауызша есептеу тәсілдерін дамыту.

Мұғалім оқушыларды тақтаға кезекпен шақырады. Олардың әрқайсысы вагондардың рөлін атқарып, өздерінің нөмірлерін айта- ды. Мысалы, бірінші шақырылған оқушы: «Мен бірінші вагонмын» деп айтады. Екінші оқушы бірінші вагонға тіркеледі де, өзінің реттік нөмірін айтады, қалғандары: «Бірдің артынан бір - екі» деп айтып отырады. Қалған вагондар да осылай «тіркеледі». Содан соң вагондар «ағытылады», ал балалар хормен санайды: «Бірсіз үш - екі», т.с.с.


«Өрнек құрайық»


Мақсаты:
 пішін және түс туралы оқушылардың білімдерін бекіту.

Әрбір оқушыда әр түстегі, мөлшері әртүрлі геометриялық фи- гуралардың жиынтығы болады. Мысалы, көк түсті үлкен, кіші және қызыл түсті үлкен, кіші үшбүрыштар; көк түсті үлкен, кіші және қызыл түсті үлкен, кіші дөңгелектер; көк, қызыл түсті үлкен, кіші шаршылар. Фигуралардың түсі, пішіні, мөлшері түрлендірілуі мүмкін.

Оқушылар фигуралардан түсті өрнектер құрастырады. Мысалы, бірінші сол жаққа қызыл кішкентай дөңгелек, одан соң кішкентай қызыл үшбұрышты қояды, т.с.с. Кейінірек ойынды күрделендіруге болады. Оқушылар мұғалімнің бұйрығымен өрнек құрастырады, ал содан соң бұл өрнекті орналасу тәртібін сақтай отырып, ары қарай жалғастырады. Тағы бір нұсқасы ретінде мұндай тапсырма оқушының бұйрығымен орындалады.


«Зейін сал»


Мақсаты:
 заттарды түсі бойынша айыра білу дағдыларын бекіту.

Әр түсті заттардың суреттері беріледі: қызыл қызанақ, қызыл сары сәбіз, жасыл шырша, көк шар, көгілдір көйлек, сары орамал. Оқушылар тақта алдында заттардың жазықтықта орналасқан бейнелерінің қасына жартылай дөңгеленіп тұрады. Мұғалім заттың аты мен түсін айтып, қолын жоғары көтереді. Балалар да қайталайды. Егер мұғалім заттың түсін айтпаса, оқушылар қолдарын көтермеу керек. Кім қателессе, берілген тапсырманы орындайды. Бірнеше заттың атын атап, заттың түсі қандай екенін айтуға тапсырма беруге болады.


«Сенің портфеліңдегі заттар қандай материалдан жасалған?»


Мақсаты:
 заттарды материалы бойынша ажырата білуге үйрету.

Ойыншыларға әртүрлі түстегі жетондар беріледі. Қоңыр түс - ағашты, сұр - металды, ақ - қағазды, қызыл - пластмассаны, т.б. белгілейтінін келісіп алады. Портфельдерінде бар заттарды қарастыра отырып, қажет түстегі жетондарды бір шетке қойып отырады. Соңынан портфелінде қолындағы жетонның түсіне сәйкес неше зат бар екенін анықтайды.


«Заттарды тап»


Мақсаты:
 биіктігі бойынша заттарды айыра білу дағдыларын бекіту, оған сәйкес сөздерді балалардың сөздік қорында қалыптастыру.

Биіктігі бірдей немесе әртүрлі заттар алынады. Мұғалім бөлменің әр жерінде биіктігі бойынша бірдей немесе әртүрлі заттар жасырулы тұрғанын ескертеді. Шартты белгіден кейін балалар заттарды тауып, бірақ тапқандығы туралы айтпай, жүргізушінің сол жағына келіп, қатармен тұрады. Кім бұрын заттарды тапты, сол жүргізушіге жақынырақ тұрады. Бірнеше минуттан кейін іздеу жұмысы тоқтатылады да, қатарда тұрған балалар бірінен соң бірі не тапқандығын, бұл заттардың биіктігі жағынан қандай айырмашылықтары барын айта бастайды.


Дыбыс қай жақтан шығады?»


Мақсаты:
 кеңістікте бағыт көрсете алу дағдыларын бекіту; сөйлеу тілдерінде «оң жақта, сол жақта, алдында, артында» сөздерін қолдана білу.

Бір оқушының көзі орамалмен байланады. Екіншісі бөлме ішінде жүріп, қоңырауды сыңғырлатады (үстелді тықылдатады, қол ша- палақтайды, т.б.). Бірінші оқушы дыбыстың шыққан орнын айтады: «Менің оң жағымда шылдырлады», т.с.с. Ешқандай қателеспеген оқушы қоңырауды алып, жүргізуші қызметін атқарады.

Дыбыстың бағытын жақсы айыра алатын оқушылар үшін тапсыр- маны күрделендіруге болады. Бір уақытта бірнеше дыбыстың бағытын айту тапсырылады: «Бірінші рет дыбыс алдымнан, екінші рет оң жақтан, үшінші рет сол жақтан шықты».


«Керісінше»


Мақсаты:
 кеңістікте бағыт көрсете алу дағдыларын бекіту.

Мұғалім қозғалыс бағытын немесе кеңістіктегі заттар арасындағы қатынасты суреттейтін кез келген бір сөзді айтады. Мұғалім былай дейді: «Мысалы, «төменде» деген сөзді айтамын, мен шақырған оқушы оған қарама-қарсы мағынадағы сөзді айтуы керек (жоғары - төмен, оң жақта - сол жақта, оң - сол, алдында - артында, алғашқы - соңғы)». «Төменнен жоғарыға-жоғарыдан төменге, кітаптың басында-кітаптың соңында», т.б. сөз тіркестерін пайдаланып, тапсырманы күрделендіруге болады.


«Неше рет?»


Мақсаты:
 заттар мен құбылыстарды санау дағдыларын бекіту.

Мұғалім бірнеше рет қол шапалақтайды, ал балалар соған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді.


«Сөйлемді аяқта»


Мақсаты:
 әртүрлі белгілері бойынша заттарды салыстыру дағды- ларын бекіту.

а) Мұғалім сөйлемнің басын айтады, оқушылар оны жалғастырады. Мысалы: «Егер шырша қайыңнан аласа болса, онда қайың... (шыршадан биік).
 Егер еменнің діңі қайыңның діңінен жуан болса, онда қайыңның діңі... .Үстел аласа, ал шкаф ... . Сабақ ұзақ, ал үзіліс ... .», т.с.с.

ә) «Жуан, жіңішке, дөңгелек, ұзын, қысқа», т.б. сөздерді пайдаланып, сөз тіркесін аяқтауды ұсынуға болады.


«Артық фигураны тап»


Мақсаты:
 заттардың белгілерінің біреуі бойынша балаларды салыстыруға үйрету, логикалық ой-өрістерін дамыту.

Мұғалім жинақ полотносына бірнеше фигураларды қояды. Олардың бірі басқа пішінді болады. Мысалы, әртүрлі мөлшердегі 5 дөңгелек және 1 шаршы.

- Артық фигураны тап. Неге олай ойлайсың?

Мұндай тапсырманы түрлендіруге болады: әртүрлі мөлшердегі бірақ түсі бірдей фигуралар және басқа түстегі бір фигураны қояды.


«Фигураны тап»


Мақсаты:
 оқушыларды заттарды бірнеше белгілері бойынша салыстыруга үйрету; пішін және мөлшер туралы білімдерін бекіту.

Тақтаға түстері және мөлшері әртүрлі геометриялық фигуралар қойылады. Мұғалім айтады: «Тақтадағы фигуралардың ішінен кішкентай қызыл фигураны тап, ол көпбұрыш емес», т.с.с.

Басқа фигуралармен осыган ұқсас тапсырмалар ойластыруға бо­лады.

«Заттарды салыстыр»


Мақсаты:
 берілген белгі бойынша заттарды салыстыруды үйрету.

Мұғалім портфельден әртүрлі заттарды шығарады, ал балалар бел- гілі бір белгісі бойынша салыстыруы керек. Мысалы, дәптер мен кітап қалыңдығы және салмағы бойынша, сызғыш пен қаламсауыт ұзындығы бойынша, т.б.


«Ұшақтың ұшуы»

Мақсаты:
 кеңістікте бағыт таңдай білу; математикалық тілдерін да­мыту.

Мұғалім мерекелік шеру кезінде ұшқыштардың әуеде түрлі фи­гуралар жасайтындығын айтады. Мұғалім ұшқыш рөлінде болады. Оның ұшағы (сурет немесе ойыншық) қозғалыс бағытын өзгерте отырып, әртүрлі фигуралар жасайды. Ал оқушылар бағыттың өзгеруін анықтайды және мұғалімнің белгісі бойынша «жоғары, төмен, оңға, солға, оң жақта, сол жақта, оңнан солға, солдан оңға қарай» сөздерін пайдаланып, хормен бағытты айтады.


«Моншақ жинау»


Мақсаты:3 санын қосу тәсілімен таныстыру.

Анар 3 моншақтан тұратын тізбек жасап, мынадай мысал құрас- тырды: 3 + 3 = ? «Анар моншақтарды қалай тізгенін табайық. Өздерің де моншақтардың суретін салып, тізіп көріңдер».
 Оқушылар моншақты әртүрлі тізуі мүмкін: мысалы, 3 жасыл моншаққа 2 қызыл сары және 1 көк моншақ қосады немесе 3 жасыл моншаққа 1 қызыл сары және 2 көк моншақ қосады.

Мұғалім тақтаға 3 санын қосудың 2 тәсілін жазады:


«Қандай ойыншық жасырылды?»

Мақсаты:
 есептеу дағдыларын бекіту.

Тақтадағы ойыншықтардың бейнесі санмен және әріппен белгіленген. Карточкаларда бейнеленген ойыншықтардың біреуі жасырылады. Егер карточкалардың сол жағында жазылған әріптерден сөзді дұрыс құраса, оны табуға болады.

«Математикалық футбол»


Мақсаты:
 есептеу дағдыларын бекіту.

2 топқа (қыздар және ұлдар) бөлініп ойнайды.

Мұғалім айтады: «Футбол алаңында доп домалап келеді (суретте футбол алаңында әр жерде тұрған доп бейнеленген). Барлық футбол алаңы шаршыларға бөлінген. Доп футбол алаңының біресе бір, біресе келесі шаршысына түседі. Допты дұрыс «ұру» керек (ұру бағытын шифрлап тастау - яғни доп бағыт алған шаршыдағы нөмірге тең болатындай етіп доптарға мысалдар жазылады). Қыздар мен ұлдар кезекпен ойнай­ды. Допты «соғады» - доп ұшып келіп бірінші шаршыға түседі (қыздар жоғарғы доптағы жауабы 1 болатын мысалды құрастырады және жазады). Ұлдар доп «соғады» (олар да оң жақ қақпаның жоғарғы добындағы жауабы 1 болатын мысалды құрастырады, жазады). Ойын осыған ұқсас жалғасады. Соңында қай топтың көп ұпай жинағаны (ойластырылған жауаптармен дұрыс мысалдар құрастыруы) тексеріледі.

«Менің сүйікті жануарым»


Мақсаты:есептеу дағдыларын бекіту.

Балалар аңдардың суреттеріне қарайды. «Сендердің әрқайсысыңның өздеріңе ұнайтын жануарларың болады, қазір біз кімге не ұнайтынын табамыз (суреттің астына аңдардың нөмірін көрсететін мысалдар жазылған). Сендер барлық мысалдарды шешсеңдер, өздеріңе ұнайтын аңдарды табасыңдар, мысалдарыңның жауабы жазылған карточкалар мен кезекпен шығасыңдар». Оқушылар мысалдардың жауабына қарай жауап берушіге қандай аң ұнайтынын табады.

«Ең үздік есептегіш»


Мақсаты:
 суреттермен цифрлар санының сәйкестігін құру.


Мұғалім магнитті тақтадағы бөлімдерге 1-ден 10-ға дейінгі суреттерді орналастырады. Әр бөлімді кезекпен аша отырып, балаларға суреттерді санап, тиісті цифрды көрсетуді ұсынады


«Санды тап»


Мақсаты:
 натурал сандар қатарының реті туралы білімдерін бекіту.

Балаларға мына сандарды табу ұсынылады:

·        
6 мен 8 сандарының арасындағы сан;

·        
5-тен 1-еуі артық, 7-ден 1-еуі кем;

·        
7 мен 9-үйде көршілер тұрады, мен қайда тұрамын? т.б.


«Балыққа жем бер»


Мақсаты:
 есептеу дағдыларын жетілдіру.

Магнитті тақтаға балықтың суреттері ілінеді. Әр балықта қосу мен азайтуға мысалдар жазылған. Балалар кезекпен балықтарды ұстап, мысалдарды оқиды. Кім балықты көп «ұстайды», сол мықты «балықшы» атанады.

«Математикалық балық аулау»


Мақсаты:10 көлеміндегі қосу және азайту тәсілдерін бекіту.

6 сары, 2 қызыл, 2 жолақ - барлығы 10 балық дайындалады. Артқы бетінде қосу және азайтуға мысалдар жазылған балықтар магнитті тақтаның бетіне орналастырылады. Мұғалім балаларды кезекпен шақырады, олар балықтарды «аулап», мысалдарды оқиды. Мысалдарды шығарған барлық оқушылар жауабын цифрмен белгілеп, оны мұғалімге көрсетеді. Кім балықты көп «аулайды», сол ең жақсы балықшы атанады.

«Қашқын сандар»


Мақсаты:
 қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы білімдерін бекіту.

Балалар 3 топқа бөлінеді. Әр топтан 5 оқушыдан шығады. Оларға 1 карточкадан таратады (цифр немесе амалдар таңбасы жазылған). Белгі берілгеннен кейін әр бестіктің балалары қосуға мысалдар құрастырады. Мысалы, 2+8=10; 7+1=8; 5+4=9.

Жүргізуші басқа мысалдарға өзгеретіндей сандардың «қашып ке- туін» ұсынады: 8+2=10; 1+7=8; 4+5=9. Әр топтың бір мүшесі құрастырылған мысалдарды тақтаға жазады. Мысалдар жұбын салыстыра отырып, оқушылар қосудың ауыстырымдылық қасиетін қайталайды.

«Сиқырлы орындық»


Мақсаты: 10
 көлеміндегі қосу, азайту дағдыларын қайталау.

Әр балаға цифрлар жазылған карточкалар таратылады. Мұғалім мысалдар жазылған карточкаларды көрсетеді. Балалар мысалдарды тез есептеп, мәні өзінің карточкасындағы цифрға сәйкес болса, жүгіріп шығып, орындыққа отырады.

«Аңқау математик»


Мақсаты:есептеу дағдыларын дамыту.

Тақтаға цифрлары мен таңбалары қалдырылған мысалдар жа- зылады. Аюдың суреті салынған. Цифрлар мен таңбалар жазылған, түсті қағаздан қиылған үйеңкінің жапырақтары тақтаның бір шетіне қыстырылады.

Мынадай әңгіме айтылады: «Аю мысалдарды шығарып, жауапта- рын жапырақтарға жазды. Жел соғып, жапырақтар жан-жаққа ұшып кетті. Енді оған көмек керек». Оқушылар тақтаға шығып, керекті жапырақтарды тауып, бос орындарды толтырады.

Толық ондықтар. Жүз

«Ойлаған ондық сандарды тап»


Мақсаты:
 ондықтармен есептеуді орындау дағдыларын дамыту.

Ойынға сынып оқушылары толық қатысады. Мұғалім айтады: «Мен бір сан ойладым. Ол санға 30-ды, содан кейін 40-ты қосқанда, 100 шықты. Мен қандай сан ойладым?» «20-ға ойлаған санды және 30-ды қосқанда, 70 шықты. Қандай сан ойладым?»

«Толықтыру»


Мақсаты:
 есептеу дағдыларын дамыту.

3 топ ойнайды. Оқушыларды 3 қатар бойынша бөлуге де болады. Мұғалім айтады: «Мен сандарды атаймын, ал сендер 100-ге дейін неше жетпейтінін айтасыңдар». Содан кейін толық ондықтарды атай-ды, оқушылар осы санды 100-ге дейін толықтыратын санды айтады. Ешқандай қате жібермеген топ жеңеді.

«Кім көп табады және дұрыс көрсетеді?»


Мақсаты:10 көлеміндегі сандардың реті туралы білімдерін бекіту.

Қағаз бетіне 1-ден 10-ға дейінгі сандар әр түспен, әртүрлі пішінде

жазылған. Олар әр жерге орналастырылады. Ойнаушының мақсаты - ең кіші саннан үлкен санға дейін немесе керісінше көрсетуі керек. Осы тапсырманы бәрінен жылдам орындаған оқушы жеңеді.

«Қандай мысал шығарылды?»


Мақсаты:
 есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім тақтаға жазылған мысалдардың бірінің жауабын көрсетеді. Оқушылар осы мысалды тауып, оны атау керек.

«Есептеуіш машиналар»


Мақсаты:
 есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім математикалық өрнектерді оқиды, ал оқушылар есептейді және есептеу нәтижелерін цифрлар жазылған карточканың көмегімен көрсетеді.

«Математикалық баспалдақ»


Мақсаты:есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім мысалдарды баспалдаққа жазады. Екі оқушыны шақырады. Оларға бұйрық берілгеннен кейін балалар мысалдарды шығаруды бастайды. Кім баспалд

Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар

2 сынып

 

2013 оқу жылы

 

Алғы сөз

Екі  бөлімнен  тұратын бұл құрал  мұғалімдерге  көмек  ретінде ұсынылып отыр.  Бірінші бөліміне   оқулыққа сәйкес әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жинақталған.

Олар оқушылармен саралау және даралау әдістерімен  жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызатындайетіп іріктелген.  Тапсырмаларды жаңа материалды бекіту, жаттықтыру, қайталау, пысықтау, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында пайдалана алады.

Екінші  бөлім  негізінен, бастауыш мектептің мұғалімдеріне  арналған.   Дидактикалық  ойындар- балалардың танымдық қабілетін  дамытып, пәнге  қызығушылығын арттырудың негізгі  жолы. Ойынды мұғалім  баланың ойлау іс-әрекетін жандандыруға  арналған  әдістемелік тәсіл ретінде қолданады.

Сабақта және сабақтан тыс  уақытта  дидактикалық ойындармен қатар, математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды шешу, қызықты  әзіл есептерді  шығару,  баланың  ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың  бірден-бір ұтымды тәсілі.

  

 

Қайталау

Есепте:

1.1  а)   3+1            2+1             1+1           7+1

5-1          7-1                3-1            6-1

4+1          5+1               6+1           9+1

 8-1           9-1                10-1         2-1

ә)  1+2           4-2                6+2              5+2

        4-2           9-2                 7-2               3-2

        3+2          7+2                2+2              8+2

        5-2           8-2                 6-2               10-2

б)     0+1            5+0                 6-0                8+0

         2-0      0+7                10+0              0+9

        4-0               3+0                3-0                 0+6

в)  1+3               6-3                   3+3           10-3

2+3                 3-3                       4+3         8-3

5+3                   5-3                      6+3        7-3

7+3                 9-3                     0+3              4-3

 

г) 10+70        100-70            20+70          70-70

  30+70           80-70              0-70         90-70

 

ғ)   20+50          60-50            10+50          50-5        

30+50           80-50           50+50         90-50

    40+50            70-50            50+50         90-5

30+20      80-50                0+50         90-50

 

Д) 0+90           100-90          10+90           90-90 30+60       100-60              10+60           70-50 80+1090-10  70+20           70-10

 

1.211-ден 100-ге дейінгі сандар.

а)1.Мына сандарды ата, жаз.

1онд.3бірл;                2онд.4 бірл;              5онд.6  бірл;

7онд.1бірл;                 4онд.6 бірл;               8онд.5бірл

9онд.2бірл;                  3онд;                         4онд.5бірл;

ә)  5онд.4бірл             1онд.5 бірл;

      4онд;                       5онд.2 бірл;

       7онд.6бірл;            5онд.5бірл;

б) 2бірл.2онд;               1бірл.5онд;

4бірл.1онд;                     5онд.2бірл;

9бірл.1онд;                     5онд.5бірл;

 

Мына сандарды цифрмен жаз.

а)жиырма бес; отызалты;қырық екі; жүз; алпыс төрт;

ә)он жеті;қырық төрт; отыз екі; алпыс жеті; он бес; елу тоғыз;қырық;

б)жиырма үш;қырық төрт; елуүш; алпыс; он үш;қырық тоғыз;

в)елу төрт; сексен үш; жиырма екі; алпыс екі; тоқсан екі;

 

Есепте:

а) 12+1        62-1     29+1       72-1

   24+1         42-1     93+1       65-1

 36+1          38-1      54+1       74-1

45+1          56-1      18+1       92-1

б)13+1      46-1       62+1       29-1

  41+1      24-1       39+1        37-1

73+1       32-1       48+1        43-1

69+1       79-1     17+1         94-1

в)27+1    40-1    96+1          20-1

59+1       34-1   28+1          17-1

64+1      25-1   37+1          99-1

19+1     36-1   67+1         64-1

Тиісті  санды қой:

А)6+◊=8     20+◊ =40       40+◊ =41 

9-◊=3         30-◊=10          64-◊=63

4+◊=7       50+◊=70        25+◊=26

0+◊=9      80-◊=60          90-◊=89

 

39+◊=40      29-◊=28     49+◊=50

73+◊=74     32-◊=31      60-◊=59

85+◊=86    69-◊=68      29+◊=30

93+◊=94    25-◊=24     47+◊=4

Салыстыр:

а)  15◊16                     18◊19                69◊70

      19◊18                     23◊24                74◊73

     30◊29                     46◊46                 89◊89

     63◊64                      46◊47               96◊99

ә)  70*70-1             18*18-1                  60*60-1

      32*32-1             34*34-1                72*72-1

б) 1дм1см◊12см                    44см◊4дм

    2дм3см◊23см                    90см◊9дм1см

     5дм9см◊58см                   89см◊9дм

б) Есептерді шығар

а)Айшаның бойы 15дм, ал  Сәлиманың бойы одан 1дм биік.Сәлиманың бойы қанша?

ә)Зәуре 7 жаста, ал Серік одан 1жас үлкен.Серік неше жаста?

б)Маржанның әкесі 40 жаста.Ол Маржаннан 30 жас үлкен.Маржан неше жаста.

в)Арман 14 жаста.Ол інісінен 1 жас үлкен.Інісі нешеде?

г)Қаз 6 кг, ал үйрек одан 2 кг жеңіл.үйрек қанша тартады.

д) Ешкі 30кг тартады, ал қой одан 20кг ауыр. Қой неше кг?

 

 

Екі таңбалы сандар

1.Мына сандардың бір таңбасын бір жолға, екі таңбасын екінші жолға теріп жаз.

А) 30, 48, 29, 1, 12, 9, 7, 36, 4, 91

Ә) 6, 73, 81, 5, 14, 17, 8, 62, 75, 0

Б) 45, 37, 92, 7, 60, 6, 74, 80, 1

В)қырық тоғыз; он; жиырма; алпыс төрт; қырық; он тоғыз; он бір;

Г)елу; тоқсан; бес; жетпіс екі; елу үш;

2.Есепте

а ) 2+5-3                      4+4-5                      7+3-6

      6+5-4                      6+3-4                      5+5-5

ә)     10+30-20                      30-30+80

         40-20+30                      60-40-20

         70+20-90                       70-30-40

б)  30-30+5                30+20+0                    7+0+4

      8-8+40                  9-9+90                       60-60+5

в)  74+1+1                       38+1+0                             39+1+1

      62-1-1                          23+1+1                             41-1+20

 

 

Екі таңбалы сандардың разрядтары.

1. Мына сандардың ондықтары мен бірліктерін, барлық бірліктерін разрядтық бірліктерін ата:

а) 15, 73, 94, 30, 42, 64, 37, 83

б) 18, 69, 71, 40, 45, 74, 93, 69

2.Есепте:

А)10+3                       20+6                          40+3

  3+10                       5+20                           8+40

  13-3                        25-5                           43-3

 13-10                      25-20                         48-8

Б)20+7-1                   72-2+8                          70-4+8

   19-9+5                     79-9+60                        31-1+6

   49+1+8                    62-2-40                          45-5+6

4.Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

1) 44=  □□+□                                        54=□□+□

     63=  □□+□                                        33=□□+□

    28=  □□+□                                         39=□□+□

5.Мына сандардың қосындысын  жаз, есепте.

а)  20 мен 5-тің;                  3 пен   40-тың;

      50 мен 2-нің;                  4 пен  30-дың;

 

ә)    4 пен 6-ның;               5 пен 60-тың;

        10 мен 7- нің;               50 мен 9-дың

Мына сандардың айырмасын жазып, есепте:

а)77 мен 7-нің            19 бен 9-дың;              95 пен 90-ның

. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды  қосу, екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту.

1.Есепте:

  32+3                        42-1        21+4         96-4

  71+4                        77-6       45+3         49-5

  66+3                        18-7       27+2         19-3                                                                  

 2.Тиісті санды тауып қой:

 17 +□=19       19- □=17       48+□ =49

  23+□=27        35-□=31      32+□=38                                                          14+□=19          29-□=22      37-□=32

3.Салыстыр                                                                                                              75∞73            25∞21       92∞95        64∞67                                                  12∞18            84∞88       76∞71        73∞71   

 

ә) 39∞39-4      73∞73+2            37∞37-5

      54∞50+5       33∞30+2           70∞69+1

 

 

4.Есептерді  шығар                                                                               а ) Әжей 15 құлаш  арқан  есті.    Бұзау  арқандауға  8  құлаш            керек.   Неше  құлаш  арқан  артылып  қалды?                                     

Ә).Тықыр  кілем  тоқуға  21 келеп  қызыл  жіп, одан 5-еуі  артық  басқа  түрлі  түсті  жіп  жұмсалды?

 

Б)Сырмақты бастыруға 31 м қызыл жіп, одан 4 м артық көк жіп жұмсалды, ақ жіп көк жіптен 3 м артық жұмсалды. Неше метр ақ жіп жұмсалды?

 Екі таңбалы санға толық  ондықты  қосу.  Екі  таңбалы  саннан  толық  ондықтарды  азайту.                     

1.Есепте

 1)  23+10           43-10        60+35          92-60

     17+30           65-30         42+40           83-50

   40+54           94-60         39+20           48-30    

   20+72           85-40         48+30           72-60

       2)  24+30-20       47+50-7         75-50+40     

          60+31-50        29+70-9        26-20+90

           49-20-20         67-40+50      34+30-60 

2.Салыстыр : 

 1) 49*69      91*81         25*25+10

      73*43       56*66         37*37-20 

 

 ә)45-40*6          72-40*35         49+20*30

   22+70*91        63-50*15         95-40*52

 

3.Есептерді шығар.

1)Сынықтың бір кесіндісінің ұзындығы 20 см,  ал екіншісі         

одан 10 см қысқа. Сынықтың ұзындығы неше сантиметр?

2. Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 см дм. Бұл оның енінен 4 дм ұзын. Тік төртбұрыштың ені неше дециметр?

3.Сынықтың ұзындығы 34 см. Оның бір кесіндісінің ұзындығы 20 см болса, екіншісінің ұзындығы қанша?

 Екі таңбалы сандарды жазбаша  қосу және азайту.

1.Есепте.                                                                                                            а)12+24                64-32             46+21               68-14     

45+32                 48-35              28+11             99-25

72+14                  84-43              22+44              79-34    

64+23                   96-14            83-15                87-56

ә) 24+32-45           88-26-31              78+11-67

   64-43+58             95-61+24            59-48+26

    38+41-65           87-75+45              89-41-35

2.Салыстыр.

А) 34*34+11              69*20+48                    83*83+10

     48*48+21               76*50+25                  68*69-20

Б)72-52*23               47+40*85                    91-40*50

68-60*18               26+30*57                     67+10*77

 

 3. Есептерді шығар.

А) Текемет басуға арналған  жүннің 10 килограмы сабалды. Сабалмаған тағы 6 килограмм  жүн  қалды. Барлық жүн неше килограмм еді?

ә)Алашатоқуға 12 күн, алкілемтоқуғаодан 13 күнаартықкетті. Кілемдінешекүнтоқыған?

4 Есепте.

А)  45+23                64+25          37+31         53+24

      68-45                 89-64           68-37          77-53

      69-23                 89-25           68-31          77-24

Ә) 73+15                46+33           35+24          61+18

     88-73                 79-46            59-35           79-61

     88-15                  79-33           59-24            79-18

5. Тиістісандықой:

А)   □+12=42             64- □=24            49+ □=79     

      25+□=45               48- □=18           □ -20=52

Ә)    □ +11=64          71+ □=84             18+ □=68 

       17+ □=38           □ -15=23              47- □=35

 

 

 

 

Тікбұрышсалу.

1Мына бұрыштардың қайсысы тік бұрыш,қайсысы тік бұрыштан кіші және қайсысы тік бұрыштан үлкен?

 

 

1                                2                                                           3

 

 

 

                                                                                                               3                                           

      1                                             2

 

 

2. Тік бұрыш сал.

3. Тік бұрыштың бір қабырғасының бойынан оның төбесінен 3 см қашықтықта жатқан нүктені белгіле.

4. Тік төртбұрыштың ені -14см, бұл оның ұзындығы 11 см қысқа.Тік төртбұрыштың  ұзындығы қанша?

5. Сынықтың бір кесіндісінің ұзындығы 22 см, ал екіншісінің ұзындығы одан   3см ұзын.Сынықтың жалпы ұзындығы қанша?

6. Өрнектердің мәндеріне  сәйкес жақшаларды жаз:

3+2+60=65              60+70-50=80      20-40-30=10

90-50+20=20            70-60+40=50      30+20-40=10

 

 

 

100 көлемінде ондықтан аттап қосу және азайту.

1.Есепте

А)18+2                      31-2              38+2               20-2

    29+2                      50-2              48+2                30-2

Ә)    41-2-1               49+2+1              61-2-1

         30-1-1               79+2+1              68+2+1

2.  28+2+9                 39+2+50                      48+2+7

     41-2+20                 21-2+30                       30-2+60

3.  19+3                       80-3                        18+3

      28+3                      12-3                         38+3

      17+3                       21-3                        47+3

       20+3                      60-3                         58+3

4. 59+3+1                     21-3-1                      39+3+1

    38+3+1                     29+3+1                    41-3-1

5.   56+(37+3)               86-(69+3)                77-(48+3)

       98-(41-3)                97-(39+3)                64+(17+3)

6.  26+4                         40-4                37+4                 20-4

     47+4                         31-4                 48+4                42-4

7.  27+4+1                      30-4-1                 29+4+1

     46+4+1                      51-4-1                  49+4+1

 

8.  69+4+2                   81-4-2                        89+4+2

      68+4+2                  73-4-2                        90-4-2

9.16+4+3                      22-4-3                        82-4-3

    39+4+3                      33-4-3                        86+4+3

10.25+(46+4)               94-(69+4)                 88-(68+4)

      37-(28+4)               76-(49+4)                 68-(52-4)

11. 19+5                      61-5           55+5            63-5

      28+5                      70-5           27+5           74-5

      37+5                      81-5           56+5           51-5

      46+5                      92-5           29+5           43-5

12. 18+5+1               31-5-1       66+5+1

      57+5+1                73-5-1       64-5-1

13.  38+5+2                 41-5-2         77+5+2     15+5+3

       46+5+2                 50-5-2         58+5+2     39+5+3

 

14.   70-5-3        77+5+3       47+5+4       63-5-4

        49+5+3      71-5-3         16+5+4       81-5-4

15.    39-(19+5)       23+(49+5)        76-(48+5)

         55-(38+5)        34-(18+5)         79-(57+5)

16.     16+6              48+6             86+6          46+6

          27+6               55+6            78+6          57+6     

17.    28+6+1           32-6-1                 41-6-1

         46+6+1           21-6-1                  73+6-1

18.     38+6+2          24-6-2                50-6-2      

           47+6+2          42-6+2              85+6+2

19.      29+6+3          47+6+3               88+6+3

              66+6+3        53-6-3                93-6-3

20.      48+(24+6)      72-(45+6)          70+(17+6)

           72+(19+6)      77-(56+6)          98-(51-6) 

Тиісті  санды қой:

1)       42-=39        46+=51              71-=68

 69+=74        72-=68              93-=87

   2)       66+=72       69+=76               92-=85

91-=83        59+=68              64-=57

3 )        +8=67         -5=26                 +3=52

+6=43          -7=48                +2=61

<p

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

</p

 

Салыстыр:

1.48*57                61*56                    17*25

    66*72               74*67                     42*36

    49*51                46*37                    73*68

2.  48*39+8          90*78+9                 46*54-7

     37+6*40           82*83+9                 74*69+6              

     29+3*28            62*56+6                 42*36+7

3.28+8*35               90-6*86                 39+7*45

    37+6*40              83-7*75                  47-8*34

     29+3*28              92-9*83                  23-5*19

Есептерді шығар

1)Балалар мектептің табиғат  мүйісіндегі қояндарға 8 кг капуста жапырағын, одан 3кг артық  жем әкелді. Неше кг жем әкелінді?

2)Асханадағы 2 қорап  майдың біреуі  20 кг, екіншісі одан 3 кг кем. Екінші қораптағы май неше кг?

3)Түскі тамақ кезінде асханадағы 21 таба нанның 9 –ын бірінші сыныптың балалары ,қалғанын 2 сынып балалары жеді. Екінші сыныптың балалары неше таба нан жеді?

4)Мектептің шеберханасында бірнеше саптаулы күрек бар еді.Тағы 5 күректі саптағанда, барлығы 14 болды. Әуелде саптаулы күрек нешеу еді?

5) Су ішуге келген қойлардың 7 –еуі кейін қайтты да ,8 қойы қалды.Су ішуге әуелде неше қой келген еді?

6)Жемсауыттан жем шоқып отырған бірнеше торғайға 5 торғай келіп қосылды. Бұл отырғандардан 7-еуі кем.Неше торғай отыр еді?

7)Қол еңбегі сабағында 3 парақ қызыл қағаз жұмсалды.Бұл жұмсалған көк қағаздан 8 парақ кем.Неше парақ көк қағаз жұмсалды?

8)Шаруашылықта 38 ала сиыр, 9 қоңыр сиыр бар. Барлық  

сиыр қанша?Қай түсті сиыр көп? Нешеуі артық?

9)Ұзындықтары 13 см және 7 см екі кесінді сызылған. Қай кесінді ұзын? Қанша см ұзын?

10) Сынықтың ұзындығы 15 см, оның бір кесіндісі  7 см.  Екінші кесіндінің ұзындығы қанша?

Есеп құрастыр және оны шығар:

?                                                         8кг 

                                                           Бұл 3 кг жеңіл

2.   45 л                            9 л                   45-9      45+9

3. 31 м                           3 м кем? 

4.  12 кг                        4 кг жеңіл

5.9+3  өрнегіне сәйкес есеп құрастыр.

 

Уақыт өлшеуіштері:

1.Минут  арқылы  өрнекте:

1)1 сағ 5 мин;           1 сағ 8 мин;                 1 сағ 15 мин;

2)1 сағ 12 мин ;        1сағ 20 мин;                1сағ 3 мин;

  2.      Сағат пен минут арқылы өрнекте.

1)70мин ,                69   мин         92 мин,

2)75 мин,               68  мин,         79 мин,

3)80 мин,                66 мин,           85 мин,

3.Сағат арқылы өрнекте:

1)1 тәул .3 сағ;                1тәул.10 сағ

   1 тәул.5 сағ                    1 тәул12 сағ;

4. Тәулік пен сағат арқылы өрнекте:

1) 26сағ                   35 сағ                       29 сағ

2) 30сағ                   34 сағ                       27 сағ

5.Ай арқылы өрнекте.

1)1жыл 1ай                     1 жыл 5 ай

2)1 жыл 10ай                   1жыл 6 ай

3)1жыл 7 ай                     1жыл 11ай

6. Жыл мен ай арқылы өрнекте:

1) 13 ай                         18 ай, 20 ай

2)  15 ай                         19 ай, 21 ай

7. Есептерді шығар:

1)  Автобус Алматыдан  Талдықорғанға дейін 6 сағат жүреді, ал жеңіл машина одан 2 сағат бұрын жетеді.Жеңіл машина неше сағатта жетеді.?

2) Жүрдек  поезд Алматыдан  Шымкентке дейін 15 сағат, автобус одан 3 сағат кем, ал жеңіл машина автобустан 3 сағат кем жүреді. Жеңіл машина неше сағат жүреді?

3) Алматыдан Қарағандыға дейін  поезбен 18 сағатта, ал ұшақпен  одан  16 сағат  бұрын  жетуге  болады. Ұшақ  неше  сағат ұшады?

 

Екі таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша  оннан аттап қосу және азайту.

 

 

1.    1.     1.Есепте:

1)  18+24                78+12         42+18       25+26

     42+39                 19+26        65+16     48+25

а)  25-17                 62-36            66-49          55-28

     44-26                42-25            72-36           51-34

ә)  25+18+29      65-27-19       64+36-56

       62+19-35       60-36+47      23+37-43

б)   25+(32-18)    23+(61-43)       26+(56-28)

       73-(150+19)   47+(62-37)      81-(36-18)  

       48+(52-24)      25-(37-19)        87-(62-33)

       92-(35+26)      66+(12+9)       17+(19+18)

1.    Тиісті таңбаны қой:

А)  4834=82        6519=46         8325=58

      2666=92         3727=64        5327=26

       5219=33        4327=70       5437=91

       4744=91         3636=72      3546=81

1.    Тиісті  санды тауып қой:

а) 65+=82             66+=71        29+=67

       47+=63              24+=42      34+=82

ә)  -26=37              -19=28         -45=28 

       -57=24             -27=35         -14=29

       -47=23             -33=29         -23=48

1.    Caлыстыр:

А)  36☼18+19           26☼42-14       55☼73-24

    64-29        25+9        23+39           63-9

     52+18      91-18        85-48           54-15

Ә)  47+18☼63      69+19☼78           25+39☼63

      71-26☼45       73-48☼23             92-76☼18

      44+19☼72-26      22+49☼100-33

1.    +34            + 72            + 27              + 51      +  25

                4618534915

 

   -70              -  90          — 80       -  40       -  60

24 42     35 15 26

 

6.Өрнектердің   мәндерің   жаз:

   43+27=            36+24=              24+36

   72+15=            25+32=                  62+28=

7.Салыстыр:

26-5 71-50          97-580+5                   62-4047-5

44+3079-2          89-890+3                   57+3089-1

 

Тік төртбұрыш және шаршы салу.

1. Мынадай тік төртбұрыш сал

1) ені 2см,ұзындығы 4см;

2) Ұзындығы 5см, ал ені одан 4см қысқа болатын;

3) Ені 4см, ал ұзындығы одан 2см артық болатын;

4) Ені 6см, ал ұзындығы екі еселенген еніне тең болатын;

 

2. Мынадай шаршы сал:

 

 

1)Қабырғасы 1см-ге тең болатын;

2)Суреттегі  кесінді ұзындығы 2 см деп алып, қабырғасы сондай екі кесіндінің ұзындығына тең болатын;

2.3 Әріпті өрнектер

1. 18+17;  25-12         а+12; с-15,     17+х,    22-в       5+2 өрнектерін оқы,әріпті өрнектің мағынасын түсіндір.

3. 15 пен а-ның, в мен 5-тің, х пен  17-нің ,18-бен с-нің айырмасын жаз.

4. 20 мен  а- ның, в мен 5-тің, х пен 17-нің, 18 бен с-нің айырмасын жаз.

5.

х

7

18

25

49

26

31

17+х

 

 

 

 

 

 

6.

в

41

55

63

72

80

94

В-26

 

 

 

 

 

 

7.

а

17

38

19

25

46

85

85-а

 

 

 

 

 

 

8.15 пен а -ның қосындысын жаз. а=26  болғандағы оның мәнін тап.

9.  (а+17)-ні 5-ке арттыр.   (18+в)-ны 8-ге кеміт.     

(х-15)-ті  27-ге арттыр.      (21-х)-ті 5-ке кеміт.

2.4.            Теңдеу

 

 

1.Теңдеуді шеш:

1.         а+5=10                  7+х=14          

            18-х=10                  с-5=10

41+а=52                 х+35=56

 

2.         59-х=30                  х-17=29

            37+х=65                  х-27=45

            52-а=19                  29-b=5

 

 

3.   231+a=717                 a+50=680

       X+187=635                a-472=356

 

 

 

4.   x-24=93-27                 760-x=660-280

      X+241=340+86          670-x=180-40

 

 

5.   x+540=760-90              x-340=270+40

a+9=39                             26+a=60

Периметр

17см15смсуреттегіүшбұрыштыңпериметрінтап.

 

 

      18см

2.Периметрі 29смүшбұрыштыңбірқабырғасы 12см, екіншісі 8 см.Үшбұрыштыңүшіншіқабырғасықанша?

4.Үшбұрыштыңекіқабырғасы 24 дмжәне18 дм, алпериметрі 71дм.Оныңүшіншіқабырғасықанша?

5. Үшбұрыштыңбірқабырғасы 19см, екіншіқабырғасы 15см, алпериметрі 51см.Үшбұрыштыңүшіншіқабырғасықанша?

6.Үшбұрыштыңекіқабырғасытең.Олардыңәрқайсысы8см-ден, алпериметрі  21см .Үшбұрыштыңүшіншіқабырғасықанша?

7.Мараттыңағасыұзындығы 4 м, алені 3мтауыққоранысымторменқоршады.Оғанұзындығынешеметрсымторкетті?

8.  Қалауыңша тік төртбұрыш сыз. Қабырғаларының ұзындықтарын өлше. Олардың  қосындысын тап.

9. Қабырғалары 3 см  және 6 см болатын  тік төртбұрыш сыз.

  Тік төртбұрыштың периметрін тап.

10.Қабырғалары 2см ,8 см болатын тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін тап.

Еселепқосужәнееселепазайту.

1. 1-ден 10-ға дейінгісандардыңәрқайсысынөзіне

екіекіденқос.

2.1 ден 10-ға дейінгісадардыңәрқайсысынөзінеүш-үштенқос.

3.Есепте.

11+11            (11+11)+11           33-11-11

12+12             (12+12)+12           36-12-12   

13+13             (13+13)+13           39-13-13

14+14              (14+14)+14          42-14-14

15+15              (15+15)+15          45-15-15

4.Әрсандыбірдейқосылғыштардыңқосындысытүріндежаз.

4=+       6=+          12=+           20=+

8=+          10=+       18=+        14=+

1.    Есептердішығар: 

1. Қазақстанның «Қызылкітабына» тіркелген сұңқылдақ аққу   5 жұмыртқа басты.Осындай 3 аққу неше жұмыртқа басады?

2.  Боталы түйе  күніне  12 рет сауылады.Түйені 2 күнде неше рет сауады.

3. Бөдене 15 жұмыртқа салды. Осындай 3 бөдене неше жұмыртқа салады?

4.  Бір көйлек тоқуға 7 келеп жіп кетті. 21 келеп жіптен неше көйлек тоқылады?

5.Әр суырдан 2 кг  май алынады.  4 суырдан қанша май алынады?

 

ІІІ.Дидактикалық ойындар.

«Алма теру» ойыны

Дидактикалық мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайту.     Ондықтан  аттап   қосу  және азайтуды  үйрену. Балалар ойнай отырып  ауызша  немесе жазбаша есептеп   жаттығады.   

Керекті  құралдар: Алма бағының суреті, магнит  тақтасы  жеке-жеке (1-ден-20ға  дейінгі) бірнеше алма мен алма  салатын  себеттер.

  Мазмұны:Магнитті тақтаға үлкен алма ағашының  суреті орналастырылады.Ағашта ілінген алмаларды алманың  суреті бар карточкаларды үзіп алып, тиісті себеттерге салады.Себеттің сыртына нәтиже  жазылады, ал алмаларға өрнектер жазылған.Балалар өздері қалған себеттерін таңдап алады да, соған тиісті алманы үзіп алып салады. Ойынды 5-6 бала ойнауға да немесе бүкіл класс болып  ойнауға да болады.  Себетті кім бұрын толтырса, мұғалімге өткізеді (себетті өткізетін жеке бала болуы мүмкін  немесе  бірлескен  топ, командалар болуы мүмкін).Мұғалім алма ағашын басқа да заттармен ауыстырып, ойынды күрделілендіріп  жалғастыра  беруіне  болады.

 

«Керуеншілер»   ойыны №1

Дидактикалық  мақсаты:Балаларға бір таңбалы сандарды ондықтан  аттап қосуды меңгерту және ауызша, жазбаша, жылдам  есептеуге дағдыландыру.

Мазмұны:Мұғалім  керуен ойынын  ұйымдастыру жолдарынтүсіндіреді.Тақтаға  алдымен баланы шақырып, оларды тізбек  құрғұзып тұрғызады  (керуен  құратын ботақандар 8 бала).Соңынан тағы да 6 қыз баланы шақырып, тақтадағы керуен тізбегін толықтырады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп 2 қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала қосылады.Барлығы түйенің қимылын   көрсетіп ,

«моф»деген дыбыс шығарып орындарында (қимылдап) тұрады.Ал кластағы қалған балалар мұғалімнің  басшылығымен керуен тізбегін талдайды.

-Керуен тізбегіне(8) тағы неше ботақан тіркелді?  (6).

-Керуендер тізбегін 10-ға толтыру үшін алдымен  қанша ботақан  тіркелді?(2).

-Ең соңынан тағы қанша ботақан қосылды?

 Мұғалім тақтаға жазып көрсетуіне де болады:

-Барлығы керуен  тізбегінде қанша  бала болды? (14). Кері тәртіппен ойнауға да болады. Керуенде барлығы  14 ботақан бар.Алдымен 4 ботақанды, соңынан 2 ботақанды тізбектен босатты, сонда нешеу қалды?  Ойынды келесі сабақтарда      күрделендіріп  жалғыстыра беруге болады.

Керуеншілер»   ойыны №2

Дидактикалық мақсаты: Оқулықтағы пысықтауға арналған бағандардағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланылады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады.

Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2не 3 сақина не оның орына құрт, кәмпит, түйме т.б. қолда барды пайдалануға  болады. (Әр қатарға бір-бір сақинадан болса ойын тез жүреді.).Мазмұны; Сынаптағы балалар 2 немесе 3топқа бөлінеді. Әр топқа бір-бірсақина беріледі.Әрбір қатар мысалдардытоптарға бөліп береді.Мұғалімнің командасы бойынша  қолында  сақинасы бар ойын  бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды  жалғастыра береді.Ойынды  қай топ бұрын аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады .

«Дүкен» ойыны

Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеуге қарапайым түрде күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру. Ақшаны ұсақтап үйрену.

Құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар ,(көкөніс, оқу құралдары т.б.) оның жазылып алынған бағалары, жасалған тиындар мен ақшалар.Таразы, есепшот,әр түрлі бұйымдар.

Мазмұны: Оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке шығады.қалған балалар сатып алушылар болады.Бұйымдардың бәрінің бағасын   жазып ,іліп қояды.Сатып алушылардың  қалаған заттарын көрсетіп, чектерін  алып келсе, соны есептеп затын беріп тұрады.Бағылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады. Рольдерін ауыстырып отырса ойын  қыза  түседі.

«Сиқырлы таяқ»

Дидактикалық  мақсаты: Балаларға санның  ретін  меңгерту.  Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар: Ұзындығы  бір метрдей  таяқ.

Мазмұны:Бұл ойынға сынып түгел қатысады. Балалар қол ұстасып, дөңгеленіп тұрады.  Ойын жүргізуші  қолына таяқ ұстап, дөңгелектің ортасына шығады да ойынның  тәртібін  түсіндіреді.  Ойын жүргізуші таяқты тігінен жерге қадап  ұстап тұрып  кез келген қатардағы санды айтады да, таяқты қоя береді. Мысалы: 4,10, ...әйтеуір жаңағы дауысты қатарда тұрған ойыншы ести салысымен  жүгіріп барып, таяқты құлатпай ұстауы керек.  Егер дауысты естімей, аңғармай таяқты құлатып алса, ортаға шығып өнер көрсетеді.  Егер  таяққа дер кезінде жетіп, жерге құлатпай ұстап алса, онда ойын жүргізушімен орын ауысады.

Қызықты әзіл-есептер

1.    Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

2.    Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?

3.    4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?

4.    Бір килограмм  темір мен  бір килограм мақтаның  қайсысы ауыр?

5.    Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

6.    Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

7.    Батыржанның  төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Батыржанның неше баласы бар?

8.    8-наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?

9.    Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?

10.  Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреу екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы  неше қаз бар?

Логикалық  жаттығулар

1.Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

2. Қай сан жасырынып тұр?

 

0

-

 

=

1

 

 

 

 

-

 

 

=

1

 

3.Екі санды салыстыр.

 

13

 

155555

 

 

 

1.    Екі санның ұқсас белгілерін ата.

2.    Екі санның  бір-бірінен айырмашылығын ата.

4.Таба білесің бе?

Мұнда 10 үшбұрыш, 3 төртбұрыш бар. Оларды көрсет.

 

 

 

5.Суреттегі  төрт баланың аттары: Мәлік ,Қанат, Қайрат,Қуат. Егер Қанаттың ең биік еместігі, бірақ ол Мәлік пен Қуаттан биік, ал Мәлік Қуаттан биік еместігі белгілі  болса ,әр баланың  аты кім?

3

 

1

 

2

 

4

 

 

 

 

 

ар  мен   үшбұрыштар

Суреттегі шаршылардың

3.3Қызықты шаршыл

 және үшбұрештардың бос торкөзіне сандарды таңдап  қою  керек.Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандый  да бір алдын ала берілген сан болуы керек.

1.15саны

 

1

6

 

5

 

4

 

 

 

   4                     

9

 

 

5

 

 

 

6

 

2. 39 саны.

 

1

6

 

13

 

10

 

 

 

10

25

 

 

13

 

 

 

 

 

21

 

 

3.

 

1515

 

 

 

21211


1

 

 

 

 

 

Шешулер мен жауаптар

Ребустар

1.    1.     Екі

2.    2.     Сегіз

3.    3.     Он

4.    4.     Бірлік

5.    5.     Төрт

6.    6.     Бес

7.    7.     Сегіз

8.    8.     Жеті

9.    9.     Қырық

10.  10.                                                                                 Жүз

11.  11.                                                                                 Сағат

12.  12.                                                                                 Сағат

13.  13.                                                                                 Разряд

14.  14.                                                                                 Сағат

15.  15.                                                                                 Азайту

16.  16.                                                                                 Аласа

17.  17.                                                                                 Қашықтық

18.  18.                                                                                 Көбейту

19.  19.                                                                                 Кем

20.  20.                                                                                 Тоғыз

21.  21.                                                                                 Тоғыз

22.  22.                                                                                 Ұзын

23.  23.                                                                                 Нөл

24.  24.                                                                                 Үштік

25.  25.                                                                                 Сантиметр

26.  26.                                                                                 Үшбұрыш

27.  27.                                                                                 Апта

28.  28.                                                                                 Азайтқыш

29.  29.                                                                                 Жыл

30.  30.                                                                                 Жүз

31.  31.                                                                                 Ондық

32.  32.                                                                                 Еселеп азайту

33.  33.                                                                                 Кеміту

34.  34.                                                                                 Қысқа

35.  35.                                                                                 Санды өрнек

Сөзжұмбақтар

1.    1.     Көлденеңінен:1) Азайғыш. Тігінен: 1)Азайту. 2)Тоғыз. 3)бұрыш.

2.    2.     Көлденеңінен: 1) Қосынды. 2)Елу.Тігінен: 1)Бес. 2) нөл. 3)Теңдеу.

3.    3.     Көлденеңінен:1) Шаршы.Тігінен:1)Азайту. 2)Төрт. 3)Алты.

4.    4.     Көлденеңінен:1) Қадам. 2) Сантиметр. Тігінен:1) Құлаш. 2) Кесінді. 3) Түзу.

5.    5.     Көлденеңінен:1)Теңдеу. 2) Сексен..Жетпіс. 2) Тең.

6.    6.     Көлденеңінен:1)Қосу. 2) Өрнек. 3)Артық.Тігінен:1)Қырық.

7.    7.     Көлденеңінен:1)Сынық. Тігінен:1)Отыз. 2)Қисық.

8.    8.     Көлденеңінен:1)Балта. 2) Периметр.3)Ирек.

          Тігінен:1)Сантиметр.

1.    9.     Көлденеңінен:1) Дециметр. Тігінен:1)Бес. 2)Цифр. 3)Кем. 4) Метр.

2.    10.                                                                     Көлденеңінен:1) Азайту. 2) Жиырма. Тігінен:1) Азайғыш. 2) Айырма. 3)Қосу.

 

Қызықты әзіл-есептер

1.    2 сағат

2.    25 шақырым

3.    4 минут.

4.    Бірдей

5.    Бір бала  асығын дорбамен алды.

6.    Жоқ. Өйткені түнде күн шығып тұрмайды.

7.    5-бала-4 ұл, 1 қыз.

8.    Әжей, шешей, қыз әрқайсысы 1 орамалдан алды.

9.    Алдвңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні.

10.  Үшеу.

Логикалық жаттығулар

1.    Ең  үлкені Аяң, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.

2.    1)10-9=1   2. 100-99=1

3.     Екеуі де екі таңбалы, ондықтары бірдей.

ЕКі санның бірліктері әр түрлі, 13,15.

4.

10

 

6

 

5

 

1

4

 

 

5 .  4-Қанат, 3-Мәлік, 1-Қуат, 2-Қайрат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Алғы сөз --------------------

Дидактикалық тапсырмалар -------------

Қайталау

11-ден 100-ге дейінгі сандар-------------

Екі таңбалы сандар-----------------------

Екі таңбалы сандардың  разрядтары---------------

Екі таңбалы санға  бір таңбалы санды қосу, екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту.------------------------------

Екі таңбалы санға толық ондықты қосу. Екі таңбалы саннан толық ондықты азайту.------------------------------

Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту.---------

Тік  бұрыш салу.----------------------

100 көлемінде ондықтан аттап қосу және азайту----------

Уақыт өлшеуштері---------------

Екі  таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша оннан аттап қосу және азайту.------------------

Тік төртбұрыш пен шаршы салу.-----------------

Әріпті өрнектер------------

Теңдеу------------------

Периметр-------------------

Еселеп қосу және еселеп  азайту--------------

2 Дидактикалық ойындар------------

Қызықты әзіл-есептер------------

Логикалық жаттығулар---------------

Қызықты шаршылар  мен үшбұрыштар-----------

Ребустар----------

Сөзжұмбақтар-----------

Шешулер мен жауаптар------

 

ақтың ең жоғарғы басқышындағы мысалға бірінші жетсе, сол жеңеді«Моншақ»ойыны
Ойынның мақсаты:

Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.

Ойынның шарты:

Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.

Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.

Қалалар” ойыны.

Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.


Тапсырма үлгілері:

қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент

 

Сұрақ – жауап” ойыны.


Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.


Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?
Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты:
 Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.


Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу

“Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты:
 Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.


Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

“Асхана” ойыны.

Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.


Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.


Орныңды тап “ойыны.


Ойынның мақсаты:
 Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.


Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

 “Жоғалған әріптер” ойыны.


Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.


Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран

к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

“Қожанасыр қоржыны”ойыны.


Ойынның мақсаты:
 Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.


Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері: 1. сөздерді қазақшаға аудар:
Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.

2. Сөзді септе: жолбарыс

3. Сандарды сөзбен жаз:

25 + 7 = 32
150/30 = 50
10 + 3= 13
43 – 20 =23
90 – 40 =50
80 + 25 =105

4. Жұмбақтың шешуін тап: “ Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
( мысық )

5. Сөйлемдерді қазақша жаз:
Это школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам знания.



“Аукцион” ойыны.


Ойынның мақсаты:
 сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.


“ Жалғасын тап” ойыны.


Ойынның мақсаты:
 сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.


Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

“ Сиқырлы қоржын” ойыны.


Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел? 
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?





Фонетика саласы бойынша

«Кім жылдам?» 
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық




«Дыбыс таңдау ойыны»

Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша


«Жалғасын тап» ойыны.

Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...




«Кім білгір»ойыны.

Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?


«Жылдам жауап»ойыны.

Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

Морфология саласы бойынша.


«Ойлан тап»ойыны.

1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған




«Ойна да ойлан» ойыны
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.


«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.


Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.


«Ұйқасын тап ойыны»

Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/

«Сөз қуаласпақ ойыны»


Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.



«Домино» ойыны

Қағаз екіге бөлініп, біреуіне сұрақ, екіншісіне басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап тауып, құрастыруы керек. Егер тапсырма дұрыс орындалса, қағаздың екінші жағында белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығады. 


 

.

 

І. Дидактикалық ойындар 

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар 

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. 
Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. 
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. 
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.: 
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/; 
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер. 
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. 

«Дәл осындай пішінді тап» 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады. 

«Үйдің есігін жабайық» 

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері. 
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну. 

«Вагондарға дөңгелек таңдау» 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады. 

«Үй құрылысының ретін көрсет» 

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. 
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну. 

«Бет орамалға лайық жамауларды табу» 

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер. 
Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну. 

« Жұбын тап» 

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері. 
Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру. 

«Әдемі кілемшелер» 

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер. 
Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды. 

«Таныс пішіндер доминосы» 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді. 

«Гараждар» 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар. 
Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады. 

«Өз үйіңді тап» 

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады. 

«Зейінді бол» 

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. 
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? 
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. 

«Мынау қай пішін?» 

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу. 
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі. 
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды. 

«Кім зейінді?» 

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру. 
Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер. 
Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады. 

«Қандай пішін шықты?» 
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу. 
Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары 
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. 
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты? 

«Біркелкі пішіндерді сана» 
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана) 
Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау. 

«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» 
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. 
Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер. 
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр. 

«Қандай пішін жетіспейді?» 

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу) 
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады. 

«Пішіндерді боя» 

Мақсаты: 1.Түстерді тани білуге үйрету. 
2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер 
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды. 

Өлшемдер туралы дидактикалық ойындар 

«Сиқырлы суреттер» 

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. 
Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері. 
Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну. 

«Сиқырлы қапшық» 

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады. 

«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» 

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. 

«Зейінді бол» 

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді. 

«Ұзын-қысқа» 

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар. 
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру. 

«Шамдар» 

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар 
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.

«Қолымда не бар? 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар. 
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. 

«Қуыршақ қонаққа дайындалуда» 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар. 
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу. 

«Тапсырманы орында» 

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

«Қай қолымда көп» 

Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер 
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады. 

«Сипаттамасы бойынша тап» 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы. 
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады. 

«Көп және біреу» 

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды. 

«Түрлі-түсті жолақтар» 

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар. 
Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу. 

«Ұзын және қысқа» 

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар. 
Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру. 

Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар 

«Кеңістік» 

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. 
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. 

«Жоғарыда-төменде» 

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. 
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. 

«Оң және сол» 

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

«Суреттерді орналастыр» 

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады. 

«Танып ал да, атын ата» 

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. 

«Тәулік бөліктері » 
Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер 
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 

«Сипаттамасы бойынша тап» 

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. 

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» 

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?» 

«Доппен ойнау» 

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: доп. 
Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. 
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. 

«Ойыншықты тап» 

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Топтағы ойыншық. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. 

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа» 

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. 
Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. 
Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек. 

Сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар 

«Карточкаға қандай сан жазылған?» 
Көрнекілік: Суретті карточкалар. 
Барысы: 
1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді. 
2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. 
Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады. 

«Автобус» 
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Сандық карточкалар. 
Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 
5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді. 

«Сан құрастыр» 

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Суретті карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. 

«Ою құрастыру» 

Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері. 
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру. 
Барысы: 
1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады. 
2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады. 
Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады. 

«Поезд құрастыр» 

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату. 
Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с. 
Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс. 

«Заттарды сана» 

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту. 
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар. 
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау. 

«Дыбыс арқылы санды тап» 

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау. 
Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар. 
Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді. 

«Тез ойла» 

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу. 
Көрнекілік: Топтағы заттармен. 
Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 

«Қанша? Қандай?» 

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту. 
2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру. 
Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша) 
Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады. 
«Әрі қарай кері сана» 

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау. 
Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады. 

«Жазылмай қалған сандарды ата» 

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру. 
Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар. 
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9. 
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды. 

«Қуыршақтардың сыйлықтары» 

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру. 
2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. 
Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар. 
Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу. 

«Жәндікте неше аяқ бар?» 

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. 
Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер 
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады. 

«Нешінші?» 

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. 
Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар. 
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру. 

«Қай қолымда көп?» 


Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету. 
Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар. 
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек. 

«Қол соғу» 

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру. 
Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/ . 
Барысы: 
1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 
2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. 
Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады. 

«Өзара айырмашылығын тап» 

Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 
2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру. 
Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы. 
Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 

«Қанша болса, сонша» 

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру. 
Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу) 
Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау. 

«Керісінше айт» 

Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. 
Көрнекілік: доп 
Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді. 

«Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?» 

Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана) 
Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды. 

«Апта күндері» 

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка. 
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. 

«Қиындыларды дұрыс бөл» 

Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру. 
Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы. 
Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады. 
1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады. 
2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою. 
3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою. 
4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою. 
Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады. 

«Қандай сандар жетіспейді?» 

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету. 
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар. 
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек. 

«Көрші–көрші» 

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету. 
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10. 
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады. 

ІІ. Санамақтар 

Бес саусақ 

Бас бармақ бауға барды, 
Бір дегенім бүркіт, 
Қалады аңдар үркіп. 
Екі дегенім есік, 
Білмейді ол есеп. 
Үш дегенім үкі, 
Ұстап жеді түлкі. 
Төрт дегенім тиін. 
Бес дегенім бұлбұл, 
Сайрағанда дүл–дүл. 
Алты дегенім арғымақ, 
Бір дегенім таяқ қой, 
Дөңдеу жерден қарғымақ. 
Жеті дегенім жайын 
Жайынның жейміз майын. 
Сегіз дегенім серке. 
Енесіне ерке. 
Тоғыз дегенім–түлкі, 
Жүрген жері күлкі. 
Он дегенім оймақ, 
Осымен сөзді қоймақ.. 
(Т.Қанаев) 

Санамақ 

Екі көз бен қос құлақ 
Бір бас пенен бір мұрын 
Нешеу болды қос шырақ, 
Санап шығар кім бұрын?! 
Екі аяқ пен екі қол, 
Бір ауыз бен бір тілің... 
Нешеу болды қане, бол, 
Санап шығар кім бұрын?! 
Сұқ саусағым суға барды 
Ортаң қолым орақ орды. 
Аты жоғым ағаш жарды, 
Жұмсамапты алақаным, 
Тек шынашақ–балапанын. 

(М. Қуанышбеков) 

Топ, топ, добым 

Топ, топ, добым домалақ, 
Топ, топ, добым домалақ, 
Қайда кеттің домалап 
Қайда кеттің домалап 
Бір, екі деп екі ұрдым, 
Шатырға сен секірдің. 
Үш, төрт, бес деп үлгердім, 
Ішіне ендің гүлдердің. 
Алты, жеті дегенде. 
Жаттың шаршап еденде. 
Сегіз, тоғыз дегенде, 
Сайға сырғып жөнелдің. 
Топ, топ, добым домалақ, 
Қайда кеттің домалап. 

Бір апта 

Дүйсенбіде доп ойнадық қорада, 
Сейсенбіде серуен құрдық далада. 
Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп, 
Бейсенбіде би биледік әндетіп. 
Жұма күні жидек тердік қыратта, 
Сенбі күні кино көрдік клубта. 
Жексенбіде үйде болып дем алдық, 
Осылайша өте шықты бір апта. 

Санамақ 

Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ. 
Қосып едім екеуін, 
Болып шықты он саусақ. 
Оң аяқта бес бақай, 
Сол аяқта бес бақай. 
Қосып едім екеуін 
Болып шықты он бақай 

Беске дейін санау 

Бірді бірге таяп қой. 
Екеу болар қос таяқ , 
Цифры оның тап мына 
Ұқсайды бір аққуға, 
Екі мен бір – болар үш, 
Цифры оның – ұшқан құс. 
Үш пен бірің төрт екен. 
Төртеу санның көркі екен. 
Төрт аяқпен жануар, 
Стол, төсек... тағы бар.. 
Төрт аяқпен нық тұрар 
Төрт бірлікті ұқтырар 
Бес дегеннің цифры Қарап тұрсаң оп–оңай. 
Үштің басын қайырып, 
Қоя салған жай бұрап. 

(Ә. Табылдиев) 

ІІІ. Жаңылтпаштар 

Бір ақ шымшық, 
Екі ақ шымшық. 
Үш ақ шымшық, 
Төрт ақ шымшық. 

Пеш үстінде бес мысық, 
Пеш ішінде бес мысық 
Бес күзетші.. бес пысық. 

Үш кіші ішік піштім, 
Бес кіші ішік піштім 
Неше кіші ішік піштім. 

Ұшып кетті үш құс, 
Ұшып келді ұшқыш. 

Есет атам ет асатар, 
Ет асатса, бес асатар. 

Аппақ, аппақ, бәрі аппақ, 
Ақ қар аппақ, бәрі аппақ. 
Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ 
Ақ сүт, айран, қант та аппақ. 

Бес түп алма, 
Бестік алғандыкі. 
Төрт түп алма , 
Төрттік алғандыкі. 

ІV. Жұмбақтар 

Жаңылмастан жетеуі, 
Кезек қызмет етеді. 
(Аптаның 7 күні) 

«Бәрі нешеу» 
Асан ,Айша екеуі, 
Қос қуыршақ, 
Бір құлыншақ, 
Екі ойыншық 
Құстай ұшып, 
Үйден шықты. 
(Жетеу) 

Дүкеннен көп сабын алдым, 
Оның және қабын алдым. 
Екі дептер бір қарындаш, 
Тіс ысқышты тағы алдым. 
Есептеші сонда бәрі 
Қанша болды қолда бәрі? 
(Алтау) 

Туысқан бес кісі, 
Бірінен-бірі кіші 
Бәрінің аты бір 
Ең кішісі шеткісі 
(бес саусақ) 

Бес балада бір бешпет, 
Бір киініп, бір шешпек. 
Оң жағымда бес сарбаз, 
Сол жағымда бес сарбаз. 
(он саусақ) 

Табақта бес алма, 
Қолымда екі алма. 
Қосқанда барлығы 
Болады неше алма? 
Бір алма апама, 
Бір алма атама. 
Екі алма беремін 
Мамам мен папама. 
Нешеуі қалады табақта? 
(үшеу) 

Бір үйде біз нешеуміз 
Кел санайық екеуміз: 
Бас бармағым–папам, 
Балаң үйрек- апам, 
Ортан терек- ағам, 
Шылдыр шүмек, 
Титтей бөбек сен 
Бір үйде біз нешеуміз? 

V. Бой сергіту сәтінде пайдаланатын математикалық тақпақтар 

1.Оңға, оңға түзу тұр, 
Солға, солға түзу тұр. 
Алға қарай бір адым 
Жоғары, төмен қарайық, 
Орнымызды табайық. 

2.Сағаттың тіліндей, 
Иіліп оңға бір. 
Сағаттың тіліндей 
Иіліп солға бір 
Сағатқа қарап ап 
Жаттығу оңай-ақ. 

3.Қақпаға туралап, 
Теп допты, оң аяқ 
Қақпаға туралап, 
Теп допты сол аяқ, 
Оң аяқ, сол аяқ 
Жаттығу оңай-ақ. 

4.Доп безек қағады, 
Секіріп еденде 
Біресе жоғары 
Біресе төменге 
Жаттығу оңай-ақ. 

5.Қарлығашқа ұқсайық 
Қане қанат жасайық 
Қарлығаш боп ұшайық, 
Ұшып-ұшып алайық.. 

6. 1, 2, 3 
Дем аламыз жинап күш. 
«5»- тік баға аламыз 
Қуанып үйге барамыз. 

7. Ал балалар тұрмайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бр тұрып 
Біз тынығып алайық. 

8. Тік ұста бойыңды 
Жоғары соз қолыңды. 
Соз қолыңды тағы да, 
Жеткіз жираф мойнына. 

9. Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ. 
Алақанды ашамыз 
Бесті беске қосамыз. 
Кел санайық ал мұны, 
Нешеу болды барлығы? 
Оң қолымда бес саусақ, 
Сол қолымда бес саусақ. 
Жасырып ем бесеуін, 
Қалды мұнда нешеуі? 
Бесеу екен қалдығы, 
Нешеу еді барлығы? 

10.Сол аяқ, оң аяқ, 
Кезек оны тебеді. 
Ол тынымсыз домалап, 
Зыр жүгіре береді. 

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалық ойындардың 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгісі 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Осындай пішінді тап» 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Назар аударуын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту. 
Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, ұшбұрыш, дөңгелек, шаршы, суреттер, ойыншықтар, геометриялық пішіндердің суреті бар жолдар. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: 
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде «Ойнайық та ойлайық» вариатиптік сабағынан «Осындай пішінді тап» тақырыбында іс-әрекет өткіземіз. Біздің бұл іс-әрекетімізге көп қонақтар келіп отыр екен, қане қонақтармен амандасып алайық. 
Балалар: Сәлеметсіздер ме? 
Қонақтар: Сәлеметсіңдер ме! 
Тәрбиеші: іс-әрекетті бастамас бұрын геометриялық пішіндерді есімізге түсіріп алайық деп, тәрбиеші төбеде ілініп тұрған пішіндерді көрсетіп сұрайды. Мынау қандай пішін? 
Балалар: Мынау үшбұрыш. 
Тәрбиеші: Ал, мынау қандай пішін? 
Балалар: Бұл дөңгелек. 
Тәрбиеші: Мынау ше? 
Балалар: Мынау шаршы. 

Осы кезде Дымбілмес келеді. Қолында геометриялық пішіндерден құралған мысықтың суреті бар. 
Тәрбиеші: Бұл кім болды екен бізге қонаққа келген, балалар сендер білесіңдер ме? 
Балалар: Ол–Дымбілмес қой. 
Дымбілмес: Мен күн елінен келдім. Ойнап жүріп, мына суретті тауып алдым. Балалар сендер білесіңдер ме? Білсеңдер маған көмектесіңдерші. Мынау ненің суреті екенін айтындаршы? 
Балалар: Бұл геометриялық пішіндерден құрастырылған мысықтың бейнесі. 
Тәрбиеші: Мысықтың басы қандай геометриялық пішіннен жасалған? 
Балалар: Дөңгелек. 
Тәрбиеші: Тағы қандай мүшелері дөңгелектен жасалған? 
Балалар: Көзі, аяғының басы, құйрығы–шаршыдан жасалған. 
Тәрбиеші: Ал құлағы ше? 
Балалар: Құлағы-үшбұрыштан жасалған. 
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал Дымбілмес ұқтын ба? 
Дымбілмес: Иә, үшбұрыштан, шаршыдан, дөңгелектерден жасалған мысықтың суреті 
Тәрбиеші: Балалар мысық қайда тұрады? 
Балалар: Үйде тұрады. 
Тәрбиеші: Ендеше мына геометриялық пішіндерден үй құрастырайық. Дымбілмес сен де балалармен бірге болып білмегеніңді үйреніп ал. 
Дымбілмес: Жарайды, осындай білгір балалармен болғаныма мен өте қуаныштымын. 
Балалар: Құрастырады. 
Тәрбиеші: Қандай геометриялық пішіндерден құрастырдыңдар? 
Балалар: Үшбұрыш және шаршыдан құрастырдық. 
Тәрбиеші: Балалар, кәне барлығымыз бірігіп «Өз үйіңді тап» деген ойынды ойнайықшы.
Ойын «Өз үйінді тап» Үш жерде үш түрлі геометриялық пішіндер қойылады. Балалардың қолында әр түрлі пішіндер таратылып беріледі, әуен қосылады. Балалар әуен ырғағымен билейді, әуен тоқтаған кезде балалар қолдарындағы пішінге сәйкес пішінін тауып, қасына тұруы қажет. Осылай ойынды бірнеше рет қайталаймыз. 
Тәрбиеші: Өте жақсы енді мына пішіндерге қарайықшы, сендер маған айтыңдаршы, мен көрсеткен пішіндердің қандай түсті екенін. 
Балалар: Шаршы түсі сары, дөңгелек түсі көк, үлкен шаршы түсі қызыл, үшбұрыш түсі сары, үлкен дөңгелек түсі жасыл,т.с.с. 
Тәрбиеші: Жақсы. Енді маған мына ойыншықтардың ішінен дөңгелекке ұқсас ойыншықты атаңдаршы. 
Балалар: Дөңгелекке ұқсас–доп, алма, сағат, тарелка. 
Шаршыға ұқсас–кітап, сандық, машинаның кузовы. Үшбұрышқа ұқсас–пирамида, шырша. 
Тәрбиеші: Сендер балалар өте жақсы біледі екенсіңдер. Сендер геометриялық пішіндерден не құрастырдыңдар? 
Балалар: Үй құрастырдық. 

Тәрбиеші: Сол құрастырған үйлеріңнің есігінде құлып бар екен, соны ашайық. Ол үшін құлыптағы пішіндерге ұқсас пішінді тауып үстіне қоюымыз керек, сонда ғана ашылады. Әр баладан сұрау: қолдарында қандай кілттің барын. Енді сол кілттеріңді қолдарыңа алып, мына жердегі жолдармен жүрейік. Жолдар да сыйқырлы. Бір жолдың үстінде дөңгелек пішін, екіншісінде шаршы, үшіншісінде үшбұрыш бейнеленген. Кімнің қолында қандай пішін болса, сол жолмен жүреді. Іс-әрекет соңында балаларды мақтап, мадақтап балаларға геометриялық пішіндерден бейнеленген медальдар тарату. 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойлау әлеміне саяхат» 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру оңға, солға, 1 таңбалы, 2 таңбалы сандарды ажыратуға, көршілес сандарды табуға жаттықтыру, жыл мезгілдерін, апта күндерін, ретімен атауға, тақпақтар айтуға үйрету. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Жұмбақтар қисынды есептерді бере отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. 
Көрнекіліктер: Геометриялық фигуралар, сан тізбектері, ертегілер кейіпкерлері бейнеленген суреттер, карточкалар. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелесу. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: 
Бөлмеге Мадияр кіреді. 
- Бұл қай жер? Мен оларға жедел хат жіберген едім. Енді не істедім, барып іздеп келейін. 
Балалар кіреді. 
Тәрбиеші: Сендер, Мадиярды көрдіңдер ме, ол биыл мектепке барғысы келіп, сендерден көмек сұрап, жедел хат жіберген еді. Енді өзі жоқ. 
Осы кезде Мадияр кіреді. 
- Қайда жүрсіңдер? Уақыт таяп қалды «ойлау әлемі» аралына біз енді баруға үлгермейміз. Сағат неше болды? 
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Мадияр? Неге барлығымен амандаспайсың? Сен асықпа, саған көмектеседі. «Ойлау әлемі» аралына неге барғың келеді? 
Мадияр: Ол аралда сиқырлы кітап бар. Ол кітапсыз мектепке алмайды. 
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе? 
Мадияр: Әрине көмектесеміз? 
Тәрбиеші: Ол аралға бару үшін көптеген тапсырмалар орындау керек. Сен абыржыма балалар көмектеседі. 
1 тапсырма: 
А) суреттерді сана, жанына сандарды қой. 
Б) бір таңбалы сандарда ата. 
В) геометриялық пішіндерден үй, машина құрастыр. 

2 тапсырма: 
Неге үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы дейміз? 
Тәрбиеші: балалар, мына суреттерге қарап, қай ертегіден екенін айтып беріңдерші және кейіпкерлердің қанша екенін санаңдар. 
Балалар: 7 кейіпкер. 
Тәрбиеші: 7 санының қасиеті туралы кім біледі? 
7 ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат. 
7 қазына: ержігіт, сұлу қыз, ақыл, білім, арғымақ, ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық. 
7 жұт: құрғақшылық, жұт, оба, соғыс, жер сілкіну, сел жүру. 
Тәрбиеші: Өте жақсы. 
Сергіту сәті: Допты лақтырып сұрақ қою. 
Сұрақ: бір жылда неше жыл мезгілі бар? 
Балалар: бір жылда 4 жыл мезгілі бар. 
Сұрақ: жыл мезгілдерін атап беріңдер. 
Балалар: жаз, күз, қыс, көктем. 
Сұрақ: қазір жылдың қай мезгілі? 
Балалар: көктем. 
Сұрақ: көктем айларын айтып жіберіңдерші? 
Балалар: наурыз, сәуір, мамыр. 
Сұрақ: наурызда, мамырда қандай мерекелер болады? 
Балалар: 8 наурыз аналар күні, 1 мамыр достық күні, 9 мамыр жеңіс күні. 
3 тапсырма: 
Тәрбиеші: бір аптада неше күн бар? 
Балалар: бір аптада 7 күн бар. 
Тәрбиеші: енді осы 7 күнді атап беріңдер? 
Балалар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 
Тәрбиеші: Өте тамаша. Бүгін қай күн? 
Балалар: дүйсенбі, 1 ші күн. 
4 тапсырма: Ойлау есептерін шешейік: 
Аулада бес үйрек, Екі түйе, екі жылқы, 
Қорада үш үйрек. Екі сиыр, екі ешкі 
Бір үйрек тығылды, Бір қоян, бір түлкі 
Бір үйрек жығылды Табалмасаң күлкі (10) 
Қалғаны нешеу? (6) 

Қолымда үш алма Жанып тұрған төрт шамның 
Табақта екі алма Екеуі сөніп қалды, нешеуі қалды?(2) 
Қосқанда болады 
Неше алма? (5) 

5 тапсырма: батпаққа батпай мына іздерді басып шығуымыз керек, егер сандарды ретімен дұрыс бассаңдар, яғни балалар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын ретімен басады.
Тәрбиеші: міне, балалар сендер «Ойлау әлемінеде» жеттіңдер. 
Мадияр: балалар көмектескендеріңе көп рахмет. 
Тәрбиеші: балалар бұл араға біз кітап іздеп келдік. Қане, іздейік. Ол үшін мына тастың оң жағына қарай үш қадам, солға екі қадам жасау керек. Тастың астын қара кітап жатыр. Кітапта жазулар бар екен. 
Тәрбиеші: әріптер қандай түспен жазылған? 
Балалар: қызыл, қара. 
Тәрбиеші: неге? 
Балалар: себебі, әріптер дауысты және дауыссыз деп екіге бөлінеді. Тәрбиеші: ендеше мына гүлді қараңдар. Қанекей алып оқиық. 
Балалар оқиды: АР-А, А-УА, А-НА, А-ТА, А-ЛА, БАЛ-А. 
6 тапсырма: мына сөздердің қарама қарсы мағынасын тап: 
Ақ қара; үлкен кіші; ұзын қысқа; жылы суық; жақсы жаман; таза лас; қалың жұқа; жуан жіңішке. 
Тәрбиеші: мына сөздерді кім оқиды? 
Балалар: ө-те жақ-сы 
Сау бо-лың-дар. 
Тәрбиеші: ендеше сандарды кері ретімен басып қайтайық. Сау болыңыздар қонақтар, деп іс-әрекетімізді аяқтаймыз. 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау» 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында, үстінде, арасында) таныстыру; балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары-төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту. 
Көрнекіліктер: тақтаға ілінетін құралдар өзен, қоян, биік қарағай мен аласа шырша, тиін, кірпі, екі шымшық. 
Үлестірмелі материалдар: 
1. Жұмыс дәптерлері; 
2. Түрлі-түсті қарындаш. 
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: 
Дәптермен жұмыс. 
- Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша-ең ұзыны, Әлия- оң жақта тұр, Әнел-сол жақта тұр. 
- Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім? 
- Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап табыңдар да, олардың үйіне қарындашпен жол салыңдар. 
- Биік үй қай жақта? (сол жақта) 
- Одан аласа үй қай жерде? (олардың ортасында) 
Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша да, одан биігі - ұшы әрең көрінетін қарағай. 
Суреті тақтаға ілінеді. 
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше? 
- Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар. 
Жұмбақтар: 
Үсті толы ине, 
Бірақ та іс тігіп, 
Қадамайды түйме. 
(кірпі) 

Бұтақтарға секіріп, 
Әр жерден қылт етеді. 
Кейде жаңғақ кеміріп, 
Жоғары өрлеп кетеді 
(тиін) 

Қорыққанда жел аяқ 
Отырғанда томардай-ақ. 
(қоян) 

Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға оны қояды. 
- Қоян шырша мен қарағайдың арасында отыр. 
- Тиін қарағайда отыр. 
- Кірпі шыршаның үстінде жүр. 
- Қоян қызды көріп, қорқып кетті де шыршаның артына жасырынды. 
- Кірпі қарағайдың түбіне жорғалап кірді. 
- Ақ тиіндер төменге түсті. 
Сергіту сәті: «Алыптар мен ергежейлер» 
Бұл орманда алыптар (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. Содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды. 
Дәптермен жұмыс. 
Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты. Айша себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздарды өзінің себетімен сызық арқылы қос. 
- Әр қыз не жинады? 
Іс-әрекетті тәрбиеші қорытындылайды. 

Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше. Пішіндерді өткен кезде шар, куб, «не домалайды, не домаламайды?» ойыны арқылы осы екі пішіннің ерекшелігі, қасиеті туралы түсіндіру өте тиімді. Білім берудегі дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудағы негізгі шарты: ол ойын таңдаудағы бірізділікті сақтау, келесі дидактикалық принциптер міндетті түрде ескеруі керек; түсініктілік, қайталанылуы, тапсырмаларды біртіндеп орындау. Баламен іс әрекет түрінде өткізілсе, тапсырмалар оңай орындалып, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі кейіпкерлеріне, ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілетін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады. Іс-әрекетке Дымбілместі қатыстыру баланың алған білімін еске түсіріп, сол Дымбілмеске үйрету арқылы қабілетін арттырады. Дымбілмеске қарай отырып өз жұмыстарын бақылай білуге, қате жіберіп алмауға деген қырағылықтарын арттырады. 
Ойын арқылы балаларды геометриялық пішіндердің ортақ белгілері (дөңгелектенген, бұрышты) бойынша біріктіру туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырамыз. Уақытты бағдарлауға үйрету үшін тәулік бөліктері, апта күндері, жыл мезгілдері және айлары туралы санамақтар, жаңылтпаштар, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамыз. Бұл арқылы баланың ойлау, есте сақтау қабілеттері мен тілін дамытуды көздейміз. 
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімі бойынша «Таным» білім саласындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін зейіндерін, есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға арналған әлеуметтік ойындарды қолдану қажет. Ойын ойнату кезінде мына кеңестерді естеріңізде ұстаңыздар: 
1. Ойын балаға да, үлкендерге де қуаныш әкелуі қажет. 
2. Баланы ойынмен қызықтырыңыз, бірақ оны ойнауға мұқтаждамаңыз, ойын тапсырмаларымен ашуға дейін қысым көрсетпеңіз. Ойын кезінде баланы ренжітіп алмаңыз. 
3. Баланың қызығулары «толқынмен» өтеді. Сондықтан, балада ойынға қызығушылығы басылғанда, ол ойын туралы екі айға, тіпті көпке дейін «ұмытыңыз», сосын оны бала «кездейсоқ» есіне түсірсін. 
4. Ойын кезінде күштеу жағдайын болдырмау керек. Баланың белсенді қимылдарын тоқтатпаңыз. 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2018 374
    • DOCX 127.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Архабаева Гулхан Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Архабаева Гулхан Жумабековна
    Архабаева Гулхан Жумабековна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7433
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 493 человека

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе