Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: "Біздің Отанымыз - Қазақстан!"

Тақырыбы: "Біздің Отанымыз - Қазақстан!" (4-сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: Біздің Отанымыз Қазақстан!

Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген  
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету 
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,  
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, Н.
Назарбаев суреті, рәміздер, нақыл сөздер. 
 
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы 
Бүгін саған әлем түгел қарайды 
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның 
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы  
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы  


Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.  
1 –
оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім 
Жатыр алып жарты дүние әлемін 
Бұл даланы анам жаспен суарған 
Бұл далада атам қолға ту алған 
Бұл далада жылап келіп уанғам 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман 
2 – оқушы:
Мәнге толы қазағымның ғұмыры 
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры 
Кеше ғана керексіз ғып тастаған 
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы 
3 – оқушы:
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала 
Шуақ болып шашылмай жылына ма 
Сүй, Отанды 
Шынымен сүйіп өт те 
Гүл боп қадал, ойына, қырына да 
4 – оқушы:
Ел болдың ерік алдың астаналы 
Енді кімнен қазағым, жасқанады 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі 
Нұрсұлтанның атымен басталады. 

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы. 
Қыран құсым көк аспанда самғасын 
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр 
Жас ұландар, берік ұста туыңды 
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.  
Еліміздің рәміздерін атайық.  
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) 
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.  
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.  
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков  
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.  
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев. 
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.  

 

Сөзжұмбақ:

Қазақстанның ауа райы (Құрғақ)

Елордамыз қай қала (Астана)

Қазақстанның елбасысы (Назарбаев)

Қазақстан қай құрылықта орналасқан (Еуразия)

Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді (Қазақ)

Қазақстанның рухани астанасы (Түркістан)

Қазақстанның ұлттық валютасы (теңге)

Қазақстанның көршілерінің бірі (Қытай)

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің бірі (Әнұран)


Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер.
Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.  
Ақын – жазушыларымыз  
Қандай сұлу, қандай көркем,  
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.  

Ән. Отаным Қазақстан! 
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген  
Жөргегімде таныстым мұң тілімен 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген 
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген. 

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.  

ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.  

Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.  

Байтақ дала – жерім менің 
Арта берсін жерің сенің 
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің 

Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Үлгілі орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - Қыркүйек

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Біздің Отанымыз Қазақстан!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

Дайындаған: Есимов А. О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Біздің Отанымыз - Қазақстан!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 617 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.10.2015 1145
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есимов Азамат Оразалиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есимов Азамат Оразалиевич
    Есимов Азамат Оразалиевич
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20184
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 362 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе