Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыТақырыбы: "Табиғат және адам"

Тақырыбы: "Табиғат және адам"

Скачать материал

 

 

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 11 бөбекжай–бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

 

 

      

       

.       .    Дидактиқалық ойындар

Тақырыбы«Табиғат және адам»

 

 

 

                                                                                Өткізген: Абилхаирова Ж.Ш.

                                                                                  Ересектер»Қызғалдақ» тобы                                                                                                                                                                   

 

 

 

 

 

                                       2016-2017

                                                                  

 

 

 

 «Табиғат және адам» 
Мақсаты:
Адам қолымен не жасалғаны және табиғат адамға не беретіні туралы балалардың білімдерін бекітіп, жүйелеу. 
Ойын ережесі: Допты қағып алғаннан кейін жауап беруге болады. Затты атаған адам допты екіншісіне лақтырады. Сөзді есіне түсіре алмағаны өз жүрісін жібереді, ол допты еденге бір ұрып алады да, қайта лақтырады. 
Ойынның барысы:Тәрбиеші балалармен әңгімелесу барысында айналамыздағы заттардың адам қолынан шыққаны немесе табиғатта сол күйінде кедесетіні, оларды адамдардың пайдалануы туралы балалардың білімдерін анықтайды. Мәселен, орман, көмір, мұнай газ табиғатта сол күйінде болады, ал үйлерді, зауыттарды, көлік құралдарын адам жасайды. 
«Адам қандай заттарды жасаған?» - деп тәрбиеші сұрақ қойып, ойынға қатысушылардың біріне бір затты береді (немесе доп лақтырады). Балалардың бірнеше жауабынан кейін ол жаңа сұрақ қояды: «Табиғат нені жаратқан?». 
Ойын барысында тәрбиеші балалармен адамзат табиғатты адамдар жақсы өмір сүру үшін пайдаланатыны, сонымен қатар орманды өрттен қорғап, су тоғандарын, өзендер мен көлдерді тазартып, құстар мен жануарларды күзетіп, табиғатты аялайтыны туралы қысқа әңгіме өткізеді. 

«Экологиялық тізбек» 
Мақсаты:
Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат, өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да, өсімдіктер де өз бетінше тіршілік ете лмайды. 
Ойын ережелері: Таңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек құрастыру. 
Ойынның барысы: Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді. 
Мысалы: 
Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі. 
Дәндер –тышқан-аққұлақ-жапалақ. 
Ағаш- балаңқұрт-тоқылдақ- жапалақ. 
Ағаш- қоян-қасқыр. 

 

 

«

Дәннен тәтті нанға дейін» 
Мақсаты:
Балалардың нанның қалай жасалатыны туралы білімдерін бекітіп, жүйелеу; егіншілерді құрметтеуге баулу; сөздік қорларын жандандыру: тұқым сепкіш, тырма, элеватор, комбайн. 
Ойын ережелері: Кішкентай карточкаларды таңдап алып, жүргізушінің белгісінен кейін олармен тор көздерді жабу. Ойынға қатысушылар «дән», «бидай» және «тәтті нан» болып үш бригадаға бөлінеді. Олар диқандарға көмектесіп жатқан машиналар бейгеленген қажетті карточкаларды жылдам таңдап алып, өз егістігіндегі бос тор көздерді толтырып жарысады. 
Ойынның барысы: Ойын басталғанға дейін балалар егістікті, нанды қарастырады, балалармен нанның дәннен бастап тәтті нанға дейін қандай жолдан өтетіні, барлық адамда нан болуы үшін қаншама көп адам еңбек ететіні туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі. Диқандарға трактор, комбайн сияқты машиналар; тұқым сепкіш, қар түргіш, сияқты механизмдер көмектеседі. 
- Қазір біз сендермен машиналар қалай аталатынын, қай кезде қандай машина жұмыс істейтінін еске түсіретін ойын ойнаймыз. Мына суреттерге қараңдар. 
Тәрбиеші үш сүретті көрсетеді: ерте көктемгі егістік, жаздағы және күздегі егістік. Балалар суреттердегі жыл мезгілдерін қалай анықтағандарына түсінік береді. 
- Қазір үш бригадаға бөлінеміз. Оларды «Дән», «Бидай» және «Тәтті нан» деп атаймыз (әр бригадада 2-3 адамнан болады). Көктемгі егіс бейнеленген сурет «Дән» бригадасына, жазғы егістік «Бидай» бригадасына, күзгі егістік «Тәтті нан» бригадасына беріледі. Үстел үстінде диқандарға көмектесетін түрлі машиналардың суреттері бар. Сендер осы жыл мезгіліне қажеттілерін таңдап аласыңдар. 
Ойынға жарыстың қажетті суретті кім жылдам таңдап алатыны жөніндегі элементті енгізуге болады. Тапсырманы қиындату үшін картиналарды араластырғанда, еңбектің бұл түріне пайдаланылмайтын бульдозер, көтергіш кран тәрізді техника құралдарының суреттерін қосып жіберуге болады. 
Жеңген бригада ұпай алады. Ойын соңында ұпайлар саналып, жеңімпаздар анықталады. Бұл ойын балалар сөз және сөйлеммен танысқаннан кейін жүргізіледі. 


 

 

 

«

«Аңшы» 
Мақсаты:
Балаларды жануарларды, балықтарды, құстарды және т. б жіктеп, аттарын атау дағдысына жаттықтыру. 
Ойын ережелері: Келесі тор көзге аңның атын атағаннан кейін өтуге болады. Орманға барар жолдағы тор көздер нешеу болса, сонша аңның атын атай отырып орманға жеткен бала жеңімпаз, жақсы аңшы болады. Есіне түсіре алмағандар кейін қайтады. 
Ойынның барысы. Ауланың немесе алаңның бір шетіндегі бос орында ойыншылар тоы тұрады. Бұл – үй. Үйден бірнеше шақырым жерде белгі қойылып, сызық жүргізілген. Ол түрлі аңдарға толы орман. Орманға ойыншылардың бірі аңшы болып аттанады. Орнында тұрып, ол: «Мен орманға аңға барамын, мен аулайтын жануар, ол...», деп бір адым алға аттайды. Аңшы әр аттаған сайын аңның бірін атайды. Бір аңды екі рет атауға болмайды. Құстарды да атауға болмайды, егер құс аулау ойыны ойналса, тек құстарды ғана атау керек. 
Үйден орманға дейін әр қадам сайын жаңа аңды атай отырып жеткен бала жеңімпаз болып саналады. Жолда қалғандар кері оралып жеткен бала жеңімпаз болып саналады. Жолда қалғандар кері орнына басқа ойыншы аңға шығады. Жолы болмаған аңшының жолы болар. 
Ескерту: Осы ойын ережесі бойынша «Балықшы» ойынын жүргізуге болады. Балықшы: «Балық аулауға барып, ... шортан, мөңке балық, алабұға ұстаймын» т. б 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бұл қай кезде болады?» 
Мақсаты:
Балалардың табиғаттағы әр түрлі мезгілдік өзгерістер жөніндегі білімін анықтау: зейіндерін, ойлау жылдамдықтарын дамыту. 
Ойын  барысы:Тәрбиеші өлі табиғаттағы, өсімдік және жануарлар әлеміндегі, адамдардың еңбегі мен тұрмысындағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін заттық және сюжеттік картиналардың 4 топтамасын таңдайды. Мәселен, «Күз» топтамасына «Күзгі бақ», «Жаңбыр», «Алғашқы қар», «Астық жинау», «Алма теру», «Саңырауқұлақтар», «Құстар қайтып барады» картиналары; «Қыс» топтамасы «Қысқы бақ», «Сүмбіл мұздар», «Суықторғайлар», «Құстарды қоректендіру», «Қар түру», «Мұз айдыны», «Отын жару», «Қысқы ермек» картиналлары; «Көктем» топтпмасына «Көктемгі бақ», «Құс ұясы», «Мұзжарғыш», «Балалардың көктемгі ойындары», «Ағаш отырғызу», «Көктемгі қарбалас», «Гүл жарған ағаштар», «Бәйшешек», «Інжірүл» картиналары; «Жаз» топтамасы «Жазғы бақ», «Найзағай», «Кемпірқосақ», «Шөп шабу», «Жайлау», «Гүлдерді суару», «Өзенге шомылу» картиналары іріктеледі. 
Тәрбиеші барлық балаға жылдың белгілі бір мезгілін білдіретін түрлі түсті 4 шаршы қағаз таратады. Мәселен, сары-күз, ақ немесе көгілдір-қыс, жасыл-көктем, қызыл-жаз. 


 

 

 

«Үлкен емтихан» 
Мақсаты:
Уақыт туралы түсініктерін тексеру және беіту. Назар аударуды және тез жауап беруді қалыптастыру. 
Ойын ережесі: Сұрақты зейін қойып тыңдап, допты алған кезде тез және дұрыс жауап беру керек. 
Ойынның барысы: Тәрбиеші: Әр түрлі ойындардан сендер уақыт уақыттың ұзақтығы жыл уақыттарының ауысу тұрақтылығы апта күндерінің және айлардың атаулары қазіргі, өткен, келешек уақыттар туралы білдіңдер. 
Бүгін бізде «Үлкен емтихан» ойыны болады. Мектептегі оқушыларда емтихан жүріп жатыр, енді бізде де емтихан болады. Емтиханда мұғалім сұрақ қояды, ал оқушы жауап береді. Ал біздер былай ойнайық: сендер шеңбер құрып тұрасыңдар. Мен  сұрақ қоямын, сендер қалай жауап беруді ойланыңдар. Мен допты кімге лақтырсам, сол жауап береді. Мысалы: мен таңертең деймін. Әрі қарай қалай? Таңертеңнен кейін не түседі? (Күн) Содан кейін? (Кеш. Түн.) Ал таң, күн, кеш,түн дегенді бір сөзбен қалай атаймыз? Кімге доп барса сол жауап беру керек. Жауапқа бағаны мен айтамын: өте жақсы, жақсы, жаман емес, өте жаман. Ал сендер кім қанша, қандай баға алғанын өздерің санаңдар. Енді бастайық: 
Қыс, одан кейін не? 
Көктем одан кейін не? 
Жаз, одан кейін не? 
Күз, одан кейін не? 
Қыс, одан кейін не? 
Көктем, одан кейін? 
Жаз, одан кейін не? 
Күз, одан кейін не? 
Қыс, көктем, жаз, күз-бұл нелер? (Жыл мезгілдері). 
Ал енді сендер өздерің бір-біріңе сұрақ қойып, допты лақтырыңдар. 
Ескерту: Мұндай ойындарды басқа да әр түрлі материалдармен және жылдың кез келген мезгілінде өткізуге болады. Ойынға барлық балалардың белсене қатысқаны дұрыс. Мұғалім балалардың шамасын біле отырып, олардың әрқайсысына жеке әдістер қолдану арқылы оларды білдірмей жетістікке қарай сүйрейді. 


 

 

 

«Мен атаған нәрсені көрсет» 
Мақсаты:
Балалардың адам қолымен не жасалғаны және табиғаттың адамға не беретіні туралы білімдерін бекітіп, жүйеге келтіру. Тірі және өлі табиғат туралы түсінік қалыптастыру. 
Ойын ережелері: Балаларға карточкалар таратылады. Олардың міндеті – адам қолымен жасаған заттар бейнеленген карточкаларды іріктеу. Табиғи нысандар бейнеленген қалған карточкаларды балалар екі топқа бөлінеді: өлі және тірі табиғат. Сонан кейін қайсының қай топқа жататынын табады. 
Ойынның барысы: Мұғалім адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкалары бар балаларды тақтаға шақырады. Сонымен бірге тірі және өлі табиғат бейнеленген карточкалары бар балалар да тақтаға шығады.
Орындарында қалған балалар достарына баға береді. 

«Қай зат неден жасалған?» 
Мақсаты: Балаларды заттардың неден жасалғанына қарай жіктеуге, өнімнің қандай жануардан алнғанын ажырата білуге үйрету. 
Ойын ережелері: Допты ұстаған бала бірден жауап беруі керек. Жауап бермеген бала допты еденге бір ұрады да, жүргізушіге береді. 
Ойын барысы: Мұғлім ағаштан, металдан, қағаздан жасалған бұйымдарды көрсетеді. Ірімшік, шұжық, нан, сүт, жұмыртқанын суреттерін көрсетеді. Жүргізуші бір заттың атын атай отырып, допты лақтарады. Оны ұстаған бала жауап береді. Мәселен: қарындаш-ағаштан жасалған, сүт –сиырдан алынады және т. б. 

«Менің мекенім, менің отбасым» 
Мақсаты:
Жануарлар мен олардың балаларды туралы, олар мекендейтін жерлер туралы білімдерін нығайту. 
Ойын ережелері: Жануарлар отбасын біріктіріп, олардың «үйін» атау. Карточкалар және олардың кішкентай балалары бейнеленген шағын карточкалар беріледі. Барлық үлкен карточкалар араластырылады да, «аңның балаларына» өзінің отбасын тауып, «ата-анасының» кім екенін және «үйі» қайда екенін айту тапсырылады. 
- қоян, көжек; қасқыр, шулан, бөлтірік; түлкі, түлкішек, жаутан; кірпі, ұрғашы кірпі, кірпінің баласы; аю, кірекей, қонжық; тиін, ұршағы тиін, тиіннің баласы; тышқан мен балалары; 
- ат, байтал, құлын; қой, саулық қой, қозы; ешкі, теке, лақ; бұқа, сиыр, бұзау; шошқа, торай; қораз, тауық, балапан; қаз, ата қаз, қаздың балапаны; ит, кәндек, күшік; 

«Менің үйім қайда» 
Мақсаты:
Балалардың аквариум тұрғындры мен су тоғандарын жіктеп, аттарын атауға үйрету. 
Ойын ережелері: Өз тобыңа арналған тапсырманаға сәйкес келетін сурттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері. 
Ойынның барысы: Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі - балықтар). 
Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп, сәйкес карточкаларды таңдап алады, сонан кейін топ болып бас қосады. Олар жинаған (аквариум немесе су тоғаны). 
Тәрбиеші баға береді. Балаларға аквариум мен су тоғымының ұқсас және айырмашылық белгілерін атау ұсынылады. 

«Бұл кімнің құйрығы?» 
Мақсаты: Балалардың үй жануарларының сыртқы кейпінің ерекшеліктері, олардың дене ммүшелерінің жеке бөлігі; құйрықтарының көмегімен тіршілік ететін ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы білімдерін нақтылау. 
Ойын ережелері: Құйрықтардың қай жануарларға тиесілі екенін анықтау, олардың сыртқы келбетін бейнелеу, құйрықтардың қандай көмегі бар екенін айту. 
Ойынның барысы: Тәрбиеші әрбір жануардың құйрығы туралы әңгіме үлгісін ұсынады, оның жануар үшін маңызы туралы мәлімет береді.
Балалар карточка таңдап алады. Оны мұқият қарап алып, не бейнеленгенін табады. Сонан кейін карточкадағы суреттің жұбын іздейді (жануардың бет пішіні және құйрығы). Бір бала жануардың құйрығы туралы әңгімелейді, ал оның қасындағы бала оның жануар үшін қалай қызмет ететінін айтады. 


 

 

 

 

 

 

 

 

«Гүл шоғын құрастыр» 
Мақсаты:
Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету. 
Ойын ережелері: Гүлдің кімге арналғанын, қайда өсетінін және қалай аталатынын көрсету. 
Ойынның барысы: 
1. Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шалғын далаға «экскурсия» жүргізеді. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның көбелектің, Дәрігер Айболитттің суреттері қойылады. 
Бағбан бақтан, көбелек шалғын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтіледі. Гүлдердің суреттері раластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Мұғалім мен өзге балалар сыйлқтарға баға бреді. 
2. «Дүкен». Кейіпкерлер, егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, оларға гүл сатады. 
3. «Гүл шоғында не артық?». Дала бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынып тасталады. 

 

 

 

 

 

 

 

«Экологиялық пирамида» 
Мақсаты:
Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу. 
Ойын ережелері: «Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі, 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесінші мен алтыншысысында – «экологиялық пирамида» деген жазу бар. 
Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді. 
Бірінші беті - күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға. 
Екінші беті – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ. 
Үшінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі. 
Төртінші беті – күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер. 
Пирамида құрастырғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады. Балалармен оқиғаларды ойын ретінде жүргізе отырып, пирамиданың жекелеген сатыларын алып тастау кезінде, табиғат нысанының кез келгенінің жойылуы табиғатты экологиялық апатқа ұшыратынына балалардың назарын аударады. 


«Экологиялық тізбек» 
Мақсаты:
Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат, өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да, өсімдіктер де өз бетінше тіршілік ете лмайды. 
Ойын ережелері: Таңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек құрастыру. 
Ойынның барысы: Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді. 
Мысалы: 
Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі. 
Дәндер –тышқан-аққұлақ-жапалақ. 
Ағаш- балаңқұрт-тоқылдақ- жапалақ. 
Ағаш- қоян-қасқыр. 


 

 

Табиғат бұрышымыз!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Экология  орталығы»

 

«Ересек» тобы

 

 

 

Көркем  сөздер

Асқардан биік тау болмас –

Басына балапан ұшып қона алмас.

Бүркіттен қыран құс болмас –

Бауыры жайылмай бөрі алмас.

*****

Табиғат

Табиғат біздің анамыз,

Жер–Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат

Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін

Мен жерімді сүйемін,

Жеріме дән себемін.

Ауа таза болсын деп,

Жылда ағаш егемін                                       

*****

Экология — өмірдің,

Соғып тұрған жүрегі.

Ей, табиғат, балаңмын,

Ертеңіңе алаңмын.

Денсаулығы ғаламның,

Денсаулығы адамның!

 

 

 

*****

-Экология! Бөтен сөз.

Бір туғаның бірақ та.

Білгенге бұл көсем сөз,

Мәңгі қалар құлақта.

«Эко-эко» — үй, Отан,

Ежелден-ақ грекше,

Сөз патшасын ұнатам.

Жүрегіме гүл ексе,

Бізге ғылым – «логия».

Тұтқасы бар әлемнің,

Онсыз мекен жоқ  ұя.

Жоқ киесі өлеңнің,

Өз үйің — өлең төсегің,

Табиғат боп қалады.

Оған атқан кесегің,

Өз басыңды жарады.

 

 

 

 

 

 

 

Экология — өмірдің,

Соғып тұрған жүрегі.

 Ей, табиғат, балаңмын,

Ертеңіңе алаңмын.

Денсаулығы ғаламның,

Денсаулығы адамның!

 

Мақсаты: экологияға  деген  қызығушылықтарын  қалыптастыру.  табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.

Міндеттері:

*мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын  ұйымдастыру;

*балалардың  дүниетанымын кеңейтіп,ойын өрістетіп, әрбір ҰОӘ дидактикалық  ойындарды қолдану арқылы балалардың  ойлау қабілетін ұштауға бағыттау;

 

 

 

https://lh5.googleusercontent.com/NHuikGNFHdkdbzkkWBwWxkPIav6YYCX2xFa8rlJFPqyBVZm-bOUbBAkIHIua-PVDNlSThUxgNfzueVunuk_rc6pb_8jbUWX3RzbavbcLK8fwmPT-uhLUczvuwRTXBUce286qJzlE7I8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Біздің  табиғат  бұрышымыз»

Мақал- мәтелдер.

Табиғат - тал бесік.

 Жер - ана, ел - бала.

Қара жерге халық ие.

Жер - ел ырысы.

Жер - таусылмайтын қазына.

Жер - ырыстың кіндігі, Еңбек - ырыстың қазығы.

 Жер тағдыры - ел тағдыры.

Жер бауыры - жазық.

Сұлулық жерден өніп, көктен жауады.

Жері байдың елі бай.

Ағаш жапырағымен, Жер топырағымен сәнді.

Жер көңді жақсы көреді, Ат жемді жақсы көреді.

Жерін қорлаған жерленбей қалады.

Жер тойынбай ел тойынбайды.

Сыр бойы - нұр бойы.

Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

Ел құты - қария, Жер құты - дария.

Жеріне қарай астығы.

Жер отты болса, мал сүтті.

 Жердің сәні - егін, ердің сәні - білім.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: "Табиғат және адам""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 993 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 3165
    • DOCX 5.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Меден Тілеужан Меденкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Меден Тілеужан Меденкызы
    Меден Тілеужан Меденкызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28112
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Технология проектной деятельности в процессе ознакомления детей дошкольного возраста с природой

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 688 человек

Курс повышения квалификации

Специфика организации услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательного процесса детей дошкольного возраста с учетом реализации ФГОС ДО

Воспитатель (включая старшего)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 637 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 762 человека

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек