Атырау
облысы,
Исатай
ауданы,
Исатай
ауылы,
"Балбөбек"
бөбекжай балабақша тәрбиешісі
Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы. 5.02.2017ж Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру Тақырыбы: Таза ауадағы қысқы ойындар.
Мақсаты: Таза ауадаойнатылатынқысқы ойындарментаныстыру. Шапшаңдық пен ептілікті дамыту.Ойын ережесімен таныстыру және оларды орындауға жаттықтыру; жүру түрлерін жаттықтыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Жалаушалар, шаңғылар
Әдіс-тәсілдері: Жүру түрлері, жүгіру, ойын
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық. Алдымен балалар шаттық шеңберін
жасады, бір – біріне ыстық ықыласын білдірді. Жалпы дамыту жаттығуларын
жасаудан бастады.
1.Бір қатар тізбекке тұру. 2. Алаңды айналып жүру. 3.Аяқты қиюластыра жүру (сол аяқты оң аяқтың алдына қою, оң аяқты сол аяқтың алдында қою), әрбір қадам жасаған сайын алға қарай иілу.
4. Қолдарды екі жаққа созып, тізені жоғары көтеріп және қолды төмен ұстап жүру.
5. Жүру, жүгіру, жүру (іс-әрекеттерді алмастырып отырады)
Педагогтің нұсқауын орындайды, жаттығуларды қайталайды.
Ұйымдастырушы –іздестіру.Негізгі дамыту жаттығуларын үйренді.
1.Шығыршықпен орындалатын ЖДЖ:
Б.қ: аяқтарды иық деңгейінде қою, шығыршықты оң қолмен ұстау. Қолды алға қарай созып, түзу стау, шығыршықты екінші қолға ауыстыру, қолдарды төмен түсіру.
Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршықты екі қолмен кеуде тұсында ұстау. Отырып, шығыршықты еденге қойып, тіктеліп, қолды артқа жіберу, шығыршықты қолға алып, бастапқы қалыпқа келу.
Б.қ: аяқтың ұшымен отыру, шығыршықты екі қолмен ұстау. Орындарынан тұрып, шығыршықты бастан асырып көтеру, бастапқы қалыпқа келу.
Б.қ: аяқтар аздап қана алшақ қойылады, шығыршық арқылы секіру.
2. «Шеңбер ішіне дәлдеп лақтыр» ойыны.
3. «Кім бірінші?» ойыны.
4. «Хоккей» ойыны.
Жаңа оқу іс-әрекетін түсінді.
Жаттығуларды өз бетінше орындады. Ойынға белсене қатысады.
Ойын барысында бірін-бірі итермей, ойын шартын бұзбауға тырысады. Ойын
балаларды шымыр, төзімді болуға тәрбиеледі. Дене қозғалысын арттырды.
Рефлексивті түзетушілік
Бүгінгі оқі іс-әрекеті ұнады
ма?
Ұнады.
Несімен қызықты болды? Қызықты ойындар ойнадық.
Даладан нені көрдік?
Қарды?
Қардың түсі қандай? Ақ, ол суық, қолға ұстағанда еріп кетеді. Біз таза ауада
серуендедік.
Шаңғымен сырғанап жүрген сияқты жүру.
Сырғанап жүріп, тыныс алу жаттығуларын орындайды.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: таза ауада ойнатылатын қысқы ойындарды;
Түсінеді: негізгі жаттығуларды өздігінен орындай білушарттарын;
Қолданады: ойын ережесімен таныстырып және оларды орындау
дағдысын.
Тақырыбы: Сәлем сөздің анасы!
Құрметті апайлар,
қонақтар! «Балбөбек» балабақшасына қош келдіңіздер! Сіздерді қуана қош
аламыз. Қош келіпсіз, қадірменді
қонақтар. Жүздеріңнен
мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
«Балбөбекте» балдай тәтті балалар.
Армысыздар,қонақтарым
қымбатты
Сіздер үшін ашамыз сан жұмбақты.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді
Балалардың сәлемдері тым
тәтті.
Сіздердің алдарыңызда «Сәлем – сөздің анасы» атты сәлемдесу рәсімін қабыл
алыңдар!
Айша.
Біз бүгінгі кіп-кішкентай
баламыз,
Апайларға сәлемдесіп аламыз.
«Айналайын» деген сөзден нәр
алып,
Күні ертең –ақ күндей болып жанамыз.
Ернар
Балабақшам базарлы үй Ауылдағы
ажарлы
үй
Күлкісі бар шуақты, Өз
үйіміз сияқты
Ерасыл Зияш
«Балбөбек» біздің
әсем бақшамыз, Апайларды
қуана қарсы
аламыз.
Елбасының кезектен тыс сайлауын, Баршамыз
бір ауыздан қош аламыз.
Арай
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
«Тоныкөк абыз» кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – «Мәңгілік ел» боп қаламыз.»
Ерасыл
Н
70 жыл — бейбір көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Ашылды содан бері - Құтты
болсын
Ұлы жеңіске 70 жылдық -парақтарың
Нұрсәт
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от
алар.
Қазақ хандығына -
550
Құтты жыл болар.
Айқын:
Ардақтаймыз
апайларды аялап
Ұстаздар ол біздің
үлкен сая бақ.
Барша жанға
тілейтінім тек қана
Адамзаттық үлкен
жүрек шапағат.
Ән: «Біз бақытты балдырған»
Еңлік
Төрімізден сый
құрмет
Көрсетеміз сіздерге.
Сабина
Ұсынамыз гүл
шоғын,
Риза болшы біздерге
Гүл тапсыру.
Қорытынды. Құрметті ұстаздар
, бүлдіршіндердің дайындаған «Сәлем – сөздің анасы» атты сәлемдесу рәсімі
аяқталды. Ыстық ықыласпен сыйлағалы тұрған гүлімізді қабыл алыңыздар. Сіздерге
кішкентай жүрегімізден ескерткіш болсын! Баршаларыңызға дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға амандық тілейміз! Бала тәрбиелеуде еңбектеріңіз жана берсін!
2015-2016 жылғы
оқу жылының топтық қорытынды хабарламасы
2015 – 2016 оқу
жылында «Айгөлек» тобында -25 бала тәрбиеленіп келеді. ҚР Мемлекеттік
жалпы міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі ережелерін басшылыққа
ала отырып, «Зерек бала» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеміз. Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің ұзақтығы: 20-25 минут, апталық сағат саны 12 сағат, жылдық
сағат -432 сағат. Вариативтік компонент аптасына -2 сағат. ІІ жартыжылдықта
тәрбие жұмыс жоспарында мерекелік іс-шаралар, ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеттері, ата-анамен жұмыстар
көрсетілді.
Білім берудің
«Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Қатынас» «Әлеуметтік» салалары бойынша
жұмыстанамыз. «Ертегіні тап», «Үй жануарлары» тақырыбында тіл дамытудан ашық
оқу іс-әрекеттері өтті. Өйткені балабақшада білім беру мен тәрбиенің
мақсаты өз деңгейінде жүргізіледі. Балалардың жас ерекшелігіне
қарай, олардың жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін әдістерді
пайдалану арқылы оқуға ықпал етеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында
суреттер конкурсы, Алғыс айту күніне
«Ризамын бүгінге» тақырыбында өнеге сағаты, «Қош келдің, Наурыз»
ертеңгілігі, 1 мамыр ұлттар достығы мерекесіне арнап, «Жүзі басқа жүрегі
бір, Тілі басқа тілегі бір» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Балабақшаралық семинарда «Қолғап» ертегісі ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті, «Халық педагогикасының маңызы» ашық көрсетілім өтті.
Туған күнің құтты болсын,
балақай! - ай сайын балаларды құттықтау бетшесін дайындаймыз. Туған күн
ерекше күн екенін түсінеді. Бірі- біріне жылы сөздер айтуға үйренеді.
«Ортаңғы топта»
білім беру саласында әрбір жастың кезеңінде баланың біліктілік даму деңгейін
қадағалау мақсатында индикаторлар жүйесі пайдаланылады. Индикаторлар - баланың
білім беру траекториясында жылжу көрсеткіші. Баланың жеке даму
көрсеткішінің қорытындысы:
мамыр айында 75%
пайыз болды. Баланың жеке дамуына, ой –өрісін арттырып, жан-жақты жетілуіне
топтық жұмыстардың, орталықтардың маңызы зор деп есептеймін. Орталықтарға
бөлініп, тапсырмалар орындап, бірін бірі тыңдап, бағалауға үйренеді. Бір
–бірінің пікірімен санасады, зейін қояды.
Тобымыз жаңа
ойыншықтармен, техникалык жабдықтармен жабдықталды
Балабақша бойынша
өткен «Үлгілі ата-ана» ата-аналардың топтық сайысында белсене қатысып,өз
шеберліктерін танытқан ата-аналар Жұмакулов Абат, Азербаев Еммат,
Ақтаева Айнагул, Нұрмұқанова Құндыз, Серғазиева Амина, Сакипова Гүлмира,
Құспанов Асылбек Сонымен қатар жеке көмек көрсеткен және ойын алаңдарын
сырлауға көмектескен, Нүкесова Нұрғаным, Ақтаева Нина, Аймағанбетова
Арай, Мұқанова Гүлсім, Мұратова Әсел, Төлегенов Амандық, Түсібалиев
Бауыржан, Нажмеденова Айнашқа айтар алғысымыз шексіз. Баласы үшін жанын
салып балабақшамен тығыз байланыста отырған ортаңғы топ ата-аналарының
баршасына дән ризамыз. Осы жылы 14 бүлдіршініміз бітіріп, МАД тобына
барғалы отыр, оларға тек сәттілік тілеп қимастықпен мектеп алды тобына
шығарып салдық. Бүлдіршіндеріміздің бал-бұл жанған жүздері, тәтті қылықтары
біздің көз алдымызда. Алдағы уакытта жақсы жетістіктерден көрініп, үлгі
оқушы болуын тіледік.
Күн сайынғы таңертеңгілік жаттығулар,
ойындар, ұйқыашар жаттығулары балалардың денсаулықтарын күшейтеді,
шынықтырады.
Түйіндей келе, балабақша ұжымы мен отбасы біріге еліміздің ертеңіне
сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп,
еңбек ететініне сенімдіміз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.