Инфоурок Всеобщая история КонспектыТарих сабағындағы Блум таксономиясы өлшемдеріне негізделген тапсырмалар

Тарих сабағындағы Блум таксономиясы өлшемдеріне негізделген тапсырмалар

Скачать материал

Тарих сабағындағы Блум таксономиясы өлшемдеріне негізделген тапсырмалар

 Блум таксономиясы, өлшемдері,тапсырмаларды  пайдаланудың нәтижелері

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді

-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

-пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;

тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

Таксономия  - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.

Когнитивтік ғылымда басты зерттеу нысаны – айналасын қоршаған дүние ақпараттарын өңдеуші адамның іс-әрекеттері, яғни когнициясы.

Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша анықтауға болады:

      - адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;

-           адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;

-          дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;

-           тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;

-           ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.

Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1) Білім;

2) Түсіну;

3) Қолдану;

4) Талдау;

5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);

 

6) Бағалау.

І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

ІІ Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

ІІІ Талдау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

IV Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

V Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

VI Бағалау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

      9 сынып  бағдарламасы  Қазақстан  тарихының     қазіргі заман  кезеңі мазмұны күрделі болғандықтан,әрі осы сынып бағдарламасын   игерудегі оқушының білім  деңгейінің  жоғарылауына әсер ету мақсатында   Блум өлшемдеріне негізделген тапсырмаларды сабақ барысында немесе тарауды қорытындылауда қолданған жөн.

Блум таксономиясын қолдану арқылы оқытуда жеке тұлға әр сапада көрініп, өзіне ғана тән жеке тұлға қажеттіліктері қалыптасады: 
-  Жаңа проблемаларға икемді мәселені шешуге бейімділік; 
 - Талқылауға икемділік – тапсырманың шегіне шыға алу; 
 - Ой ұшқырлығы – тез арада кенеттен шешім шығару тәсілдерін алу қабілеттілігі; 
-  Ойлау ерекшелігінің болуы – өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару. 

 

 

 

 

Тапсырма №1

Пәні:  Қазақстан  тарихы

Сыныбы: 9

Тақырыбы: ХХғ басындағы Қазақстан

І. Білу және түсіну

1. Бір жауабы бар тест  тапсырмалары. Әрбір сұрақтың дұрыс  жауабы 1 балл.

1.1.Ағылшын  және француз өнеркәсіпшілері  иесіне айналған  өнеркәсіп:

А) Қарсақпай  В) Спасск-Воскресенск  С) Орал-Ембі  Д) Елек тұз кәсіпшілігі

1.2. ХХғ б    бүкілресейлік маңызға ие болды:

А)Банк капиталының  Қазақстанға енуі

 В)  Жәрмеңкелік сауда

 С)Сауда өнеркәсіп  буржуазиясының қалыптасуы 

Д) Кәсіпшіліктердің  жекешелендірілуі

1.3.   1905ж Ақмола облысындағы Успен кенішінде  құрылған ұйым:

А) «Ресейге қарсы орыс-қырғыз одағы»

В) «Буржуазияға қарсы орыс-қырғыз одағы»

С) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»

Д) «Помещиктерге қарсы орыс-қырғыз  одағы»

1.4. 1907ж 3 маусымдағы сайлау туралы заңға енгізілген өзгеріс:

А) Жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді

В) Ереуілге тыйым салынды

С) Партиялар құруға рұқсат етілді

Д) Азия халықтарының өкілдері Думаға сайланбады

 

2. Екі немесе одан да көп  жауабы бар тест тапсырмалары. Әрбір дұрыс жауап-2 балл

2.1. 1905ж мамыр,маусым айларында жұмысшылар  толқуы болды:

А) Орал  В)Жусалы   С) Қармақшы  Д) Успенск  Е)Қарағанды

2.2.1907ж ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттар:

А) А.Қалменов   В) Б.Қаратаев  С) А.Бірімжанов Д) Ә.Бөкейханов

 Е) М.Тынышпаев

2.3.1905ж  Успен кенішінде  болған ереуілдің  басшылары:

А) П.Н.Топорнин    В) Б.Құлманов  С) А.Байшағыров

 Д) С.Невзоров  Е) И.Қасқабаев

(1,2 тапсырмалар бойынша максималды балл-10)

ІІ. Қолдану.Төмендегі  цитаталардың авторларын сәйкестендіріңіз:


1.                         2.                        3.


http://www.zkolib.kz/zkolib/kaz/Karatayev.jpg  https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/9/90/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%91%D0%B0%D0%B9%D1%82%D2%B1%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B.jpg   http://www.inform.kz/fotoarticles/20151124104534.jpg

А) «Бұл жердегі орыс шенеуніктері білім цензі жағынан да, жергілікті жағдайларды меңгеру жағынан да асып тұрған жоқ. Кәдімгі орыстандыру саясатының белгілері-басыну, дөрекілік,жергілікті тұрғындардың қастерлейтіндерін елемеу далалық облыстарда ушығып бара жатыр,олар жергілікті халықтың тілінде білмейді,сауаты кемшін аудармашылар арқылы  сөйлеседі»

 

В) «Жерсіз қалған шаруалардың мүдделерін  қанағаттандыруды көздеп,жеке иелік орнатып алған жерлерді конфискациялауды қолдайтын ресейліктердің  кез келген оппозициялық күштерін қазақтар қолдайды»

с) «Қазақ  ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»


ІІІ.Талдау. 1905-1907жж орыс революциясы  тұсындағы қазақ даласындағы  саяси  жағдайға баға беріңіз:

Әлеуметтік  топ

Жағдайы  немесе  ұстанымы

Жұмысшылар

 

 

Зиялы қауым

 

 

Қоныс аударушы  орыс шаруалары

 

 

Казак әскері

 

 

(Барлығы   8 балл)

ІV. Жинақтау.Төменде көрсетілген дереккөзге сүйене отырып бірінші дүниежүзілік соғыстың себептерін,сипатын,қазақ даласына тигізген әсерін анықтаңыз:

«Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханов «Тағы соғыс» деген мақаласында: « Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ.Нарлар алысар,ал шаруасын бұзып қанын төгетін сорлы халық болар.ХХ ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі  кімнің алдында ақталмақ?»-деп жазды.

Себептері:  

Сипаты:

Қазақстанға әсері:

(Барлығы  6 балл)

V. Бағалау.  «Қазақстанның ХХғ басындағы саяси дамуының ерекшеліктері» тақырыбына 10 -12 сөйлемнен тұратын эссе. Кілт сөздер: Революциялық толқулар, біінші дүниежүзілік соғыс, зиялы қауым, патша үкіметінің отарлық саясаты.                 

(Барлығы-10 балл)

Максималды жиынтық бағасы  -40 балл


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тарих сабағындағы Блум таксономиясы өлшемдеріне негізделген тапсырмалар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2017 3419
    • DOCX 119.3 кбайт
    • 69 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмагулова Гульсара Жаскаламовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21217
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 168 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции