Инфоурок Химия Другие методич. материалы"Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуда оқытушының құзіреттілігін дамыту"

"Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуда оқытушының құзіреттілігін дамыту"

Скачать материал

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуда оқытушының құзіреттілігін дамыту

 

Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің

химия және биология пәнінің оқытушысы

 

      «Химия сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отыра, студенттердің түйінді құзіреттіліктерін дамыту». Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін жоғары дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы оқытушы. Жаңа ғасыр оқытушысы жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттік тәсілді алу ұсынылып жүр. В.Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайыңдық ретінде анықтама береді. В.Ландшеер, П.Симонов, М.Чошановтардың түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Дегенмен, В.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе компетенттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік), ал В.Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсіндіріледі. Ал психологиялық сөздіктерде "компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті" деген түсінік берілген. "Осы айтылғандарды қорытындылай келе компетенттілік ұғымына мынадай анықтама беруге болады: "Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилъділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер. Демек, компетенттілік ұғымы "білім", "білікгілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нөтижелерімен қатар, студенттердің шығармащылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді." Білім, біліктілік, дағды қасиеті өзінің даралығымен сипатталып, өз бетімен жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады. 

«Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзіндік дамуында» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе, бұл жайлы Б.А.Тұрғынбаева «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту» еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлылық дегеніміз – педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді.» 

Мен химия сабағында окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігіне қараймын. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Ақпараттық технологияларды оқытуда қолдану – оқытудың ғылымилық, жекелік тәсілі, көрнекілік сияқты маңызды дидактикалық принциперін іске асырып, оның түрлі құралдары мен әдістерін оңтайлы үйлестіреді. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- колледжде химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, студенттер практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, мультимедия, интернет материалдарын т.б. пайдалану күнделікті сабаққа өзіндік нәтижесін беріп отырады. Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын ояту оқытушыға  сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.

Өзімнің химиядан өткізген сабағымда тақырыбы: «d – элементтердің жалпы сипаттамасы. Мыс»

 Үй тапсырмасын сұрау:

Жасырын ұяшықтарды таңдау арқылы студенттер сұрақтарға жауап алу.

         Алдынғы сабақтан ҮІ тарауға қысқаша түсінік сұрау.

  1. Қай элемент ең белсенді металл болып табылады? Неге? (цезий (Сs) атомынан сыртқы электрон жеңіл үзіледі, сондықтан Сs – ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.)
  2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті. (кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді. Олардың тығыздығы аздау кубтық көлемі ценрлі тор типі бойынша кристалданады. Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті олар жұмсақ. бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы                          литиден цезийге қарай төмендейді)
  3. Натрий, калий, кальций және магнийдің графиктік формуласын жазындар. Табиғатта таралуы. (мұхит, өзендерде, көлдерде, Арал теңіздерінде)
  4. NaCL – ас тұзы,

      Na2SO4 – натрий сулфатын, шыны, сода, медицинадақолданылатын, глаубер тұзы             деп аталады.

      Na2CO3 – натрий карбонаты ол сабын қайнатуда, мата, тері, фармацевтика өнеркәсіптерінде, шыны, альюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет.

      NaНCO3 – натрий гидрокарбонатын тағам немесе ас содасы, медицина және кондитер өнеркәсібінде қолданылады.

      NaNO3 – натрий нитраты, натрий селитрасы немесе азот тыңайтқыш  ретінде қолданылады.

      КNO3 – калий немесе чили селитрасы күрделі тыңайтқыш, құрамында екі қоректік элемент – азот және калий бар.

      КCLO3 – бертолле тұзы сіріңке шырпылырының басында болады, оны химиялық өнеркәсіпте кұшті тотықтырғыш ретінде қолданылады.

      КMnO4калий перманганаты немесе «марганцовка» кез келген дәріханада бар, лабораторияда оттек алу үшін қолданылады.

  1. Әрбір реакцияның жүру жағдайын көрсетіңдер:

      1. Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL → Na

    • 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2
    • 2NaOH + CO= Na2CO3 + 2H2O
    • Na2CO3 + CaCL2  =  Ca CO3 + NaCL
    • NaCL  =  Na + CL

             2. Са  →  СаО →  Са(ОН)2  →  СаСL →  Са

             3. Mq → Mq O  →  MqSO →  Mq(NO3)

  1. Магний силикаты – асбест – бұл не? Тұрмыста қолданылуы.
  2. Кальций сипаттама бер, сөндірілмеген әктің формуласы. Табиғатта таралуы.
  3. Неге жаңбыр суы жұмсақ. Өзен суы кермек?
  4. Қандай жолдармен калций мен магний тұздары өзен суларына түседі?

Студенттерді білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Студенттермен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Студенттердің алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

- студенттердің  білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

- студенттерді білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- студенттердің материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

      d  -элементтерге жалпы сипаттама

Білімді жаңғырту. (Актуализация ): 

·         Қандай элементтер d-элементерге жатады?

·         Сендер білесіңдер ме?

·         Оларды қалай атайды?

·         Оларда қанша валентті электрон бар?

·         Мыс элементінің латынша аты қандай?

·         Және неге олай аталған?

(Мыстың латынша атауы - купрум. Ежелгі римдіктердің мыс кен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан.)

Химиялық  элемент мысқа атом құрылысы тұрғысынан сипаттама бер.

ІІ. Жаңа білім беру.

             d-элементтерінің басты химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон болуымен анықталады. Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда екінші қабатқа түсіп, d- деңгейшені толтырады. Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу дәрежесін көрсетеді.

Мыс ІБ топ элементі. Оның электрондық формуласы:

+29 Сu       1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d10 4s1

Мыс атомында оныншы d-электрон төртінші s-деңгейшеден «құлап» түсуі нәтижесінде үшінші d-деңгейшеге өтеді, сондықтан бұл электрон қозғалғыш.

Табиғатта таралуы. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,01% массаны құрайды. Ол саф күйінде және қосылыстар түрінде кездеседі. Маңызды минералдары: халькопирит-СиFeS2, малахит-CuCO3* Cu(OH)2, куприт-Cu2O жатады. Қазіргі өнеркәсіптік кен орындарында кендер тек бір ғана мыс миниралдарынан тұрмайды. Олардың құрамында, әдетте, темір және түсті металдардың қосылыстары болады.

         Тас ғасырында адамның бірінші танысқан металы ( шамамен 6 мың жыл бұрын Ежелгі шығыста, шамамен 4 мың жыл бұрын Европада) мыс болсы керек. Ол табиғатта саф күйінде кездеседі. Өте ірі саф күйінде табылған мыс 420тонна болды. Саф мыс басқа металдарға қарағанда едәуір көп таралған. Сондықтан адам құрап жасау үшін алғаш рет саф мысты пайдаланған.

Мысты металургиялық балқумен адамның өте ертеден таныс екені туралы деректер бар. Египетте мысалы, б.з.д. ІҮ мңжылдықта Синай түбегінде мыс кендерін өңдеген. Ертеде мыс кендері Кипр аралында белгілі болған. «Купрум» сөзі мыстың латынша атауы, ежелгі римдіктердің мыскен орындары болған Кипр аралының атауынан шыққан деген сөз.

            Еліміз түсті металдар кеніне, оның ішінде мысқа бай. Мыс кені қорының үлкен бөлігі Жезқазған маңында, сондай-ақ Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе обылыстарында, Кенді Алтайда. Мыс Балқашта және Жезқазған тау – металургия комбинатында өндіріледі.

Алынуы:

2Cu2S+3O2 ═ 2Cu2O+2SO2

2Cu2O+Cu2S ═ 6Cu+SO2

Физикалық қасиеті:

Мыс – ашық қызғылт түсті жылтыр металл, тұтқыр, жеңіл созылады. Балқу температурасы – 1083 °С. Тығыздығы – 8,9 г/см3. Электр тоғын (күмістен кейін) жақсы өткізеді.

 Химиялық қасиеттері: Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс өзгермеейді. Өйткені қосылыстың қорғаныш қабықшасымен қапталады, оның құрамы ауадаға қоспа заттарға тәуелді.

Жай заттармен әрекеттеседі. Мыс – галогендермен оңай әрекеттеседі:

Cu+Cl2 ═ CuCl2

2Cu+O2 ═ 2CuO

Cu+S ═ CuS

Мыс сутекпен және азотпен қыздырғанда да әрекеттеспейді.

Күрделі заттармен:

Cu+2H2SO4 ═ CuSO4+SO2+2H2O

Cu+4HNO3 ═ Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O

Конц

Cu+8HNO3 ═ 3Cu(NO3)2+2NO↑+4H2O

сұйыл 

Сu+2AgNO3 ═ Cu(NO3)2+2Ag 

Мыс қосылыстарын анықтау. Мыс және оның ұшқыш қосылыстары жалынды көк жасыл түске бояйды. Тұздарына сілті қосқанда мыс гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзіледі.
Cu2+ + 2OH- ═ Cu(OH)2

Мыстың биологиялық рөлі. Өсімдік және жануарлар организімінде мыстың мөлшері шикізатқа есептегенде 10 -5 %-ке  дейін аралықта болады. Мысқа кейбір омыртқасыздар – былқылдақденелілер мен буынаяқтылар (теңіз шаяндары, кальмарлар, сегізаяқтылар) бай болады. ХІХ өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: көгілдір түс қанда мыстың болуын көрсетеді. Ол адамның қанында 0,001 мг/л мөлшерде болады. Жануар мен адам организмінде мыс бауырда консентрленеді. Ол қан түзу просесіне қатысады, тотығу процесін күшейтетін көпдеген ферменттердің құрамына кіреді, көмірсу алмасуын, гемоглабин  және майлар синтезін, витаминдердің түзілуін қамтамасыз етеді.

Мыс өсімдіктерге де қажет. Ол фотосинтез процесіне қатысатын маңызды микроэлементтердің бірі және өсімдіктердің азотты сіңіруіне әсер етеді. Адам организмінде мыс жетіспесе,  қаназдық (анемия) ауруы пайда болады, ал өсімдіктерде мыс жетіспесе, олардың дамуы және жеміс беруі нашарлайды. Бірақ, оның артық мөлшеріде зиянды. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы. Мыс қосылыстарын өсімдіктердің зиянкестеріне және саңырауқұлақтарға қарсы күресте қолданылады.

Қолданылуы:

  • Электр тогын өткізетін қондырғылар жасауда;
  • Металдық қаптаулар алуда;
  • Әр түрлі заттардың металдық көшірмесін алу үшін;
  • Әсемдік бұйымдар дайындауда,
  • Полиграфияда, мыс қалыбын жасауда;
  • Радиотехникада қолданылады.

ІІІ. Қорытындылау.

1.Жай зат ретінде мысқа сипаттама беріңдер

2.Мыс атомының құрылысын сипаттаңдар

3.Мысты қандай қосылыстарынан және қандай әдістермен алады?

4.Мыс қандай реакцияларға түседі?

5.№ 6 есепті шығару.

ІҮ. Студенттің білімін бағалау.

№ 6 есеп 

Бер: m(Fe)=10г

Т/к: m(Cu)

10г   Хг

Шешуі: Fe+CuSO4= FeSO4+Cu

56г    64г

Х=10*64/56=11,4
Жауабы: 11,4г

Ү.Үйге тапсырма: §7.1 оқу. № 7 есеп

 

Лаборотория кабинетіндегі құралдардың жетіспеуінен кейбір тәжірибелерді электрондық және видиоролик түрде көрсету арқылы, топтарға бөлінумен сұрақ-жауаптарға, есептерге, реакциалық теңдеулерді жіктеуі арқылы студенттердің қызығушылығын арттырып, ізденуге бейімделеді. Дәптермен жұмыс жасатып бір-бірлерін тексеру арқылы  бағалап жұмыстар жүргіздім.

Мәдениеттанымдық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті) Оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу)  Коммуникативті құзіреттілік (адамдармен өзара қарыс-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болу). Білім сапасы білім, біліктілік, дағды, тұлғаның қасиеттері, қабілеттерімен бағаланса, тұлға педагогикалық объект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын адам тәжірибесі ретінде қарастырылады.

Оқытушы мен студенттің арасындағы байланысын, қызметтік-тұлғалық деп айту артық, өйткені оқытушы үшін ең бастысы студенттің тұлғалық қасиеттері, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы емес, олардың жетістігі болып табылады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы В.Дьяченконың топпен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданамын.

Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:

- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру

- жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу

- ойлау қабілетін дамытатын есептер беру

- қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру

- студенттердің теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру. 

Бұл технологияның тиімділігі сол, студенттің әсерлену жүйесі қалыптасады. 

Топпен оқыту технологиясын қолдана отыра төмендегідей нәтиже күтемін:

Мен сабақ барысында студенттердің қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, студенттің ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде, оларды баурап алу үшін ойындармен  студенттердің қызығушылығын, талабын ұштап, қиялын дамытамын. Сабақ барысында студенттерді біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін “Дөңгелек үстел” “ХХІ ғасыр көшбасшысы “, «Кім көп біледі», оқыта үйрету ойындарын қолданамын. Ойын элементтерін пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын арттыруға өткізген сабактарым: “ХХІ ғасыр көшбасшысы “ тақырыптағы апталық сабағында І курс және ІІ курс аралықтары бойынша ұйымдастырылып өткізілген сайыста әр оқушының жеке білімін химия сабағына деген көзқарасын өзгертеді. 

І кезең. БӘЙГЕ

ХИМИЯ

Электромагниттік диссоциация теориясын ашқан кім? (С.Арриениус)

Металдардың бұзылуын, жемірілуін не деп айтады? (Коррозия)

Химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек (Атом)

Ауа құрамындағы негізгі элементтерді ата (Оттегі, азот)

Химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттың массасына тең. Бұл қай заң? (Зат массасының сақталу заңы)

ФИЗИКА

Жер төңкергіш ғалым? (Архимед)

Ток күшін өлшейтін құрал?(Амперметр)

Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама? (Энергия)

Күн жүйесіндегі ең ірі планета? (Юпитер)

Электр заряды жоқ бөлшек? (Нейтрон)

ГЕОГРАФИЯ

1.Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері қалай аталады ? (Саға)

2. Ең үлкен арал ? (Гренландия)

3. Батыс Европа елдерін ата? (Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Ав­стрия)

4.Антарктида материгін ағып өтетін суық ағын ? (Батыс желдер суық ағысы)

5.Ш.Уалиханов туған жерге қандай үлес қосты? (Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым)

БИОЛОГИЯ

1. Қанттың мөлшерін реттеп отыратын гормон? (инсулин)

2. Жұқпалы аурудың жаппай таралуын қалай атайды? (эпидемия)

3. Организм мен мүшелерінің қызметін зерттейтін ғылым? (физиология)

4. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі. (дендрит)

5. Организмнің құрылысын зерттейтін ғылым (анатомия)

ІІ кезең. ПОЛИГЛОТ (жұмбақтар)

ХИМИЯ

Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге (су-вода-water)

Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсыз (ас тұзы-соль- solt)

Өзі жылтыр күмістей

Жұмсақтығы тағы бар

Жеңілдігін ескерсең

Пайдаланар жер табылар (алюминий-алюминий- aluminium)

Машина мен трактордың жаны

Қара металургияның наны (темір-железо-iron)

Ең жеңіл элемент саналады

Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутек-водород- hydrogen)

 

ФИЗИКА

Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланады күн сайын жарық үшін (ток-ток-energi)

Суға салсаң батпайды

Отқа салсаң жанбайды (мұз-лед-ice)

Өзі затты құрайды

Теңгеруге таразыны сұрайды (масса-масса-netto)

Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

Өлшемдерін қарасам

Ньютонға ол келеді (күш-сила-strong)

Жәй көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді (молекула - молекула-moleсule )

 

ГЕОГРАФИЯ

1. Ол келсе орман шулайды

Толқып теңіз тулайды

Қуса, өзін қуады

Ешкім оны қумайды (жел-ветер-wind)

2. Қара таудың басында, киік кетіп барады

Қол аяғы бауырына, тиіп барады (тұман-туман-fog)

3. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа-воздух-air)

4. Көк қарбызым қойған жерде биік тұрады

Сол қарбызға бүкіл әлем сиып тұрады (глобус-глобус-globe)

5. Алауға оранып, көкке өрлеп шығады

Бір айналып оралып, көкжиекке бұғады (күн-солнце-sun)

БИОЛОГИЯ

1. Денесін жерге тығады

Шашы жерден шығады

Қызғылт-сары қазықты

Кім бар кәне ұғатын (сәбіз-морковь-carrot)

2. Отыз көйлек киінген

Бір түйме жоқ ілінген (орамжапырақ-капуста-cabbage)

3. Суда сайраңдайды

Құрғақта қайраңдайды (балық-рыба-fish)

4. Сырты жасыл қап-қатты

Іші қызыл тәп-тәтті (қарбыз-арбуз-watermelon)

5. Теңбіл шұбар терісі

Шөлдегі аңның иісі

Жонында жолы бар

Бұл қай жануар (жолбарыс-тигр-tiger)

ІІІ кезең.  ДЕҢГЕЙЛІК СҰРАҚТАР.

ХИМИЯ

1.Қазіргі кезде техника мен тұрмыста кең қолданылатын металл XIX ғасыр аяғында күмістен 300 есе қымбат болған металды ата? (Алюминий)

2. 20%-тік 200г ерітіндіде неше грамм тұз болады? (40г)

3. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? (Ауадағы азот күкірт оксидтерінің газдары жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі)

4. Қазақстандағы химик ғалымдарды ата? (Бірімжанов Б.А.; Нұрахметов Н.; Батталова Ш.Б.)

ФИЗИКА

1. Табиғи жарық көзі не? (Күн)

2. Қиярды тұздау қандай құбылысқа негізделген? (Диффузия)

3. 54км/сағ неше м/с бар? (15м/с)

4. Космостан Жерге жеткен қазақ әні? (Абайдың әні «Көзімнің қарасы»)

ГЕОГРАФИЯ

1.Сағаттық белдеулер? (Бір белдеудегі уақыт бірлігі)

2. Шығыс Еуропа жазығының қай болігі Қазақстанда? (Оңтүстік-шығыс)

3. Батыс Сібір жазығының үстін баса келетін ауа массасы? (Солтүстік Арктикалық)

4. ЮНЕСКО тізіміне енген ерекше қорғалатын батпақты шөлдегі қай қорық? (Наурызым)

БИОЛОГИЯ

1.Тұқым қуалаушылық белгіні сақтап, атадан балаға жеткізетін органоид? (Хро­мосома)

2.Ішкі секреции бездерінен бөлінетін биологиялық активті зат? (Гормон)

3.Дене бұлшықеттерінің үйлесімді қимылын реттейтін ми бөлігі? (Мишық)

4.Сыртқы және ішкі тітіркенуге орталық жүйке жүйесі арқылы организмнің жауап қайтаруы қалай айтылады? (Рефлекс)

IV кезең. ЖОРҒА

1. 1.Периодттық жүйеде неше период бар? (7)

2. Қалыпты жағдайдағы көлем қаншаға тең? ( 22,41)

3. Ауаның құрамы? (78% азот, 21% оттегі)

4. Неше бейметалл бар? (22)

5. Грекше «фюзис» қандай ұғымды білдіреді? (табиғат)

6. Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)

7. Ең бірінші ғарышқа ұшқан кім? (Ю.А.Гагарин)

8. Күн құрылысында қанша планета бар! (8)

9. Қазақстанда қанша көл бар? (48000)

10. Қазақстан Республикасының жер көлемі? (2.7 млн шм)

11. Қазақстанда қанша облыс бар ? (14)

12. Қазақстанда неше қала бар? (81)

13. Адам қаңқасы неше бөліктен тұрады? (3)

14. Сүйектің өсуі неше жыл? (22-25)

15. Омыртқа жотасы қанша омыртқадан құралады? (33-34)

16. Калийдің атомдық салмағы? (39)

17. Алюминийдің тотығу дәрежесі? (+3)

18. Неше асыл газ бар? (6)

19. Заттың ең кіші бөлшегі? (молекула)

20. Пішіні мен көлемін сақтай алмай қандай күйге тән қасиет? (газ)

21. Уақыттың өлшем бірлігі? (секунд)

22. Оңтүстік Қазақстанда неше аудан бар? (12)

23. Шет елге шығаратын тауар? (экспорт)

24. Қара топырақ Қазақстанның қай бөлігінде? (Солтүстік)

25. Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары? (полиметалл)

26. Адам қаны неше топқа бөлінеді? (4)

27. Қанның айналу уақыты? (27 сек)

28. Ұлпалар нешеге бөлінеді? (4)

29. Адамның пайда болуы қанша кезеңге бөлінеді? (4)

30. Ересек адамда неше литр қан болады? (4)

31. Периодтық жүйе қай жылы ашылған? (1869 ж)

32. Химиялық қосылыстар неше класқа бөлінеді? (4)

33. Күкірттің атомдық салмағы? (32)

34. Негіздік оксид сумен әрекеттескенде түзілетін қосылыс? (сілті)

35. Екінші қазақ ғарышкері кім? (Т.Мұсабаев)

36. Бір сағатта қанша минут бар? (60 ми­нут)

37. Грекше «астрон» қандай ұғымды бідіреді? (жұлдыз)

38. Массаның өлшем бірлігі? (килограмм)

39. Қазақстанда жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Арал, Балқаш )

40. Экология терминін ең алғаш ғылымға енгізген кім? (Эрнст Геккель )

41. Жердің тіршілік қабаты? (биосфера)

42. Су, жасушаның қанша пайызын құрайды? (65%)

43. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері қаншы мг? (0,5-20)

44. Ұйқы безінің ұзындығы қанша? (15-22)

45. Адам дене жасуларында хромасомалардың саны? (46)

46. Қышқылдық оксид сумен әрекеттескенде түзілетін қосылыс? (қышқыл)

47. Екі галогенді ата? (хлор, бром)

48. Ас тұзын суда еріткенде қандай орта түзеді? (бейтарап)

49. 36 км/сағ – та неше м/с бар? (10 м/с)

50. Заттың неше күйі бар? (3)

51. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау заттың қандай күйіне тән қасиет? (қатты)

52. Қазақстандағы қорық саны? (10)

53. Қазақстандағы ең үлкен көл? (Каспий)

54. Ақмола облысындағы қорық? (Қорғалжың)

55. Дәнекер ұлпасы нешеге бөлінеді (5)

56. Адам денесінде неше пайызын су құрайды? ( 80% )

57. Ересек адамның миының салмағы қанша? ( 1400-1500 г )

58. Ұзындықтың өлшем бірлігі? (метр)

59. Cl нешінші топшада орналасқан? (7)

60. Қазақстанда жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Батыс Алтай 1600 мм)

61. Қазақстанның ең көп шекарасы қай ел­мен шектескен?(Ресеймен)

«Негіздер, қышқылдар, тұздар және оксидке», «Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер» т.б өткен тақырыпты пысықтау, үй тапсырмасын тексеру кезінде пәнге қызығушылығын арттыру үшін сұрақ-жауап ретінде миға шабуыл, кім жылдам, біліміңді байқап көр, формулалар сайысы, Бейне сұрақ, Химик сараман, Жарқыраған шың т.б ойын элементтерін қолданып белсенділігін арттырамын. Тірек сызба, семантикалық карта толтыру, эстафеталық сұрақтар, лото ойындарын шештірту арқылы, электрондық оқулықтарды пайдалана отырып студенттердің есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытамын. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып тақырыпқа байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты бекітемін.

Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған студенттермен қосымша сабақтар, колледжден тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері студент білімін бекітуге қайталауға, жүйелеуге мумкіндік береді. Сонымен қоса оқытушы мен студенттердің уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды студенттердің білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Студент білімін бағалауға эксперттік комиссия қабылдаған сапаны анықтау жүйесін қолданамын. Егер жауап-75%-дан жоғары болса-жақсы, -50%-ға дейін қанағаттанарлық, -50%-дан төмен-білім деңгейі төмен студент білімін бағалауға студенттердің жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, студент қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып, қорытынды бағасын шығарып отырамын. Осындай тәжірибе арқылы студенттердің білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.                              
 Соның ішнде химия сабағында жаңа ақпараттық – компьютерлік технологиялыарды пайдаланамын, сондай жүйелердің бір түрі интерактивті құрал, яғни

Интерактивті әдістерге:

1. Проблемалық шығарма әдістері 

2. Презентациялар

3. Пікір-таластар

4. Кейс-стадийлер

5. Топпен жұмыс

6. Миға шабуыл әдісі

7. Сын тұрғысынан ойлау әдісі

8. Викториналар 

9. Мини зерттеулер 

10. Іскерлік ойындар 

11. Рөлдік ойындар 

12. Инсерт әдісі (белгілеулер әдісі, 7-10 минут ішінде студенттер эссе жазады).

13. Блиц-сұрақтар әдісі

14. Анкета алу әдісі т.б.

 Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда колледжден тыс шаралардың маңызы зор. Студенттердің химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп студентті қызықтыратындай химиялық ойындар викторина шешу, ребус, кроссворд құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет.

Қорытынды: Осы орайда, студенттердің шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген колледжден тыс жұмыстар: «Кім көп біледі?», «ХХІ ғасыр көшбасшысы», т.б ойындар. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, студенттердің білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп студент кұзырлығын дамытамын. Сонымен топпен оқыту технологиясы баланың жеке тұлғасын пән арқылы дамытуға қолайлы тұлғаның білім, біліктілік дағдысын қалыптастырады деп ойлаймын.

Сөзімді: Құзырлылық адамның ол рухани байлылығы,

   Бәсекеге кез келген сайлылығы.

   Кәсіби қызметінің биігінен,

   Көрінеді тек ұстаздың балаға жайлылығы- деп аяқтағым келеді. 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Е.Т. Акитбаев. 2006. 15 бет 
2. «Топпен оқыту технологиясы» В.К.Дьяченко. м. 1991.

3. «Вестник оброзавания» № 6 2002 ж. 55 бет

4. «Педагогическая технология в учебном процессе» М.В. Кларин  м. 1989 ж. 17 бет 

5. «Педогогический менеджмент» В.П.Симонов  м. 1997

6. «Виды обшения в обучении» Г.А.Цукерман – м. 1993

7. «Компетентностно деятельностны подход общего образования №1 2003 ж. 44-45 бет

8. Сабыров Т.С Оқыту технологиясының негіздері Алматы Республикалық баспа кабинеті 1993,

4 бет

9. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. Қ. Жүнісханов. 2008. 3 бет, 39 бет.

10. «Мастер класс»- журналы Алматы 2007 ж.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуда оқытушының құзіреттілігін дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 485
    • DOCX 5.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кененбаева Жадыра Жуманкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39784
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1713 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек