Технология (қыздар). Сабақ тақырыбы:" Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары". Сыныбы: 7

Предпросмотр материала:

Технология (қыздар)

Сабақ тақырыбы:   Қазақстан халықтарының  дәстүрлі тағамдары    

Сабақ мақсаты: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік  дағдыларын  қалыптастыру.

Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту.    

Тәрбилігі: Ұлт –жандылыққа  ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. сәлемдесу

ІІ. Жаңа сабақ барысы

Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді (айран құйса даболады). Қамырды иін қандыра қатты илеп қоя тұру керек. Содан кейін қамырды жазып, төрт бұрыштап кесіп немесе жіңішкелеу етіп есіп алып, содан кейін кессе да болады. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады. 4-5 стақан бидай ұны, 1стақан сүт (немесе су), 1 шай қасық тұз, 2 ас қасық сары май, 2 жұмыртқа керек.Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі. 4-5 стақан бидай ұны, бір ас қасық ашытқы, 2 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз, 1 стақан сұйық май, 1 стақан сүт (немесе су), 2 жұмыртқа.

         

III.Қорытынды нұсқау

Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:

5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.

 Үй тапсырмасы:

 

Краткое описание материала

Технология (қыздар). Сабақ тақырыбы:" Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары". Сыныбы: 7

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Азизова Айман Хожагалиевна

Педагог-организатор

  • На сайте: 10 лет и 8 месяцев
  • Всего просмотров: 30507
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 20
  • 30507
    просмотров
  • 20
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Азизова Айман Хожагалиевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: