Инфоурок Дошкольное образование ТестыТема урока :: Сауат ашу

Тема урока :: Сауат ашу

Скачать материал

Сауат ашу

Мектепке даярлық тобының күнтізбелік – тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

Қолданылатын көрнекілік

Сағат саны

1

Балабақша (әңгіме құрастыру)

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді және сол арқылы әңгіме құрастыруды үйрету. Балабақшада балаларды өзара сыйластық, достық қарым – қатынасқа үйрету.

Ойын, оқу  іс – әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастыру және сабақ барысында кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Балабақшаның іші, топ алаңдарының суреттері, слайдтар.

1

2

Күз кереметі (әңгіме құрастыру)

Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. «Күз кереметі» атты сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды үйрету.

Жемістер мен көкөністердің пайдасы туралы мағлұмат беру.

Күз мезгілі бейнеленген және көкөніс пен жемістердің суреттері, слайдтар.

1

3

Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.

Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары мен үй құстары туралы білімдерін кеңейту және сабақ барысында сұрақтарға жауап бергізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Ауылдың көрінісі бейнеленген суреттер, үй жануарлары мен үй құстарының суреттері.

1

4

Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Жабайы аңдардың суреттері.

1

5

Сөйлеммен танысайық.

Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөніндегі мағлұмат беру.

Ойыншықтар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер

1

6

Сөзбен танысайық. Сөздер мен дыбыстар.

Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Сөздің дыбыстан құрастынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

Ойыншықтар, суреттер, фланелеграф, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

1

7

Буынға бөлейік.

Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға айтылған сөздерді жолақша (ақ қатты) қағазбен және сөздердің ұзынды, қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету. Есту қабілеттерін жетілдіру. Танып – білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойыншықтар, түстері әртүрлі, мөлшерлері бірдей екі машина, аю, қуыршақ, текше.

1

8

Дыбыс және әріппен танысайық.

Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Балалардың ойын дамыту, сөздік қорын молайту. Балаларды үй жануарларын сүюге, қамқорлық жасауға үйрету.

Сюжеттеу суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

1

9

Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Балаларға дауысты дыбыс ерекшелігін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы дауысты дыбыс туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Кестелер, кеспе әріптер, суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

1

10

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту. Сөйлеу тілін жетілдіру.Ой – өрісін дамыту. Ұқыпты, таза, көркем жазуға дағдыландыру.

Дидактикалық материалдар, еңбек құралдарының суреттері, қима әріптер, тірек сызба, суреттер.

1

11

А а дыбысы және әрпі

Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. А дыбысымен таныстыру.

Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларға а дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы олардың сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

1

12

Т т дыбысы және әрпі.

Т дыбысы және әрпімен таныстыру, бірнеше сөзден тұратын сөйлем құрастыруды және сөдерді буынға бөлуді үйрету. Әдемі жазуға баулу және білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

1

13

П п дыбысы және әрпі

П дыбысы және әрпімен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем қарастыра білу дағдыларын дамыту.Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға  баулу. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін арттыру.

Парта, піл суреттері, кеспе әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.

1

14

Н н дыбысы және әрпі.

Н дыбысы және әрпімен таныстыру. Сұрақтарға бірден жауап бергізу арқылы ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Әліппе, сурет, кеспе әріптер, қима буындар: ла, ну, на, нау.

1

15

Ғ ғ дыбысы және әрпі

Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балаларға ғ дыбысына мысалдар келтірткізу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін білімдерін бекіту.

Кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

1

16

Р р дыбысы мен әрпі

Өткен әріптер еске түсіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Р дыбысы және әрпімен таныстыру, өз бетінше сөз, сөйлем құрастыра білу дағдыларын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.

Шар, ара суреттері, кеспе әріптер, буындар, текшелер, иттің суреті.

1

17

Л л дыбысы және әрпі

Л дыбысы және әрпімен таныстыру. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Мал төлдерін сүйе білуге, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер.

1

18

У у дыбысы және әрпі

У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу.

Әріптер, буындар, текшелер, әріп элементі.

1

19

Ш ш дыбысы және әрпі

Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш  айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ш дыбысына мысалдар келтіргізу арқылы сөздік қорларын толықтыру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Әріптер, буындар, текшелер.

1

20

Й й дыбысы және әрпі

Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысы кездесетін сөз құрату. Балалардың ой – өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Кеспе әріптер, суреттер.

1

21

О о дыбысы және әрпі.

О дыбысы және әрпімен таныстыру. Құрамында  о дыбысы бар сөздерді талдау; о дыбысын дұрыс  дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту, о дыбысы кездесетін сөздерге  мысалдар келтірту, сол сөздерді қатыстыртып, бірнеше сөйлем құрату. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба кесте.

1

22

Қ қ дыбысы және әрпі

Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларды анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті ойын арқылы балаларды ата – бабамыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.

Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба кесте.

1

23

Д д дыбысы және әрпі

Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Д дыбысы кездесетін сөз ойлап, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырту арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.

Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба кесте.

1

24

М м дыбысы және әрпі

М дыбысы және әрпімен таныстыру, оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру. Дұрыс оқуға төселдіру. Достыққа тәрбиелеу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар

1

25

Б б дыбысы мен әрпі

Б дыбысы және әрпімен таныстыру. Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Кеспе әріптер, касса, сүреттер, текшелер

1

26

С с дыбысы және әрпі

Өткен дыбысты қайталата отырып, алған білімдерін бекіту. С дыбысы және әрпімен таныстыру; сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Кеспе әріп кассасы, түрлі түсті суреттер, «жұмбақтар» кітапшасы, с дыбысының баспа және

жазба түрі. 

1

27

Ы ы дыбысы және әрпі

Жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың ойлауын, тілін дамыту. Тазалыққа, еңбекке баулу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

28

Ж ж дыбысы және әрпі

Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

29

Ұ ұ дыбысы және әрпі.

Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

30

Ң дыбысы және әрпі

Құрамында ң, н дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйрету. Ң дыбысы және әрпімен таныстыру. Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

31

Е е дыбысы және әрпі

Құрамында е дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйрету. Е дыбысы және әрпімен таныстыру.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

32

К к дыбысы және әрпі

Құрамында к дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуді үйреу. К дыбысы және әрпімен таныстыру. 

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

33

І і дыбысы және әрпі

Құрамында і дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, і дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

34

Ә ә дыбысы және әрпі

Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Ә дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру және осы сөздерді қатыстыртып, сөйлемдер құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

35

И и дыбысы және әрпі

И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. И дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру және осы сөздерді қатыстыртып, сөйлемдер құрастырту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балаларды таза, ұқыпты жүрүге тәрбиелеу. Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Суреттер, қима әріптер мен буындар.

1

36

З з дыбысы мен әрпі

З дыбысы және оның таңбасымен таныстыру. Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөлдіру және сурет арқылы заттың атату арқылы ойлау қабілеттерін арттыру мақсаты көзделеді.

Кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер

1

37

Ө ө дыбысы мен әрпі

Ө дыбысы және әрпімен таныстыру. Бір сызықтың бойына ө әрпін жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау. Ауызша сөйлеу тілдерін дамыту.

Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте

1

38

Ү ү дыбысы мен әрпі

Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте

1

39

Г г дыбысы мен әрпі

Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорларын молайту. Г дыбысы сөздің қай буынында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату барсында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Мақсатты ойын арқылы білімдерін тиянақтау.

Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте

1

40

Я дыбысы және әрпі. Ю дыбысы және әрпі.

Балаларға я, ю дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Я, ю дыбыстарының қосарлы дауысты дыбыстар екенін мысалдар келтірту арқылы түсіндіру. Әртүрлі ойын ойнату, сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлануын дамыту. Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Кеспе әріптер, текшелер, суреттер, сөзжұмбақ

1

41

Х дыбысы және әрпі. Һ дыбысы және әрпі.

Сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып, сөйлемсөз құрастыру және оны талдауға үйрету. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту.

Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

1

42

В дыбысы және әрпі. Ф дыбысы және әрпі.

В,Ф дыбыстары және әріптерімен таныстыру. В,Ф дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтірту  арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Сюжеттік – рөлді ойын арқылы балалардың ой – өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

1

43

Ё дыбысы және әрпі. Э э дыбысы және әрпі.

Ё және э дыбыстары мен әріптерімен таныстырып, балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Кеспе әріптер, суреттер, текшелер.

1

44

Щ щ дыбысы мен әрпі

Щ дыбысы және әрпімен таныстыру. Щ дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту ( буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту).

Кеспе әріптер, касса, монтер, елка, шахтер суреттері, әртүрлі  текшелер.

1

45

Ц ц дыбысы мен әрпі. Ч ч дыбысы мен әрпі.

Ц, ч дыбыстары және әріптерімен таныстыру. Ц, ч дыбыстары кездесетін сөздерге  мысалдар келтірту арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып, сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Аналогия бойынша қарым – қатынас орнату және ауыстыру қабілетін дамыту. Жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Кеспе әріптер, суреттер.

1

46

Жіңішкелік белгісі (ь). Айыру белгісі  (ъ)

Балаларды жіңішкелік белгісі (ь) және (ъ) айыру белгісімен таныстыру, таныту. Осы белгілер арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Айыру белгісі (ъ) бар сөздерді оқыту арқылы балалардың білімі мен ой – өрісін, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, таза әдемі жазуға дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Кеспе әріптер, суреттер.

1

47

Буындардан сөз құра. Сурет бойыншаәңгіме құрастыру.

Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету.Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеуге баулу. Отансүйгіштікке, достық қарым –қатынасқа тәрбиелеу.

Суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреті.

1

48

«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны

Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау. «Жоғалған буын» ойынын ойната отырып, сөздер ойлап, оларды қатыстырып сөйлем құруға және сөздерді дұрыс буынға бөлуді үйрету. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.

Әліпби, кеспе әріп кассасы.

1

                      

 

 

 

 

№1 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Балабақша

Мақсаты: 1. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету.Сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінің дамыту.

3. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым-қатынаста кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, слайдтар.

Сөздік жұмысы: байтағым, баулып.

Билингвальді компонент: балабақша-детский сад, қос қабатты-двухэтажный, жарық- светлый.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

                     Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.     Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрады. Жоғарыда шаңырақ ілінген. Балалар қолдарына түрлі түсті таспаларды алып, өз балабақшасына деген ізгі тілектерін айтады.

-         Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!

-         Менің балабақшамның іші ойыншықтарға толсын!

-         Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толы болсын»

 

Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.     «Кім боламын?» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала басқа балаларға «болашақта» кім боласын?» деген сұрақты қойып, олардан сұхбат алады. Балалардың қалауы бойынша «тілші» рөлі ауысып отырады.

3.     Тыныштық сәтін өткізу.

Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көз алдарына балабақшаның, ойын алаңың елестетеді. Аулада өсірп тұрған гүлдердің иісін иіскейді. Көздерін ашып, алған әсрлерін баяндайды.

4.     Дәптердің 4-5 беттегі  суреттер бойынша әңгіме құрастыру.

Тірек сөздер: ойын бөлмесі, тәрбиеші, ойыншықтар, ойын алаңы, құм, сырғанау, әткеншек, шелек.

5.     Н. Әлімқұловтың «Балабақшам – байлығым» немесе балабақша туралы басқа ақындардың өлеңін оқу. Өлеңнің мазмұнына сәйкес суреттер немесе слайдтар көрсетуге болады.

6.     Сергіту сәтін өткізу.

Бала, бала, баламыз,бақшамызға барамыз,

Күні бойы қызыққа батамыз да қаламыз.

Үйренеміз өнер біз, шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып, ән де айтып, би де билеп береміз.

(қимылмен көрсету)

7.     Дәптермен жұмыс.(4-5 беттер бойынша)

а) Педагог үзік сызықтарды қалай қосып сызу керектігін және штрихтауды тақтада көрсетеді. 5-беттегі үзік сызықтарды қосып сызу арқылы доптардың суретін салу және оларды бояу. Педагог балалардың жұмысын тексеріп, қалай сызу, штрихтау керектігін әр балаға көрсетіп жүреді.

 

Ойынға белсене қатынасу

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің айтқанын

орындау

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасау

 

 

Мұғалімнің

айтқанын орындау

 

 

 

 

Бірге айту,

қимылмен

көрсету

 

 

 

 

 

Дәптерде

штрихтау

жұмысын жүргізу

Рефлексивтікүзетушілік

Оқу іс-әрекеті барысында алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

 

Сұрақтарға

жауап беру

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: балабақша жайлы түсінік алу.

Нені игереді: дәптерге штрихтау жұмысын жүргізе алу.

Нені біледі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      №2 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Күз кереметі

Мақсаты: 1. Күз мезгілінің ерекшелігі туралы сөйлем, әңгіме құрастыру. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінің дамыту.

3. Күз мезгіліндегі адам еңбегін балаларға таныстыру арқылы, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің, көкөністердің суреттері, слайдтар.

Сөздік жұмысы: бау, бақша.

Билингвальді компонент: жемістер – фрукты, көкөністер- овощи, бақ – сад, бақша- огород.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

Кел,балалар, күлейік!

 Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

       Қадірлі боп жүрейік!

 

Әнді мұғаліммен бірге қосылып айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

     2.Жұмбактар шешу:

Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Бакшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)

Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

       3.Сөздік жұмысын жүргізу.

Бақ - әртүрлі ағаш ( алма ағашы,  өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша - көкөністер (қауын қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.

   4. «Дәміне карай ажырат» дидактикалық ойыны.

Ойыннын шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс  немесе көкөніс екенін табады.   

    5. а) 6-7-беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» такырыптарына әңгіме құрастыру. Педагог балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:                                                                      

-         Суретте кыс мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

-         Бақта не өседі? (Алма, алмұрт, шие, т.б.).

-         Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады?

(Жемістер).

ә) Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу, оларды бояу. (б-бет).

    6.«Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны.

Суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себеттің суреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызық арқылы себетке сызып көрсетеді.

   7.Дәптердің 7- бетіндегі көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. “Бірдей шелекті боя” тапсырмасын орындату.

    8.Сергіту сәтін өткізу.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ең далам,

Дариядай шалқып жүр.

 

Жұмбақтар-дың жауабын табу.

 

 

 

 

 

Мұғалімді мұқият тыңдау

 

 

 

 

Ойынға қатысып отыру

 

 

 

 

 

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру,

сұрақтарға жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасау

 

Ойынға белсене қатынасу

 

 

Дәптермен жұмыс жасау

 

 

Қимылмен көрсету

Рефлексивтікүзетушілік

Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы сабақтың тақырыптары пысықталады.

1.     Күздің қандай кереметін сездіңдер?

2.     Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі?

3.     Суреттен жемістерді атаңдар.

4.     Көкөністер қайда өседі?

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: күз мезгілі жайлы түсінік алу

Нені игереді: дәптерге штрихтау жұмысын жүргізе алу.

Нені біледі: күз мезгілін сипаттау, әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

                                  №3 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары.(Әңгіме құрастыру)

Мақсаты: 1. Ауыл туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

3. Үй құстары мен жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үй жануарлары мен үй құстарының суреттері, слайдтар.

Сөздік жұмысы: қармақ, күбі.

Билингвальді компонент: қармақ- удочка, табиғат – природа, күркетауық- индюк, үй жануарлары- домашние животные.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Мұғалімнің жетекшілігі-мен бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог балаларға сұрақтар қояды.

       - Бүгін ауа райы қандай?

- Айналада қандай өзгерістер бар?

 - Жылдың қай мезгілі?

 - Бір аптада неше күн бар?

 - Бүгін аптаның қай күні?

3. Тыныштық сәтін өткізу.

Балалар ыңғайланып отырып, үнтаспадан құстың сайрағанын, судың сылдырын, жапырақтардың шуылын және т.б. дыбыстарды тыңдайды және көздерін жұмып, табиғат аясын көз алдарына елестетеді.

4. Н. Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа да ауыл туралы әңгімені оқып беру. Әңгіменің мазмұнын ашуға қойылған сұрақтар:

-         Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

-          Бейбарыс кімнің қасында болды?

-          Атасымен бірге не істеді?

-           Шолпан кімнің қасында болды?

-          Әжесі екеуі не істеді?

-          Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

-          Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

-          Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен?

-          Шолпан қайда кетті?

-           Бейбарыс ше?

5.Сергіту сәтін өткізу.

Атамның алтын күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

 

6.Дәптермен жұмыс.

 а) 8-9-беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен  үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, цйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, тцйе, бота.

ә) Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суреттерін салу, бояу. Тауықтық балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолын қосып сызу (8-9-беттер).

7. «Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: үй жануарларының суреттері және жабайы аңдардыћ суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап үй жа­нуарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің айтқанын орындау, мұқият тыңдау.

 

 

Әңгімені мұқият тыңдау, әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсету,бір-ге айту.

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтікүзетушілік

8.Сұрақ-жауап, көрнекі және түсіндіру әдістері арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау.

- Балалар сендер де ауылға ата-әжелеріне қонаққа барасыңдар ма?

- Ауыл сендерге ұнайды ма? Несімен ұнайды?

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Үй құстарына қандай қамқорлық жасау керек?

-Үй жануарлары мен құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар?

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ауыл, ауылдың тыныс-тіршілігі туралы, үй жануарлары мен үй құстары жайлы түсінік алу.

Нені игереді: үй жануарлары мен үй құстарына қамқорлық жасау.

Нені біледі: ауыл жайлы әңгіме құрастыру, суреттермен жұмыс жасай білу.

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

                                №4 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Жабайы жануарлар (Әңгіме құрастыру)

Мақсаты: 1. Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Сөздік қорын, зейін –ынтасын  дамыту.

3. Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жабайы жануарлардың суреттері.

Сөздік жұмысы: жабайы аң.

Билингвальді компонент: аңдар- звери, жануар- животное, жабайы жануарлар- дикие животные.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,    

Ренжісуді білмейміз!

 

Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог балаларға төмендегі үлгідей сұрақтар қояды

-         Жабайы аңдарға нелер жатады?

-         Неліктен жабайы аңдар дейміз?

-         Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

3.«Хайуанаттар бағына орналастыр» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелген аңдарды торларға орналастыру керек. Суретте торлардың пішіні әртүрлі берілген. Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастыру керек.

4.Жұмбақтар шешу

 Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.

Шешуі:түлкі.

 

Өзіне болған қорған - орман, ішінде бар бір аң қорбаң- қорбаң.

Шешуі: аю.

5. Педагог жабайы аңдар қорегі туралы балалардан білетіндерін сұрайды. Өзі толықтырып түсіндіреді.

          Жабайы жануарлардың қорегі

Піл - ең үлкен жануар. Ол шөп, бұта сияқты өсімдіктермен қоректенеді.

Керік - ең биік жануар. Ол да өсімдіктермен қоректенеді. Тиін саңырауқұлақ, қарағайдың бүрінің дінін қорек етеді. Ол жазда қысқы азығын жинап қояды.

Жыртқыш аңдар өздерінен кіші, Әлсіз жануарларды аулап жейді. Мысалы, түлкі - өте иісшіл аң. Қар астында тығылып жатқан тышқанды жылдам тауып, ұстап алады.

Аю ормандағы жидектерді теріп, өзеннен балық ұстап жейді. Аю, кабылан, қасқыр - жыртқыш аңдар.

6.Ә. Дүйсековтың «Піл» өлеңін оқу, бірнеше бала өлеңнің мазмұнын қалай түсінгендерін баяндайды.

Піл әдісті біледі,           Тұмсығымен іледі

Піл көтергіш кран! - деп,

Бала біткен күледі.

7.Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастыру, тапсырмаларды орындау.

Суретте ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

Үзік сызықтарды қосып, түлкінің бейнесін салу және оны бояу.

Тізбекті жалғастырып сызу. (10-бет)

8.Сергіту сәтін өткізу.

Ормандағы аю-қонжық ұялардан бал іздеді,

Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды.

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді,

Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді,

Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.

.

 

Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

Жұмбақтар-ды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сұрақтарға жауап беріп, өз білетіндері-мен бөлісу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді тыңдау, не түсінгенде-рін айту.

 

 

 

 

 

Дәптердегі тапсырмалар-ды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қимылмен көрсету, бірге қайталау.

Рефлексивтікүзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың білімдері пысықталады.

1.                Жабайы аңдарға қандай қамқорлық көрсету керек?

2.                Жабайы аңдар немен қоректенеді?

3.                Сен қандай жабайы аңдарды көрдің?

Сұрақтарға белсене жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жабайы жануарлар, олардың тіршілігі жайлы түсінік алу.

Нені игереді: жабайы жануарларға қамқорлық жасау.

Нені біледі: жабайы жануарларға қатысты әңгіме құрастыру, өлең мазмұнын түсіндіру, жұмбақтармен жұмыс жасай білу.

 

   

 

                                   №5 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Сөйлеммен танысайық.

Мақсаты: 1. Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суреттер бойынша сөйлемдер құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Сөйлемдер құрату арқылы балалардың ой –өрісін дамыту.

3. Балаларды ұғымталдыққа, әдептілікке  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, жұмбақтар, буын- үлестірмелі текшелер.

Сөздік жұмысы: сөйлем.

Билингвальді компонент: нәзік-нежный, көлік- транспорт.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

-         Санжар, мен саған жақсылық тілеймін!

-         Жансая, мейірімді бол!

-         Бақтияр, мен саған денсаулық тілеймін!

 

Бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді.

Алақанын жазып.

3.Педагог гүлдің суретін көрсетіп тұрып, гүлге байланысты бірнеше сөз құрастыруын сұрайды.

-         Гүл. Өсті. Әдемі. Бақ.

-         Дұрыс. Енді осы сөздерді бір-бірімен байланыстырып ай­тып көрейік.

-         Бақта әдемі гүл өсті.

Педагог осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырғандарын, сөйлемді қалай құрастыру керектігін, яғни жасалу жолын үйренетіндіктерін айтады. Жетекші сұрақтар қояды.

-         Гүл қайда өседі?

-         Гүл бақта өседі.

-         Бақта қандай гүл өсіп тұр?

-         Бақта әдемі гүл өсіп тұр.

-         Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

-         Бақта әдемі гүл өседі.

-         Сөйлем бірнеше сөзден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысып тұрады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

 

4.Дәптерде берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыру. (Асқар ұшақпен ұшты. Айгул автобуста отыр. Ұшақ ұшты. Балалар трамвайға отырды).

Суретте бейнеленген көліктердің ішінен артық затты тауып қоршау. (Артық зат: парта. Өйткені, бірнеше көліктің суреті берілген. Парта көлікке жатпайды).

5.Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

 

6. Жұмбақтар шешу.

Жұмбақтардың шешуі болған сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.

1.Темір тұлпар гүрілдеп,

 Соқасын жүр сүйреп.

                                   (Трактор)

2.Темір арба жолы - темір жол,

Тек қала ішінде жүрер ол.

                                  (Трамвай)

7.Дәптердегі автобустың дөңгелегі мен терезесін штрихтау. 11-беттегі сызықтарды сызу. «Машинаны гаражға кіргізу» тапсырмасын орындату.

   Дәптердің 12-бетіндегі сурет бойынша әңгіме құрату және сол беттегі жазбаша тапсырмаларды орындау.

 

Жұмбақтың шешуін табу.

 

 

Мұғалімді зейін қоя тыңдау, тапсырмасын орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғаліммен бірге қайталап, қимылмен көрсету.

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптердегі штрихтау жұмысын орындау.

Рефлексивтікүзетушілік

8.Сұрақ-жауап әдісі арқылы сөйлем туралы алған білімдері пысықталады

Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: сөйлем жайлы түсінік алу.

Нені игереді: дәптердегі штрихтау жұмыстарын жасай алу.

Нені біледі: суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      №6 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Сөзбен танысайық. Сөздер мен дыбыстар.

Мақсаты: 1. Сөз, дыбыс туралы түсінік беру.Сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқу іс – әрекетінің барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар, үлестірмелі материалдар, текшелер, кеспе әріптер.

Сөздік жұмысы: сөз.

Билингвальді компонент: тоқылдақ-дятель, торғай- воробей, қарлығаш- ласточка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

-    Аспанымыз ашық болсын!

-    Еліміз тыныш болсын!

-    Шаңырағымыз биік болсын!

 

Дөңгелене тұрып, бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог балаларға «Не естідің?» дидактикалық ойыны арқылы оқу іс-әрекетін бастайды.

Ойынның шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және балғаның дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату.

3.Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады?

-     Дыбыс.

-      Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады, дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік. (Ба­лалар а жљне д дыбысын айтады. А дыбысының еркін айтылатынын, ал д дыбысының өзін айта алмайтындарын, оны «ды» деп айтуға болатындығын айтады).

Педагог балаларға дыбыс туралы толық түсіндіргеннен кейін, дыбыстардан сөз құралатынын айтады және сөз туралы мағлұмат береді. Мысал келтіреді.

«Ана» деген сөзге дыбыстық талдау жасалады. Ана сөзі үш дыбыстан тұрады. Балалардың өздеріне сөз құрату.

4.«Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны.

Ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айта­ды. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады. Сұрақтарға жауап беру.

 

5.Дәптердегі суреттердің (зымыран, машина, автобус, қоян,

 тоқылдақ, аю, қарлығаш, торгай, есік,кресло, шкаф) -айтқызып,  сөзде қанша дыбыс бар екенін анықтау. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып сызу.

Сөз құрату және дыбыстық талдау жасату. Мысалы: ара сөзі үш дыбыстан тұрады: а, р, а.

Дыбыс пен сөз туралы алған білімдері бойынша сұрақтар койылады. Балалардың жауаптарын педагог толықтырып оты­рады

 

Ойынға белсене қатынасу, қойылған сұрақтарға жауап беру.

 

 

Мұғалімнің

түсіндіргенін мұқият тыңдау, сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғаліммен бірге дыбыстық талдау жасауға үйрену

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

Рефлексивтік-түзетушілік

-Сонымен бүгін біз не үйрендік?

-Буын дегеніміз не?

-Әр буында неше дауысты дыбыс болады?

Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: сөз, дыбыс, буын жайлы түсінік алу.

Нені игереді: сөздерді буынға бөле алу, дыбыстарды дауысты, дауыссызға ажырата білу.

Нені біледі: ұжымдық жұмыстарды орындай білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 7 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Буынға бөлейік.

Мақсаты: 1. Буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балалардың ой-өрісін дамыту.

3.  Өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жабайы аңдардың суреттері, ойыншықтар, тірек-сызба, асықтар.

Сөздік жұмысы: буын.

Билингвальді компонент: піл-слон, күшік- щенок, түлкі- лиса, кітапхана- библиотека, дәріхана- аптека.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

-     Балалар, бізге қонаққа Жұмбақбай атай келіпті.

-     Кімнің атасы бар?

-     Атаға қалай көмектесеміз?

-     Атаны қалай құрметтейміз?

Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін:

-       Қарттар - біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, сыйлаймыз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кәне, қалай шешеміз? - деп атайдың қоржынынан жұмбақтар жазылып қыстырылған бірнеше асық алғызу  арқылы балаларға тапсырмаларды орындатады.

 

Дөңгелене тұрып жақсы тілектер ату, Жұмбақбай атайдың тапсырмасын орындау.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Суретті үлгі бойынша алма сөзіне дыбыстық талдау жа­сату.

-                  Сонымен, алма сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар.

 

-       Алма сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

-    Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тыңдаңдар.

-       Ал-ма, бірінші ал бөлігін ал буыны, ал екінші ма бөлігің -ма буыны деп айтамыз.

-Алма сөзі неше буыннан тұрады? Әр буынын атап айт.

-      Екі буыннан. Бірінші ал, екінші -ма буыны. Алма сөзін буындап айтқызу.

Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға бөліп айтқызу.

Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек.

Балалардың  өздеріне жеке сөздер ойлатып, буынға бөлдіріп, неше буын екенін айтқызу.

3.Өте жақсы, балалар. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ жасырмақшы.

Судан ол қорқады,

Бұдан кір қорқады.

Сабын сөзін буынға бөлгізу. (Са-бын)

4.Сергіту сәтін өткізу.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

 

5.Енді, балалар, сендерге атайларың «Қай буынды жоғалттым?» ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буы­нын тауып жіберейік.

-  Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің соңғы буынын табасыңдар.

Мысалы: са-ғат                      а-ғаш

мы-сық,  кү-шік т.б.

    Дәптермен жұмыс: (піл, доп, қаз, мы-сық, түл-кі, кү-шік, арыс-тан, кө-бе-лек, жа-пырақ, кі-тап-ха-на, дә-рі-ха-на) суреттегі сөздерді буынға бөлу. Неше буыннан тұратынын айту керек.

Үзік сызықпен берілген дөңгелектерді сызып шығу. (14-бет)

Сөзге дыбыстық талдау жасату, берілген сөздерді буынға бөліп айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін табу.

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге айту, қимылмен көрсету.

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

Рефлексивтік-түзетушілік

“Еңбек” өлеңі арқылы сабақты қорыту.

Өлеңді мұқият тыңдау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: буын жайлы түсінік алу.

Нені игереді: сөздерді буынға бөле алу.

Нені біледі: сөздер буынға құрамындағы дауысты дыбыстардың санына қарай бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 8 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Дыбыс және әріппен танысайық.

Мақсаты: 1. Дыбыс пен әріп туралы түсінік құру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту.

3. Оқу іс – әрекетінің барысында орындалатын тапсырмалар арқылы ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, ойыншықтар, кеспе әріптер.

Сөздік жұмысы: дыбыс, әріп.

Билингвальді компонент: бота- верблюжонок, құлын- жеребенок, бұзау-теленок, лақ- козлик, қозы- ягненок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы көңіл күй тілейді.

 

Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Оқу іс-әрекеті педагогтің жан-жануарлар жөнінде әңгімесінен басталады.

-    Төрт түлікке қандай мал жатады?

-    Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

-    Олардың төлдері қалай аталады?

-    Түйенің төлі - бота, жылқының төлі - құлын, сиырдың төлі - бұзау, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі - лақ.

Педагог балалардың жауаптарын қорытындылайды.

3.Педагог «Ала бұзау» (авт. Ерешова К.) атты әңгімені оқып береді.

                           Ала бұзау

Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп, көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау тоғайда өрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға  келді. Бір кезде қатты жел соқты.

-Жел соққанда қандай дыбыс шығады?

-Жел уілдейді.

-У-у-у.

Желдің әсерінен ағаштардың жапырағы шулайды.

-Қандай дыбыс естіледі?

-Ш-ш-ш-ш.

Тоғай ішінде жүру өте қиын болды. Маса да ызыңдап, мазасын алды.

-Маса қандай дыбыс шығарады?

-З-з-з-з.

Ескендір қасында еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған дыбысын естіді.

-Ит қандай дыбыс шығарады?

-Р-р-р-р.

Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат шегіп тұрған жыланды байқады. Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен.

-С-с-с-с.

Жыланды көрген Ескендір қорыққаннан өсіп тұрған емен түбіне қарай шегінді. Ыжылдаған дыбысты құлағы шалды. Ол еменнің бұтағына орналасқан араның ұясын көрді. Ыжылдаған аралар екен.

-Ж-ж-ж-ж.

Ескендір ала бұзауын шақырды.

-Кәне, балалар, бұзауды шақыруға көмектесейікші:

-Ауһау-ауһау-ауһау!

Жақын жерден бұзаудың мөңіреген дауысы естілді.

-Мө-мө-мө-мө.

Сөйтіп, Ескендір бұзауын үйіне айдап қайтты.

-Балалар, сонда біз әртүрлі дыбыстар естідік, біз дыбысты қайтеміз? Біз дыбысты естиміз.

4.Сергіту сәтін өткізу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп- кішкентай балалар,

Үлкен болып өседі.

5.Педагог балаларға дыбыс және әріп туралы түсінік береді.

 6.Дәптермен жұмыс.

а) «Қай дыбыстан басталады?» тапсырмасы. Шарты: суреттердегі заттардың атын атап, олардың қай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызу.

Қобыз, шана, жұлдыз, кірпі, тақия, сандық, парта, домбыра, сағат, барабан, алмұрт, гүл. Қобыз қ дыбысынан басталады.

- Балалар, жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

 

Сұрақтарға жауап беріп отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімені мұқият тыңдау, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге айту, қимылмен көрсету.

 

 

 

Тапсырманы белсене орындау.

 

 

 

 

 

 

 

Әріп ұғымымен танысу.

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

Сабақта қорытындылауға арналған тапсырмалар:

1.Өтілген дыбыстарды қайталау.

2.Балалардың жұмыстарын ескере отырып, мадақтау.

3.”Біз бақытты балдырған” әнімен оқу іс – әрекетін аяқтау.

Мұғелімнің сұрақтарына жауап беру, өткен тақырыпты еске түсіру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: дыбыс пен әріп туралы түсінік алу.

Нені игереді:дыбыстарды дауысты, дауыссызға ажырата білу, дыбыс пен әріпті айыра алу.

Нені біледі: әңгімені мазмұндай алу, сұрақтарына жауап бере алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 9 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстармен танысайық.

Мақсаты: 1. Балаларға дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы жайлы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, ой-өрісін дамыту.

3.  Өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне , байқағыштыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кестелер,  суреттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар,кеспе әріптер

Сөздік жұмысы: сырмақ, қамшы, торсық.

Билингвальді компонент: үйрек-утка, сауысқан – сорока.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді

Дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсіндіреді. Кесте пайдаланылады. Дауысты дыбыстар: а, ә, и, ұ , е, э, у, ң, ү, ы, і, ю, я,

 

Дауысты дыбыстарды жеке-жеке айтқызу. Мысалы: а-а-а, ә-ә-ә, и-и-и, о-о-о, ұ-ұ-ұ, ү-ү-ү,. і-і-і, т.б.

Педагог суреттерді көрсете отырып, балаларға сөздердің мағынасын түсіндіреді. Көбелек, домбыра, орындық, цйрек т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, олардың айтылу ерекшеліктеріне назар аударады.

3.Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

 

4.Баланың білімін жан-жақты тексеру мақсатында педа­гог бірнеше сөздер айтады. Балалар сол сөздегі дауысты дыбыс қанша болса, сонша рет қолдарын шапалақтап білдіреді. Мы­салы: кү-шік, кі-тап, ө-зен, да-ла, қаз, ба-ла-пан, т.б.

 

5.«Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны.

Орыннан орынға ауысқан,

Ұшқалақ қара ала ... (сауысқан)

Бәрі бірдей жұмысқа

 Шығады кім? (Құмырсқа)

 

6.Дәптермен жұмыс жүргізу.

а) Берілген суреттер бойынша дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстарды төртбұрыштардың ішіне белгілерін (қызыл - да­уысты дыбысы, көк - дауыссыз дыбыс) салады. қке, ана, бала, сырмақ, цамшы, торсық.

ә) Кестенің ішіне жетпей тұрған төртбұрыштың суретін са­лады, оны бояйды.

 

Мұға-лімнің айтқанын мұқият тыңдау.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін айтып отырып бірге орындау.

 

 

 

Мұғалім-нің айтқанын орындау.

 

 

Сөздердің ұйқасын табуға ат салысу.

 

 

Дәптермен тиянақты жұмыс жүргізу.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

7.Сабақта қорытындылайтын тапсырмаларды орындау.

-Дыбыстық талдау жүргізу.

-Тірек-сызба бойынша сөйлем құрау.

-Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

 

 

Тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап беру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктері жайлы түсінік алу.

Нені игереді: дауысты, дауыссыз дыбыстарды белгілей алу.

Нені біледі: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 10 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.

Мақсаты: 1. Дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балалардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын байыту, көркем жазуға дағдыландыру,ой-өрісін дамыту.

3.  Ұқыпты, өз ісіне тиянақта болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: дидактикалық материалдар, еңбек құралдарының суреттері, тірек-сызба, суреттер.

Сөздік жұмысы: ауыл еңбегі, дала еңбегі, қаладағы еңбек.

Билингвальді компонент: балға- молоток, ара- пила, қонжық- медвежонок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалар-дың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

 

Дөңгелене тұрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Ағаш көрсе қышынар,

Сояу-сояу тісі бар. (Ара)

 

Басы — құрыш,                                                                                                                           j

Сабы — шырыш.(Балға)                                                  (Балға)

3.Еңбек, ауыл еңбегі, дала еңбегі, қаладағы еңбек, баланың өзіне-өзі көрсететін қызметі жайлы әңгімелесу, сұхбаттасу.

4.«Не істер едің?» дидактикалық ойыны. Шарты: баланың зеректілігін, логикалық ойын байқау мақсатында «Не істер едің?» деген сұраққа жауап алынады.                                                                                                            ,

-      Пальтоңның түймесі үзіліп қалса, не істер едің?

-     Киім ілгіштің шегесі жұлынып кетсе,...

-      Шкафтың сөресін түсіріп алсаң,...

-      Бәтенкеңнің бауы үзіліп қалса,...

5.Сұрақ-жауап әдісі арқылы дауысты және дауыссыз дыбыс- тар туралы алған білімдері пысықталады.

-     Өздерің білетін дауысты дыбыстарды атаңдар.

Жануарлардың «дыбысын» келтірейік. Сиыр қалай дыбыс-

тайды?

-     Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді.

-     ­Өз атын өзі шақыратын құсты білесіңдер ме?

-       Көкек, кө-кек, кө-кек.. Соңғы (к) дыбысты созып айтып көрейікші...

 

6.Педагог дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында кедергіге ұшырап, айтуға, дыбыстауға келмейтінін түсіндіреді. Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстардың көмегімен айтуға болатынын айтып, оған мысал ретінде бір буынды сөздерді айтқызады.

ат                           а-а-ат

ер                           е-е-р

сүт                         с-ү-т

Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: т-ы; р-ы; к-і; г-і.

7.Сергіту сәтін өткізу.

8.Дәптермен жұмыс жүргізу.

а) Сурет бойынша «Балабақша бөлмесі» және «Сыныпта» деген тақырыптарда әңгіме құратып, жекелеген сөздерге дыбыстық талдау жасату. Сөздегі дауыссыз дыбыстарды хормен қайталату.

ә)  Текше қонжық, дәптер сөздеріне дыбыстық талдау жасап, олардың неше дыбыстан тұратынын айтқызады.

б) Берілген үзік сызықтарды қосып, таяқшаларды жазу. Машинаның суретін торкөзді санап салып және бояйды.

 

Мұғалімнің жасырған жұмбақта-рының шешуін табу.

 

 

Өз ойын білдіру.

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап беріп отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдау, бір буынды сөздерді бірге қосылып айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздерге дыбыстық талдау жасау, тапсырмаларды орындау.

Рефлексивтік-түзетушілік

Сабақта қорытындылауға арналған тапсырмалар:

Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай? Мысал келтір. Педагог дауыссыз дыбыстарды айтады, сол дыбыстардан басталатын сөздерге мысал келтіреді.

Мұғалімнің тапсырма-сын орындау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: дауыссыз дыбыстың өзіндік айтылу ерекшелігі жайлы түсінік алу.

Нені игереді: торкөзді санау нәтижесінде сурет салып, оны бояй алу.

Нені біледі: дауыссыз дыбыстың белгіленуін білу.

 

 

 

 

 

                                      № 11 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: А дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өткен тақырыпты еске түсіре отырып, а дыбысы және әрпімен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балаларға а дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.

3.  Ұқыпты, өз ісіне тиянақты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: а дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.

Сөздік жұмысы: таңа, асқабақ.

Билингвальді компонент: алмұрт-груша, бір ай- один месяц, апта- неделя, жыл- год.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы  лебіздерін білдіреді.

 

Мұғалімнің жетекшілігімен бір-бірлеріне жақсы тілектерін айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог тақырыпты сұрақ- жауап арқылы ашады.

 -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай ай?

-Аптаның қай күні?

-Балалар, біз өткен оқу іс-әрекетіндегі дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші.

-    Дыбыс дегеніміз не?

-    Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-        Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

-    Ал әріп дегеніміз не?

-     Әріп дегеніміз - дыбыстарды таңбалау.

-    Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.

3.Ал, балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын.

Жаңада бар, ескіде жоқ,

Таңада бар, ешкіде жоқ.

( А дыбысы)

4.Мынау ненің суреті?

-    Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

-    А дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

-     Неліктен дауысты дыбыс?

-    Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?

5.А дыбысының баспа түрін көрсетіп таныстыру. А дыбысын ауада жазып көрсету.

6.«Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: а дыбысына келетін сөздерге мысал келтіру. А дыбысы кездесетін сөздерге көп мысал келтірген бала жеңімпаз атанады.

7.А дыбысы кездесетін сөздерді алақанмен шапалақтау арқылы буынға бөлгізу.

8.Сергіту сәтін өткізу.

Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлаймыз.

9. Дәптермен жұмыс жүргізу.

а) Сурет бойынша дыбыстық талдау жасату (аю, ата, бала) А дыбысының сөздің басында ортасында, аяғында келетінің мысал арқылы түсіндіру. Дәптердегі а дыбысының үлкен және кіші әріп таңбасын жазып үйренеді.

- Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарды қосып а әрпінің баспа түрін жазамыз. Балалар  түгел жазып болган соң, а дыбысын есте сақтау үшін, осы ды быстан басталатын суреттерді көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.

ә) Суретті ребустың шешуі: Айгүл. Ребустың шешуі болған сөзге дыбыстық  талдау жасату.

б) Асқабақ, алмұрт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, а  дыбысының орнын айтқызу.

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табуға ат салысу.

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

А әрпін ауада жазып үйрену.

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

Сөздерді шапалақтау әдісі арқылы буынға бөлу.

 

Мұғаліммен бірге айтып, қимылмен көрсету.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, а әрпін дәптерге жазып үйрену.

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

-     Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-    А дыбысы қандай дыбыс екен?

-    А дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: а дыбысы, оның таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: а әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: а әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

                                      № 12 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Т дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өткен дыбысты еске түсіру арқылы, жаңа т дыбысымен балаларды таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балаларға  т дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.

3.  Ұқыпты, өз ісіне тиянақты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: т  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.

Сөздік жұмысы: торсық, тақия,бата.

Билингвальді компонент: тау-гора, сағат-часы, аяз- мороз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Дөңгелене тұрып,бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Дөңгелене кілем үстіне отырады.

Әліпбиді қайталау.

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу.

(Түлкі)

Ас сөзінің басына т дыбысын қосу арқылы сөз құрату. Тас шағады.

3.Педагог балалардан суретте ненің бейнеленгенін сұрайды.

-          Ненің суреті?

          -    Таудың суреті.

          -    Тау сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?

Т - дауыссыз дыбыс. Сондықтан т дыбысы көк түспен белгіленеді.

Кеспе әріптен т әрпін тауып, оған өткен а әрпін қосу арқылы буын, сөз құрату: -та; -ата; -ат.

«Т дыбысынан басталатын сөз ойла» тапсырмасы. Тай, тас, тос, тон, т.б.

4. «Т әрпін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға өтілген әріптер жазылған кеспе әріптер ілінеді. Балалар әріптердің ішінен m әрпін тауып көрсетеді. Т әрпі кездесетін сөздерге мы­сал келтіреді.

5. Тіл ұстарту жаттығуын өткізу.

Та-та-та

Ата, берші бата.

6. Дәптермен жұмыс.

Кітап, теледидар, сағат сөздерін талдату арқылы т дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Т дыбысының сөздің ба­сында, ортасында, аяғында келетінін мысалмен дәлелдеу.

Т және а дыбыстарын қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.

Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау:

Т әрпін ауада жазу.

Т әрпін бастырып жазу.

Т әрпінің кіші және бас әріптерін жазады.

Торт, ү/стел, телефон, тақия сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі т дыбысының орнын айтқызу. Аталған сөздердің мағынасын түсіндіру.

7. Сергіту сәтін өткізу.

торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Жұмбақтың шешуін табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс жасау, т дыбысының таңбалануы-мен танысу, т дыбысынан басталатын сөздер ойластыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

Мұғалімнің айтқанын қайталау.

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін мұғаліммен бірге қайталап, қимылмен көрсету.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8. Сабақты қорытындылайтын тапсырма:

Т дыбысы бар сөздер ойластыру.

 

Тапсырманы орындау.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: т дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: т әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: т әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

                                      № 13 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: П дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өткен дыбысты еске түсіру арқылы, жаңа п дыбысымен балаларды таныстыру,  дыбыстық талду жасауға, сауатты жазуға үйрету.

2. Балаларға құрамында   п дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.

3.  Ұқыпты, өз ісіне тиянақты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: п  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, парта, піл суреттері.

Сөздік жұмысы:  парлады, пысылдау.

Билингвальді компонент: қалың- толстый, пияз- лук.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

 

Мұғаліммен бірге қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. П дыбысы бар буындарды хормен оқытқызу: -па, -пе, -пу, -по.

Пілдің суретін көрсете отырып, піл туралы білетіндерін әңгімелету. Піл туралы таныстыру.

3. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады     . (Пияз)

4. Педагог тақпақ оқып, ондағы п дыбысы кездесетін сөздерді тапқыздырады.

Пайдалы деп,

Пияз жеп,

Парлады жас көзімнен.

«Піссінші біраз», - деп,

Пысылдадым төзіммен.

5. Піл, партаның суреттерін көрсетіп сипаттап айтқызу, п дыбысының сөздің қай жерде тұрғанын тапқызу, әріп текшелер арқылы осы сөздерді құратып жазғызу.

 

6. Дәптермен жұмыс: балапан, піл, доп сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, п дыбысының сөздегі орнын түсіндіру.

Өткен дыбыстармен п дыбысын қосып буын, сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталату.Қолды жазуға даярлау.Ауада жазу.

7. Жазба жұмысын жүргізу. Дәптердегі үлгі бойынша п дыбысының кіші және бас әрпінің таңбасын үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.

Баспа түрімен таныстыру.

П дыбысы — дауыссыз дыбыс.

Кітап, парта, пияз сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

 

Мұғалім-мен бірге буындарды атау.

 

 

Жұмбақ-тың шешуін ісдестіру.

 

 

 

Мұғалімді мұқият тыңдау, құрамында п дыбысы бар сөздерді табу.

 

 

 

 

Балалар сурет бойынша сипаттау жұмысын жүргізеді.

 

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау п әрпін ауада жазу.

 

 

 

п әрпін дәптерге үзік сызықтар арқылы жазу.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8. Сабақты қорытындылау тапсырмалары:

 - Парта, піл сөздерін қатыстырып, сөйлем құрау, буынға бөлгізу.

- «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. П дыбысы сөздің ортасында және аяғында кездесетін үш-төрт буыннан құралған сөз ойлату.

Хормен -па -по -пу -пе буындарын айтқызу

Тапсырмаларды орындау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: п дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: п әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: п әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 14 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өткен дыбысты еске түсіру арқылы, жаңа н дыбысымен балаларды таныстыру,  дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.

2. Балаларға құрамында   н дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құратқызу арқылы сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: н  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар,

Сөздік жұмысы:  обал, сауап, қоржын.

Билингвальді компонент: нар- одногорбый верблюд.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып бір –бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. - Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге Алдаркөсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдаркөсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті.

I   тапсырма.

-    Бұл ненің суреті? Жауабы: (аттың суреті).

-      Бұл сөз буынға бөліне ме? Баланың жауабы: бір буынды сөз.

II     тапсырма. Ana сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

IIІ  тапсырма. Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Педагог Алдардың келесі тапсырмасын орындайтындарын хабарлайды. Бір бала атайдың қоржынынан хатқалтаны алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады. Нан сөзін бірнеше рет хормен және бір-екі балаға қайталатқызып айтқызады.

Нан сөзіне дыбыстық талдау жасату. Н дыбысының дауыс­сыз дыбыс екенін түсіндіру.

Нанның қасиетті ас екені айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Төмендегі тыйым сөздермен таныстыру:

 

Нанды бір қолмен үзбе!

Нан уағын тастама!

3. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Өзі үлкен жануар,

Үстінде екі тауы бар.

( Нар)

 

Кірш-кірш етеді,

Ішіне кіріп кетеді.

 (Ине)

-     Н дыбысы қай жерде тұр?

 Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден нан, нар, т.б. сөздерді құрастырту.

4. «Нан құдіреті» ертегісін үнтаспадан тыңдату.

5. Сергіту сәтін өткізу:

Нан қоқымын баспаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

6. Дәптермен жұмыс жүргізу.

Сандық, нар, кун суреттері бойынша дыбыстық талдау жасалады. Осы сөздердегі н дыбысының орны түсіндіріледі.

Н әрпі мен а әрпін біріктіріп буын, сөз құрастырту, оқыту. Құрастырған сөздерді хормен қайталату. Мысалы: на, ана, нан.

А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінің бір буыннан тұратындығын түсіндіру.

Н дыбысының кіші және бас әріптер таңбасы дәптердегі үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.

Балапан, қоян, арыстан сөздеріне дыбыстық талдау жасатылып, ондағы н дыбысының орны ажыратқызылады. Айна, шана, нан сөздері де осылай талданады.

7.    Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

(Нан)

 

Келген қонақтармен амандасу,олардың тапырмасын орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздік жұмысын жасау.

 

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табу, дыбыстық талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегіні тыңдау.

 

Мұғалімнің іс – қимылын қайталау.

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар-ды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың жауабын іздестіру.

Рефлексивтік-түзетушілік

Сабақты қорытындылау  сұрақтары:

-Қандай дыбыспен таныстық?

-                                               - Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: н дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: н әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: н әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 15 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Ғ  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, ребустар жазылған плакат.

Сөздік жұмысы:  шалғы, таға, жаңылтпаш.

Билингвальді компонент: мойын- шея, ғарыш- космос, сырға- серьги, зымыран- ракета.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Мұғалімнің жетекшілігімен шаттық шеңберінде жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-     Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар?

-    Ағаштардан қандай өзгерістер байқадыңдар?

-     Құстар жайлы не байқадыңдар?

-   Сендер көктемнің өзгерісін жақсы біледі екенсіңдер. Енді көктем айларын кім атап береді?

-     Наурыз, сәуір, мамыр.

-     Бүгін қай күн екенін еске түсірейік.

3. Жұмбақ шешу.

Көп әріп ішінде,

-Шалғы пішінде.

Тап, мұны түсін де.

(Шалғы)

 

4. Ғ дыбысы туралы түсіндіру.

-     Балалар, ғ дыбысын айтып көрейік.

-    Ғ қандай дыбыс?

-     Неліктен дауыссыз?

-     Қандай текшемен белгілейміз?

-     Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?

-       Кәне, кім таға сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға таға сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады, шапалақтау арқылы буынға бөледі).

5.  Жаңылтпаш үйрену

Ағабай ағасын,

«Ағатай» деп атасын!

Аға деп бағалар,

Ағаның бағасын.

6. Сергіту сәтін өткізу.

Солға, солға түзу тұр,

Оңға, оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

7. Жұмбақ шешу.

Жоқ өзінде бас та,

Қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)

Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

-    Екінші буын қай дыбыстан басталады?

-     Дыбысты біз айттық, естідік, енді е дыбысының таңбасымен танысайық. (Әріптің баспа түрі көрсетіледі).

-    Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).

-    Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, г әрпін жазамыз.

8. «Ғарышқа ұшу» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: балаларға қағаздан сәндеп жасалынған зымыран үлгісі көрсетіледі де, ғарышқа ұшқысы келген балаға тапсырмаларды дұрыс орындау керектігі ескертіледі. Зымыран үлгісінен талсырмалар жазылған қағазды бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге байланысты жұмбақ шешеді, жаңылтпаш, санамақтар айтады.

9. «Сөйлемді толықтыру» дидактикалық ойыны.

Шарты: педагог бірнеше сөйлемнің басын оқиды. Балалар аяқталмаған сөйлемді аяқтайды.

1.  Өзімнен үлкен бауырым - .... (аға)

2.  Қыз құлағындағы әшекей - .... (сырға)

3.  Атам ат ... . (тағалады)

10. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ға-ға-га

Атқа тақты таға.

11. Дәптермен жұмыс.

Торғай, ғарыш, қарға сөздеріне дыбыстық талдау жасату арқылы ғ дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі. Өткен дыбыстармен ғ дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер оқытылады. Ауызша хормен қайталайды.

Дәптердегі үлгі бойынша ғ дыбысының кіші және бас әріптерін үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.

Сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ғ дыбысына байланысты сөздерге талдау жасатылады. «Артығын тауып қорша» тапсырмасын орындайды

Мұғалімнің сұрақтары-на жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың жауабын табу.

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, мысалдар келтіру, буынға бөлу жұмысын орындау.

 

 

 

 

 

 

Жаңылтпаш-ты бірге қосылып айту.

 

 

 

Сергіту сәтін бірге айту, қимылмен көрсету.

 

 

Жұмбақтың жауабын табу.

 

 

Сөзге дыбыстық талдау жасау, ғ әрпін ауада жазып үйрену.

 

 

 

 

Тапсырмаларды дұрыс орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу, сөйлемдерді аяқтауға тырысу, көмектесу.

 

 

Мұғаліммен бірге қайталау.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ғ әрпін дәптерге тиянақты жазу, тапсырмаларды дұрыс орындау.

Рефлексивтік-түзетушілік

12. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

-     Қандай дыбыспен таныстық?

-     Ғ дыбысына сөз ойлаңдар.

 

Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ғ дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ғ әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: ғ әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 16 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Р дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Р дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру р дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру. Дыбыстық талдау жасауға, жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін дамыту.

3. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: р  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, ребустар жазылған плакат, иттің суреті.

Сөздік жұмысы:  торсық, жар.

Билингвальді компонент: қарға- ворона, қамыс- камыш, тростник, қасқыр- волк.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді

Бір- бірлеріне жақсы тілектер тілеу.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. Педагог төмендегідей мысалды оқиды:

Райыс иті Ақтөспен тоғайга келді. Тоғайда шөп қалың екен. Ақтөс шөп арасынан кірпіні көрді. Ол оған ырылдай жөнелді.

-Иттің ырылдаған дыбысын салдыру.  

-Райыс, кірпі, ырылдау деген сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

 

3. Р дыбысымен таныстыру. Р дыбысы бар буындарды оқыту (хормен). -pa, -ре, -ру, -ро.

 

4. Педагог бірнеше сөздерді оқиды, балалар р дыбысы кездесетін сөздерді айтады. Р дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын және сол сөздерді буынға бөліп айтады.

Қала, қар, қамыс, қарға, қатық, рақат.

5. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ра-ра-ра

Айжан, шашыңды тара.

6. Дәптермен жұмыс жүргізу.

Әліппе-дәптердегі радио, торсық, қасқыр сөздеріне дыбыстық талдау жасату. Р дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетіндігін түсіндіру. Өткен дыбыстармен р дыбысын қосып, буын, сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталатып оқыту.

Әліппе-дәптердегі буындар мен сөздерді оқыту.

Р әрпін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.

Әліппе-дәптердегі соңғы тапсырманы балаға өздік жұмысы ретінде беруге болады. Бос торкөздерге сөз құрастырып жазады. Мысалы: ара, қара, тара, қар, жар деген сияқты сөздерді жазулары тиіс.

 

Мұғалімнің әңгімесін мұқият тыңдау, сұрақтарына жауап беріп, тапсырмасын орындау.

 

 

 

 

Мұғаліммен қосылып, буындарды атау.

 

Р дыбысының орнын анықтау.

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, буын- сөздерді мұғаліммен  бірге хормен оқу, дәптерге әріптерді үзік сызықтар арқылы жазу.

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Сабақта қорыту тапсырмасы:

Шар, араның суреттерін көрсетіп, аттарын атату, «р» ды­бысын тапқызу, әріп текшелермен осы сөздерді құрастыртып жазғызу.

Шар, ара сөздерін қатыстырып, сөйлем құрастыру. Буынға бөлгізу.

Өз ойларынан р дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру.

-ра -ро -ру буындарын бірнеше рет хормен және жеке-жеке айтқызу.

 

Тапсырманы тиянақты орындау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: р дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: р әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: р әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 17 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Л дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Л дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, дыбыстық талдау жасауға, жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Құрамында л дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып  сөйлем құрату арқылы баланың ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту.

3. Оқу іс – әрекеті барысында мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: л  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, суреттер.

Сөздік жұмысы:  ақ тілек, адал ниет, жүректі жарып шығу.

Билингвальді компонент: тату- тәтті- дружно, қонақ- гость.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.

Мұғаліммен бірге өлеңді қайталау, қимылмен көрсету.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. Балдырғанның тапсырмасын орындау.

-     Балалар, бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті, ол бізге бір жаңа әріпті өзімен бірге ала келіпті. Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін «айтпаймын» дейді, ол әріпті табу үшін біз мынадай бір тапсырманы орындауымыз керек.

1-тапсырма.

-     Мынау не? (Лақ)

-     Лақ қай малдың төлі және ол қалай дыбыстайды?

-     Лақ сөзінде неше дыбыс бар?

-     Лақ сөзін буынға бөліп көрейік?

-     Неше буын бар?

-     Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? (Хор­мен айтқызу).

-     Л қандай дыбыс?

-     Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді?

2-тапсырма.

Піл, лимон, балық суреттері көрсетіледі. Піл, лимон, балық сөздерін буынға бөлдіру және дыбыстық талдау жасатады. Сонан соң осы сөздерде кездесіп тұрған л дыбысының орнын ажыратқызады. Л дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында келетінін мысалдармен түсіндіреді. Өткен дыбыстармен л дыбысы қатыстырылып, буын, сөздер құрастырылып оқытылады. Хормен ауызша қайталайды.

3-тапсырма.   Дәптермен жұмыс:

Жазбаша жұмыс орындату. Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады- лақ, түлкі, гүл сөздеріне дыбыстық талдау жасап, л дыбысының орнын ажыратады. Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлайды.

3. Сергіту сәтін өткізу.

Достар тату- тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз.

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз.

4. «Кім тез ойлайды?» дидактикалық ойыны. Шарты: л дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу, сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен л дыбысы қай дыбыстан бұрын не қай дыбыстан кейін келіп тњрғанын анықтату.

Балдырғанның сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер-мен жұмыс жасау арқылы л дыбысы бар сөздерді атау, орнын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

л әрпін дәптерге үзік сызықтар арқылы жазу.

 

 

 

Сергіту сәтін бірге айтып, қимылменк өрсету.

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

Рефлексивтік-түзетушілік

5. Сабақты қорыту тапсырмасы:

Кеспе әріптерден а-ла, ал, ол сөздерін құрастырту, осы сөздермен сөйлем құрап айтқызу. Сөйлемдердің сызбасын сызып көрсету.

Педагог сабақ қонағы - Балдырғанның білімді балаларға риза болғанын айтып, сабақты қорытындылайды.

Балдырғанмен қоштасу.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: л дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: л әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: л әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 18 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: У дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. У дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, дыбыстық талдау жасауға, жазуға қолдарын жаттықтыру. У дыбысы кейде дауысты, кейде дауыссыз болатынын түсіндіру.

2. Құрамында у дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып  сөйлем құрату арқылы баланың ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту.

3. Оқу іс – әрекеті барысында өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: у  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, суреттер.

Сөздік жұмысы: науа, уық.

Билингвальді компонент: ау- сети, невод, ту- флаг, тұз – соль, жем- зерно, ұлу- улитка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Адал жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректі,

Сөздің бәрі ақ тілек.

Мұғаліммен бірге айту, қимылмен көрсету.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. Педагог лас, лақ, бала, тал сөздерін буынға бөлдіреді.

Л дыбысын анықтау, осы сөздерді кеспе әріптермен жазу.

Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату.

3.  Тау, my, уық, науа, аудың суреттерін көрсетіп, олардың аттарын айтқызу.

 

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.

Науа - малдың су ішуіне, жем, тұз жеуіне арналган үлкен, ұзынша астау.

Осы сөздердің бәрінде у дыбысының кездесетінін айту.

У әрпінің баспа түрімен таныстыру.

У әрпін ауада жазғызу.

 

5. Сергіту сәтін педагог өз қалауымен өткізеді.

 

6. Кеспе әріптермен у дыбысы бар сөздерді тақтаға жазу.

А-уа, ay, may, на-уа.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау. Бұл жерде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс болатыны түсіндіріледі. Яғни дауысты дыбыстан кейін және дауысты дыбыстың алдында (мысалы, уық, уыз, уақыт, т.б) келсе, у дыбысы дауыссыз, ал дауыссыз дыбыстан кейін келсе, онда да­уысты дыбыс болатындығы айтылады.

 

7. Тіл ұстарту жаттыгуы.

У- у- у

Желбірейді біздің ту.

 

8. Дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі уық, тауық, ұлу сөздеріне дыбыстық талдау жасату. У дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында келетінін түсіндіру.

Өткен дыбыстармен у дыбысын қатыстырып, буын, сөздер құратып оқыту. Хормен қайталату.

 

9. У дыбысы кездесетін сөздері бар өлең жаттату.

Уық деген немене,

Уыз жегің келе ме?

Уыс-уыс уаққа

Ақшаны уат.

 

10. Әліппе-дәптерге у дыбысының кіші және бас әрпін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосып жаздыру. Бос торкөздегі у дыбысының тұрған ретіне қарай сөз ойлату. У дыбысына мысалдар келтірту. У дыбысының сөздің басында, ортасында және аяғында келетіндігін түсіндіру. «Дыбыстардан сөз құра» тапсырмасын орындайды. Аққу сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

 

11.«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: допты біріне-бірі лақтыра отырып, у дыбысы бар сөздерге мысал келтіреді. Бір-екі баланы тақта алдына көздерін жұмғызып тұрғызып, у дыбысын жазғызу.

 

Л дыбысын қайталау.

 

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс жасау.

 

 

Мұғалімді мұқият тыңдау.

 

 

 

 

 

Әріпті ауада жазу.

 

 

 

 

Мұғалімді мұқият тыңдау, у дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылатын жағдайларымен танысу.

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды бірге орындау.

 

 

 

У дыбысының сөздегі онын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді мұғаліммен бірге жаттау.

 

 

 

 

У әрпін дәптерге үзік сызықтар арқылы жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

Рефлексивтік-түзетушілік

12. Сабақты қорытындылау тапсырмасы:

У дыбысынан басталатын сөздерді табу. Буынға бөлу. Сөйлем құрату.

 

 

Тапсырманы тиянақты орындау.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: у дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: у әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: у әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 19 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өтілген дыбытар туралы балалрдың білімдерін бекіту. Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, дыбыстық талдау жасауға, жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Құрамында ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып  сөйлем құрату арқылы баланың ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту.

3. Ұғымталдыққа, жасаған жұмысына тиянақты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ш  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, суреттер.

Сөздік жұмысы: зулау, аңшы, шымшық.

Билингвальді компонент: шырша- елка, шие – вишня, ескек – весло.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Мұғалімнің жетекшілігімен бір- бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. Педагог балаларға өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталатады.

 - Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.

 - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 - Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

 - Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

3. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.

- Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылтпаш айтып береді?

4. Педагог жұмбақ жасырады.

Мысалы:

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге.

  (Шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдай жасайды.

-    Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.

Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.

5. Сергіту сәтін өткізу.

Отырып-ақ орнымда,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егер де,

Былай ескек есейін.

 

6. Тіл ұстарту жаттығуы.

                   Шы-шы-шы

                   Әкем менің аңшы.

7. Дәптермен жұмыс.

Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.     Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөзжұмбақ шешкізу.

8. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.

Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.

  9. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

  Тікен-тікен тік пісте

  Қысы-жазы бір түсте.  

 (Шырша)

 

Сұрақтарға жауап беру, өткен тақырыптарды еске түсіру.

 

 

 

 

 

 

 

ш дыбысымен танысу.

 

 

 

Жұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

 

Дыбыстық талдау жасау, таңбалануымен танысу, ауада жазып үйрену.

 

 

 

 

Бірге айту, қимылмен көрсету.

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, үзік сызықтар арқылы ш әрпін жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ш дыбысына сөз ойластыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

 

Жұмбақтың жауабын табу.

Рефлексивтік-түзетушілік

Сабақты қорытындылау сұрақтары:

- Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?

- Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?

Бір бала шама сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

- Шана сөзінде қанша буын бар?

Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.

Сұрақтарға жауап беру, ойынға белсене қатынасу.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ш дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ш әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: ш әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

                                      20 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Й дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Й дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, дыбыстық талдау жасауға, жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Тіл ұстарту мақсатында й дыбысына сөз құрату арқылы балалардың ой- өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Ұғымталдыққа, жасаған жұмысына тиянақты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: й  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, суреттер.

Сөздік жұмысы: йод, йог.

Билингвальді компонент: айран- кефир, тай- годовалый жеребенок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Бір – бірлеріне жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог оқу іс-әрекетін й әрпіне өлең жолдарымен түсініктеме беру арқылы бастайды.

                                  Й әрпі

Бұл й-дің сөз басында

Болмайды көп керегі.

Йог пен йодтың арасында

Алдында тек келеді.

Соңында ол «ай»-дың да,

Соңында ол «тай»-дьң да.

Тұрады ол ортада

  «Айбын» менен «Айдын»-да.

Өлеңнен й дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу: йог, йод, ай, тай, Айбын, Айдын. Буынға бөлдіру. Дыбыстық талдау жасау, И дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

Әліппе-дәптердегі йогурт, айран, қой сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

Й дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында келетіндігін ұғындыру және балалардың өздеріне мысалдар келтірту.

Й әрпінің баспа түрімен таныстыру.

 

3.Дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі сөздерді оқыту.

Йогурт, айран, қой сөздерін оқытып, ондағы й дыбысының орнын ажыратқызу. Й дыбысының сөздегі орнын меңгерту. Өткен дыбыстармен й дыбысын қатыстырып, сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталап оқыту.

 

4. Сергіту сәтін өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Бір, екі, үш,

Орнымызды табайық.

 

5. Й әрпінің баспа түрін үлгі бойынша үзік сызықтарды қосу арқылы жазғызу. Бас және кіші әріптерін жазғызу.

 

6. Суретті ребусты шешу.

Жауаптары: айна, тай. Айна, тай сөздерінде й дыбысының сөздің қай буынында кездесіп тұрғанын тапқызу.

Өзіндік жұмыс: бос торкөздерге й дыбысы кездесетін сөздерді жазғызу.

 

Өлеңді зейін қоя тыңдау, ішінен құрамында й дыбысы бар сөздерді табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Й дыбысының сөздегі орнын анықтау, таңбалануы-мен танысу.

 

 

 

 

Й дыбысын қатыстырып сөздер құрастыру.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге қайталау, қимылмен көрсету.

 

 

 

Й әрпін дәптерге жазу.

 

 

Ребустарды шешу.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Сабақты қорытындылайтын тапсырмалар:

Балалар бір-бірден үстел үстіндегі әртүрлі суреттердің ішінен й дыбысы кездесетін заттың атын атап, суретін тақтаға іледі.

1.   Балаларды екі топқа бөліп, й дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіргізу. Қайсы топтың балалары көп сөз ойласа, сол топ жеміске жетеді.

2.    Й дыбысы кездесетін сөздерге дыбыстық талдау жасайды, оларды буынға бөледі.

Тапсырма-лары орындау.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: й дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: й әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: й әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      21 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: О дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. О дыбысы және оның әріп таңбасымен балаларды таныстыру, дыбыстық талдау жасауға, жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытк.

3. Ұғымталдыққа, жасаған жұмысына тиянақты болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: о  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, суреттер, сызба кесте.

Сөздік жұмысы: ою, оймақ.

Билингвальді компонент: орындық- стул, тор- сетка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1.  «Әріптер бағына» саяхат.

-    Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. «Әріцтер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?

-   Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

Онда қарап отырмайық.

 

«Әріптер бағына» саяхатқа шығу.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. - Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

 «Оюда» бармын,

«Допта» бармын.

«Түнде» жоқпын.

Мен сонда қандай дыбыспын? (О)

    О дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу. Осы дыбыспен сөздер ойлау (Ою, орындық, доп).

-    О қандай дыбыс? (дауысты дыбыс).

-    Ол сөздің қай буындарында кездеседі?

-      О дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер. (Балалардың мысалдарын тыңдау).

 

3.Сергіту сәтін өткізу.

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда - бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел, санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

Оң қолымда - бес саусақ,

Сол қолымда - бес саусақ.

Жасырып ем бесеуін,

қалды мұнда нешеуі?

Бесеу екен қалдығы,

Нешеу еді барлығы?

(Жауабы: он).

 

4.Дәптермен жұмыс.

Торгай, ою, қол сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

-     Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға дәптердегі үзік сызықтарды қосуымыз керек (Балалар орындайды).

-     Одан әрі жүріп келе жатқанда алдымыздан түлкі кездесті.

-    Егер дәптердің осы бетіндегі ою сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана. (Тапсырма орындалады).

-    Баққа жақындағанда қарауылдың ырылдаған иті шықты.

Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды. (Балалар жарыса оқиды). Хормен қайталатып оқыту.

Дәптердегі үлгі бойынша о әрпінің кіші және бас әрпін жазады.

 

5. «Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:

-     Балалар қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді. (Торғай, ою, қол, ойна, ойла, Айна, Айша, тор, той, тол, т.б.). О дыбысының сөздегі орны мысалмен түсіндіріледі.

 

6. Балалар сөздерді оқып, оларды қатыстырып, сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.

1)  «Қошақан» әні.

2)   «Қамажай» биі.

3)  Тақпақ, жұмбақтар айтылып, ішінен о дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөледі. Отан сөзіндегі о дыбысының орнын тапқызып, «Отан» тақырыбында әңгіме өткізіледі. Балалар Отанын сүйетіндігін айтады. Отан туралы өлеңдер оқиды.

 

7. Дәптердегі торкөздің ішіндегі тапсырмадағы о дыбысының орнына қарай сөз құрастырады.

 

8.Суреттегі үлгіге қарап, оюды салады.

 

Жұмбақтың шешуін табу сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін мұғалімнің іс-қимылын қайталай отырып, қимылмен көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, о әрпін дәптерге үзік сызықтармен жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді оқу.

 

 

 

 

 

 

 

Өнерлерін көрсетеді, Отан тақырыбында әңгіме айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөз құрастыру.

 

 

 

Оюдың суретін салады.

Рефлексивтік-түзетушілік

9. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

«Әріптер бағына» барған саяхатта не үйренгендерін әңгімелейді.

-     О дыбысы дауысты ма?

О дыбысы кездесетін сөздерге бірнеше мысал келтіріп, оған дыбыстық талдау жасату.

Саяхаттан алған әсерлері айту, сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: о дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: о әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: о әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      22 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Сөйлем ойлап табуына назар аударып, олардың сөздік қорын толықтырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3. Сюжетті ойын арқылы балаларды ата- бабамыздан кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қ  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, сандық, торсық, жастық, қоржын, тоқылған ши, киіз үй суреті, сөзжұмбақ.

Сөздік жұмысы: ұршық, қобыз, қанжығ,, шыр байланар.

Билингвальді компонент: жастық- подушка, мамық- пух.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Біріне- бірі жақсы тілектер айту.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. -Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

-Оны неден жасайды?

-Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?

-Сендер білесіңдер ме, сырмақты, тоқылған шидің арасына қойдың жүнін салып, киіз басып, оның бетіне неше түрлі ою- өрнектерді пайдалана отырып жасайды

 

2. -Ал бүгінгі оқу іс-әрекетінде қ дыбысымен танысамыз. (Ба­лалар қ дыбысын айту арқылы оның дауыссыз дыбыс екенін анықтайды).

                   Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

                   Ал біз әріптерді көреміз бе?

 

3. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

(Ұршық)

«Шыр байланар» дегеннің мағынасын түсіндіру.

Шыр байланар - семіру.

 

4. Ұршық сөзінде қ дыбысы қай жерде орналасқан?

Ұршық сөздерін тақтаға текшелер арқылы жазады, қалған

балалар орындарында дауыстап айтады.

                   Ұршық сөзінде неше буын бар?

Балалар ұршық сөзін шапалақ ұру арқылы екі буынға бөледі.

 

5. Сергіту сәтін педагог өз қалауымен өткізеді.

 

6. Қ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлдіріп, қ дыбысының орнын тапқызу. Педагог сандық, торсықтың суретін немесе макетін көрсетіп, олардың аттарын ататады, буынға бөлдіреді. Мысалы: сан-дық сөзі екі буыннан тұрады. Қ дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр.

 

7. Сөзжұмбақ шешу.

-Өзіміз ұйықтарда жамылатын. көрпені, жастанатын жастықты неден жасайды екен? (Ма-мық)

 

-Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрышты жиhаз (сандық).

 

-Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат (жастық).

Ac ішетін құрал (қасық).

 

8. Дәптермен жұмыс.

Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Үлгі бойынша қ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі қ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді.

 

9. Көрме ұйымдастыру.

- Балалар, мына дайындаған көрмелеріне қарағанда қазақтың ұлттық бұйымдарын, киімдерін жақсы білетін сияқтысыңдар.

 

10. Жұмбақтар жасыру:

Сараптаңдар білімді,

Алмай тағы тынбаңдар.                                Жасырамын мен жұмбақ,

Шешуін жаңылмай табыңдар.

Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды.

                      Балалар жауабы: сандық.

Бала көтерген қаңбақты,

Батыр лақтыра алмапты.

                      Балалар жауабы: мамық.

Арқауы бір қос қалта

Ажыраса алмайды.

Атам қайда жол тартса,

Қанжығадан қалмайды.

                     Балалар жауабы: қоржын.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ дыбысының дауыссыз екенін анықтау.

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табу.

 

 

Жаңа сөздің мағынасымен танысу.

 

 

Сөзді буынға бөлу.

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін орындау.

 

 

Сөздерді буынға бөлу, қ дыбысының орнын анықтау.

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар-ды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

қ әрпін жаздырту.

 

 

 

 

Көрме жасауға көмектесу.

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін іздестіру.

Рефлексивтік-түзетушілік

Сабақты қорытындылау сұрақтары:

1.  Қ дыбысы қай дыбысқа жатады?

2.   Қ дыбысынан басталатын сөздерге мысал келтіріңдер.

3.    Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: қ дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: қ әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: қ әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      23 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамыту.

3. Оқу іс – әрекеті барсында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: д  дыбысының баспа түрі, әліпби, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, домбыра, доп.

Сөздік жұмысы: долана, дала, доп, домбыра, дәптер, дән, доға.

Билингвальді компонент: ыдыс- посуда, қайың- береза, тал- ива, емен- дуб.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушы-лық

1. Балалар дөңгелене тұрып, бір-бірімен қол беріп амандасады.

Жас адам жолы өлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып: «Ассалаумағалейкум», - деп қос қолын ұсынады. Сәлем алушы: «Уағалейкумассалам», - деп оң қолын ұсынады. Қыздың үлкендермен сәлемдесуі: «Сәлеметсіз бе, ата? Есенсіз бе?» - деп кеудесіне қолын қойып ізет ету.

Қыз балалар мен ұл балалар сәлемдеседі.

 

Бір- бірімен амандасу.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.Педагог суреттермен балаларды таныстырады.

Қандай дыбыстан басталып тұрғанын тапқызады.

Д дыбысы. Д дыбысын ортаға қою.

Д дыбысының баспа түрімен таныстырады.

Педагог:

-  Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма дауыссыз ба?

- Кәне, кеспе әріптердің арасынан д дыбысын тауып көрсетейік.

3.Сергіту сәтін өткізу.

Ал, балалар, тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

 Солға қарай иіліп,

 Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

Орнымыздан тұрайық,

 Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу тұр.

 Оңға-оңға түзу тұр,

 Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

 Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

 

4. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Сол аяқ пен оң аяқ кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

 (Доп)

Бір түймелі, екі желілі,

Күйдің көрігі, әннің көлігі.

 (Домбыра)

Лақтырдым да әуелеп

Қағып алып: «оп», - дедім.

Жерге соқтым, секек қақты

 Атаймыз оны не деп?

(Доп)

5. Дәптермен жұмыс.

-   Д дыбысына мысалдар келтіріңдер.

-      Доға, доп, домбыра, дәптер, дән, бидай, долана, велоси­пед.

Осы сөздерді алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі. Доға сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

Доға атты арба не шанага жеккенде, екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды.

Д дыбысының сөздегі орнын мысалмен түсіндіріледі. Өткен дыбыстармен д дыбысын қатыстырып, буын, сөз құрастырады. Хормен қайталайды, дәптердегі сөздерді, буындарды оқиды.

 

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сөзжұмбақ шешеді. Торкөздің ішіндегі сөздерді табады. Үш, төрт дыбыстан тұратын сөз құрайды.

 

6. Сөздік жұмысын жүргізу.

Доп - жел толтырылган, резеңке, ойыншық.

Домбыра - күй ойнайтын аспап.

Дәптер - оқу құралының бірі, жазу жазамыз.

Дала - жазық жер, алаңқай.

Дэн - дәнді дақылдардың бірі.

Долана - жидектің аты.

 

7. Сергіту сәті.

Ал, кәнеки, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, Арамызда қай бала?

 

8. Сөзжұмбақ шешу.

Тігінен: қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра).

Көлдененінен :

1.Теуіп ойнайтын ойыншық (доп).

2.Арба не шанаға атты жегуге арналған сайман (доға).

3.Жазу жазатын құрал (қалам).

4. Екі санының алдында тұратын сан (бір).

5.Кесе, шәйнек (ыдыс).

6.Сөйлеп тұратын ақпарат құралы (радио).

7.Дүниедегі ардақты адам (ана).

Сөзжұмбақтың шешуі болған сөздердің ішінен д дыбысы кездесетін сөздерді айтқызу.

 

Д дыбысымен танысу, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге айтып, қимылмен көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жасырынған жұмбақтар-дың шешуін табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерде берілген тапсырмалар-ды орындау, жаңа сөзбен танысу, д дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

д әрпін дәптерге жазу.

 

 

 

Жаңа сөздермен танысу.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін мұғаліммен бірге айтып, бірге қимылмен орындау.

 

 

Сөзжұмбақты шешу.

Рефлексивтік-түзетушілік

9. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

-  Орнымызға отырып қандай дыбыс өткенімізді еске түсірейік.

-  Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Д дыбысы қандай дыбыс, қалай белгіленеді?

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: д дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: д әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: д әрпінен басталатын сөздер атай алу.

 

 

                                      24 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: М дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  М дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз екенін түсіндіру, дұрыс оқуға төселдіру. Әдемі, көркем жазуға үйрету.

2. Балалардың сөздік қорын байыту, зейін- ынтасын дамыту.

3. Оқу іс – әрекеті барсында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: м  дыбысының баспа түрі, кеспе әріп кассасы,  текшелер, буындар, әліппе.

Сөздік жұмысы: мата, қамшы.

Билингвальді компонент: мата дүкені- магазин ткани.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушы-лық

1. Оқу іс-әрекетін «Ойлап, ойна» ойынымен бастау.

- Педагог: «Мақпал мата сатып алды. Мынау - мата дүкені» деген сөйлемдерді оқиды. Балалар м дыбысы кездесетін сөздерді атайды.

 

Ойынға белсене қатынасу.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2.М дыбысының дауыссыз екенін айтқызу арқылы байқату, таңбасын көрсету, дыбысты дұрыс айтуга жаттықтыру.

 

3.Тіл ұстарту жаттығуы.

Ма-ма-ма

Жалқау бала болма.

 

4.Дәптермен жұмыс.

а) Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

ә) Осы сөздермен бірнеше сөйлем құрату (қамшы, машина, қалам).

б)  М дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін анықтау.

в) Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту.

г)  Әр қатарға құрамында м дыбысы бар сөздер ойлату (дыбыстық, буындық талдау жасату).

Тез әрі дұрыс айтқандарын мадақтау.

ғ) Тақтаға екі баланы шығарып, мата, алма сөздерін кеспе әріптерден құрату, машина сөзін қатыстырып, сөйлем ойлату. Балалардың айтқан сөйлемдерінің сызбасын тақтаға сызып көрсету.

Мысалы: «Машина жүрді» деген сөйлемде машина сөзі қай сызыққа, жүрді сөзі қай сызыққа тен екенін сұрап, сөйлемдерді жазғанда бірінші сөзі бас әіптен басталып әр сөзде бөлек жазылатынын, соңына нүкте қойылатынын естеріне салу.

     Машина сөзін буынға бөліп, бірінші буынның (ма) алдыңғы дыбысы дауыссыз, екіншісі дауысты дыбыс екеніне көңіл аударту. Буын құрамы әртүрлі (ашық, тұйық, буынды) сөздерді оқи білуге жаттықтыру.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша м дыбысының кіші және бас әрпін жазғызу. Бос торкөздегі м дыбысының орнына қарай сөз ойлату. «Сөйлем ойла» тапсырмасы орындатылады.

 

Мұғалімді зейін қоя тындау, м дыбысымен танысу.

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

м әрпін дәптерге жазу.

Рефлексивтік-түзетушілік

5. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

-   Сонымен, балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-    М дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз?

-    М дыбысы қандай дыбыс?


 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: м дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: м әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: құрамында м дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      25 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Б дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  Б дыбысын сөз ішінен бөліп айта білу, дауыссыз екенін түсіндіру, дұрыс оқуға төселдіру. Әдемі, көркем жазуға үйрету.

2Б  дыбысымен танысу сюжетті су­рет бойынша әңгіме құрату арқылы, балалардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

3. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: б  дыбысының баспа түрі, әліппе, ойыншық балга, балта, балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақа, саңырауқұлақ, кеспе әліппе, текшелер.

Сөздік жұмысы:бөрік, клуб,саба, бесік.

Билингвальді компонент: саңырауқұлақ- грибы, балға- молоток, таба- сковородка, бақа- лягушка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушы-лық

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-   Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?

-   Көктем. Мамыр айы.

-   Дұрыс айтасыңдар, көктемнің мамыр айы екен.

-   Аптаның қай күні?

Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді.

-   Мынау не екен, балалар?

-   Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады).

-       Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді.

Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.

-Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

-Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

-Бақа,бақа,балпақ,

Бұтың неге талтақ.

-Су бетінде көп жүзіп,

Бұтым содан талтақ.

-Өте жақсы айттыңдар, балалар, таныс емес қай дыбысты естідіңдер?

-Дұрыс, б дыбысы.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, қонақпен танысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақаның тапсырмасын орындау.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

2. Педагог балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар педагог көрсеткен заттардың аттарын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан және бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.

-    Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?

-    Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?

-    Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.

-        Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші, не байқадыңдар?

Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір- біріне тигенін айтады.

Жана дыбысты бір-біріне қарап дыбыстатып айтқызу.

-    Б дыбысын созып айтып көрейікші, созып айтуға келе ме екен?

-      Жоқ, б дыбысын созып айтуға келмейді. Б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айта аламыз.

-     Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен? Дауысты ма, әлде дауыссыз дыбыс па?

-   Дауысты дыбыстар қалай айтылады жљне оларды қандай текшемен белгілейміз? Ал дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? (Балалар қызыл және көк текшелерді ретімен көрсетеді).

Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.

-   Балга деген сөзді буынға бөлейік, кәне, шынтақтарыңды парта үстіне тіреп, саусақтарыңды айқастырыңдар да, айқастырылған саусақтарыңды иектеріңнің астына қойып, бәріміз бірге буынға бөлейік. Бал-ға. Иектеріңе саусақтарың неше рет тиді?

 

-Екі рет.

-Олай болса балға сөзінде неше буын бар екен?

-                  Б дыбысы қай буында тұр? Шалбар сөзін де тұра осылай буынға бөлейік.

-                  Шал-бар.

-                  Heшe рет иектерің саусақтарыңа тиді?

-                  Б дыбысы қай буында тұр екен?

-                   Олай болса б дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі екен.

-                  Miнe, балалар, біз бүгін сендермен жаңа дыбыспен, яғни дауыссыз б дыбысы мен таныстыңдар.

 

3. Дәптермен жұмыс.

а)      Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы б дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне б дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

а) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Торкөздегі «оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды. Сөйлем құрайды.

б)      Кеспе әріптен б-ның бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі. Педагог тақтаға жазып көрсетеді. Балаларға ауада екінші рет ауада жаздырады. Дәптерге б әрпін үлгі бойынша жазады.

4. Сергіту сәтін өткізу.

Бала-бала, балапан,

Кәне, қайсы алақан?

Саусақтарың әйбат,

 Былай-былай ойнат.

 

5. Қызыл, көк текшелермен (дауыссыз дыбыс - көк текше, да­уысты дыбыс - қызыл текше) сөз құрастыру. Қай бала сөз жылдам құрастырса, сол бала тақтада да көрсетеді. Алғашқы орындаған төрт балаға жаздыру. Мысалы, Бота, арба, балга, саба.

Балаларға б дыбысына сөз құратқызу. Мысалы, бесік, бор, бақа, балқ,, бағдаршам, т.б..

Б дыбысынан басталатын балалардың аттарын атату.

 

6.Жұмбақ шешкізу.

Табада бар,

Танада жоқ.

 Сабада бар,

Санада жоқ.

(б дыбысы)

7. Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Саңырауқұлақты паналаған балапандарды бейнелеген сурет).

Сөйлемдер құрастыру.

1. Жаңбыр жауды.

2. Саңырауқұлақ үлкен болып өсті.

3. Балапандар саңырауқұлақ астын паналап тұр.

 

8.«Саңырауқұлақ» дидактикалық ойыны.

Шарты: балалардың ішінен біреуі «саңырауқұлақ» болып сайланады. Қалғандары «балапандар» болады. «Саңырауқұлақ» қолшатырды ашып, отырады. Педагогтің «жаңбыр жауды» деген белгісімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың» астына жиналады.

Балапан сөзін буынға бөлу.

 

9. «Екінші буыным қайда?» ойыны.

Шарты: бұзаудың суретін көрсетіп «бұ», - дейді, балалар «-зау», - дейді. Бүркіттің суретін көрсетіп «бүр», - дейді, бала­лар «-кіт», - дейді.

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, б дыбысымен танысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б дыбысын дауыстап айту, созып көру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді буынға бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б дыбысының сөз құрамындағы орнын анықтау.

 

 

 

б әрпін бастырып жазу.

 

 

 

б әрпін ауада жазып көру, дәптерге үлгі бойынша жазу.

 

Сергіту сәтін айтып, қимылмен көрсету.

 

 

Текшелерден сөз құрастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табу.

 

 

 

 

Сурет бойынша әңгіме , сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға қатынасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

10. Сабақты қорытындылау сұрақтары арқылы бекіту.

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: б дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: б әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: құрамында б дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      26 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: С дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  с дыбысы және әрпімен таныстыру. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.

2С дыбысына сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту..

3. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріп кассасы, түрліұтүсті суреттер, жұмбақтар жинағы, с дыбысының баспа және жазба түрі, Әліпби.

Сөздік жұмысы: асық, сандық, күнбағыс.

Билингвальді компонент: маса- муха, сақина- кольцо, сәбіз- морковь, ін- нора, сарымсақ- чеснок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушы-лық

1. Балалар шаттық шеңберінде тұрып, «сәлем», «сәлеметсің бе?», «амансың ба?» деген сияқты сәлемдесудің бірнеше түрін қайталайды.

 

Бір- бірімен амандасу.

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

2. Өткен дыбыстарды қайталау. Сөз құрастыру. Құрастырған сөзді буынға бөлу. Сөйлем құрастыру.

 

3. Әліпбиден а және с дыбыстарын тапқызу.

Кеспе әріптен осы әріптерді тапқыза отырып, текшеге буын құрастыру.

А, -ас, -са, -се, -со, т.б. буындардан сөз, сөйлем құрастыру: тас, кес, сан, т.б.

 

4. «Мен айтайыншы!» дидактикалық ойыны. Шарты: педа­гог ауаға кез келген әріпті жазады. Балалар сол әріпті тауып, педагогтің құлағына сыбырлап айтады.

 

5. С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.

С дыбысы айтылган кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен да­уысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы - дауыссыз дыбыс.

 

6. «Көкөністер жинау» ойыны.

Шарты: педагог жұмбақтар жасырады.  Балалар жұмбақтардың шешуі болған көкөністердің суретін не мульяжін себетке салады. Мысалы:

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(Сәбіз)

Сәбіз сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу.

 

7. Сергіту сәтін өткізу.

Бір, екі, үш,

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

 

8. Тіл ұстарту жаттығуы.

Са-са-са

Ызыңдайды маса.

 

9. Дәптермен жұмыс.

Асық, сандық, күнбағыс сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне с дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша с дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі с дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

 

Сақинаны салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз орақ тәрізді? (С)

 

Өткен дыбыстарды еске түсіру.

 

 

 

Текшемен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің жасырған әріптерін табу.

 

 

 

С дыбысымен танысу, айту, қандай дыбыс екенін анықтау.

 

 

 

 

 

Жасырынған көкөністерді табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен көрсетіп айту.

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөздерді хормен оқу.

 

 

 

 

с әрпін жазу.

 

 

 

Сөзжұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

Рефлексив-тік-түзетуші-лік

10. Қорытындылау.

С дыбыс кездесетін сөздерге мысалдар келтіріп, оларды буынға бөлу.

Сөйлем құратып оған дыбыстық талдау жасату.

 

Тапсырмаларды орындау

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: с дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: с әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: құрамында с дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

                               27 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  Ы дыбысы және әрпімен таныстыру.  Ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.

2Балалардың сөздік қорларын толықтыру, зейін- ынтасын, есте сақтау қызметін дамыту.

3. Балаларды өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

 

Сөздік жұмысы: қозы, ыдыс.

Билингвальді компонент: қайшы- ножницы, қайың- береза, мысық- кошка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберінде тұрып, «сәлем», «сәлеметсің бе?», «амансың ба?» деген сияқты сәлемдесудің бірнеше түрін қайталайды.

 

Бір-бірімен дұрыс амандасу.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. «Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.

Ойын шарты: педагог дауысты дыбысты атаса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбыс­ты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды.

 

3.Педагог балаларға сюжетті суретке қарап әңгіме құратады.

Бұл - ас бөлмесі. Айжан цстелдің үстін жинады. Ол шыны, қасық, тәрелкелер жуды.

-       Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шәйнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады.

-     Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?

Ы дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі.

-    Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

-     Демек, ы дыбысы - жуан дауысты дыбыс.

Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасатады.

Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысы көк текшемен белгіленеді. Қызыл, көк текшелер бойынша ыдыс сөзінде неше дауысты, неше да­уыссыз дыбыс бар екені анықталады.

Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп жазу, оны оқу.

 

4. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс-ыс-ыс

Келіп қалды қыс.

 

5. Дәптермен жұмыс.

Ыдыс, мысық, қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардьщ ездеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аягында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

 

Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ы дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ы дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді.

 

6. Сергіту сәтін өткізу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер,

Үп-үлкен боп өседі.

 

7. Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу. Балаларға балық, қайың, мысық, қайшы суреттері таратылады. Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазғызылады. Мысалы: 1. Балық суда жүзіп жүр. 2. Мысық мияулады. З.Айнұр домбыра тартты. 4. Әжемде қайшы бар. - Әр сөйлемде неше сөз бар?

 

8. Қол жаттықтыру жұмысы.

Ауада жазу.

Дәптерге жазу.

 

Өткен дыбыстарды қайталау, ойынға қатынасу.

 

 

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

 

 

Ы дыбысымен танысу, айту, қандай дыбыс екенін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзді буынға бөлу.

 

Жаттығуды орындау.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ы дыбысының орнын анықтау.

 

 

 

 

 

ы әрпін бастырып жазу, сөзжұмбақты шешу.

 

Сергіту сәтін айтып отырып, қимылмен көрсету.

 

 

Суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

Жаттықтыру жұмысын жасау.

 

 

Рефлексив-тік-түзетушілік

9.  Сабақты қорытындылау тапсырмасы:

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа болу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.


 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ы дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ы әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: құрамында ы дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      28 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ж дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  Ж дыбысының айтылу, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Балаларды өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар, суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.

 

Сөздік жұмысы: морж, жапалақ.

Билингвальді компонент: көжек- зайчонок, жалау- флажок, жұлдыз- звезда, жылға- ручей, жолбарыс- тигр.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-     Балалар, бүгін ауа райы қандай?

-     Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

-     Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?

-     Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік?

-    Көңіл күйіміз қалай?

-     Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық.

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2.-Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.

-    Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-     Қандай болып екіге бөлінеді?

-     Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін, оларды айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелеріңді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелеріңді көтеріңдер.

Ал, бүгін оқу іс-әрекетін «Кім тапқыр?» деген ойынмен бастаймыз. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Текшелерін көтеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

 

3. «Алма жинау» дидактикалық ойыны.

-    Мына алма ағашында алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына өлкен себетке саламыз. Аталған сөздерді буынға бөлу.

 

4. Тіл ұстарту жаттығуы.

Жа- Жа-Жа

Менің атым - Қожа.

 

5. Дәптермен         жұмыс.

а) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

э) Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ж дыбысының орнына

қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

 

6. Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

(Жұлдыз)

 

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

(Жұмырқа)

 

7. Бұдан кейін «Кім жылдам?» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардың атауларын атату. Буынға бөлгізу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту.

Суреттер: жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

-        Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасайық. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.

-        Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап ұру арқылы осы сөздерді буынға бөлейік.

 

8. «Біз зерекпіз» ойыны. Шарты: педагог сөздерді ретімен айтады. Балалар осы сөздерден ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарың шапалақтайды.

Мысалы: 1. п, б, с, ж, л, ж, қ, о, т.б. (Дыбыс)

2.    На, са, жа, ла, за, жу, т.б. (Буын)

3.    Таға, саға, жата, алға, жылға (Сөз)

-      Мынау ж дыбысының таңбасы - ж әрпі. әрпі көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тагы да қайталап, анықтау. Баспа түрін көрсету).

 

9. Сергіту сәтін өткізу.

Топ-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

 

10. Педагог Ж. Смақовтың «Жау, жау, жаңбыр» деген өлеңін оқиды. Өлеңнен ж дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Мыса­лы: жау, жаңбыр, т.б. Ж дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтірту.

-                        Жүзім,жүзік,жылан,т.б.

 

11. «Менің көжегім» тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. «Көжек сәбізді жақсы (көреді) жейді».

Ж дыбысы бар сөздерді атату.

 

12. Үстел үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншықтар алдын ала матамен жабылып қойылады.

-       Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіңдер. Сол ойыншықтардың ішінен ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік).

 

Сұрақтарға жауап беру, өткен тақырыптар-ды еске түсіру.

 

 

 

Өтілген дыбыстарды ойын арқылы ажырату.

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасату, ж дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

 

 

Ж әрпін жазу.

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтарды шешуге тырысу.

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

Дыбыстық талдау жасау.

 

 

 

Буынға бөлу.

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін айта отырып, қимылмен көрсету.

 

 

 

 

 

Өлеңді мұқият тыңдау.

 

 

 

 

 

Суретпен жұмыс жасау.

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

Рефлексив-тік-түзетушілік

-     Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-     Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-       Өте жақсы, балалар. Олай болса, «Жау, жау, жаңбыр» әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып айтылган осы әнмен сабақ аяқталады.

Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ж дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ж әрпін ауада, дәптерде жаза алу.

Нені біледі: құрамында ж дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

                                      № 29 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

3. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

 

Сөздік жұмысы: ұршық, бұғы, бұлан, киелі.

Билингвальді компонент: ұлу –улитка, ұя- гнездо, сұр- серый, қарлығаш- ласточка, құдық- колодец.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілектерін, лебіздерін білдіреді.

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Педагог балаларға жқмбақ жасырады:

Шыр айналып биші қыз

Билеп- билеп алады,

Өз бұрымын беліне,

Орап түсіп барады.

(Ұршық)

Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасату.

 

3. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ұс-ұс-ұс

Қарлығаш- киелі құс.

 

4. Дәптермен жұмыс.

Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін жағдайларына мысал келтірту. Дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.

Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады.» Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

суреттерге қарап, дыбыстық талдау жасату. (ұлу, ұя, бұғы, ұршық)

Тордағы әріптерден сөз құра.

Үзік сызықтарды қос, буындап оқы.

ұ- лу, ұ-я, бұ- лан, сұр, ұр-шық, құ- лан, құр.

 

5. Жаңылтпаштар жаттау.

Тұз - мұздай

Мұз - тұздай.

Талап - тұлпар

Білім - сұңқар.

6. Сергіту сәтін өткізу.

«Ұшты-ұшты» ойыны.

Ұшты-ұшты қарға ұшты. (Балалар қарға сияқты ұшады).

Ұшты, ұшты етік ұшты. (Қолдарын көтеріп ұшпақ болган бала айыбын өтейді).

 

Жұмбақтың шешуін табу.

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысы тек қана сөздің ортасында және соңында келетінін анықтау.

 

 

Сөйлемде құрастыру.

 

 

Үзік сызықтарды қосу.

 

 

Жаңылтпашты жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

.

 «Ұшты-ұшты» ойынын ойнау.

 

Рефлексив-тік-түзетушілік

Сабақты сұрақ- жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ұ дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ұ әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ұ дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 29 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.  Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.

3. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.

 

Сөздік жұмысы: зеңбірек,қаңбақ.

Билингвальді компонент: аң- зверь, қайың- береза, шаңғы- лыжи, қоңырау- звонок, шаң- пыль.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін біз «Орманда» деген тақырып бойынша жұмыс жасаймыз.

-Орманда тіршілік ететін жануарларды атайықшы.

-Енді балалар, аң сөзіне қатыстырып сөйлем құрап көрейікші.

-Ал « Орманда» деген тақырыпқа кім ертегі ­құрап береді?

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, тапсырмасын орындау.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Аң сөзін буынға бөлу, дыбыстарды ретімен ататып, ң дыбысының қай дыбыстан соң тұрғанын сұрау, оның дауыссыз екенін түсіндіру.

Ң дыбысын жек дыбыстату арқылы, айтылуына көңіл аударту. Бір қатарға н, екіншісіне ң дыбысы бар сөздерді ойлап табуды тапсыру.ол сөздердегі н, ң дыбыстарын салыстыра отырып талдау жасау, бұлар андай дыбыс екенін айтқызу, н әрпінің ң әрпінен айырмашылығы барын түсіндіруң аң сөзін дауыссыз, дауысты дыбыстар белгіленген текшелермен құрап жазу.

 

3. Сергіту сәтін өткізу.

Суреттегі аңдардың қимылын келтіру.

 

4. Тіл ұстарту жаттығуы:

Ың-ың-ың

Қандай биік шың.

 

5. Дәптермен жасау.

Зеңбірек, қаңбақ, қайың сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ң дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне ң дыбысының сөздің ортасында, аяғында келетін жағдайларын ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

ң әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздыру. Дәптерге ң әрпін бастырып жазу.

Сызба бойынша үш сөзден тұратын сөйлемдер құрату.

Суретті ребусты шешкізу.

 

6. Жұмбақ шешу.

Қос арғымық мінемін,

Жолсызбен ақ жүремін.

(Шаңғы)

 

Дың- дың соғыламын,

Мектептен табыламын.

( Қоңырау)

-Шаңғы сөзін қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

-Шаңғы, қоңырау сөздерін қима әріптерінен құратып, буынға бөлдіріп талдату, буын санын анықтау, үлгісін салдыру.

7. Жаңылтпаш  айтқызып, оны жаттату.

Шапсаң, шапсаң,

Бұрқырайды ақ шаң.

 

 

ң дыбысы, әрпімен танысу, текшелермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңдардың қимылын келтіру.

 

Жаттығуды жасау.

 

 

ң дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

 

 

 

ң әрпін жазып үйрену.

 

Сөйлемдер құрау.

Ребусты шешу.

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындау.

 

 

 

Жаңылтпаш жаттау.

Рефлексив-тік-түзетушілік

8. Сабақты қорытындылау сұрақтары:

-Бүгінгі танысқан дыбыс қандай дыбыс?

-ң дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

-Ормана нелер мекендейді?

-Аң сөзі қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ң дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ң әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ң дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 31 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Е дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту. Е дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларға е дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

3. Өзара сыйластыққа, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: кетік, ырыс.

Билингвальді компонент: етік- сапоги, аяқ киім – обувь.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Аптаның қай күні?

-Балалар, біздер, сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай аталады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?

-Дауыссыз дыбыстарды, дауысты дыбыстар сияқты емін еркін айта аламыз ба? Себебін айтыңдар.

-Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

Сұрақтарға жауап беру.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс-ыс-ыс

Болсын мол ырыс.

3. Жұмбақты шешу.

Егер менк-ден бастасам,

Тісі жоқтың бірімін.

К- ні алып тастасам,

Аяқкиімнің бірімін.

(Кетік-етік)

Етік сөзіне дыбыстық талдау жасау және сөзді текшелермен жазу. Е дыбысына келетін сөздерге мысалдар келтіру.

 

4. Дәптермен жұмыс.

Кесе , елік, есек сөздеріне дыбыстық талдау жасап, е дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздері е дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздерді ойлап тапқызу.

Дәптердегі буындарды, сздерді құратып оқыту. Барлығын хормен қайталап оқыту.

Е әрпін ауада, дәптерде жазу.

 

5. Сергіту сәті.

 

6. сызба бойынша сөйлем құрастыру.

 

7. Суретті ребус шешу.

Шешуі: кеше. Кеше сөзіе дыбыстық талдау жасату арқылы е дыбысының сөздің ортасында және соңында келіп тұрғанын түсіндіру.

 

8. «Сөйлемдерді жалғастыр» ойыны.

Ерден атай ауылдан ...

Мен қызықты ертегі ...

Аулада емен ...

 

Жаттығуды орындау.

 

Жұмбақтың шешуін табу

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасап, е дыбысының орнын анықтау.

 

Сөздердің буындарды оқу.

Әріпті жазу.

 

Сергіту сәтін орындау.

Сөйлемдер құрастыру.

 

Ребусты шешу.

 

 

 

 

Сөйлемдерді аяқтау.

 

 

 

.

Рефлексив-тік-түзетушілік

Оқу іс- әрекеті сұрақ- жауап іс –әрекеті арқылы бекітіледі.

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: е дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: е әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында е дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 32 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: К дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімін бекіту. К дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балаларға к дыбысы бар сөз, сөйлем ойлатып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

3. Өзара сыйластыққа, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: көркем, кенгуру, Көктөбе.

Билингвальді компонент: күшік- щенок, кептер-  голубь, көше- улица.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жұмбақ жасыру.

Өз атын өзі шақырады,

Сөйтіп күнді батырады.

(Көкек)

 

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

-Көкөк сөзінде бірінші дыбыс қандай?

-Кім к дыбысына байланысты адам аттарын атайды?

-Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.

К дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталады. К дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыз көк текшемен белгіленеді.

4. Жаңа үйретілген к дыбысынан сурет арқылы өлең жолын жаттату.

                  К дыбысы мен әрпі

Көркем деп Көктөбе деп,

Ұшып жүр кептер, көбелек.

Жайнатып тұр маңайды,

Күн нұры көктен себелеп.

 

5. Дәптермен жұмыс.

Күшік, кенгуру, бүркіт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы к дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың  өздеріне к дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады.

Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

к әрпін ауада жазу. К әрпінің баспа түрін жазамыз. Үлгі бойынша к дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі к дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. « Сөйлем құра» тапсырмасын орындату. Торкөздердің ішіне сөз құрау: көк, көше, киік, күрек, көлшік т.б

 

6. Сергіту сәті.

Дыбыстан қашып

Қаққан безек.

Қорқақ жасық

Бұл не?

(Көжек)

 

7. «Дауысты ма, дауыссыз ба?» ойыны.

Шарты: балаларды үш топқа бөледі. Тақтаға а,о,в,ғ,д,е,ж әріптерінің үлгісі ілінеді. Сол  үлгіні педагог өзі көрсетіп тұрады. Үш топтың балалары сол көрсетілген дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін тез ажыратып айтулары қажет. Егер шатасса, келесі топ балалары жауап беріп, ұпай санын жинайды.

 

8. Тіл ұстарту жаттығуы.

Кекілік- ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Музыка әуенімен төмендегі дыбыстарды әуендетіп айту.

Ка-ка, ко-ко, ку-ку, ки-ки, ке-ке.

Қол жаттықтыру дәптерлеріне к дыбсының жаттығу жұмысын орындату.

 

9. Педагог төмендегі мәтінді оқып, балалар оның ішінен к дыбысы кездесетін сөздерді табады. Сол сөздерді буынға бөледі.

Көкен ауылда тұрады. Ауылдың қасында көл бар. Көлдің суы мөлдір, таза. Еркебұлан, Назкен көлге шомылып, Еркебұлан балық аулады.

 

Жұмбақты шешу.

 

 

Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді жаттау.

 

 

 

 

 

Дыбыстық талдау жасау, к дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

 

к әрпін ауада, дәптерге жазу, текшелермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге айту, қимылмен бірнеше рет қайталау.

 

 

Дыбыстарды дұрыс ажырата білу.

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінді мұқият тындау, сөздерді табу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексив-тік-түзетушілік

10. Сабақта қорытындылау сұрақтары арқылы бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: к дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: к әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында к дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 33 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: І дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.І дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру.

2.Балалардың сөздік қорын, тілін дамыту.

3. Өз ана тілін, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріптер, текшелер,ішіктің суреті.

 

Сөздік жұмысы: ішік.

Билингвальді компонент: ілгіш- вешалка, тіл-язык, түлкі- лиса.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Шаттық шеңберіне тұрып, жақсы тілектер айтады.

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Өткен дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.

 

3. Қала, жан, ана, ата т.б сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.

 

4. Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу.

Жалғыз таяқ боп тұр,

Төбесінде доп тұр.

(і әрпі)

Айтылу артикуляциясына назар аудару.

-І дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

-Дұрыс. Айтылуына қарай қандй дыбыс дейміз?

-І жіңішке айтылады. Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ұ-ү, а-ә, о-ө. (Балаларға жуан және жіңішке дыбыстарды салыстырып айтқызу).

 

5. Сергіту сәтін өткізу.

Жел соқты гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды.

Күн ашылды.

 

6. Суретбойынша жұмыс жүргізу. Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Хормен оқыту.

мысалы: ілгіш.

І- дауысты дыбыс, қызыл текше.

л- дауыссыз дыбыс, көк текше.

г- дауыссыз дыбыс, көк текше.

і- дауысты дыбыс, қызыл текше7

ш- дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

 

7. Тіл ұстарту жаттығуы.

Іс-іс-іс

Піс, қазаным, піс.

 

8. Дәптермен жұмыс.

Ішік, көгершін, ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы і дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне і дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келтін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. І әрпінің баспа түрін ауада және дәптерге жазу.

Кеспе әліппеге тіл, кітап сөзін жазу. «Кітап- білім бұлағы» мақалының мағынасын түсіндіру.

 

9. Тіл ұстарту.

Кі-кі-кі

Бұландайды түлкі.

 

10. «Әріп тастамақ» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: 7-8 балаға бір- бірден әріптер жазылған бірнеше қағаз таратылады. Бала өз қолындағы әріпке мысал келтіреді.

өткен дыбыстарды еске түсіру.

 

Буынға бөлу.

 

Жұмбақты шешу.

 

 

 

і дыбысын айту, қандай дыбыс екенін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

Бірге айту, қимылмен көрсету.

 

 

 

Суреттермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөздер мен буындарды оқу.

 

 

і әрпін жазу.

 

Мақалдың мағынасын түсіндіру.

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

 

Рефлексив-тік-түзетушілік

Сабақта қорытындылау тапсырмасы:

Құрамында і дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.

Тапсырманы орындау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: і  дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: і әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында і дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 34 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1.Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру.

2.Балалардың сөздік қорын, тілін дамыту.

3. Өз ана тілін, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: кеспе әріптер, текшелер, текемет, көрпе, жастық, қуыршақ, бесік, сырмақ.

 

Сөздік жұмысы: ұста, күйші.

Билингвальді компонент: күзетші- охранник, таңертең- утро, сүт- молоко, сиыр- корова.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. -Мына суреттен нені көріп отырмыз?

-Суреттен әтешті көріп отырмыз.

Әтешіміз «ақ» қанат

Күзетшідей қырағы.

Таң азаннан қақпада

Айғай салып тұрады.

-Балалар, әтеш таңертең ерте неге айғайлайды?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Дұрыс, балалар!

-Әтеш тек қана бізді оятты ма?

-Әкең қайда кетті?

-Әпкең қайда кетті?

-Әжең ше?

Мынау – Әлия. Ол жақсы қыз. Әжесіне, үлкендерге сәлем береді. Ол әдепті қыз.

-Біз де сондай әдепті бола аламыз ба?

-мына суреттен нені көріп отырсыңдар?

- Сиыр.

- Әсел не істеді?

- Әсел сиырды сауды, сиыр көп сүт берді.

- Сүт өте пайдалы. Сүтке бал қосып ішсең, ауырмайсың.

 

Өлеңді бірге айту, қимылмен көрсету.

 

 

 

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Сюжетті ойын.

Қатысушылар: Әсел, әже, сәби.

Әсел: -Әже, әлди жылады.

Әжесі: -Әлди-әлди бөпем, әжең келе жатыр. Әжең «әлдиді» тербетеді.

Әсел: -Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.

Әжесі: -Жарайды, шешіп алайық. Көрпесі мен жастығын әкеле ғой.

Әжесі мен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады...

Педагог:

- Ойынға кімдер қатысады?

- Әже, Әсел,әлди.

- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталады?

- Ә дыбысынан.

Педагог ә әрпін әріп кассасынан алып, балаларға көрсетеді. Ә дыбысын айту кезінде жақ кең ашылып, иек төмендейтінін айтып, оны өзі дауыстап айтып көрсетеді, яғни анық таза айту үшін артикуляциялық жұмыс жүргізіледі.

-Балалар, ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?

-Әлім, әңгіме, ән,...

-Жарайсыңдар. Олай болса «Әлди бөпем» әнін үйренейік.

әлди- әлди бөпешім,

ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарын майысып

Ұста болар ма екенсің?

Күйші болар ма екенсің?

(Балаларға әрі қарай жалғастырыпайтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады.

3. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ән,ән,ән

Қамба тола дән.

 

4. Дәптермен жұмыс:

Дәрі, әке, әтеш сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ә дыбысының орнын ажыратқызады.балалардың өздеріне ә дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы  хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Педагог ә дыбысын ауада жазып көрсетеді, санан соң балалардың өздеріне жазғызады. Дәптердегі үлгі бойынша ә дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі ә дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

 

Сюжетті ойынға белсене қатысу.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

Ә дыбысымен, әрпімен танысу.

 

 

 

 

 

Әнді мұғаліммен бірге жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөздер мен буындарды оқу.

 

 

Ә әрпін ауада, дәптерде жазу.

 

Сөйлемдер құрастыру.

Рефлексив-тік-түзетушілік

5. Ал, бізге барлық әріптерді үйрететін кітап «Әліппе» деп аталады.(таныстыру)

Таныстырар әріппен

Мынау кітап Әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен. (Ә)

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері бекітіледі.

 

Әліппемен танысу, сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ә  дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ә әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ә дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

                                      № 35 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: И  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 2.Балалардың сөздік қорын, тілін дамыту.

3. Тазалыққа, өз ісіне деген жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: инелік, именіп, игеру, шөгу.

Билингвальді компонент: ине- игла, шие- вишня, тікұшақ- вертолет

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалардың сабаққа деген ынтасын аудару, көңіл күйлерін көтеру.

Мұғалімнің айтқанын орындау.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Педагог оқу іс әрекетін суреттер көрсету арқылы ой тұжырым жасау арқылы бастайды.

-Суретте не көріп тұрмыз?

-Ит, шие, инелік.

-Иә, осы ит, шие, инелік сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?

-И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.

И дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

 

3. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ие-ие –ие

Шөгіп жатыр түйе.

 

4. Дәптермен жұмыс.

Шие, инелік, ит сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы и дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне и дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәтердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

И дыбысын ауада жазу: педагог өзі жазып көрсетеді, сонан соң балалар жазады. Дәптерге бас және кіші әрпінің баспа түрін жазу.

Сызба бойынша сөйлем құрату. Мысалы: Анам инемен тікті. Алма инені сабақтады.

Суретті ребусты шешу. Шешуі: инелік.

 

5. «Кім зейінді?» дмдактикалық ойыны. Шарты: педагог и дыбысы кездесетін сөздері бар өленнің бір шумағын оқиды. Балалар сол сөздерді тауып айтады.

Мысалы:

Ұшып кетті инелік

Бізден қорқып именіп.

Тікұшаққа ұқсайтын,

Инелікке тимелік.

 

Мен көп оқып үйренем,

Білім сырын игерем.

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

Инелік, именіп, тимелік, игерем, ине сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Педагог и дыбысы мен й дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді. Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстату.

 

6. Құрамында и дыбысы бар бір буынды сөздерді құрату: ит, кит.

 

7. «Шие» деген тақырыпта мәтін құрастыру. Мысалы: Болат пен Ислам бақшаға шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті.

 

8. Сергіту сәтін өткізу.

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін

 

9. «Сөзді есте сақта» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: педагог өтілген жаңа дыбысқа байланысты сөздерді сол ретте қайталап айтып шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, қолындағы бір қиықшасын педагогке не ойын бастаушы балаға береді. Кім қолындағы қиықшасын көбірек сақтаса сол жеңімпаз болады.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Дәптердегі сөздерге дыбыстық талдау жасау, и дыбысының сөздегі орнын анықтау,сөздерді оқу.

 

 

И әрпін ауада, дәптерде жазу.

 

 

Сөйлемдер құрау.

 

Ребусты шешу.

 

Ойынға белсене қатысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздер құрау.

 

 

Мәтін құрастыру.

 

 

 

Сергіту сәтін жасау.

 

 

Ойынға қатынасу.

Рефлексив-тік-түзетушілік

10. Сабақта алған білімдері сұрақ жауап әдісі арқылы бекітіледі.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: и  дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: и әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында и дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 36 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: З  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. З дыбысы мен әрпін таныстыру. З дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 2.Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тазалыққа, өз ісіне деген жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: жүзім, қазына.

Билингвальді компонент: зымыран – ракета, қарбыз – арбуз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Шаттық шеңберіне тұрып жақсы тілектер айту.

Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау.

 

 

Жақсы тілектер айту, сұрақтарға жауап беру.

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жұмбақ шешу.

Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ.

(З әрпі)

 

3. «Сөз ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: барлық балаға жеке жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Суретке  қарап дыбыстық талдау жасату.

 

4. Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыз –ыз-ыз

Анар- сүйкімді қыз.

 

5. Дәптермен жұмыс.

Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы з дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне з дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Педагог з дыбысын ауада жазып көрсетеді. Балалардың өздеріне ауада жазғызады. Сонан соң дәптерге жазу.

Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату. Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.

Сөзжұмбақ шешеді. Шешуі: қазына. Қазына сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Қазына түрлі бағалы заттар, дүние мүлік, байлық.

 

6. Сергіту сәтін өткізу.

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп.

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Дәптердегі сөздерге дыбыстық талдау жасау, з дыбысының сөздегі орнын анықтау, сөздерді оқу.

 

 

З әрпін ауада, дәптерде жазу.

 

Сөйлем құрастыру.

 

Сөзжұмбақ шешу.

 

Сергіту сәтін жасау.

Рефлексив-тік-түзетушілік

7. Тақтаға әріптер тізімі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.

Құрастырғын сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Сұрақ жауап әдісі арқылы алған білімдері бекітіледі.

 

Сөздер құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: з дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: з әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында з дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 37 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ө  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ө дыбысы мен әрпін таныстыру. Ө дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Әдемі жазуға үйрету.

 2.Балалардың сөзді буынға бөлу дағдыларын одан әрі дамыту.

3. Өзара сыйластық сезіміне тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: жерасты, өткел.

Билингвальді компонент: көше –улица, қымбат-дорогой, отсыз – без огня.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Ө дыбысымен таныстыру.

Буындарды оқыту: өс;өр;өк.

Ө дыбысына байланысты жұмбақтар жасыру.

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі.

(Өрік)

 

3. Ө дыбысына байланысты иақпақ үйрету.

Өткел бар көше астында,

Жерасты екі арада.

Өрілген қымбат тас мұнда

Шамдары тұтас самала.

 

4. тіл ұстарту жаттығуы.

Өс-өс-өс

Құстар бізге дос.

 

5. дәптермен жұмыс.

Өрік,өзен,көз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, онда,ы ө дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ө дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Педагог ө әрпінің баспа түрін ауада жазып көрсетеді, сонан соң тақтаға жазады. Бұдан соң балалар ө әрпінің баспа түрін алдымен ауада жазады, сонан соң дәптерлеріне жазады.

Торкөздегі ө дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

 

6. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.

Шарты: кеспе әріптерді пайдаланып, о ө әріптрінің орындарын ауыстырып, сөз құрату.

Соз - сөз                тор -төр

Қол- көл                от - өт

Жон- жөн              он -өн

 

 

Ө дыбысымен танысу.

Жұмбақты шешу.

 

 

 

 

Мұғаліммен бірге тақпақ үйрену.

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ө дыбысының орнын анықтау, сөздерді оқу.

 

 

Ө әрпін жазу.

 

 

 

 

Сөйлем құрау.

 

 

Ойынға қатынасу.

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Ө дыбысы және әрпі туралы алған білімдерін бекіту.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ө дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ө әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ө дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

                                      № 38 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ү  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ү дыбысы мен әрпін таныстыру. Ү дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Әдемі жазуға үйрету.

 2. Аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту, ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3. Өзара сыйластық сезіміне тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, фигуралар.

 

Сөздік жұмысы: сүзбе, үйеңкі, үзеңгі.

Билингвальді компонент: күз –осень, күшік –щенок, үтік – утюг, үміт  - надежда.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар, бір бірлеріне жақсы тілектер айтады.

-Балалар, бізге бүгін үкі қонаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті.

-Үкі туралы не білеміз?

-Үкі түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш құс.

-Балалар, үкі де сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі сөзінің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?

 

Жақсы тілектер айтады, үкімен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. –Ендеше, бүгін біз сендермен ү дыбысы және әрпімен танысамыз.

-Ү дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы.

Мұндай тапсырма түрлері балалардың ойлау қабілеттерін арттырады, және сөздік қорларын дамытады.

 

3. Тіл ұстарту жаттығуы.

Үз -үз-үз

Суда еркін жүз.

 

4. Дәптермен жұмыс.

Үйрек, үй, үкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ү дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ү дыбысының сөздің басында, ортасында келетін  сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Ү әрпін ауада жазу, дәптерлеріне жазу. Торкөздегі ү дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады.

«Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

Асқар үтікпен киім үтіктеді.

 

5. Сергіту сәтін өткізу.

 

6. «Ертөстікке көмектес» дидактикалық ойыны.

Шарты: Ертөстікке ағаларын табуына көмектесу. Сызбада Ертөстіктің жолы көрсетілген. Жолда қиындықтар, яғни әртүрлі тапсырмалар берілген. Егер балалар тапсырмаларды орындаса, онда Ертөстікке көмектескен болып табылады.

Бірінші тапсырма. Ертөстік көпір арқылы өтуі қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі, көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өту үшін буын, сөздерді өқыту.

Екінші тапсырма. Ертөстік ну орманға келді. Орманда бұтақтан бұтаққа секіріп жүретін бір аң бар екен. Ол өзіміз жақсы білетін тиін. Тиін «Жазу машинкасы» ойынын ойнағанды жақсы көреді. Кеспе әріптерден сөздер жазып көрейікші.

 

Ү әрпімен танысу.

 

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындау.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ү  дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

 

Ү әрпін ауада, дәптерде жазу.

 

Сөйлем құрау.

 

 

Сергіту сәтін жасау.

Ойынға қатысу, Ертөстікке көмектесу.

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Сұрақ жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ү дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ү әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ү дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 39 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Г  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Дыбыстар туралы балалардың ұғымын кеңейту. Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Ү дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. Әдемі жазуға үйрету. Ойын ойнату арқылы игерген білімдерін  бекіту.

 2. Аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту, ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3. Өзара сыйластық сезіміне тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, фигуралар.

 

Сөздік жұмысы: кереге, жұпар, гармонь.

Билингвальді компонент: көгершін –голубь, нәзік  - нежный.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Енді мына бір өлеңге құлақ түріңдерші.

«Гүлдер, гүлдер, көк гүлдер» деген өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Гүлдер.

-Гүл сөзінің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?

-Өте жақсы. Енді г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Сондықтан г дыбысы –дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз.

 

3. Дәптермен жұмыс.

Гитара, егін, кереге сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы г дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне г дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетіндігін түсіндіру. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді оқыту. Бірнеше рет хормен оқыту.

Жазу жұмысы.

Педагог г әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша г дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Сөзжұмбақты шешкізеді.

 

4. «Кім зейінді?» дидактикалық ойыны.

Шарты: педагог фланенеграф тақтасына г дыбысы бар суреттерді іліп, «Қай суретте аталған г дыбысы кездеседі?» деп сұрайды. Балалар да г дыбысы қай сөзде бар екенін анықтайды. Г дыбысын кім бұрын атаса, сол жеңімпаз атанады.

Гүл, көгершін сөздерінде г дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын анықтату.

 

5. Сөздік жұмысын жүргізу.

 

6. Г дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және дыбыстық талдау жасау.

 

7. «Адасқан әріптер» дидактикалық ойыны.

Шарты: тақтаға кейбір әріптерінің орындары ауысып кеткен сөздер жазылған қағаздар ілінеді. Балалар «Адасқан әріптерді» орындарына қойып, сөздерді оқиды. Мысалы: лүг –гүл.   

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

Г дыбысымен танысу.

 

 

                   

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасату, г дыбысынң сөздегі орнын анықтау, оқу.

Г әрпін жазу.

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақты шешу.

Ойынға қатысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөздер үйрену.

Мысалдар келтіру.

 

Ойынға қатысу.

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8. Төменде берілген жұмбақтарды бірнешеуін жасыру.

Қатар қатар түйме

Басса, салар күйге.

(Гармонь)

Мінезін оның түсінгем,

Ашуы тамақ пісірген.

(Газ)

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі,

Қайсы әріптен басталған,

Аты не, кім шешеді?

(Гүл)

-Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде гүлдің суретін салып, бақшадан гүл тереміз.

-Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-Г дыбысы қандай дыбыс?

-Қандай текшемен белгіледік?

-Яғни г дыбысы қандай дыбыс?

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: г дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: г әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында г дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 40 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Я  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Балаларға я дыбысының айтылуымен әрпі және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.  Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Әртүрлі ойын ойнату арқылы, сөзжұмбақ шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.

3. Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып, туған жерді, жануарды т.б қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, сөзжұмбақ.

 

Сөздік жұмысы: аяз, тақия.

Билингвальді компонент: қоян –заяц, пияз- лук, ұя – гнездо, қияр- огурец.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Жұмбақ жасыру.

Шымшып алады қолсыз,

Сырғанақ жоқ онсыз.

(Аяз)

-Аяз қай мезгілде болады?

-Ондай болса кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың қай айы?

-Аптаның қай күні?

 

Жұмбақты шешу,сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Бүгін біз сауат ашу сабағында я дыбысымен танысамыз. Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

-Я дауысты дыбыс, екі дыбыстан (и+а) тұрады.

-Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Қоян.

-Қоян сөзін буынға бөлейікші.

-Сендерге қай буындағы дыбыс таныс емес?

-Олай болса я дыбысымен танысайық.

Ол дауысты дыбыс. Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі және жеке буын құрай алатын дыбыс.

 

3. Дәптермен жұмыс.

Тақия, пияз сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы я дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне я дыбысының ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Педагог я әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша я дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Неше дыбыс, неше әріп бар?» тапсырмасын орындату арқылы я дыбысының ерекшелігі түсіндіріледі.

 

4. Сергіту жаттығуын өткізу.

Қоян туралы өлеңді қимылмен айтып орындайды.

 

5. Жұмбақтарды шешу.

Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті. Ол қонағымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар, екіншісінде сендерге арналған сыйлықтары бар екен. Жұмбақтардың шешуін тапсақ сыйлық аламыз.

Қолы жоқ суретсалады,

Тісі жоқ тістеп алады.

(Аяз)

Жесең ащы,

Көзінен шығарар жасты.

(Пияз)

Тал басында

Тааша үй.

(Ұя)

Жұмбақтардың шешулері болған сөздерге дыбыстық талдау жасату: ұ-я-екі буын, үш дыбыс, екі әріп. Балаларға сыйлық ретінде жұлдызша, жалаушалар беріледі.

 

Я дыбысымен танысу, сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, жаңа сөздер құрастыру, оқу.

 

 

 

Я әрпін ауада, дәптерде жазу.

 

 

 

Сөздердегі әріптер мен дыбыстарды санау.

Бірге айту, қимылмен көрсету.

 

Қонақпен танысу, жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Рефлексивтік-түзетушілік

6. «Баспалдақ» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: я дыбысына мысалдар келтіру . Көп  сөз құраған бала неғұрлым баспалдақпен жоғары көтеріледі.

 

Ойынға белсене қатысу.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: я дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: я әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында я дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 41 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ю  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ю дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: ою, жию, тию, ұю.

Билингвальді компонент: аю- медведь, құлпынай- клубника, құм –песок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Кіріспе әңгіме өткізу.

-Бүгін біз оқу іс әрекетінде ю дыбысымен, әрпімен танысамыз.біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай аталады?

-Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Өте дұрыс. Өткен сабақты қайталап шықтық, ал бүгін біз ю дауысты дыбысымен танысамыз. Ю дыбысы бар сөздерді айтып көрейікші: аю, ою, жию, тою, тию, юла, қию.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

Ю дыбысымен танысу.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Педагог төмендегі үлгідей бір шумақ өлең оқып, өлеңнен ю дыбысы кездесетін сөзді тапқызады.

Ормандағы  аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Ю дыбысына мысалдар келтіру: жаю, ою, аю, Юра.

-Енді, балалар, біз «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Бұл ойында жылдам сөйлем құрауымыз керек.

-Теледидардан аю көрдім.

-Әжем ою ойды.

-Аю, ою, ұю, құю, жию сөздерінде ю дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр?

Ю дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

 

3. Дәптермен жұмыс.

Аю,ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ю дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ю дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог я әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша я дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Ю дыбысымен айтылу ерекшелігімен таныстырады. Ю дыбысының екі (иу) дыбыстан тұратындығы «Неше дыбыс, неше әріп бар?» тапсырмасын орындату арқылы түсіндіріледі.

 

4. Сергіту жаттығуын өткізу.

 

5. Сызба арқылы сөйлем құрату.

 

 

Өлең шумағынан ю дыбысын табу.

 

 

 

 

Мысалдар келтіру.

Сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

 

Ю дыбысын ауада жазу.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ю дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

Ю әрпін жазу.

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындау.

 

 

Сергіту жаттығуын орындау.

Сөйлемдер құрау.

Рефлексивтік-түзетушілік

6. Балалардан ю дыбысына байланысты сөздерді қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау және жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ю дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ю әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ю дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 42 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Х  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Х дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: дойбы, хат.

Билингвальді компонент: дәріхана –аптека, қарбыз –арбуз, қияр –огурец.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Кіріспе әңгіме өткізу.

Педагог алдыңғы сабақтарда өтілген дыбыстар туралы алған білімдерін  «Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны арқылы пысықтайды.

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жұмбақтар шешу.

Аяғы жоқ, қолы жоқ.

Жүрмейтұғын жолы жоқ.

(Хат)

 

Сәлем алып алыстан

Туысынан таныстан,

Келетұғын хат хабар

Қай әріптен басталар.

(Х)

 

 

3. Дәптермен жұмыс.

Хат, дәріхана, шахмат сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы х дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне х дыбысының сөздің аяғында келетін сөздер сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог х әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша х дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі х дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Сөйлем құра тапсырмасын орындайды.

Суреттегі заттардың аттарын атап, сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Хат, хор, шахмат.

Хат деген сөзде үш дыбыс бар. Х дыбысы сөздің басында келіп тұр.

Х дауыссыз, а дауысты, т дауыссыз.

 

4. Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызу. Мысалы: хор, халат, т.б.

 

5. «Неше сөз бар?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог немесе балалар құрамында х дыбысы бар сөзді қатыстырып, бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлем ішінен х дыбысы бар сөзді табады және сөйлемде неше сөз бар екенін анықтайды.

Х дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

6. Жаңылтпаш жаттату.

Хабиба сөмке көтерген,

Хат хабар күнде әкелген.

Хатипа мен Ханипаға, Қамарға

Харьковкегі Хамит аға

Хат жазыпты.

Хабарла!

Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, оқу.

 

 

 

 

 

Х әрпін ауада, тақтада жазу.

 

 

Сөйлемдер құрау.

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

 

 

 

Кеспе әріптермен жұмыс жүргізу.

 

Ойынға қатынасу.

 

 

 

 

 

 

Жаңылтпашты жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Сұрақ жауап әдісі арқылы х дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: х дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: х әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында х дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 43 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: һ  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Һ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту, сөздік қорын арттыру.

3. Ұғымталдыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: қаһар, қаһарман, жауһар, жаһан.

Билингвальді компонент: жиһаз мебель, айдаһар дракон.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Шаттық шеңберіне тұрып, бір бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Жақсы тілектер айту.

 

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Сұрақ жауап әдісі арқылы балалардың сабаққа дайындықтары тексеріледі.

-Сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай аталады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?

 

3. « Маған таныс емес» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог бірнеше сөзді айтады. Балалар өздеріне таныс емес сөзді тауып айтады. Мысалы: алма, асық, қала, қаһар, хат.

Қаһар сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Қаһар ашу, ыза, айбар. Қаһар сөзіне дыбыстық талдау жасалады.

 

4. Дәптермен жұмыс.

Айдаһар, жиһаз  сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы һ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне һ дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог һ әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша һ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Торкөздегі һ дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Жаһан, қаһар, Жауһар сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды.

 

4. Сергіту жаттығуын өткізу.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

5. «Кім дұрыс айтады ?» ойыны жарыс түрінде өткізіледі. Өтілген дыбыстарды дауыстап айтады. Олардың ішінен дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады.

 

6. Бір шумақ өлең жаттау.

Кітапқұмар Қаһарды

Таппаған соң шаһардан.

Алтынай қалап «Қаһарды»

Сұрап алды Гауһардан.

Құрамында һ әрпі бар сөздерді тауып айту, оны кеспе әріптермен құрастырып жазу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Дұрыс айтуға жаттықтыру.

-һ дауыссыз дыбыс па әлде дауысты дыбыс па?

-Дауыссыз дыбыс.

Һ дыбысына мысалдар келтіру. Мысалы: қаһарман, айдаһар, Гауһар, Жауһар т.б.

Кеспе әріптермен қаһар, айдаһар сөздерін жазғызу. Осы сөздерді буынға бөлу.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатысу.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, һ дыбысының орнын анықтау, сөздерді оқу.

 

һ әрпін ауада, тақтада жазу.

 

 

Жаңа сөздер ойлап табу.

 

Сөйлемдер құрау.

 

Сергіту жаттығуын орындау.

 

 

 

 

Ойынға қатынасу.

 

 

 

 

Өлеңді  жаттау.

 

 

 

Кеспе әріптермен жұмыс жасау, дыбыстық талдау жасау.

 

 

Һ дыбысына мысалдар келтіру.

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Сұрақ жауап әдісі арқылы һ дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: һ дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: һ әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында һ дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 44 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: В  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, в дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы олардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, бетперделер.

 

Сөздік жұмысы: аквариум, Вена, Волга.

Билингвальді компонент: сусыз-без воды, әйнек  - окно.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Педагог оқу іс әрекетін Ш.Ахметовтың немесе басқа да ақындардың «Бұл қай кезде болады?» жұмбақ өлеңін оқумен бастайды. Жұмбақтың шешуі: көктем мезгілі.

-Көктемде қандай гүлдер өседі?

-Гүлдерді кімдерге сыйлаймыз?

-Анамыз гүлді қайда салады?

-Вазаға .

-Ваза сөзіне дыбыстық талдау жааңдар.

-Бізге таныс емес қай дыбыс?

-В дыбысы.

 

Жұмбақ өленнің шешуін табу.

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жаңа тақырыпты хабарлау.

Бүгін біз в дауыссыз дыбысымен танысамыз.

3. Жұмбақ шешу.

Бір атым бар

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген.

(Велосипед)

-В дыбысы дауысты ма, дауыссыз дыбыс па?

-Дауыссыз дыбыс.

Тақтаға бір бала велосипед сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстып айтады.

-Велосипед сөзінде неше буын бар?

 

4. Дәптермен жұмыс.

Вагон, ваза, аквариум  сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы в дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне в дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог в әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша в дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

В дыбысын қатыстырып, сөйлем ойластырады.

 

4. Педагог төмендегідей өтірік өлең оқиды, балалар өлең жолдарынан в дыбысы бар жолдарды тауып айтады.

Волгасы бар құланға,

Вена бойы ұнайды ақ.

Вагон тіркеп қыранға,

Великпенен жүр айдап.

Волга өзен. Вена Австрияның қаласы, қала.

Волга, Вена, вагон, велосипед сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

 

5. Жұмбақ шешу.

Қызыл түсті,

Мөлдір сулы.

Сырты түсті

Тасты, құмды,

Жасыл түсті балықтар,

Әйнек үйде қалықтар.

(Аквариум)

Аквариум сөзін бірнеше рет қайталап айтқызу. Аквариум сөзіне дыбыстық талдау жасату.

-Су туралы кім мақал мәтел біледі?

-Су анасы бұлақ.

-Судың да сұрауы бар.

-Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар.

 

 

6. «Аукцион» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог көрсеткен машинаның маркасын дұрыс атау және в дыбысының сөздің қай буынында тұрғанын табуы керек. Тапсырманы дұрыс орындаған бала машинаның суретін аукционнан сатып алған болып есептеледі. Мысалы: волво, волга, ваз.

 

В дыбысымен танысу.

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

В дыбысы дауыссыз дыбыс екенін түсіну.

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, в дыбысының орнын анықтау, сөздерді оқу.

 

в әрпін ауада, тақтада жазу.

 

Сөйлемдер құрау.

 

Өлеңді зейін қоя тыңдау, ішінен керекті сөздерді табу.

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

Жұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

Аквариум сөзін қайталау.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

7. «Саяхат» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: педагог Вена қаласы жайлы бейнекөрініс көрсетеді немесе Вена қаласының сәулетті жерлерінің суреттерін көрсетеді. Осы  қала туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді.

                      Вена қаласы

Вена-Австрияның қаласы. Альп тауының етегінде, Дунай бойының етегінде орналасқан. Ол- мәдени орталық. Дунай кеме жолы және Орталық Еуропа, Прибалтика елдеріне шығатын көлік жолдары бар. Климаты жұмсақ. Қыс мезгілінде тау жақтан жылы жел соғып тұрады.

Австрия, Вена сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызу, дыбыстық талдау жасау.

Сұрақ жауап әдісі арқылы в дыбысы туралы білімдері бекітіледі.

 

Вена қаласы жайлы мәлімет алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: в дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: в әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында в дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 45 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ф  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ф дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, ф дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы олардың сөздік қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: фонтан, буфет.

Билингвальді компонент: көше –улица.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалардың зейіндерін оқу іс әрекетіне аудару.

-Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?

-В дыбысы.

-Кәне, в дыбысын қарастырып, сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. Енді осы сөздерден сөйлем құрайық.

 

В дыбысымен танысу.

 

 

 

Сөздер ойластыру.

Сөйлемдер құрау.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Фонтан, фото, футбол сөздерін буынға бөлдіру. Осы сөздердегі ең бірінші дыбысты айтқызу.

 

3. Дәптермен жұмыс.

Кофе, фотоаппарат, телефон  сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ф дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ф дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог ф әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша ф дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша сөйлем құрастырту. Мысалы:

Көшеде фонтан тұр. Әдемі фонтан атқылайды.

Кофе, фото, буфет сөздерін торкөздерге және осы сөздерді кеспе әріптермен жазу.

 

4. Сергіту жаттығуын педагог өз қалауымен өткізеді.

 

5. Жұмбақ шешу.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды.

(Телефон)

 

Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр зыр қағып.

(Футбол)

 

Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды.

(Фонтан)

Телефон, фонтан, футбол сөздерін буынға бөлдіру, ф дыбысының сөздің қай жерде кездесіп тұрғанын тапқызу арқылы ф дыбысының басқа тілде сөздерде кездесетінін айтып түсіндіру. Ф дыбысы сөздің басында, ортасында және фотограф сияқты сөздерде сөздің соңында кездесетінін айту.

 

6. «Жалғасын тап»  ойыны. Шарты: педагог сөздің алғашқы буындарын айтады, соңғы буынын бала тауып, сөзді айту керек.

Мысалы: фут..., теле..., т.б.

Буынға бөлу.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ф дыбысының орнын анықтау, сөздерді оқу.

 

ф әрпін ауада, тақтада жазу.

 

 

Сөйлемдер құрау.

 

 

Кеспе әріптермен жұмыс жүргізу.

Сергіту жаттығуын орындау.

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді буынға бөлу, ф дыбысы өзге тілді сөздерде кездесетінін түсіну.

 

 

 

Ойынға белсене қатысу.

Рефлексивтік-түзетушілік

7. Фатима, финал, кофта, фонар сөздерінде неше әріп бар екенін цифрмен көрсету.

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.

Жұмбақтар шешу.

Арқасын тіреп жабысып,

Екі «р» қалған қабысып,

Бұл қай әріп?

(Ф)

Иілген ұршық

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Ф)

Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

(Ф)

Сөздердегі әріп санын анықтау, жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ф дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ф әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ф дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 46 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы:   Ё дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Балаларды  ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Балалардың ойлау қабілетін арттыру.

3. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: монтер, шахтер, шаңырақ.

Билингвальді компонент: көмір-уголь, шырша – елка, табиғат-природа.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жұмбақ шешу.

Қысы –жазы бір түсте.

Ол не?

-Шырща.

-Шырша сөзін орысша қалай айтамыз.

-Ёлка.

 

 3.Ё дыбысы мен әрпі туралы мағлұмат беру. Ё –дауысты дыбысы екі дыбыстан жасалған (ио), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: монтер, шахтер, т.б.

-Елка сөзінің бірінші дыбысын кім айтады?

Елка сөзіне дыбыстық талдау жасату.

-Ёлка –екі буыннан тұрады:ёл-ка, 5 дыбыс, ё- екі (йо) дыбыстан құралған дауысты дыбыс.

 

4. Сергіту сәтін өткізу.

Биік болып өсеміз,

Елкалардай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп билеп аламыз.

 

5. «Шахтер» сөзжұмбағын шешу.

1. Киіз үйдің сүйегі(шаңырақ).

2. Қыздардың мойынға тағатын әшекей бұйымы (алқа).

3. Қағазға жазылатын ақпараттық құрал (хат).

4. Күн жылы кезде киетін ұлттық баскиім (тақия).

5. Шырша сөзінің орысшасы (елка).

6. Сөйлейтін ақпараттық құрал (радио).

 

6. Дәптермен жұмыс.

Шахтер, монтер  сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ё дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ё дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы. Педагог ё әрпін ауада және тақтада жазып көрсетеді.

Дәптерге үлгі бойынша ф дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

«Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша сөйлем құрастырту. Мысалы: Машинаны шофер жүргізеді.

Актер, монтер сөздерін торкөздерге және осы сөздерді кеспе әріптермен жазу.

 

7. «Мен бастаймын, сен аяқта» дидактикалық ойыны. Шарты: Педагог: «шахтер», -дейді. Балалар : «Шахтер көмір қазады», «Шахтер темір қалпақ киеді», -деп жауап береді.

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

Ё дыбысының екі дыбыстан жасалатынын түсіну, сөзге дыбыстық талдау жасау.

 

 

 

 

Сергіту сәтін жасау.

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақты шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау,   ё дыбысының орнын анықтау, сөздерді оқу.

 

ё әрпін ауада, тақтада жазу.

 

 

Сөйлемдер құрау.

 

 

 

 

Ойында ойнау.

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8.Оқу іс – әрекеті шахтер, монтер туралы өлең жаттатумен аяқталады.

 

Өлең жаттау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ё дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ё әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ё дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 47 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы:   Э дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Э дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды э дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту. Ойын арқылы  ой өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

3. Өзара сыйластыққа, ұғымталдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: экскаватор, поэма, поэзия,элеватор.

Билингвальді компонент: күшті –сильный, еңбек- труд.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Педагог төмендегідей өлең жолдарын оқиды.

-Нан!

Нанда еңбек, нанда ән.

Нанда жұмыс,

Нанда сән,

Нанда үлкен мән

Сондықтан ол- нан!

2. Балалар өлең нан туралы екенін айтады. Педагог нанның дастарханға қысқаша келу жолын түсіндіріп кетеді. Элеватор сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді.

Элеватор – мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

Өлеңді мұқият тындау.

 

 

 

 

 

 

Нанның дастарханға келу жолы туралы түсінік алу, жаңа сөзбен танысу.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

3. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Бүгін біз сауат ашу сабағында э дыбысымен танысамыз. Э дыбысын айтып көрейік.

-Э-э-э.

Э дыбысының дауысты екені айтылады.

 

4. Жұмбақ шешу.

Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті.

(Экскаватор)

-Экскаватор сөзінде неше буын бар?

-Экс- ка-ва-тор.

-Эдыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?

-Сөздің басында.

 

5. Эдыбысына мысалдар келтірту. Мысалы: экран, электр, т.б.

Осы сөздерді текшелермен буынға бөліп көрсету.

-Эк- ран, э- лектр, экс- ка-ва-тор.

-Эдыбысына байланысты кісі аттарын білеміз бе?

-Эльвира, Эльмира, Элеонора.

 

6. Педагог сергіту сәтін өз қалауымен жүргізеді.

 

7. Дәптермен жұмыс.

Экскаватор сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы э дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне э дыбысының сөздің басында, ортасында келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Дәптерге үлгі бойынша э дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Эдыбысын қатыстырып сөз құрастырады.

«Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша сөйлем құрастырады. Фери, поэма, поэзия сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.

Фери – ыдыс жуатын сұйықтық.

Поэма- белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын көркем шығарма.

Поэзия- өлеңмен жазылған көркем шығарма.

 

7. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог сөйлемді бастап айтады, балалар кеспе буындардан сөйлемді аяқтайды. Мысалы:

Мен аэропортқа ...(бардым).

Ағам элеваторда ...  ...(жұмыс істейді).

Үйде электр шамы ... ...(жанып тұр).

Э дыбысымен танысу.

 

 

 

 

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрамында э дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру.

 

 

 

 

Сергіту сәтін өткізу.

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, э дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

Э дыбысын жазу.

 

Сөйлемдер құрастыру.

 

Жаңа сөздермен танысу.

 

 

 

Ойын ойнау.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8. –Э дыбысы сөздердің қай жерінде айтылады екен?

-Cөздің басында, сөздің ортасында.

-Э қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады.

Бүгінгі өткен дыбыс туралы білімдері пысықталады.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: э дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: э әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында э дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 48 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Щ  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Щ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды щ дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.  Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту. Ойын арқылы  ой өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

3. Өзара сыйластыққа, ұғымталдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

 

Сөздік жұмысы: ащы, тұщы.

Билингвальді компонент: шаң –пыль, көл- озеро.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Шаттық шеңберінде тұрып, бір бірлеріне  жылы лебіздерін білдіреді.

 

Жақсы тілектер айту.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен  белгіленеді.

- Әріп дегеніміз не?

Щ дыбысының дауыссыз дыбыс екенін және мысалдар келтіру арқылы оның сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін түсіндіру.

 

3. Жұмбақ шешу.

Атқарады талай талай ісіңді,

Тазалайды киіміңді, тісіңді.

(Щетка)

Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасау. Щетка сөзін текшелермен немесе кеспе әріптермен жазу. Бұрыш және борщ сөздерін кеспе әріптері арқылы жазғызу.

 

4. Щ дыбысына байланысты жаңылтпаш айтқызу: педагог асықпай оқиды. Одан кейін балаларға бірнеше рет қайталатып айтқызу. Бір екі бала жатқа айтады. Ащы, тұщы сөздерін буынға бөледі. Щ дыбысын тауып, оның сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу.

Бұрыштың дәмі ащы ма?

Борщтың дәмі тұщы ма?

 

5. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: щ дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру. Көп сөз ойлап айтқан бала жеңімпаз атанады.

 

6. Щетка туралы өлең оқу арқылы олардың түрлерімен таныстыру.

Щетка, щетка,щеткалар,

Неше түрлі щетка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

Тазалық туралы кім мақал –мәтел біледі?

 

7. Дәптермен жұмыс.

Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы щ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне щ дыбысының сөздің басында, ортасында , аяғында келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Щ дыбысын ауада жазып көрсету.

Дәптерге үлгі бойынша щ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Щ дыбысын қатыстырып сөз құрастырады.

«Сөйлем құра» тапсырмасы бойынша сөйлем құрастырады. Алдымен төртбұрыш ішіндегі әріптерді пайдаланып, ащы, тұщы, көл деген сөздерді құрайды. Сонан соң сөздерді қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастырады.

 

7. Сергіту жаттығуын орындату.

Бір, екі, үш.

Жинап алдық күш.

Төрт, бес, алты

Бой жазамыз мықты.

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Көрсетілген үлгіге,

Әдемі етіп жазайық.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

Щ дыбысымен танысу.

 

 

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

Дыбыстық талдау жасау, кеспе әріптермен жұмыс жасау.

Жаңылтпашты жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға белсене қатысу.

 

 

Өлеңді зейін қоя тындау.

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, щ дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

щ дыбысын жазу.

 

 

 

Сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

 

Сергіту жаттығуын орындау.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8. Сұрақ жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: щ дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: щ әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында щ дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 49 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: ц  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ц дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды ц дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту.  Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Өзара сыйластыққа, ұғымталдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер6 сылдырмақ, түсті борлар, сөзжұмбақ.

 

Сөздік жұмысы: цемент, цех, цирк, цифр.

Билингвальді компонент: сайқымазақ клоун.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1.Қазақ циркінен келген сайқымазақ Мұрат балалармен бірге шаттық шеңберіне тұрып, балалардың көңілдерін көтереді.

Щетка сөзін қатыстырып, сөйлем құрату. Сайқымазақ Мұрат « Щеткамен тісті тазалайды» деген сөйлемді «Щеткамен ауланы тазалайды» , -деп қате айтады. Оның қатесін балалар түзетеді.

 

Сайқымазақ Мұратпен танысу, сөйлемдер құрау.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар, Мұрат қайда жұмыс істейді?

-Циркте.

-Цирк сөзіндегі бірінші дыбысты кім айтып береді?

-Бүгін біз ц дыбысын өтеміз. Ц дыбысын хормен айтып көрелік. Кәне, бәріміз бірге айтайық.

- Ц дыбысын созып айта аламыз ба екен?

-Ц дыбысын дауысты дыбыстар сияқты созып айта алмаймыз. Сондықтан ц дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде кездеседі.

 

3.Суретпен жұмыс.

-Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Бишілерде, әншілерді т.б.

-Дұрыс, бишілер де, әншілер де өнер адамдары екен. Олар өз өнерлерін қай жерде көрсетеді?

Концерт сөзін буынға бөлдіру, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын тапқызу.

 

4. Сөздік жұмысын жүргізу.

Цех – өндірістік бөлімше.

Цирк- ойын сауық көрсететін көпшілік орын.

Цифр- сан ұғымын жазуда белгілейтін таңба.

 

5. Дәптермен жұмыс.

Мотоцикл, цирк сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ц дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ц дыбысының сөздің басында, ортасында  келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Ц  дыбысын ауада жазып көрсету.

Дәптерге үлгі бойынша ц дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Ц  дыбысын қатыстырып сөйлем құрастырады.

 

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

Ц дыбысының дауыссыз екенін анықтау.

 

 

Суреттермен жұмыс жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сөздермен танысу.

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ц дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

ц дыбысын жазу.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

8. Сұрақ жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ц дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ц әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ц дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 50 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ч  дыбысы және әрпі.

Мақсаты: 1. Ч дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.  Балалардың ч  дыбысы бар сөздерге  мысал келтірту   арқылы сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

 2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Өзара сыйластыққа, ұғымталдыққа  тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер.

 

Сөздік жұмысы: чемодан, чемпионат, чемпион.

Билингвальді компонент: балықшы- рыбак, орындық – табурет, стул.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Кіріспе әңгіме:

-Балалар, сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай аталады?

-Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауыссыз дыбыстарды айта аламыз ба?

-Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

-Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Әріп дегеніміз не?

Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылып отырады.

Сұрақтарға жауап беру.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Жұмбақ шешу.

Орындық тұр

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Ч)

Дұрыс айтасыңдар ч әрпіне ұқсайды. Бүгін ч әрпін өтеміз. Педагог балаларға чемоданның суретін көрсетеді.

-Чемодан деген сөз қай дыбыстан басталады? Ч дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

-Дауыссыз дыбыс.

-Кәне, кім чемодан сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді. Чемодан сөзінде неше буын бар?

Ч дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білдірту. Буындар құратып оны оқыту(ча, чу,че,чи).

-Балалар, ч дыбысын ауада жазып көрейікші.

 

3. Дәптермен жұмысы.

Чемпион, чемодан  сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ч дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ч дыбысының сөздің басында, ортасында  келетін сөздер  ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы.

Ч  дыбысын ауада жазып көрсету.

Дәптерге үлгі бойынша ч дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Ч  дыбысын қатыстырып сөйлем құрастырады.

Почта, чемпионат сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Осы сөздерді торкөздерге жазғызу.

 

4. Сергіту жаттығуын орындау.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай ағаштар

Біп биік боп өседі.

 

Жұмбақтарды шешу.

 

 

 

Ч дыбысымен танысу.

 

 

 

 

 

Сөзді текшелер арқылы жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, ч дыбысының сөздегі орнын анықтау.

 

 

ч дыбысын жазу.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту жаттығуын орындау.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

5. Сұрақ жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: ч дыбысы, оның айтылу ерекшелігі, таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: ч әрпін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында ч дыбысы бар сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 51 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Жіңішкелік белгісі (ь).

Мақсаты: 1. Балаларды жіңіщкелік белгісімен таныстыру. Жіңішкелік белгісі кездесетін сөздерді оқытып, олардың мағынасын түсіндіру арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға   тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер.

 

Сөздік жұмысы: лагерь.

Билингвальді компонент:

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір бірлеріне жақсы тілектер айтады.

«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны арқылы ч дыбысы бар сөздерді айтқызу. Кеспе әріптерден сөз құрау.

 

Жақсы тілектер айту,

Ойынға қатысу.

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Дәптермен жұмысы.

Жіңішкелік белгісі (ь) басқа тілден енген сөздерде кездеседі . Жіңішкелік белгісі дыбысқа жатпайды, өйткені оны дыбыстап айта алмаймыз.

Сурет бойынша коньки және лагерь сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызу, буынға бөлдіру.

Албом, фильм, лагерь сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы жіңішкелік белгісінің орнын ажыратқызады. Жіңішкелік белгісі сөздің ортасында және соңында кездесетіні түсіндіріледі.

 

Жазу жұмысы.

Дәптерге үлгі бойынша жіңішкелік белгісінің таңбасын  жазады.

Фильм, коньки сөздерін жазады.

 

Жіңішкелік белгісі бар сөздерге мысал келтіру.

Компьютер сөзіне дыбыстық талдау жасау. Осы сөзді торкөздерге жазу.

Төртбұрыштың ішіндегі әріптерді қатыстырып, альбом, компьютер сөздерін құрайды. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту.

 

3. Кеспе әріптермен жіңішкелік белгісі кездесетін сөздерді құратып жазғызу, оқыту.

 

4. Педагог сергіту сәтін өз қалауымен өткізеді.

 

Жіңішкелік белгісі дыбыс еместігін түсіну.

 

Суретпен жұмыс жасау, буынға бөлу.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Жіңішкелік белгісінің орнын анықтау.

Жіңішкелік белгісін дәптерге жазу.

 

Мысалдар келтіру.

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрау.

 

 

 

Сөздер құрау, оларды оқу.

 

 

Сергіту жаттығуын жасау.

 

Рефлексивтік-түзетушілік

5. Сұрақ жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жіңішкелік белгісі, оның  таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: Жіңішкелік белгісін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында жіңішкелік белгісі бар  сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

                                      № 52 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Айыру белгісі (ъ).

Мақсаты: 1. Балаларды айыру  белгісімен таныстыру. Айыру белгісі кездесетін сөздерді оқытып, олардың мағынасын түсіндіру арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға   тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер.

 

Сөздік жұмысы: подъезд, разъезд, съезд.

Билингвальді компонент:

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір бірлеріне жақсы тілектер айтады.

 

Жақсы тілектер айту,

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Кіріспе әңгіме.

-Дауысты дыбыстар нешеу?

-Дауысты дыбыстар қалай аталады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай аталады?

Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Р - дауыссыз

О дауысты, жуан.

Я дауысты, жіңішке.

Л – дауыссыз.

Ь – жіңіщкелік белгісі.

5- әріп,  5-дыбыс.

 

 

3. жаңа тақырыпты түсіндіру.

Айыру белгісі дыбыс емес. Өйткені оны дауыстап айта алмаймыз.Айыру белгісі дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд т.б.

 

4. Дәптермен жұмысы.

Подъезд, разъезд, съезд  сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы айыру  белгісінің орнын ажыратқызады. Айыру  белгісі сөздің ортасында кездесетіні түсіндіріледі.

 

5.Жазу жұмысы.

Дәптерге үлгі бойынша айыру белгісінің таңбасын  жазады. 

 

6.Айыру  белгісі бар сөздерге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құратады.

Төртбұрыштың ішіндегі әріптерді қатыстырып, разъезд, подъззд сөздерін құрастыртып, оқу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

 

7. Сергіту сәтін өткізу.

8. сурет бойынша жұмыс. «Разъезд» тақырыбына әңгіме құрастырады. Разъезд сөзіне дыбыстық талдау жасау.

 

9.«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты: айыру белгісі кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

Рояль сөзіне дыбыстық талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

Айыру белгісінің дыбыс еместігін түсіну.

 

 

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау, айыру белгісінің орнын анықтау.

 

Айыру белгісін жазу.

 

Сөздерге мысал келтіру, сөйлемдер құрау, дыбыстық талдау жасау.

 

 

Сергіту сәтін жасау.

 

 

 

Ойынға белсене қатынасу.

Рефлексивтік-түзетушілік

10. Айыру белгісі қандай сөздерде кездеседі?

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Тапсырманы орындау.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Айыру белгісі, оның  таңбалануы, сөздегі кездесетін орны  жайлы түсінік алу.

Нені игереді: Айыру белгісін ауада, дәптерде сауатты  жаза алу.

Нені біледі: құрамында айыру белгісі бар  сөздер атай алу, буын құрамы әртүрлі сөздерді оқи білу, тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 53 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Буындардан сөз құра. Сурет бойынша әңгіме құрату.

Мақсаты: 1. Буындардан сөз құрап оқуға жаттықтыру. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге баулу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Балалардың сөзді ести білу және еске сақтай алу қабілетін, тіл байлығын, ой өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға   тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреттері.

 

Сөздік жұмысы: дегелек ,қалампыр.

Билингвальді компонент: түймедақ – ромашка, қоңыраугүл- ландыш, қызғалдақ – тюльпан, раушангүл – роза, шағала – чайка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір бірлеріне жақсы тілектер айтады.

 

Жақсы тілектер айту,

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Педагог ойыншықтарды балаларға көрсетеді.

-Мынау не?

-Мынау доп, мынау секірпе.

«Түсі қандай? Көлемі қандай? Ол не үшін керек?» деген сияқты сұрақтарды қоя отырып, суретпен жұмыс жүргізу.

-Балабақша ауласынан және тұрғын үй ауласынан не көріп тұрсыңдар?

Сызба  бойынша екі, іш, төрт сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрату.

Буындардан сөз құрап текшенің ішіне жазу тапсырмасы бойынша тақтамен жұмыс жүргізіледі. Балалар кеспе әріптерден ана, ата, бала, әке, әже, іні, аға сөздерін құрастырып, оларға дыбыстық талдау жасайды.

 

 

3. Сурет бойынша әңгіме құрастырту.

Бірнеше бала әңгіме құрастырған соң, оны өмірмен байланыстыра әңгімелеуге бағыт беру. Өз балабақшасы мен тұратын ауласы жайлы әңгімелету. Сұраулы және хабарлы сөйлемдер құрастыру.

 

4. Гүлдердің аттарын айтқызып, оларға дыбыстық талдау жасату. Гүлдердің аттарын буынға бөлгізіп айтқызу.

 

5«Қай әріпті жоғалттым?» дидактикалық ойыны.

 

6. Сергіту сәтін өткізу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай балалар

Үп үлкен боп өседі.

 

7. «Буындардан сөз құра» дидактикалық ойыны. Шарты: берілген буыннан сөздер құрау.

 

8. «Құстардың атын ата» тапсырмасын орындау. Дегелек, қарлығаш және аққудың суреттері берілген. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру. Сөйлемдерді дәптерге жазу.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

 

Суретпен жұмыс жүргізу.

 

 

Сөйлемдер құрау.

Текшелермен жұмыс жасау.

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 

 

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

 

 

 

Гүлдерді атау, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.

Ойынға қатысу.

 

Сергіту жаттығуын орындау.

 

 

 

Ойынға қатысу.

 

 

Тапсырманы орындау.

Рефлексивтік-түзетушілік

9.Сұрақ жауап, көрнекілік әдістері арқылы өткен сабақтарда алған білімдері бекітіледі.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Буындардан сөз құрай алу.

Нені игереді: Дәптерде сауатты жазу.

Нені біледі: Суретпен жұмыс жасай алу, әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      № 54 технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.

Мақсаты: 1. «Жоғалған буын» ойны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2. Өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға   тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әліпби, кеспе әріп кассасы, суреттер, текшелер, аққу, торғай, құстар, әріптер жазылған гүлдердің суреті.

 

Сөздік жұмысы: наурыз.

Билингвальді компонент: тоқылдақ-дятел, көгершін – голубь.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

               Мұғалімнің іс -әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивация-лық-

қозғаушылық

1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір бірлеріне жақсы тілектер айтады.

 

Жақсы тілектер айту,

 

Ұйымдасты-рушылық-ізденістік

2. Дәптермен жұмыс.

«Жоғалған буын» ойыны. Шарты: торкөздерге жоқ буындарды тауып жазады. Мысалы: көгершін, торғай, аққу, тырна, шағала, қарлығаш, тоқылдақ, қарға, үкі.

«Сөйлем құрастыр» тапсырмасы:

Аспанда шағала ұшып жүр.

Ұяда екі жұмыртқа жатыр.

Балапан аулада жүгіріп жүр.

Орманда тоқылдақтың дауысын естідік.

Қараторғайдың ұясының суретін салу.

«Жоғалған сөздер» ойыны. Шарты: тақтаға кейбір сөздері түсіп қалған сөйлемдер жазылған плакат ілінеді.  Мысалы:

Көктем ... жылынды.

Балалар жоғалған сөздерді тауып, сөйлем құрайды. Көктем мезгілі және құстар туралы білетіндерін айтады.

Көктем, жылы, құстар, ұя, балапан, наурыз сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

«Сөз ойла, көп ойла» тапсырмасы бойынша жарыс ұйымдастырылады.

Үзік сызықтарды қосу арқылы аққудың суретін салу.

Сөзжұмбақты шешкізеді. Шешулері: қарбыз, қарға, қармақ.

 

3.  Сергіту сәтін өткізеді.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алсам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

 

4. «Сөз құрастыр» ойынымен жалғасады. Шарты: гүл күлтелеріндегі әріптерден сөз құрау.

Сызбаға сәйкес сұраулы, хабарлы сөйлемдер құрастыру.

Қол жаттықтыру тапсырмасы ретінде берілген үзік сызықтарды қосып, жолдың аяғына дейін тапсырманы орындайды.

 

Ойынға қатысу.

 

 

 

Сөйлемдер құрастыру.

 

 

 

 

Жоғалған сөздерді табу.

 

 

Сөйлем құрастыру.

 

Дыбыстық талдау жасау.

Тапсырманы орындау.

Аққудың суретін салу.

Сөзжұмбақты шешу.

 

Сергіту жаттығуын орындау.

 

 

 

Әріптерден сөздер құрастыру.

 

 

Үзік сызықтарды қосу.

Рефлексивтік-түзетушілік

9.Сұрақ жауап, көрнекілік әдістері арқылы өткен сабақтарда алған білімдері бекітіледі.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Дидактикалық ойындарды ойнай алу.

Нені игереді: Дәптерде сауатты жазу.

Нені біледі: Суретпен жұмыс жасай алу, әңгіме құрастыра білу.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема урока :: Сауат ашу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 929 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 492
    • DOCX 369.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Магзумова Гульден Сабитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Магзумова Гульден Сабитовна
    Магзумова Гульден Сабитовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35477
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика организации услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление дошкольной образовательной организацией

Заведующий детским садом (детскими яслями, яслями-садом)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста в логопедической группе

Воспитатель логопедической группы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 467 человек

Мини-курс

Введение в тренинг и профессия тренера

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек