Инфоурок Логопедия, Дефектология Рабочие программыТіл кемістігі бар балаларға, ата- аналарға, логопедтерге арналған.

Тіл кемістігі бар балаларға, ата- аналарға, логопедтерге арналған.

Скачать материал

 

Тіл кемістігі бар балаларға,  ата- аналарға, логопедтерге арналған.

 

Ата-аналарға нұсқау

Сіздің сәбиіңіздің денсаулығы мен қатар, жалпы сөйлеу тілін дұрыс қалыптастыру үшін балабақшамен тығыз қарым-қатынас жасағаныңыз дұрыс. Ұсынылып отырған үй тапсырмасын орындау дәптері, өздеріңіздің көмектеріңіздің арқасында балаңыздың көп нәрсені танып білуіне септігін тигізеді деген ойдамыз.

         Бұл үй тапсырмасы дәптері тіл кемістігі бар балаларға арналады. Мұнда сіздермен бірігіп жұмыс жасау үшін әрбір тақырыпқа сәйкес тапсырмалар беріледі.

         Бір аптаға арналып берілген тапсырмаларды 15-20 минут балаңызбен бірге күнделікті пысықтап отырыңыз.

         Жұмыс дәптерінің құндылығы мұнда мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар, әңгімелер, ойлау-есту қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын молайтуға арналған түрлі ойындар, ұсақ қол қимылдары, шынықтыру жаттығулары ұсынылған.

         Сонымен қатар балаңызбен сабаққа дайындалу уақытын үнемді пайдалану үшін сәбиіңіздің көңіл күйінің көтеріңкі болуын, әрі шаршап қалмауын қадағалаңыз.

         Ол үшін ойын түрінде баланың қызығушылығын арттырыңыз. Балаңыздың сөйлеу тілі қалыптасқан болса түрлі сұрақтар қою арқылы ойын жеткізуге дағдыланыңыздар!

         Құрметті  ата- аналар, сіздің балаңызбен ортақ іс -әрекеттеріңізге сәттілік  тілеймін! 

Кітаппен жұмыс істеу ережесі

   Ата –анаға нұсқау. Барлық лексикалық тақырыптарға берілген тапсырмалар.

          

  Сөздің тіркесін дамытуға арналған тапсырмалар. Сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау, суреттерді көрсете отырып әңгімелеу.

 

Саусақтардың қимыл-қозғалысын дамытуға арналған ойын тапсырмалары.

 

  Артикуляциялық жаттығулар. Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаттары тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың  өзіндік аты бар.

 

Қосымша жеке тапсырмалар.

Дене мүшелері.

Балаға айтып түсіндір.

-         Мына суретке қарап балаларыңызбен сөйлесіңіздер.

-         Мына дене мүшелерін атап, көрсетіп айтыңыздар.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Дұрыс айт»

Мына дене мүшелерімен не істейміз?

  Мысалы: мұрынымызбен дем аламыз.

  Тісімізбен______________________

  Аяғымызбен  ___________________

  Басымызбен  ___________________

  Қолымызбен____________________

 «Айтып жасап,  жатта»

                 Көзімді мен жұмамын, жұмамын,

Көзімді мен ашамын, ашамын,

Аузымды мен ашамын, ашамын,

«А» дыбысын айтамын, айтамын.

Сенде не бар? Тап.

 

Балаларға өз бойларынан қандай дене мүшелері екіден екенін көрсетуін, айтуын сұрайды. Мысалы: екі көз,............................................................................................

.........................................................................................................................................

 

Біз не үшін қолымызды жуамыз? Қашан, не істегенде?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың жауабын жазыңыз......................................................................................

                                      .....................................................................................

                                                .....................................................................................

                                                ....................................................................................

 

Киімдер.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

 Мына киімдердің атын дұрыс ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы көретін киіміңді жаз..      

________________________

________________________

 

 

Бірге жаттау.

                 Ма-ма-ма қара пима.

Он-он-он жылы тон:

Шын-шын-шын әдемі құлақшын,

Ғап-ғап-ғап тоқылған қолғап.

 

«Көп, аз»

            Көйлек – көйлектер

  Шалбар – .......................

  Жейде – ........................

  Құлақшын – .................

  Тон – .............................

 

Аяқ киімдер.

Балаға айтып түсіндір.

-         Бізге неге аяқ киім қажет, оны неден жасайды.


Суретке қарап аяқ киімдердің атауларын  дұрыс ата. (өкше, бау, қоныш, замок, табан, бас)

 

«Сөз тауып есте сақта»

Етік қандай?..................................................................

Пима қандай? ..............................................................

   Бәтеңке қандай? ..........................................................

   Туфли қандай?.............................................................

Дидактикалық ойын «Сөзді қайтар» (доппен)

 

Баламен допты лақтыра отыра киімдерді, аяқ киімдерді атай отырып допты бір-біріне береді.

 

________________________________________________________

________________________________________________________

 

________________________________________________________

________________________________________________________

 

 

Ыдыстар.

Балаға айтып түсіндір.

- Балаңызға ыдыстар туралы түсінік беріп, оларды қайда қолданатынымызды айтып түсіндіріңіз.

 

Суреттегі ыдыстардың атауларын ата.

 


«Аз, көп»

Пышақ-пышақтар

Қасық – ...........................

Тәрелке – ........................

Ожау – ............................

Кесе – ..............................

Шанышқы - ....................

Жұмбақ шешу

                   Өткір жүзді келеді,

                  Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар ол.

 Дидактикалық ойын «Кім тез»

 Допты бір-біріне бере отыра, ыдыстарды атау.

 

 

 

 

Суретке қарап сұраққа жауап бер. Суретті боя.

 

Ана не істеп жатыр?...............................................................................

Қасында қандай ыдыстар бар? .............................................................

Суретте қандай бөлме бейнелеңген? ....................................................


Ана қолында не ұстап тұр?  ...................................................................

Жаз.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Балаға далада жаз мезгілі келгені туралы түсіндіріңіз.

-         Жаз айында ағаштар гүлдеп, орман жасыл түске боялып, қырда көптеген өсімдік гүлдер өсетінін айтып түсіндіріңіз.

Суретке қарап сұрақтарға жауап бер

 

 

 

 

 

 

 

 

-         Қандай жыл мезгілі келді?..........................................................................

-         Жаз айында ағаштар мен шөптердің түсі қандай? ..................................

-         Жазда орманда нелер көп? ........................................................................

-         Жазда аспан қандай? .................................................................................

-   Балалар не істеп жатыр? ............................................................................

Бірге жаттайық!

                                   Балақай-ау балақай,

Жаз келеді-ау алақай.

Жалаң аяқ жүреміз,

Балақты да түреміз.

Тайға мініп келеміз,

Алтыбақан тебеміз.

 

Суреттегі гүлді дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жануары. Мысық.

Балаға айтып түсіндір.

Суретке қарап мысықтың дене мүшелерін ата.

 

 

 

 

 

 

 

 


Есте  сақтайық!

Мысық  - мияулайды, пырылдайды.

Мысық – марғау, үй жануары.

Тақпақ жаттау.

                                                «Мысық»

                                                   Мысық көзін ашты да,

Сүртті бетін қолымен.

Кім білсін, қарны ашты ма,

Жуынды ата жолымен.

«Ойлап, тап» Мысық не істеп жатыр.

      

 

 

 

 

 

                   ________________                               _________________

 

Ойын «Айнытпай сал»                      Олай-былай жүгіріп,

                                                                Ала мысық ойнамай,

                                                       Аша алмаса есікті,                                                                                                                          

                                                      Дыбыстайды ол қалай?......................

 

Дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             

Үй жануары. Ит.

Балаға айтып түсіндір.

-         Суретке қарап иттің дене мүшелерін ата.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ит үй жануары, иттің баласы күшік.

                                                                                            

Бірге жаттайық.

                                             «Күшік»

                                     Күшігім өсіп ит болды,

Түнде тынбай үреді.

Адал досын қасымнан,

Қалмай бірге жүреді.

Есте сақта.

Ит үреді, арсылдайды, ырылдайды.

Күшік шәуілдейді.

 

Ойын «Айнытпай сал»

Күзетші күшік сақ құлақ,

  Үй күзетіп шапқылап.

  Дыбыс шықса қаттырақ,

  Қалай-қалай үреді?.....................

 

Жұмбақты шешіп, суретті дұрыс боя.

 

                        Адамға серік,                  

                            Күзетке берік.

                             (..........)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Суреттегі қыс қызығын қызықтау, әңгімелеу.

-         Сөз қорларын дамыту. Қыста далада /суық, боран, қар, аяз/.

-         Cуретке қарап қыстағы ойындарды атап жаз.

_________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

 

Жұмбақ шеш.

           Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

                                           (.......)

Дұрыс ата.

Қыс қандай?..................................................................

Қар қандай? ..................................................................

Қардың түсі қандай? ...................................................

Қыста ағаштар қандай?...............................................

 

 

Жаттап ал.

                     «Қыс»

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағынды тістеген.

Суретті атап, дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

______________________________________________________

_________________________________________________________

_________________________________________________________

_________________________________________________________

 

-    Қандай мемлекеттік рәміздерді білесің?

             -    Біздің елмізде қандай ұлттар өмір сүреді?

 

Мына жалауларды дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жабайы аң. Түлкі.

Балаға айтып түсіндір.

-         Балаңызбен мына жұмбақты шешіңіз.

Өзі айлакер,

Өзі бір ку,

Жүрген жері айқай да шу                                                       (.........)

 


Суретке қарап түлкіні әңгімеле. Түлкінің дене мүшелерін дұрыс ата.

 

 

«Кім не біледі?»

 

Түлкі қалай тіршілік етеді?...............................................................................

Түлкіні қу деп неліктен айтамыз?.....................................................................

Түлкі қайда тұрады? .........................................................................................

Түлкі терісінен не жасаймыз? ..........................................................................

Түлкіні қандай ертегілерде кездестіреміз?......................................................

«Буын ұйқас»

 

- кі, кі, кі.... қу түлкі.

- ян, ян, ян,... қалқан құлақ қоян.

- қыр, қыр, қыр... көкжал қасқыр.

- ю, ю, ю.... аңқау аю.

 

Жабайы аң. Қоян.

Балаға айтып түсіндір.

Балаңызбен мына жұмбақты шешіңіз.

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал оның баласын көжек дейді.

                                                          (........)

 

Суретке қарап қоянның дене мүшелерін жаз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Суретке қарап әңгімелеп айтып жаз.

v Қоян не істеп тұр?

v Қоян не жегенді жақсы көреді?

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Жаттап ал.

                 Ұзын құлақ сұр қоян

                 Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып жүгірді.

 

 

Суреттегі қоянды жалғастырып сал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жабайы аң. Аю.

Балаға айтып түсіндір.

- Мына суретке қарап әңгімеле. Дене мүшелерін дұрыс ата.


«Кім не біледі?»

Аю қалай тіршілік етеді?.........................................................

  Аю немен қоректенеді?............................................................

  Аю қыста не істейді?................................................................

            Аюдың баласын қалай атаймыз?.............................................

Жұмбақ шешейік.

       Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

                                                         (....)

 

Есте сақта!

Аю қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Қонжық аюдың баласы.

 

«Бірге ойнайық»

 

Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды.

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.

Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.

Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.

 

Үй жануары. Ат.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Ат әдемі, үлкен үй жануарының бірі. Адамдар оны күтеді.

-         Жылқының төлін қалай атаймыз?

-         Жылқы бізге не береді?

-         Қандай көмек көрсетеді?

Суретке қарап  дене  мүшелерін  дұрыс ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешейік.

 

Мінсең желдей жүйткейді,

Көңілің таудай өседі.

Алып ұшар алысқа,

«Ер қанаты» деседі.

                                                 (......)

 Тақпақ жаттаймыз.

                                               «Құлыншақ».

                                        Құру-құру құлыншақ,

  Жем-шөбіңді берейін.

  Тұлпар болшы өскенде,

  Бәйгеге қосып жүрейін.

 

Суретке анықтап қара. Бұл суретте не жетіспейді? Соны салып, дұрыстап боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй жануары. Сиыр.

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Балаңызбен суретке қарап сиыр туралы әңгімелеңіз.

-         Сиырдың төлін дұрыс ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Кім не біледі»

Сиыр не жейді?...............................................................................

Сиырдың төлін не дейміз? ...........................................................

Сиыр қайда тұрады? .....................................................................

Сиыр қандай дауыс шығарады? ..................................................

 

Бірге жаттайық.

                                           «Баласын сүю».

                           Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

                           Қараңғыда баспаған «қорқағым» деп.

 

Суретті дұрыс боя, дене мүшелерін дұрыс ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй құстары.

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Балаңызбен үй құстары туралы әңгімелеңіз.

-         Үй құстарын ата.

-         Олар немен қоректенеді.

-         Үй құстарының қайсысы суда жүзе алады.

-         Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар.

-         Үй құстарын қалай күтіп баптау керек.

-         Балапандардың түсі қандай болады.

 

Суретке қарап әңгімеле. Үй құстарының атауларын дұрыс ата.

 

 


«Не, қалай дауыстайды?»

Әтеш шақырады, тауық қыт-қыттайды, қаз қаңқылдайды, балапан шиқылдайды.

 

Балапандар ойыны.

Қолдарын жоғары, төмен екі жанына сермеу. Балапан сияқты секіру. Мойындарын алға созып, қолдарын артқа жіберіп, су ішу.

 

Бірге жаттайық.

«Ақ тауық»

Ақ тауық – ай, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық.

Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді,

Берген жемді жемейді.

 

 

Суреттегі балапандарды дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тауық блапаны                                            үйрек балапаны

 

________________________________________________________

 

Үй жиһаздары.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

- Суретке қарап жиһаздарды әңгімеле. Атауларын дұрыс ата.


 

 

 «Айтайықшы!»

Сен қайда отырасың?.............................................................................

            Сен қайда ұйықтайсың?.........................................................................

            Сенің киімдерің қайда тұрады?............................................................

            Орындықтың аяғы нешеу?.....................................................................

 

 Есте сақтайық!

 Бөлме де таза, мен жақсы бала.

 Жинадым жаңа, сен кіріп қара.

Ойын «Дұрыс жасай біл»

Жиһаздарды атасам, қол соғамыз, ал басқадай заттарды естісеңдер қолымызды көтереміз.

Жиһаздардың атауларын атап, дұрыс боя.

 


Аналар мерекесі.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Суретке қарап балаңызға мереке туралы әңгімелеңіз.

-         Кімді мерекемен құттықтаймыз? 

-         Бұл қандай мереке?

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анамызға жылы сөз айтамыз.

 

Менің анам қандай?                              әдемі

 

 

 

Бірге жаттайық

 

Ана менің жүрегім.

Ана менің тілегім.

Аман болшы анашым

Өмірдегі тірегім.

 

 

Кім не біледі?

-         8-ші наурыз кімдердің мерекесі?.......................................................................

-         Анамызға не сыйлаймыз?..................................................................................

-         Мерекеде анаңа қалай көмектесесің? ..............................................................

 

Мына гүлді бояп анаңа сыйла.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктем.

Балаға айтып түсіндір.

 

 

-         Мына суретке қарап көктемді әңгімеле.

-         Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады.

-         Көктемде адамдар қалай киінеді?

-         Құстар неге суық жақтан ұшып келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлемді жалғастыр.

Қар.......

Күн.......

Құстар........

          /келді, жылынды, еріді/

 

Ойын «Құс»

Көктем келді, құс келді (шеңбер бойымен жүреді)

Ойнаймыз біз саз илеп (тоқтап щеңбердің ортасына қарайды)

 Біздің көлге түсті енді (қолдарын екі жаққа жайып)

 Былтыр кеткен қаз үйрек (ұшқан қаз үйректі бейнелейді)

Суретті сызық бойынша дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз мерекесі.

Балаға айтып түсіндір.

 

- Наурыз жыл басы, көктем мейрамы. Оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, талдар бүршік жарып, құстар сайрап, жер беті құлрпырады. Наурыз мерекесінде «наурыз көже» дайындалады, дастархан жайылады.

-         21-ші наурыздан  22-ші наурызға қараған күні күн мен түн теңеледі.

Суретке қарап әңгімеле.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз көжеге қосылтын тағамдарды атайық, саны қанша болу керек? (бидай, күріш, тары, ет, шұжық, құрт, көже).

 

Есте сақтайық.

-         Наурыз жыл басы, Ұлыстың Ұлы күні.

-         Адамдар бір-біріне табыс, бақытты өмір тілейді.

 

Бірге жаттайық.

«Наурыз»

Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Наурыз келді тамаша,

Ән айтайық таласа.

Оюды дұрыс боя.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құстар.

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Құстар туралы түсінік беріңіз.

-         Құстардың дауысын естіңіз.

-         Суретке қарап дене мүшелерін ата.

-         Құстардың атауын жаз.

 

 

 

 

 

 

Ойын «Құс болғым келеді»

Қане, қанат жаяйық, қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық

             Қарлығаш боп ұшайық,

             Торғай болып қонайық

             Сауысқан болып секіріп,

             Тоқылдақ боп шоқиық.

«Құстың ұясы». Балаңызбен қайталаңыз: алақанымызды бір-біріне қосып, саусақтарыңызды ашпай қосамыз. Бас бармағымызды ішіне қарай саламыз. (Суретке қарап қайталау)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есте сақтайық!

Құстардың ұясын бұзба! Құстардың балапандарына тиіспе. Құсқа тас лақтырма.

 

Құстың суретін боя

 

 

 

 

 

 

Көліктер.

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Көліктердің атауларымен таныстыру.

-         Бізге көліктер не үшін қажет.

-         Суреттегі көліктердің атауларын дұрыс ата.

 

   

Жұмбақты шеш.

 

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.  (...........)

 

Сымға асылып, жүр асығып (............)

 

Тізбектелген көк үйлер,

Көшіп жүрген көп үйлер.   (..............)

 

Жауаптары: троллейбус, автобус, пойыз.

Дұрыс ата

Суретте машиналар қалай орналасқан, жауабын тауып дұрыс ата.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дыбыстық  жаттығулар.

 

 Бала машинамен ойнағанда қандай дыбысты айтады?

Пойыз рельспен жүргенде қандай дыбыс шығарады?

 

 

Көліктің жетпей тұрған бөлігін дұрыс сал.  Ол қандай бөлік?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

________________________________________________________

 

Ғарыш әлемі.

Балаға айтып түсіндір.

 

-   12 сәуір ғарышкерлер күні» екенін балаларға түсіндіріңіз.

       -   Ғарышқа немен ұшып барамыз?  /айтыңыз/

       -   Ғарыш туралы не білеміз? /айтыңыз/

       -    Ғарышқа бірінші болып ұшқан кім?

Жұмбақ шеш.

Ұшады қанатсыз,

             Зырлайды аяқсыз.

                                               /......./

 Есте сақтақтайық!

  

         Ғарышкер ұшты ғарышқа,

         Ғарышқа ұшты ғарышкер.

      Айтшы, ғарыш алыс па?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретті дұрыс боя

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолда жүру ережесі.

 

Балаға айтып түсіндір.

 

-         Балаңызбен қалада жүретін көліктерді әңгімелеңіз.

-         Қандай көлік түрлерін білесіздер?

-         Жолдан өткенде бағдаршамды көрсетіп, таныстырыңыз.

-         Бағдаршамның үш көзімен және жолда жүру ережелерімен таныстырып, қалай сақтану керектігін түсіндіріңіз.

 

Мынау менің көшем. (суретке қарап әңгімеле)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшеде не бар? _________________             ________________

                           _________________              ________________

                           _________________              ________________

Бағдаршам ойыны.

Балаңызбен бірге бағдаршам ойынын ойнаңыз. Қызыл түске бір адым артқа шегінеміз. Сары түске орнында тұрады. Ал жасыл түске бір адым алға жылжиды.

 

Бағдаршам не айтады?

Мынау бағдаршам. Бағдаршамда үш көз бар.

Қызыл – тоқта!

Сары – дайындал!

Жасыл – жүр!

 

 

Жаттап алып, жатқа айт.

                            Бағдаршам, бағдаршам,

                            Үш көзі бар қарасаң.

                            Қызыл жанды – тоқта!

Сары жанды – сақтан!

Жасыл жанып тұр,

Ал енді сен жүр.

Бағдаршамның үш көзін салып боя.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дұрыс айта біл»

Қазақ халқының қандай ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын білесіңдер?

Қазақ халқының ұлттық киімдері: шапан, ...............................................

.......................................................................................................................

Қазақ халқының ұлттық тағамдары: қымыз, шұбат,................................

.......................................................................................................................

Ойын «Атпен шабамын»

Қолға қамшы аламын, (қолды көтеру)

  Атқа мініп шабамын (атқа шабу қимылы)

  Құрық салып асауға,

  Мен атамдай боламын (қолды жоғары көтеріп, сілтеу)

Жәндіктер.

 

Балаға айтып түсіндір.

-         Бақта немесе аулада серуендегенде балаңызға жәндіктерді көрсетіңіз (көбелек, ара, шыбын және т.б.)

  -  Балаға жәндіктердің қандай пайдасы бар екенің және табиғатты қорғай білу керек екендігін түсіндіріңіз.

  -    Шыбын зиянды жәндік екенін балаға түсіндіріңіз.

Суретте бейнелеңген жәндіктердің атауларын ата. Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

Бірнеше сөз тауып жаз.

  Көбелек (Қандай? Не істейді?)................................................................

            Шыбын (Қандай? Не істейді?).................................................................

            Ара (Қандай? Не істейді?)......................................................................

Баудағы кім?

Ара болсаң, ызыңда!

           З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж,

          Жұмыс істе тығылма!

 

Суретті боя.

 

________________________________________________________

 

Артикуляциялық жаттығулар

«Тісті тазалау»

Күлеміз, аузымызды сәл ашып,

Тілдің ұшымен оңға, солға қозғалтып тістердің ішкі жағынан үстіңгі тістерді тазалаймыз.

 

 

«Тәтті тосап»

Күлеміз, аузымызды ашамыз. Жалпақ тілмен жоғары және астыңғы ерінді жалаймыз.

 

 

 

«Кесе»

Ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

 

 

 

«Сылақшы»

Күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілдің ұшымен тістен тамаққа қарай бағытын өзгерте отырып жұмсақ таңдайды сипаймыз.

 

 

«Ашуланған мысық»

Аузымыз ашық, тілдің ұшы алдыңғы, төменгі тістерге тірелген.

 

 

 

 

«Саңырауқұлақ»

Күлеміз, аузымызды кең ашып, жалпақ тілді таңдайға жапсырып ұстап тұру.

 

 

«Сағат»

Ауыз ашық, тіліміздің ұшын ерініміздің екі жағына кезек-кезек апарамыз.

 

 

«Тарақ»

Күлеміз, тілімізді шығарып, тісімізбен тілімізді басып, тілімізді алдыға-артқа тараймыз.

 

«Піл»

Ернімізді жауып тұрып, алға қарай созамыз, піл тұмсығын көрсетеміз

 

 

 

«Бақа»

Күлеміз, тістерімізді көрсетіп ерінімізді екі жаққа керіп күлеміз.

 

 

 

 

 

«Футбол»

Ауыз жабық. Тілімізді ұртымызға батыра тигіземіз.

 

 

«Әткеншек»

Ауыз ашық. Тілді қатайтып ұстау арқылы мұрын және иек немесе жоғарғы-төменгі тіске созу.

 

 

«Маса»

Күлеміз, аузымызды ашамыз, тілімізді жоғары көтеріп «дзззз» дыбысын ұзақ созып айтамыз.

 

 

«Күркетауық»

Күлеміз, ауызды сәл ашып, жалпақ тілді үстіңгі ерінге қойып, еріннен тілді айырмай алдыға және артқа жалпақ тілдің басымен үстіңгі ерінді сипаймыз.

 

 

 

 

«Ат шауып келеді»

Күлеміз, аузымызды ашамыз, тілдің ұшын таңдайға апарып тақылдатамыз.

 

 

 

Қосымша тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіл кемістігі бар балаларға, ата- аналарға, логопедтерге арналған."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 670 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2018 5840
    • DOCX 10.7 мбайт
    • 83 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатыбалдина Гульнура Амирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 57616
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Состав и анализ финансовой отчетности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека