«Тригонометриялық өрнектерді
түрлендіру және тепе – теңдіктерді дәлелдеу» тақырыбында тізбектей өткізілген үш
сабақтың екінші сабағын білім беру
мен білім алудағы жаңа тәсілдерді
қолданып, топқа бөлуден бастадым. Әрбір оқушы өзіне берілген бұрыштардың
ширектерде орналасуына қарай 1-ширек, 2- ширек, 3- ширек, 4- ширек топтарына
бөлініп отырды.
Келесі кезекте сын тұрғысынан
ойлау модулінің «Ыстық орындық» стратегиясын қолданып, тригонометриялық
функциялардың қасиеттеріне байланысты сұрақтар қойылды. «Ыстық орындық» - қа дарынды оқушылар отырып, сұраққа жауап берді.
Осыдан кейін өткен
тақырыптарды қайталау мақсатында семантикалық картаны толтырды. Семантикалық
картада тригонометриялық функциялардың қасиеттері қарастырылған. Сонымен
қатар, тригонометриялық өрнектерді түрлендіруге және тепе – теңдіктерді дәлелдеуде
қолданылатын формулаларды қайталап, қайтадан жазып шықты. Бұл жерде сын
тұрғысынан ойлау модулі қолданылды.
Оқушылардың үйде орындап
келген тапсырмалардың, есептердің жауаптарын ақпаратты коммуникативтік
технологияны қолданып, интерактивті тақта арқылы тексердім.
Келесі кезекте, оқушыларды
деңгейлері бойынша өзім үш топқа бөлдім. А, В және С деңгейлерінің есептерін
оқушылар топпен шығарды. Деңгейлік есептер оқулықтан алынды.
Деңгейлік есептерді орындап болғаннан
кейін оқушылар өз топтарына қайтадан оралып, оқулықтан есептер шығарды.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау мақсатында бағалау парағы қолданылды. Білім берудегі басқару және көшбасшылық
модулі бойынша әр топтағы бір оқушы топ мүшелерін жекелеген бөлімдері бойынша
бағалап отырды. СО о
Сабақтың соңында әр топ «Үміт ағашын»
толтырды. Бұл жерде ББҮ кестесін басқаша өткізуге тырыстым. Оооо00ОоОг
Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынды.
Бұл сабақта өткен
сабақтан көп айырмашылық бола қойған жоқ. Тек топпен жұмыс істегенде тысқары
қалып қойып отыратын оқушыларды топтағы басқа оқушылар ортаға жұмылдырып
отырды. Алдыңғы сабақтарға қарағанда белсенділік біршама артты. Ал тапсырмаларды
орындау уақыт регламенті әлі де сақтала қойған жоқ.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.