Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Ауған асуында от кешкендер" 7 сынып

Тәрбие сағаты "Ауған асуында от кешкендер" 7 сынып

Скачать материал

 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Тәрбие сағаты

Ауған асуында
от кешкендер
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                              

 

 

 

 

 

 

                                           Сынып жетекші Абылханова Қ.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаркент 2015ж

 

Сабақтың тақырыбы  «Ауған асуында от кешкендер»

Мақсаты:
Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өте уге міндетті екендігін сезіндіру.
Міндеттері:
- Қазақстандық патриоттық тәрбие беру іс – шараларында мектеп, сынып, мектептен тыс мекемелердің бірлігін қалыптастыру;
- Біздің заман қаһарманы бейнесінің үлгісін жетекші патриоттық тәрбие беруші құралдары көмегімен жасау.
Күтілетін нәтижесі:
- Оқушы бойындағы азаматтық қасиеттерінің дәрежесін арттыру;
- Патриоттық қозғалыстарға қатысуға ұмтылыстарын күшейту.
Барысы

1- Жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

 Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

Әнұран орындалады.

2-Жүргізуші: Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
                         Жасаған ерлігіне мастанбаған.
                         Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
                         Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
 1 –жүргізуші: Олар

1.

2.

2-Жүргізуші:

   Соғыс жан алып – жан беру.

 Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт.

 Кеңес әскерлерінің  Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына  байланысты «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз. 

1-Жүгізуші:

     1989 жылы, ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз  қаза  тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»  аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі  ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді?  деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

   Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
 

1- оқушы

   Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 26 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
   1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.
 2- Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 

1-Жүргізуші: Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,

                        Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

                        Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

                        Ауғандағы азап шеккен арыстар,- деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмейді, заманаларға жалғасы береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі, бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектерін айтуға болады.

2-жүргізуші: Бүгінде   біз Егемен елміз, Тәуелсізбіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік-бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген басты бақыты,жетпес дәулеті»деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып,жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны іспетті.

1-жүргізуші:        Азаматтық-ел жүгін атқару ол,

                           Асулардан аттайтын қатпары мол.

                         Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым,

                         Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!

Майдангер ағаларына өздерінің сәлемін жолдау үшін сахнаға  бір топ ұл-қыздарымызды шақырамыз.

1-оқушы:     Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,

           Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

                   Өлгендердің  жәннатта болсын жаны,

                   Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер!

2-оқушы:    Отан үшін оққа тостың кеудеңді,                  

                     Ерлігіңді,өрлігіңді ел көрді.

                     Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,

                   Жебейді олар әруағымен сендерді.

3-оқушы:    Аналардың көл боп аққан көз жасы,

                   Жетім-жесір тағдырларын ойлашы.

                   Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,

                   Елі үшін құрбан болған ер басы.

4-оқушы    Ардагерлер-Қажырлы бүгінгі ерлер.

                   Қызыл ту ұстап алға жүгіргендер.

                   Ел үшін омырауын оққа тосып,

                   Неше өліп, неше мәрте тірілгендер.

5- оқушы   Ардагер қайыспас биік емен,

                   Алысқан ала құйын дүниемен.

                   Келешек тартпасын деп ауыртпалық

                   Барлық зілді көтерген иығымен.

6-оқушы     Қазақ жері- қонақжай төрдің жері,

                   Қазақ елі –Қас сақтай ердің елі.

                   Елі кедей болмаған-жері байтақ,

                   Еділ ердей, Бабырдай шерлер елі.

                   Азат бүгін,байлыққа тұнған жерім,

                   Азат бүгін,ел жоғын қуған ері.

                   Әділет пен  билікке жанын қиып,

                   Әділ өткен билердің туған жері.

  7-оқушы:  «Мен қазақтың  ұлымын»

                    Мен қазақпын,ұланымын елімнің,

                    Мен қазақпын,тірегімін жерімнің,

                   Ұланымын туын көкке көтерген,

                   Болашаққа алға бастап жетелер.

                   Қиындығын қазағымның әрқашан

                   Қайыспайтын қара нардай көтерер.

                   Көз тойғыссыз қазағымның жері бар.

                     Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.

                     Қазағымның жерін,елін қорғайтын,

                   Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

                   Міне осындай егеменді еліміз,

                   Кең жазира ұлан-байтақ жеріміз.

                   Туған елін,туған жерін сүйетін,

                   Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.

8-оқушы:  Бүгін біздер ұланымыз егеменді қазақтың,

                   Туды міне жас ұрпаққа ғажап  күн

                   Артта қалып азапты күн,тозақты күн,

                   Енді атса,тек бейбітшілік таңы атсын!

Ән  «  Война » орындайтын   Антаев Тұрар

2-Жүргізуші: Ардагерлер айтса ертек көргендері

                    Табандары таймаған өрден кері.

                    Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

                    Кеуде толып жарқырап ордендері.

1-жүргізуші «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті»деген екен бір дана қария. Әскерлік анттарын ақырына дейін адалдықпен атқарып және сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан қайран боздақтар есімдері мәңгілікке өшпейді. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған  жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау-біз үшін бір ғанибет._____________   аға,естен кетпес естеліктеріңізден үзінді айта отырсаңыз.

2-жүргізуші:Азаттық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта қара бояумен таңба болып қалды. Ел аманатын арқалап, шет жерге,бөтен елге табан тіреген кезде  ___________аға қандай күйде, қандай әсерде болдыңыз?...

Оқушылардың сұрақтары

Илхам - Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
Ғалым - Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
Мирас - «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
      Күй «Балбырауын»  орындайтын Мулдахмет Зарема

2-жүргізуші Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

                      Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.

                     Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,

                      Соғысында қан кешкендер Ауғанның – дей келе

ендігі сөз кезегі мектебіміздің   директоры                                             беріледі.

Келесі сөз кезегі  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары              беріледі

       Ән  «Ән сал сарбаз »  орындайтындар Құсайын Айғаным, Қуат Арай

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Жастарды Отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие берудің бір тармағы Ауған соғысы ардагерлерінің еншісіне өтіп жатыр.Сіздерге ашық аспан, өмірлеріңізге тыныштық, бақыт, жастарға патриоттық тәрбие берудегі игілікті істеріңізге табыс тілейміз!

2-жүргізуші: Ардақты ағалар,Сіздерге деген ыстық лебізімізді және құрметіміздің белгісі ретінде мектеп оқушыларының естелік сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

   Ендігі сөз кезегі  Ауған соғысының  ардагеріне беріледі.

Ән  « Отан»   орындайтын   Махмут Нұртас

Ән «Қазақстаным алға!» орындайтын Жанбайбек Аяужан

1-жүргізуші:Құрметті ағалар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі кездесу кешімізді аяқтаймыз, қош сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ауған асуында от кешкендер" 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 3835
    • DOCX 24.6 кбайт
    • 50 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абылханова Кундыз Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53029
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 012 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в работе с детьми и родителями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 96 человек