Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты бастауышпен қоштасу

Тәрбие сағаты бастауышпен қоштасу

Скачать материал

Қош, балауса бастауыш

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушыларым! Сіздер «Қош, балауса бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын 2007 жылы мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. А әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатар бастауыш мектептің білім мен тәрбие беруде орны ерекше. Олай болса, құрметті ұстаздар, ата - аналар, ақ жаулықты әжелер! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай шәкірттерім бүгін міне, төрт жыл бойы алған білімдерінің арқасында, еліміздің білімді бір азаматтары болып отыр.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! «Талаптарыңызға нұр жаусын!» деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1 бастаушы – Коптиловов Ильяр:

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2 бастаушы - Адильбекова Айдана:

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз. Вальс биінің әуеніне ұл баланы екі қыздан ұстап, сыныпқа кіруі.
1 бастаушы: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл жайдың
Бастаңғысын жасайық!- Әжелердің шашу шашуы.
2 бастаушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
Ән -«Ұстазым»
1 бастаушы: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
Кеше ғана біздер үшін есігін айқара ашқан мектебімізде біздерге талай қиындықтарды жеңуге көмектескен мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпақтарға берген мол білімі мен тәлім тәрбиесі, үлкен жүректілігі үшін мектебімізге, ұстаздарға мың алғыс айтып, бас иеміз.

1 оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке
Жанымның отын жандырдың.
2 оқушы: Өнеге ошақ тәрбиең
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием
Таудай ғой менің талабым.
Мектебім - мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз әлі талай біз.
Ән «Мектебім»
1 бастаушы:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріптерді үйреткен, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан екінші ата - анамыз - ұстаз екені баршамызға - мәлім. Әлгінде біздің оқушылар ұстазға деген сезімдерін, жүректерінен шыққан алғыстарын айтып жатыр. Ал енді ұстаз туралы өзің не айтар едің?
2 бастаушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су беретін адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол тәлім - тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шәрбәті - тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адал - мұғалім, ұстаз» деп бекер айтпаған.
3 оқушы: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа кіргеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта,
Өзіңіз болдыңыз, Зәмзәгүл апай, сенгеніміз.
4 оқушы: Ұқсаттың да сіз бізді ініңізге,
Ұқсатып ек біз сізді әпкемізге.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңізді ұнатып арамызда.
5 оқушы: Дәл - кешегі тосырқау қайда қалған?
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мерейің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан - дүниесін баланың жайлап алған.
6 оқушы: Біздің сынып ерекше,
Тату - тәтті зерек те.
Ильяр - біздің балуан,
Бастығымыз – Айн
ұржан,
Темиржан, Бағила - күйшіміз,
Барлық қыздар - бишіміз,
Ұлдарымыз - спортшымыз.
Дариға, Айнұр,  Диана  да -
Озат біздің сыныпта
.
Көп іскер де, шебер де,
Оқу еңбек өнерде.
Болып мектеп озаты
Біздің сынып озады.
7 оқушы: Мектептің келген бағына
Қаламын алып қолына.
Күн сайын болған тапсырыс
Жетпейді жұмыс санына.
Асықпай жүріп бәрін де
Келтірер орын орнына
Мектепті басқарған Болат ағайға
Тілейміз қажымас күш - қайрат
Кетпесін бастан бақ дәулет.
Барлығы: Еңбегіңізге мың рахмет!
8 оқушы: Еңбек жолын бастауыштан бастаған
Біз
дің білімімізді тексерген
Дәмежан апай оқу ісін басқарған.
Оңай емес бұл шаруа
Жауапты да күрделі
Ісіңіз жүрсін ілгері.
9 оқушы: Тәрбие мен оқу егіз деген
Тентектерді тәртіппенен баптаған.
Қатал болып көрінгеннен кей кезде
Өз ісіне берік болған
Тәрбие ісін басқарған
Түлектерге тәрбие мен сана берген
Жұлдызыңыз, Гүлсім апай, жана берсін биіктен.
Барлығы: ән «
Бала тілегі» .
10 оқушы: Музыка әлеміне есік ашқан
Музыканы меңгертіп мейірі асқан
Бибігүл
апайымыз бөленіп әр күн нұрға
Шарықтай беріңіз ән - күй аспанында.
11 оқушы: Тілді білсең а
наңның
Мол болады табысың.
Компьютер де қолында
Нарық деген жолында.
Жақындайды алысың
Сіздей жақсы жан үшін
Беруге лайық қол ұшын,
А
на тіліне  үйреткен
Зәмзәгүл апайға мың алғыс
12 оқушы:  Балақай! Болсаң да әлі қаршадай: Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте, Ашу үшін тәбет те, Құру үшін сен сауық
Керек жақсы денсаулық Денсаулық ол шыныққан Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан Жүйке - тамыр жүйесі. Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай. Денсаулық - ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
«Басты байлық - денсаулық»- деп бізге сабақ беретін
Ақниет ағайға мың алғыс.
1
3 оқушы: Жақсылығымызды асырған,
Жамандығымызды жасырған
Үзілісте шуласақ,
Бізді тәртіпке келтірген
Бастауыш сынып ұстаздарына
Алғысымыз көп біздің.
Барлығы: Оқу, білім үйреткен
Алғашқы ұстазымызға мың алғыс!
1 бастаушы: Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер, білім бәрі де
Оқуменен табылған - деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па? Қалай ойлайсың?
2 бастаушы: Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та артықтық етпес деген ой жетелейді. Олай болса балалардың пікірін тыңдап көрейік.
1 оқушы: Білім артық, өйткені ол Пайғамбардан қалған мирас. Байлық бақылдардан қалған мұра.
2 оқушы: Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
3 оқушы: Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанымен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды.
4 оқушы: Білім артық, өйткені оны суық қолдан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек.
5 оқушы: Білім артық, өйткені ол жан дүниеңді байытады, байлық жан дүниені шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
6 оқушы: Иә, дұрыс айтасыңдар, білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы көп адам мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан да әрқашан да білім артық.
7 оқушы: Бүгінгі жастарға оқу міндет
Тек қана оқу менен өнер білмек.
1 бастаушы: Қыздар биі «Қара жорға»- 10 қыз, төрт ұл бала
2 бастаушы: Қайсы күйші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім тақыл
Таланттарын табайық
1 бастаушы: Бастауышпен қоштасып
Төрт белестен асамыз
Орта буынға барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бастауышқа келіп тұрамыз
2 бастаушы: Оқыңдар ұл, қыздар деп
Күлімдеген ұстаздар
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете ұстазға.
Ән «Қоштасу вальсі»
Білім ап сайраңдап,
Өткердік 4 жылды,
Өткердік 4 жылды
Қызықтап ән - жырды
Қалайша қиямыз
Ұшырса ұямыз
Біздерді тосады
Ұстаздар құшағы.
Келген қонақтарға құттықтау сөзі беріледі.
Бастаушылар: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген – бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

 

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

 

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

 

 

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары , «Әдепті бала» , «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны»,Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

   Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,

ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

 

Есен : Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 

Гаухар: Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

 

Тұралбек: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Айнұр:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

 Есен : Дұрыс айтасың Айнұр ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.

Айнұр : Олай болса Есен  алтын ұя мектебімізге арнап

Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!

Ән: Мектебім.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

 Тұралбек : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

 1 оқушы : Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

3 оқушы:Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

 

4 оқушы:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

 

5 оқушы:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

 

6 оқушы: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

 

7 оқушы: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

 

8 оқушы: Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

Ән : «Үйретеді мектепте»

 

Гаухар: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Айнұр?

 

Айнұр :Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 

Тұралбек:Дұрыс айтасың Айнұр,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

 

Есен : Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

 

9 оқушы:Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

10 оқушы:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

 

 

11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

 

12 оқушы:Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

 

14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың .

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

 

15 оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

 

16 оқушы:Нұр құйған санасына зейіндінің.

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

 

17 оқушы:Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

 

18 оқушы:Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Адамның аяулы үні сияқтанған.

 

 

 

 

19 оқушы:Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .

 

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

          Мың алғысмына отты жүректерден!

 

Ән:Б.Бисенова  «Ұстазға мың тағзым»

 

Есен: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Тұралбек: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Айнұр: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

 

Гаухар: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

 

20оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

 

21 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

 

22 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін  алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

 

23 оқушы:Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

 

 

 

24 оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

 

25 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

26 оқушы : бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

 

27 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

28 оқушы:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 

29 оқушы:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

30 оқушы: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

 

 

 

 

31 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Айжан апай бағалар.

 

32 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

 

33 оқушы:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Айнұр апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

 

ӘН: «Бастауыш- балбұлағым»

 

Тұралбек: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 

Гаухар:Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген- дегендей әкенің орны бөлек ау.

 

34 оқушы:Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

 

 

Есен:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

 

 

Айнұр: Иә, дұрыс айтасың Есен. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?

 

35 оқушы:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 

36 оқушы:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән Б. Бисенова « Мама»

 

Айнұр: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұситаздарымызға береміз!

 

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Мектеп директорының құттықтау сөзі

Марапаттау рәсімі

 

 

    

 Концерттік номерлер:

1. Ұлдар хоры :Ән Б.Бисенова «Тұлпарым»

2. Би .»Саржайлау»

3.Көрніс «Кітаптар мұңы»

4.Күй : « Кеңес» Күзембаев М.

5.Би: «Қаражорға»

6. Қыздар хоры: Ән:Б. Бисенова «Әже»

 

Қорытынды сөз

Ән: Б.Бисенова. «Ең соңғы қоңырау»

 

 

 

    Бастауышым – бал бұлағым  

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  
                   негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, 
                   еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы 
                   болуға тәриелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен 
                     сахнаны безендіру

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері  4 сынып  оқушылар. 
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 
4-
сынып оқушыларын ортамызға.  
Әсем әуенмен сахна ашылады.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,  өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,               ата-аналарына  да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.

 

 

Бибарыс : Ассалаумағалейкум , ағайын !
Жадыра : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
Бибарыс : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Жадыра : Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Бибарыс : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Жадыра : Қолға қалам ұстатып,
                   Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»
Ұлболсын : : Бала шаққа болашақты жырлатып, 
                        Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
                        Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
                        Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !
Нұрперзент  :Армысыздар әжелер мен аналар
                        Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
                         Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
                        Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
  Айбек  :       Армысың сен, алтын ұя мектебім
                        Саған айтар жыр алғысым көп менің
                          Жүректерге жаққан білім шырағын,
                          Мектебіме арналады бұл әнім !

Жадыра :  Дұрыс айтасың Айбек  ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің   
                    атам да , әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын  ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән «Мектебім»
Слайд «Мектептегі мерекелер»
Бибарыс : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың 
                    мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Серік : Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз (жетектеп келе жатқан суреті, алғашқы қоңырау)
             Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
              Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
             Өзің болдың ұстазым сенгеніміз
Жасұлан :  Мектебіміз осы  ма ? -деп 
                    Жиырма жеті шәкірт келіпті.
                    Жылы жүзді ұстазын
                    Алғаш рет көріпті.
                    Іңкәрді Серік жетектеп
                   
Ұстазына еріпті. 
                    Болашағы нұрлы деп
                    Ата-аналар сеніпті.
 Іңкәр : Оң  иығына Алтынбектің отырып,
              Оң қолында жез қоңырау соғылып
               Жадырадай шәкірт келді мектепке 
               Т
ұлым шашы , ақ бантигі желбіреп
Ақмарал :  Кітап, қалам қолға алдық 
                    Бір сыныпқа жиналдық.
                    Ажырамай арамыз
                    Болашаққа барамыз.
Гүлсара : Мектеп  деген білім кені , жыр кені ,
                  Мектеп деген
ғылымның ең үлкені.
                   Мектеп деген тәрбиеші адамға
                  Мектеп деген даналардың мекен.
Еркеұлан:  Ұлылықты  ардақ тұтар үнемі,
                    Атын ұя, ақ босаға киелі.
                    Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
                     Күллі шәкірт саған басын  иеді.
Камила : Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
                 Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
                  Сүйкімді сенің күміс қоңырауың ,
                  Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 
Қайсар : Мектеп -  үйім , ұстазым , менің ата-анам,
               Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
                Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
                Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Динара : Мектеп – кеме, білім – теңіз,
                 Барар жерге тез жетеміз.
                Төрт жыл алған білім нәрін ,
                Азық етіп ер жетеміз.   
Ән : «                                     »
Бибарыс : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Жадыра ?
Жадыра : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Бибарыс : Дұрыс айтасың Жадыра, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Жадыра : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Ақтоты : Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
                  Бар асылын бізге жиып, мол береді.
                  Қанатымен су себелеп асыл жан
                  Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

Есбол :   Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
                 Жирендік, ажыраттық жамандықты.
                 Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
                  Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

Нұрсая : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
                Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
                Мейірлене қарап қойып біздерге 
                 Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Айдарбек : Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
                      Басталған ақ батаңнан жас талабым.
                      Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
                       Ұстаздың ұлағатынан басталарын.  
Ұлболсын : Нұр құйған санасына зейіндінің 
                      Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
                      Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
                      Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Бәрі :         Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                    Мың алғыс мына отты жүректерден !
Жадыра : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
                  Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
                  Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін 
                Сіздерге арнап айтатын тілегін де дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз ! 
Сөз кезегі ұстаздарда.
Жадыра : Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. 
Ән : Ұстазым .
Бибарыс : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Игіс
әт : Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
              Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
              Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін 
              Ақылды балаларың оны білген.
   Ән : «Әкелер»   Қияш Бибарыс
«Әкем-әнім»   Хұдайберген Мағжан 
Жадыра : Әр ана өз баласын  мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін ! 
Бибарыс : Ия , д
ұрыс айтасың   Жадыра. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып           өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?
Парасат : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
                 Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                  Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
                  Мәпелеген баласын аман болсын анашым ! 
Жадыра : Осындай ана туралы жыр жолдарынан  кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз. 
Сөз кезегін  ата-аналарға береміз.

Бибарыс : Ата-аналарға арнап Мизамбекқызы Гүлсараның «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар. 
Ән «Асыл ана» Мизамбекқызы Гүлсара 
Жадыра : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп     
                 табалдырығын жасқана аттаған едік.
Бибарыс : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Жадыра : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Еркеұлан :  Кітап қалам қолға алдық 
                      Бір сынып
қа жиналдық.
                      Ажырамай арамыз
                       Болашаққа барамыз.

Нұрперзент : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
                       Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
                        Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
                        Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Ақмарал : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                   Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                    Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
                    Мектептің ережесін үйрендік біз.

Дархан :  Бастауышым – бал бұлағым ,
                 Алдым сенен балдың дәмін.
                 Әріп танып, білім алып
                 Рахметімді жаудырамын

Мейрамбек : Бастауышым – балбұлағым ,
                       Лаулап жанған шам шырағым.
                        Өзің берген біліміңмен ,
                        Самғап ұшар тау қыраның.
Хормен  Ән «Бақытты балалық шақ»
Іңкәр : Біздер бастауышта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биолгия, алгебра, физика , химия , т.б. пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып үйрендік. 
Қияш Бибарыс : Анашымдай сыр шерткен,
                               Ақыл білім үйреткен.
                               Ана тілін оқыдық,
                               Ерекше зор құрметпен.
                               Ана тілін сүйеміз ,
                               Құрметпен бас иеміз.
                              Ана тілмен қоштасамыз ,
                              Әдебиетпен достасамыз.
Алмаз : Ойланып есеп шығартып,
                Төрт амалды  білдірген.
                Ғылымдардың патшасы ,
                 Математика данасы.
Гүлсара : Қазақ тілі пәнінен,
                 Білім алды балалар.
                 Сөйлемді, сөз таптарын ,
                  Етістіктің шақтарын ,
                 Жалғаулар мен жұрнақтар.
                  Ережесін жаттадық
                  5 сыныпқа  барған соң,
                 Тіл мамандары  бағалар.
Рамазан : Ой жіберсең бәріне,
                   Дүниетану пәніне.
                  Өмір сырын үйретер ,
                  Пәннің жақсы бірі де.
                  Жер байлығы көп екен,
                  Игеруді қалайды.
                   Осының бәрін білдірген ,
                   Дүниетану сабағы. 
Жадыра : Кане балалар, сендердің негізгі пәндерді қалай меңгергендеріңді байқап қарайықшы. Мен әр түрлі тапсырмалар беремін. Кане кімнің ойы жүйрік, ұшқыр екенін сынап көрейік. 
1.
    Уақыттың маңызы неде екендігін білеміз бе ?  
Жауап : Рамазан. 
Бір жылдың қадірін , сынақтан өтпеген оқушыдан сұра.
Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра. 
Бір сағаттың қадірін , кездесуге асыққан ғашықтан сұра.
Бір минуттың қадірін  сабақтан кешіккен оқушыдан  сұра.
Бір секундтың қадірін  апаттан аман қалған кісіден сұра.
2.
    Туған жер туралы 1 шумақ өлең шығар.  
Гүлсара:  Туған жерде өстім мен ,
                 Бір гүлі болып құлпырып 
                 Туған елім - күн көзі
                 Жайнай берем ұмтылып.
3.
    Анаға  арнап 1 шумақ өлең кім шығара алады?  
  Динара :    Ана- деген ең асыл,
                     Мейірімі күнмен тең.
                     Анама айтам мың алғыс,
                     Мені әлдилеп тербеткен.
4.
    1 шумақ өтірік өлең ұйқастыру. 
 Нұрсая:   Қыстыгүні бақшадан
                   Алма теріп әкелдім.
                   Алма сатып,  к
өкеме
                   Шетелдік көлік әпердім.
Жадыра  : Жарайсыңдар балалар , талаптарың таси берсін ! Шығармашылық қабілеттерің өте жақсы деңгейде екен. 
Бибарыс : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
Мағжан :   Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
                   Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
                   Бастауышта алған білім, жырларым ,
                    Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Серік :        Өтті сенде қызық шағым ,
                     Бастауышым – бал бұлағым .
                     Қоштасар күн жетті міне,
                     Қимастықпен қол бұлғаймын.
Ән   «Қош бастауыш» 

Хормен : Білім берген біздерге,
                  Рахмет,
ұстаз сіздерге ! 

Құттықтау сөз.

 

Қош, балауса бастауыш

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушыларым! Сіздер «Қош, балауса бастауыш» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын 2007 жылы мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. А әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатар бастауыш мектептің білім мен тәрбие беруде орны ерекше. Олай болса, құрметті ұстаздар, ата - аналар, ақ жаулықты әжелер! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай шәкірттерім бүгін міне, төрт жыл бойы алған білімдерінің арқасында, еліміздің білімді бір азаматтары болып отыр.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! «Талаптарыңызға нұр жаусын!» деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1 бастаушы - Шаймерденов Нұржан: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2 бастаушы - Макуова Айдана: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын.
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз. Вальс биінің әуеніне ұл баланы екі қыздан ұстап, сыныпқа кіруі.
1 бастаушы: Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл жайдың
Бастаңғысын жасайық!- Әжелердің шашу шашуы.
1 бастаушы: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық
Өнерімізді көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
Ән -«Ұстазым»
2 бастаушы: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
Кеше ғана біздер үшін есігін айқара ашқан мектебімізде біздерге талай қиындықтарды жеңуге көмектескен мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпақтарға берген мол білімі мен тәлім тәрбиесі, үлкен жүректілігі үшін мектебімізге, ұстаздарға мың алғыс айтып, бас иеміз.

1 оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке
Жанымның отын жандырдың.
2 оқушы: Өнеге ошақ тәрбиең
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием
Таудай ғой менің талабым.
Мектебім - мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды
Ақтаймыз әлі талай біз.
Ән «Мектебім»
1 бастаушы:
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріптерді үйреткен, бізбен бірге қуанып, білім нәрімен сусындатқан екінші ата - анамыз - ұстаз екені баршамызға - мәлім. Әлгінде біздің оқушылар ұстазға деген сезімдерін, жүректерінен шыққан алғыстарын айтып жатыр. Ал енді ұстаз туралы өзің не айтар едің?
2 бастаушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су беретін адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол тәлім - тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шәрбәті - тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адал - мұғалім, ұстаз» деп бекер айтпаған.
3 оқушы: Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа кіргеніміз.
Жасқаншақтап, тосырқап тұрған шақта,
Өзіңіз болдыңыз, Зәмзәгүл апай, сенгеніміз.
4 оқушы: Ұқсаттың да сіз бізді ініңізге,
Ұқсатып ек біз сізді әпкемізге.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңізді ұнатып арамызда.
5 оқушы: Дәл - кешегі тосырқау қайда қалған?
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мерейің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан - дүниесін баланың жайлап алған.
6 оқушы: Біздің сынып ерекше,
Тату - тәтті зерек те.
Нұржан - біздің балуан,
Бастығымыз - Әсемжан,
Асалой, Лаура - күйшіміз,
Барлық қыздар - бишіміз,
Ұлдарымыз - спортшымыз.
Лаура, Әсем, Жасмина,
Тамерлан, Әйгерім, Нұржан да -
Озат біздің сыныпта
Көп іскер де, шебер де,
Оқу еңбек өнерде.
Болып мектеп озаты
Біздің сынып озады.
7 оқушы: Мектептің келген бағына
Қаламын алып қолына.
Күн сайын болған тапсырыс
Жетпейді жұмыс санына.
Асықпай жүріп бәрін де
Келтірер орын орнына
Мектепті басқарған Болат ағайға
Тілейміз қажымас күш - қайрат
Кетпесін бастан бақ дәулет.
Барлығы: Еңбегіңізге мың рахмет!
8 оқушы: Еңбек жолын бастауыштан бастаған
Бізге сурет салуды да үйреткен
Дәмежан апай оқу ісін басқарған.
Оңай емес бұл шаруа
Жауапты да күрделі
Ісіңіз жүрсін ілгері.
9 оқушы: Тәрбие мен оқу егіз деген
Тентектерді тәртіппенен баптаған.
Қатал болып көрінгеннен кей кезде
Өз ісіне берік болған
Тәрбие ісін басқарған
Түлектерге тәрбие мен сана берген
Жұлдызыңыз, Гүлсім апай, жана берсін биіктен.
Барлығы: ән «Желсіз түнде жарық ай» Абай.
10 оқушы: Музыка әлеміне есік ашқан
Музыканы меңгертіп мейірі асқан
Бибігүл, Алмагүл апайларым бөленіп әр күн нұрға
Шарықтай беріңіз ән - күй аспанында.
Көрініс «Ағылшынша»
11 оқушы: Тілді білсең ағылшын
Мол болады табысың.
Компьютер де қолында
Нарық деген жолында.
Жақындайды алысың
Сіздей жақсы жан үшін
Беруге лайық қол ұшын,
Ағылшынша үйреткен
Раушан апайға мың алғыс
12 оқушы: Ашық жарқын шырайы
Компьютердің құдайы
Сыныптарды аралап
Жүгіріп жүрер ұдайы
Саида апай, біз сізге
Рахмет дейміз бәріміз.
13 оқушы: Балақай! Болсаң да әлі қаршадай: Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте, Ашу үшін тәбет те, Құру үшін сен сауық
Керек жақсы денсаулық Денсаулық ол шыныққан Барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан Жүйке - тамыр жүйесі. Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай. Денсаулық - ол жүруің, Ешбір жерің ауырмай.
«Басты байлық - денсаулық»- Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық. Болар барлық мүшең сау, Жүрсе жылдар бойында,
Баяндалған осынау Ережелер ойыңда - деп бізге сабақ беретін
Тоқтар ағайға мың алғыс.
Ұлдар биі «Жаңа би»- Калтаев Дидар, Адильбеков Тамирлан.
14 оқушы: Жақсылығымызды асырған,
Жамандығымызды жасырған
Үзілісте шуласақ,
Бізді тәртіпке келтірген
Бастауыш сынып ұстаздарына
Алғысымыз көп біздің.
Мұғалім: Жуырда «Адам болам десеңіз» атты облыстың бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобына берген ашық сабағымыздан үзінді
Көрініс «Абайдың оқуға құштарлығы»- Нұржан, Асалой, Айдана
Барлығы: Оқу, білім үйреткен
Алғашқы ұстазымызға мың алғыс!
1 бастаушы: Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған
Өнер, білім бәрі де
Оқуменен табылған - деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па? Қалай ойлайсың?
2 бастаушы: Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та артықтық етпес деген ой жетелейді. Олай болса балалардың пікірін тыңдап көрейік.
15 оқушы: Білім артық, өйткені ол Пайғамбардан қалған мирас. Байлық бақылдардан қалған мұра.
16 оқушы: Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
17 оқушы: Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанымен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды.
18 оқушы: Білім артық, өйткені оны суық қолдан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек.
19 оқушы: Білім артық, өйткені ол жан дүниеңді байытады, байлық жан дүниені шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
20 оқушы: Иә, дұрыс айтасыңдар, білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы көп адам мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан да әрқашан да білім артық.
21 оқушы: Бүгінгі жастарға оқу міндет
Тек қана оқу менен өнер білмек.
1 бастаушы: Қыздар биі «Қара жорға»- 10 қыз, төрт ұл бала
2 бастаушы: Қайсы күйші, кім биші
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім тақыл
Таланттарын табайық
1 бастаушы. Баулыған әр өнерді
Барлық оқушы өнерлі
әрбір күйі мәнерлі
әсем күйдің шебері
Біздің Асалой
Бір күй шертіп береді.
2 бастаушы: Ендігі кезекті мектеп өмірінен алынған қысқа қойылым.
Күдік. Автор - Гүлсана: Мына бастар түйіскен Болып отыр бір іспен.
-------------- басы қауғадай, -------------- басы алмадай.
Келте ғана кекілді, Темір қаңқа секілді, Тоқаш дерсің кәдімгі.
Қыз - Айгерім: - Тартқансың ба текеге, Сүзгілейсің шекеме.
Ұл - Насыр:- Басың теліп кетті деп Жыларсың жер тепкілеп
Қыз:- Білеміз ғой ұлдарды Бір жылатпай тынбайды.
Ұл:- Ал, қыздармен ойнасаң Дау шығады әрқашан
Қыз: - Ендеше сен ойнама Жалынбаспын сонда да
Ұл.- сен домалақ шардайсың Жөндеп ойнай алмайсың!
Қыз.- Кішкентаймын мен әлі Арықтауға болмайды.
Ұл:- Шыға келем бұралып деп ойлама қуанып
Қыз:- Ендеше сен шидейсің Қамыр илей білмейсің!
Ұл:- Таксист болған кезімде Жалынарсың өзің де.
Қыз:- Бойжеткенде кейін мен Билемеймін сенімен.
Автор: Өстіп,------------ салды айғай Жақтан тартып қалғандай
Аузы қатты бұртиып, Қалды дереу ұл тынып.
Шырмап алған дәу басты Күдік еді алғашқы
Тұрса ------------ шын айтып, Жалғыз билер бұл қайтіп?
Ал біздің сыныптың қыздары барлығы да билейді.
Қыздар биі «Шығыс жұлдыздары»- Жасмина, Сания, Адия, Асем, Айсұлу, Сауле, Лаура.
1 бастаушы: Бастауышпен қоштасып
Төрт белестен асамыз
Орта буынға барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бастауышқа келіп тұрамыз
2 бастаушы: Оқыңдар ұл, қыздар деп
Күлімдеген ұстаздар
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете ұстазға.
Ән «Қоштасу вальсі»
Білім ап сайраңдап,
Өткердік 4 жылды,
Өткердік 4 жылды
Қызықтап ән - жырды
Қалайша қиямыз
Ұшырса ұямыз
Біздерді тосады
Ұстаздар құшағы.
Ән «Чему учат в школе»- үш тілде барлығы айтады.
Келген қонақтарға құттықтау сөзі беріледі.
Бастаушылар: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қош бастауыш мектебім.

Мақсаты:

Білім негізі,іргетасы-бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру.алған білімдері мен  жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу.

Отансүйгіштікке баулу,жағымды мінез-құлық мәдениетіне білімді,саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп,бағыт-бағдар беру.

Бағыты:

1.      Мұғалімнің құттықтауы.

2.      Слайд.

3.      Оқушылар концерттік бағдарламасы.

1) тақпақтар

2) хор:Сәлем саған мектебім.

Ұстазым менің.

Қайырымдылық жолында

Үш бақытым.

Ағылшын әні.

Қош бол,бастауыш.

3) жеке орындаулар:

ән.Аяулы ана.

би.папури:орыс биі,грузин биі,қазақ биі,

өзбек биі.

ән.Арнау.қыздар квартеті.

ән.Бала тілегі.

КВН.

ән.Вополе береза стояла

ән.Ұстазым

би:Қаражорға.

4.ата-аналармен ұстаздар құттықтаулары.

1.      Алғы сөз.сынып жетекші:Гүлбану Маратқызы

Бұл оқу-тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас,біле білсең білім озар.

Ақыры керек болар бір сасқанда.-деп Міржақып ақын

айтпақшы,тарыдай болып кіріп,ақыл-ойлары толысып,оң мен солдарын танып,жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол,бастауыш мектебім»кешін бастауға рұқсат етіңіздер.Қош келіпсіздер,құрметті ата-аналар,қымбатты әріптестер,оқушылар!

Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұлы,көркейтетін қызы болыңдар дегім келеді.

Ата-аналар!Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын.Балалар бәрімізге қуаныш,бақыт әкелсін! Құттықтау сөз кезегін оқушыларыма беремін.

 

1- жүргізуші:

Армысыздар құрметті:ұстаздар,ата-аналар.

Бастауышпен қоштасу, дәстүрлі мерекемізге қош   келдіңіздер!

 

2- жүргізуші:

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей,мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын.Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер,4-ші сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болсақ,бүгін міне,ес біліп,етек жиған шәкіртпіз.

 

1- жүргізуші:

Бұл күнге жәйдан-жай жете салмағанымызды ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт елестетер болсақ…….

(слайд көрсетіледі.)

2- жүргізуші:

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары біздің есімізде мәңгі сақталары сөзсіз.

1- жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,

Бар қауым тамсана таңдай қағар.

(музыка әуеніне ілесіп ұл-қыздар ортаға шығады.)

Ұлдар:Ассалаумағалейкум,ағайындар!

Қыздар:Армысыздар,аяулы ұстаздар,ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер!

Барлығы:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

 

1- оқушы:

Бала шаққа болшақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар,ұстаздарым қымбатты!

2- оқушы:

Армысыздар аталар мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.

3- оқушы:

Армысыздар,өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат болып кешегі сәби еркелер.

 

 

4- оқушы:

Армысың сен, алтын ұям мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім.

2- жүргізуші:

Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.

Келесі кезекте шырқалар «Сәлем саған мектебім» әнін мектебімізге арнаймыз.

5- оқушы:

Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді міне, сағымдай өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танымас азамат бір-бір мықты.

6- оқушы:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптың ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

7- оқушы:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді.

1- жүргізуші:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым менің» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.

8- оқушы:

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген,

Дүние тану сабағы.

9- оқушы:

Адамдыққа үйреткен,

Жамандықтан жиренткен.

Тілімізді ширатқан,

Ана тілі сабағы.

 

 

10- оқушы:

Тез үйрендік әділ менен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің балғын,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

11- оқушы:

Мектеп-үйім, ұстаздарым-ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

12- оқушы:

Өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз,

Сүйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.

Көкке жетіп төбеміз, жеңілденіп тарқаймыз,

Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз.

13- оқушы:

Ана тілімен табалдырықты аттадық,

Орыс тілін қосып бірге жаттадық.

Жанна апай мен Ақнұр апай арқасында,

Орысша еркін сөйлей бастадық

2-жүргізуші:анаң тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.-дегендей келесі орындалар тамаша тақтпағымыз орыс тілі,ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналады.

Тақпақ:Аружан, Айболат,Алишер

14-оқушы:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүрекпен тең көрді.

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

«А» әріпін сенен алғаш жаттадым.

Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.

15- оқушы:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз

білімділікке, әдемілілікке, әдептілілікке, адалдыққа,

әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да,

ұстазымызға мың алғыс.

16- оқушы:

Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

 

 

1-жүргізуші:Келесі шырқалар әніміз Отанымызға,туған жерімізге арналады.  ән:Үш бақытым.

17-оқушы:

Әкешім ұғып жанымды,

Ойладың әркез қамымды.

Тілегімді тілеумен,

Атқыздың талай таңыңды

18-оқушы:

Әжетайым тірегім,

Кеудемде соққан жүрегім,

Шаттансам шығып қияға,

Қиналсам сенде жүдедің.

Өзің деп білем күн көктем,

Қызметін де көрсеткен,

Бар жылылық бойыңда,

Ұлы едің әже сен неткен.

19-оқушы:

Аман болшы қашанда ана жаным,

Анашым ыстық маған алақаның.

Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,

Ұлым деп еркелете қарағаның.

Аналарымызға арнап «Қайырымдылық жолында» әнін тарту етеміз.

 

20-оқушы:

Ақылшы асыл ұстазым,

Өзіңе мен де ұқсармын,

Жеткенше қайрат күш әлім,

Биікке самғап ұшармын.

21-оқушы:

Толқып қорқып төрт жыл бұрын,

Мектепке біз келгенбіз.

Қоңырауды алғаш естіп,

Сыныпқа біз енгенбіз.

Бірінші сыныптың мұғалімі,

Анар апайды көргенбіз.

Жақсы оқып тәрбиелі,

Болуға серт бергенбіз.

22-оқушы:

Әр отбасы еркесінің бабын таба білдіңіз,

Ұстаздықтың қиын жолын көтеріп сіз жүрдіңіз.

Біз кішкентай болсақ та,сізге үмітпен қарадық,

Басқа ұстаздар алдында енді,оқуға біз жарадық.

23-оқушы:

Болашақтың үлкен жолын сізден сызып бастадық,

Еркеліктің,жалқаулықтың көптүрін біз тастадық,

Жылы сөзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз,

Үйретем деп түрлі білім біраз шаршап қалдыңыз.

24-оқушы:

Түрлі-түрлі пәндерді де,оқитын болдық ержетіп,

Қателік болса жіберген түзетелік тездетіп,

Мықты болса ұстазың,мінді өзіңнен іздегін,

Игере алмай қиналсаң,біреуден көріп жүрмегін.

Хор:

2-бөлім

1-жүргізуші:

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,білім нәрімен сусындатып,  білімнің ірге тасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші:

Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп,суығымызға тоңа білген,оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Келесі өлең шумағы ұстазымыз Гулбану Маратқызына арналады.

Қадыр МырзаӘлидің өлеңі «Мұғалима» мәнерлеп оқитын Дияс

1- жүргізуші:

Мен өнерліге қайран қалам,

Халық десе алаулап жайрандаған.

Сахнаның төрінде тамсандырып,

Ән салады  Аружан жайраңдаған.

Бейнелеу, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне арнаймыз. Ән «Бала тілегі»

2- жүргізуші:

Өнер – білім, егіз ұғым екендігін таныттық

Бойымызға бар өнерді жиып – теріп дарыттық,

Биін билеп берелік енді, бүгін біздер сіздерге.

Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың. Би: «өзбек» биі

1- жүргізуші:

Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,

Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.

Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,

Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз

Деп «жеті лақ пен қасқыр»ертегісінен көрініс тамашалаңыз.

2- жүргізуші:

Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,

Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан.

Бал құрақтай көлге біткен балауса,

Би құдырет мың бұралып ырғалған.

Би.

1- жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Ардақты аналар келесі шырқалатын тамаша ән сіздерге арналады.  Ән «Әкешім -анашым» орындайтын Ділназ бен Ернур

2-жүргізуші:

Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.

ән: «Әгугай домбыра»

Ұстаз сөзі.Мен сендерге сенемін.

 

ән  «Ертегілер елінде» орындайтын Мира, Самал,Азиза

 

(Барлығы қайтадан сахнаға көтеріледі.)

Бәрі бірге: Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.

Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.

Хор: ән «Қош бастауыш»

1- жүргізуші:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғадым.

«Бастауышпен қоштасу» салтанатымыздың рәсіміне орай сөз кезегін мектебіміздің бастауыш сынып меңгерушісі Гүлбану Жеңісқызына береміз.

2- жүргізуші:

Өмір бойы біздің ыстық – суығымызға төзіп, бірге бөліскен, түн ұйқысын төрт бөлген ата – аналарымыздың атынан

сөз береміз.

1- жүргізуші:

5- ші сыныпта да сіздердің көңілдеріңізден шығуға тырысамыз, сабағымызды жақсы оқимыз – деп ант береміз. Сау саламатта болыңыздар.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты бастауышпен қоштасу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 4933
    • DOCX 95.5 кбайт
    • 41 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габдулина Замзагуль Берлиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11983
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов