Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Құрбан айт"

Тәрбие сағаты "Құрбан айт"

Скачать материал

Тақырыбы: Құрбан айт – халық мейрамы

Мақсаты:

1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.

2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар.

1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы.

2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды.

3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.

4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлу.

 ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз? Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп: - Мұсылман болуы; - Ақылды және балиғат жасына толуы; - Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; - Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді: «Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың.Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады.Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына,әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып,соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті.Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды.Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.

 

Топпен жұмыс. І. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді.

1 топ

1. Құрбан шалудың пайдалары

2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?

2 топ

1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар

2. Құрбандықтың уақыты

 

ІІІ. Өзіңді таны

І топ.  Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу.

ІІ топ.  Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу.

 

ІҮ. Мақал –мәтелдер сайысы

І топ. Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы.

ІІ топ. Еңбек туралы.

 

Ү. Қорытынды Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше.Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Құрбан айт""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2015 3394
    • DOCX 16.9 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейсенбина Айгул Насиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейсенбина Айгул Насиповна
    Сейсенбина Айгул Насиповна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9833
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 012 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 790 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 846 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек