Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалыТәрбие сағаты "СПИД – ХХІ ғасыр дерті."

Тәрбие сағаты "СПИД – ХХІ ғасыр дерті."

Скачать материал

                                                                           Капарова Мира Жаманбайқызы

                                                                                                                    Әлеуметтік ұстаз

                                                                                                                   «Қайрат орта мектебі» КММ

                                                                                                                    Қайрат ауылы, Уәлихан ауданы

                                                                                                                    Солтүстік Қазақстан облысы

 

 Тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр дерті.                                                                                                         
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.
Ұйымдастыру бөлімі:

Кіріспе сөз:
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. 
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
 СПИД – ғасыр індеті. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам  денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адам жүре пайда болған Иммунитет тапшылығы синдромы , яғни СПИД – ке шалдыққан.

Мұғалім: ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18  мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты  өмір салтын  қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.

Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды.

Елімізде бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысында 3967 , ал Жезқазған қаласында 15 жағдай тіркелген.1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады. Аурудың алғашқы белгілері бес жылдан соң байқалады, бұл уақыт ішінде ол ауруын талай адамға жұқтыруы  ғажап емес. ЖҚТБ вирусы қанда, адам зәрінде, ұрығында, ана сүтінде және сілекейде болады.
Сондықтан осы ауру туралы 10 сынып оқушылары сіздерге мәлімдеп береді.
Индира: СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.


Аружан: СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па,әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.

Видео ролик көрсетіледі
АҚТҚ – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды. 
ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады. 

 

 

СПИД қандайжолменжұғады?

Қанарқылы (тікелейқанқұйғандаинелердіауыстырмайбірігіппайдаланғанда)

Ауру ананыңсүтіарқылы;

Ауру әйелдентуылғанбалаға;

Жыныстықжолменжақындасқандабірадамнанекіншіадамғажұғады.

 

ЖҚТБ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды:

- Қол алысып, құшақтасқанда
— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан
— Төсек жабдықтары мен киімнен
— Темір және қағаз ақшадан 
— Су мен ауадан
— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан
— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан 
— Жәндіктердің шағуынан
— Моншада, саунада, бассейінде
— Бой жазу, т.б.

 

 Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына  адам  баласын аздыратын жаман жұқпалы аурулардан  аулақ   болу жақтарын мысалдарман дәлелдеп түсіндіру.   Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.               

        Өзіміз өмір сүріп отырған уақытта жиі кездесетін жағдайдың бірі осылай болған еді.  Бір жас келіншек құлағын тестіруге арнайы құлақ тесетін автоматқабарып құлағын  тестіреді. Бірақ уақыт өткенсоң өзінің денсаулығындағы өзгерістерді байқап тексеруге барады. Ол өзінің қатерлі ауыруды жұқтырғанын біліп жасырын ұстайды. Бір күні тісі  ауырып тісін жұлдыру керек болады. Ауруды жасырғысы келіп мемлекеттік емханалардан  қашып жеке меншік ашылған емханада ешқандай анализ өткізбей, тексерусіз тісін жұлдырады. Жаскеліншек келесі “құрбан” кім екенін білуге есік алдында аз ойланады.  Ол тісін қолымен басқан 15-16 жасар бүлдіршін қызды көріп көз жасын моншақтата төгіп  жүгіре жөнеледі. Аяусыз тағдырға, дауасыз дертке кім кіналы?

Мұғалім:Қадірлі оқушылар бұл болған, болмағаны белгісіз газетке жазылған әңгіме үзіндісі десек те, бізді ойландырар жағдайлар жетерлік. Осы жағдайда кімді кіналы  санайсыздар?

1- оқушы: Менің ойымша, бұл жағдайда дәрігерстомотологқа барған келіншек кіналы. Егер де ол барған жағдайдың өзінде СПИД атты қатерлі дертпен ауыратыны жайлы 
дәрігерге
ескерткен болса, ондааяусыз тағдырға ұшыраған 15-16 жастағы қызды ауыруға шалмаседі.
2- оқушы: Ал менің
ойымша, сол келіншектің алдында құлағын тескен адам кінәлі. 
Өйткені
ондай аурумен ауырған соң құлақ тестіріп және басқа да адамдарға жұқтырудың  мәні неде?! 

3- оқушы: Менің пікірімше, бұл жағдайдағы 15-16 жастағы жасөспірімдер мемілекеттік  емханаларда емделуі тиіс. Сол жағдайда мүмкін ол бұндай тағдырға душар болмас па еді?!
4- оқушы: Мен ойымды білдіретін болсам, құлақ тесетін адам да кінәлі. Өйткені әр 
адамнан  кейін инені арнайы микробтарды өлтіретін сұйықтарға салу керек. СПИД вирусы  келесі адамға жұқты, яғни ол адам ондай  жұмыстарды атқарған емес.

5- оқушы: Кінәлі стомотолог деп есептеймін, себебі бір адамға қолданған құрал- 
жабдықтарды ешқандай тазартусыз екінші адамға қолдану дұрыс емес. Егер ондай  болмағанда, қаншама адам дауасыз дерттен аман қалар еді.


Қорытынды:
Мұғалім:
“Ауруын жасырған өледі” демекші аура қалсаңдар, дереу дәрігерге қаралу  керек. Себебі өзге адамдарға зардап тигізбеуді ойлан.Бұл тақырып бойынша қандай айтылмаған пікірлер мен түсініксіз сұрақтар бары туралы оқушылардан сұрау. Оқушы тренингке қатысушылардан жаңадан не білгені туралы, оларға қызықты, пайдалы болған деректерді сұрау.      

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "СПИД – ХХІ ғасыр дерті.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: СПИД – ХХІ ғасыр дерті.
Сабақтың мақсаты:
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: газет - журнал деректері, пікірталас, мақал - мәтелдер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2018 9606
    • DOCX 1.4 мбайт
    • 350 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Капарова Мира Жаманбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Капарова Мира Жаманбайқызы
    Капарова Мира Жаманбайқызы
    • На сайте: 6 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10266
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Методика и содержание деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 215 человек

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация психолого-педагогической и социальной работы с несовершеннолетними

Специалист органа опеки и попечительства в отношении несовершеннолетних

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 108 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе