Инфоурок Другое КонспектыТренинг "Бала біздің болашағымыз"

Тренинг "Бала біздің болашағымыз"

Скачать материал

Бала  біздің болашағымыз!

Мақсаты: Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде, әрі отбасында жақсы тәрбие беруіне ықпал жасап, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы және өз баласын жақсы тануға көмек көрсету. Ата –аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, басты байлығы баласы екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: үлкен ақ жүрек, кішкене қызыл жүрекшелер, алма тоғай, алмалар, үйдің суреті, доп.

Тренингтің барысы.

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Бала – біздің болашағымыз!» атты тренингімізге қош келдіңіздер. 12 ата-ана үш топқа бөлініп орындарымызға жайғасып отырайық. Жақсы, енді сіздерге тосыннан хат келді.

I«Сізге хат келді» тренингі.

Топтағы ата-аналар өздерін таныстырулары керек. Онда: өздерінің аты-жөні, кімнің ата-анасы, отбасы мүшелері, өмірлік ұстанымдарын айтулары ұсынылады.

Ал, енді құрметті ата-аналар мен сіздерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр.

-         Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз не? ( Жанұя, балам, жолдасым, достарым, туыстарым )

-         Дұрыс айтасыздар!

Олай болса барлығымыз мына үйге қарайық. Осы үйдің қабырғасы тең , керегесі кең, шаңырағы биік, шаттыққа толуы үйдің іргетасының дұрыс қалануына байланыста дер едім.

Іргетастың дұрыс қалануы үшін ең маңызды бөлшектерін қарастырайық. Ең бірінші тас салуымыз керек. Одан соң құм мен цементті суға араластырамыз. Осылардың барлығын керекті мөлшерде қосқан жағдайда ғана үйіміздің іргетасы мықты болмақ.

Ал енді, осы мысалды бала тәрбиесімен ұштастырып көрейік.

«Тәрбие - тал бесіктен» демекші, баланы жасынан дұрыс тәрбиелеу – ата-ананың борышы. Бір іргетас қалаған сияқты, балаға жас кезінде жақсы тәрбие бере алсақ, ол сол тәрбиенің жемісін жейді. Дұрыс тәрбие бере алмасақ, түрлі жаман қылықтарға, түрлі қылмыстарға барып жатады. «Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - деп бекер айтпаған дана халқымыз.

II «Алма тоғай» тренингі.

Мақсаты: Ата-аналарға басты байлық баланың болашағы екеніне көз жеткізу.

Бала өсіп келе жатқан жас шыбық тәрізді. Оны қалай исең ол солай өседі. Егер де оны күтпесең оған не болатыны әрине барлығымызға аян. Енді барлығымыз мына алма тоғайға қарайық, ол өсіп келе жатыр. Бірақ әлі жемісін берген жоқ. Біздің балаларымызда өсіп-ер жетіп келе жатыр. Олар біздің болашағымыз. Баламыздың болашағы жемісті болуы үшін біз не істеуіміз керек. Мен сіздерге қазір алманың суретін таратамын ал, сіздер сол алмаға балаңыздың болашағы жемісті болуы үшін не істейтініңізді жазып алма ағашына апарып, оқып ілулеріңіз керек.

Міне, енді біздің алма ағашымыз өз жемісін берді. Бірақ біздің балаларымыздың болашағы әлі алда. Мен сіздерге тілейтінім, сіздердің де балаларыңыздың болашағы осындай жемісті болсын деймін. Әрине оның барлығы біздің өз қолымызда.

III «Отбасылық оқиға» жаттығуы.

Сіздерге қазір отбасылық жағдайлар беріледі, ал сіздер сол жағдаяттарды шешулеріңіз керек.

1.Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?

2.Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан Нұржамал деген құрбыңыз  бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тәрбиесіне келгенде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем түсінісе алмайды. Тіпті оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан оның баласы, күнен – күнге тұйықталып барады, іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?

3.Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

4.Балаңыз күнде 1- сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

5.Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? Сіздің әрекетіңіз?

IV  « Біз біргеміз!»  жаттығуы.

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

Қызықты сұрақтар  /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып оқиды?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.Балаңыз қандай мамандыққа бейім?

13.Балаңызбен қарым-қатынасыңыз  екі жаққа бірдей қанағаттандырарлық па?

14.Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?

15.Балаңыз Сізбен сырласады ма?

V. Аяқталмаған мақал – мәтелдерді аяқтау.

1)Балалы үй базар,

2) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді

3) Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

4) Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
5) Ұлға отыз үйден тыю,

6) Әдепті бала – арлы бала,

7) Әкені көріп ұл өсер,

8) Балапан ұяда не көрсе,
9) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
10) Ата – асқар тау, ана –бала –

VI. «Ақ жүрек».

Мақсаты:тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. Енді сіздер ата-аналар тақтада ілулі тұрған жансыз ақ жүрекке   өз балаларыңызға айтатын мейірімді ана жүрегінен шыққан  тілеулеріңізді мына кішкене қызыл жүрекшелерге жазып, ақ жүрекке іліп өзімізде осындай үлкен  кең пейілді мейірімді ата-ана болуға тырысайық.

VII. Ой-толғаныс.

       Қорыта айтқанда, отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру қажет. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле».Тәрбие ешқашан үзіліс, демалыс күндерді білмейді.Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тренинг "Бала біздің болашағымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2016 7124
    • DOCX 18.6 кбайт
    • 145 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ерсаинова Анар Ерсаинқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ерсаинова Анар Ерсаинқызы
    Ерсаинова Анар Ерсаинқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19590
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек