Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәртие сағаты. "Мен салауатты өмірді қалаймын"

Тәртие сағаты. "Мен салауатты өмірді қалаймын"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбыМен салауатты өмірді жақтаймын

 Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  «денсаулық»  ұғымының  құңдылығы туралы  түсініктерін  кеңейту.

  1. Салауатты  өмір  салтын  сақтаудың  адам  өміріндегі маңызын,  ой  тазалығы мен  таза  ниетінің  әсері  туралы  түсінік  беру.

  2. Денсаулығын  күту,  денсаулыққа  кері  әсер  ететін  есірткі  заттарды болдырмауға  және оқушылардың  жағымды  ойлай білу  қабілеттерін дамытуға  ықпал ету.

  3. Денсаулықты  күтуге, салауатты өмір  сүруге  тәрбиелеу.

 Көрнекіліктері:  Нақыл  сөздер, плакат,бейнетаспа, слайд-суреттер

Салауатты өмір салтын насихаттауға Ұлт көшбасшысы, Елбасымыздың өзі айрықша мән беріп келе жатқаны ақиқат. Биылғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында да халықтың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға, спорт алаңдары желісін кеңейтуге тапсырма белгілегені ұрпақ қамын тереңнен ойлағанның жарқын үлгісі.

 Бүгінде осының бәрінің игілігін барша қауым көріп, уақтылы дәрігерге қарануға мүмкіндік алып келеді. Ал спорт алаңдарында өз елімізбен бірге алыс-жақын шет елдік спорт майталмандарымен дүбірлі бәсеке ұйымдастырылса, сол байрақты жарыстарда жерлестеріміздің де мерейі үстем болып жатқаны зор мақтаныш. 
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық –зор байлық» деген аталы сөзі тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар да, біліктілігі күшті дәрігерлер де, «Денсаулық» ұғымына әлі де толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Байқап отырсаңыз: жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жастар – болашағымыздың алтын тірегі; тәуелсіз еліміздің қарлығаштары, нұрлы шамшырақтары. Әттең, өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға құлықсыз, немқұрайлы қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де, жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі шегеді, салынып арақ ішеді, тіпті есірткіге де әуестік танытады. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг: «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық дертті жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кімнің болса да өз денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Саламатты өмір салтына бойды шынықтыру, күнделікті жаттығу, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, тынығар алдында таза ауада бір-екі сағат серуендеп қайтудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде игілігіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдай ойластыруды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекіден аулақ бол. Жастарға: есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени-көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулықтың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолын таңдап, жылына бір келетін Ораза тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ. 
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Табиғат-Анаға жанашырлық көзқарасымыз да өз денсаулығымызды сақтауға, ішетін суымыздың, жұтатын ауамыздың тазалығына, тұтынатын тағамымыздың құнарлылығы мен сапасына тікелей тәуелді болмақ. Сайып келгенде адамның денсаулығына қатысты амалдардың бәрі табиғи ортамен өзара тығыз байланыстағы дүние демекпін. 
Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Сөз соңында тағы да айтарымыз, халықтың денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлесімді іс-қимылының жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

.

 




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәртие сағаты. "Мен салауатты өмірді қалаймын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Мен салауатты өмірді жақтаймын

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құңдылығы туралы түсініктерін кеңейту.

1.Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын, ой тазалығы мен таза ниетінің әсері туралы түсінік беру.

2.Денсаулығын күту, денсаулыққа кері әсер ететін есірткі заттарды болдырмауға және оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

3.Денсаулықты күтуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, плакат,бейнетаспа, слайд-суреттер

Салауатты өмір салтын насихаттауға Ұлт көшбасшысы, Елбасымыздың өзі айрықша мән беріп келе жатқаны ақиқат. Биылғы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында да халықтың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға, спорт алаңдары желісін кеңейтуге тапсырма белгілегені ұрпақ қамын тереңнен ойлағанның жарқын үлгісі.

Бүгінде осының бәрінің игілігін барша қауым көріп, уақтылы дәрігерге қарануға мүмкіндік алып келеді. Ал спорт алаңдарында өз елімізбен бірге алыс-жақын шет елдік спорт майталмандарымен дүбірлі бәсеке ұйымдастырылса, сол байрақты жарыстарда жерлестеріміздің де мерейі үстем болып жатқаны зор мақтаныш.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық –зор байлық» деген аталы сөзі тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар да, біліктілігі күшті дәрігерлер де, «Денсаулық» ұғымына әлі де толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Байқап отырсаңыз: жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жастар – болашағымыздың алтын тірегі; тәуелсіз еліміздің қарлығаштары, нұрлы шамшырақтары. Әттең, өкінішке орай, көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға құлықсыз, немқұрайлы қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де, жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі шегеді, салынып арақ ішеді, тіпті есірткіге де әуестік танытады. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасы әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг: «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық ұстанған. Ол ынта-жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында барлық дертті жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кімнің болса да өз денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Саламатты өмір салтына бойды шынықтыру, күнделікті жаттығу, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, тынығар алдында таза ауада бір-екі сағат серуендеп қайтудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде игілігіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдай ойластыруды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекіден аулақ бол. Жастарға: есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени-көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулықтың соңы жақсылыққа апармайды.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Табиғат-Анаға жанашырлық көзқарасымыз да өз денсаулығымызды сақтауға, ішетін суымыздың, жұтатын ауамыздың тазалығына, тұтынатын тағамымыздың құнарлылығы мен сапасына тікелей тәуелді болмақ. Сайып келгенде адамның денсаулығына қатысты амалдардың бәрі табиғи ортамен өзара тығыз байланыстағы дүние демекпін.
Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Сөз соңында тағы да айтарымыз, халықтың денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлесімді іс-қимылының жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 898 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 2214
    • DOCX 20.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баетова Умутай Бубеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баетова Умутай Бубеевна
    Баетова Умутай Бубеевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 146579
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции