Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы рөлі

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы рөлі

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

Сарыбаев Азамат Мухамедович

Мұрагер мектебі


Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы рөлі


Қазіргі таңда еліміздің Кеден одағына кіріп, одан әрі Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге талпыныс жасап жатқан уақытта тұтынушылардың құқығын қорғау маңызды мәселе болары сөзсіз. Бұл тұрғыда тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар мен ұйымдардың қызметі мен ауқымын дамытпай тұтынушылардың құқықтарын қорғау мүмкін емес. Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормативтік құқықтық актілер құқық саласының әр қилы саласымен байланысты. Дегенмен нормативтік құқықтық актілер Конституциядан бастау алады. Себебі, Конституцияның өзінде, біздің еліміздің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады деп көрсетілген. Сонымен бірге Конституцияда әркімнің тынығу, денсаулығын, тұрғын үйін заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, білім алу және өзге де құқықтары бекітілген. Бұл құқықтарға кепілдік беріледі, өйткені қолданыстағы заңнамада тұтынушының өмірінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар жүйесі, мемлекетік білім беру және денсаулық сақтау жүйесі, сонымен бірге тауарларды, жұмыс пен қызметтерді бақылау және қадағалау бекітілген. Ал тұтынушылардың құқықтарының бұзылуынан әкімшілік және қылмыстық құқықтық нормалар қорғайды.

Тұтынушыға қатысты қатынастарды реттеуде азаматтық заң шығармашылығы, атап айтқанда Азаматтық кодекс нормалары басты роль атқарады. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде азаматтардың және ұйымдардың азаматтық айналымға қатысуының құқықтық негіздері, азаматтық-құқықтық шарттарды жасаудың негізгі талаптары анықталады.

Негізінен, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың құрамына Азаматтық кодекстен басқа әртүрлі дәрежедегі нормативтік құқықтық актілер енеді. Оларға 2010-жылғы 4-мамырда қабылданған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, әрі өзге де заң актілері мен заңға тәуелді актілер жатады.

Алайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық нормативтік базаның көлемі ауқымды болғанымен, олар әлі толығымен қалыптасып біткен жоқ, әрі қоғамдық қатынастар бір жерде тоқтап тұрмай өмір талабына сай үнемі дамып және өзгеріп отыратындықтан, нормативтік базаны да үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Заң шығармашылығында, тұтынушылық қатынастарды реттейтін нормативтік актілердің екі тобын бөліп қарастыруға болады.

Бірінші топқа тұтынушы тікелей қатысушы болып табылатын актілерді жатқызуға болады. Бұл топқа тұтынушының тауардың (жұмыс, қызмет) тиісті сапасына құқығын, олардың өмірге және денсаулыққа қауіпсіздігін орнататын актілер, сатып алу-сату, мердігерлік, тасымалдау және өзге де шарттарда қөрініс алатын қатынастарды реттейтін, шарттарды орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау салдарын, тауарды дайындаушының не сатушының жауапкершілігін айқындайтын актілер жатады.

Екінші топқа өз қызметі шегінде тауарларға (жұмыстар, қызметтер) қатысты талаптарды анықтайтын және осы талаптардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін актілер жатады. Оларға «Сақтандыру қызметі туралы»,     «Техникалық реттеу туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» және өзге де көпетеген заңдар жатады, әрі олар тұтынушы үшін маңызды ережелерді орнатады.

Бұл жерде бір қатынасқа бірнеше нормативтік құқықтық акт қатысты болса, яғни барлығы бір қатынасты реттесе, әрі олардың арасында  қайшылық туындаса қайсысы қолданылуы тиіс деген заңды сұрақ туады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізілетін шараларды дамыту және жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйке Ұлттық экономика министрлігі құрамында Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылды. Агенттікке  Бәсекелестікті қорғау агенттігінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау; денсаулық сақтау министрлігінен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы; индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциясы мен өкілеттіктері берілді

Негізгі заңымыз Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылуға жатады  [1].

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормалардың ішінде маңызды роль атқаратын «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген [2, 3-б. 1-т.].

Сонымен бірге Азаматтық кодексте, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актілерінде қамтылған нормалары осы Кодекстің ережелеріне қайшы келген жағдайда осы кодекстің ережелері қолданылады деп көрсетілген [3, 3-б. 2-т.].

Аталған нормалардан көріп отырғанымыздай, әр актіде әртүрлі айтылған.

Бұл коллизияның шешімін «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңнан табамыз. Өйткені осы заңның 6-бабына сәйкес, әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.

Заңдар нормаларының кодекстердің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады [4].

Осы нормадан азаматтың негізгі құқықтары Конституцияда бекітіледі, ал тұтынушы Азаматтық кодексте бекітілген құқықтарды пайдаланады, яғни тұтынушы құқығын қорғауға бағытталған өзге заң актілері, соның ішінде  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң да Конституция мен Азаматтық кодекске қайшы келмеуі тиіс деген қорытынды шығады.

Ал халықаралық шарттарға келетін болсақ, онда Жоғарғы Соттың 1996-жылғы 25-шілдедегі № 7 «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысында Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басым болатындығын соттар ескеруі тиіс. Тиісінше, егер республикамыз бекіткен халықаралық шартта тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы республикамыздың заңдарында көзделген құқықтардан өзге құқықтар көрсетілсе онда халықаралық шарт ережелері қолданылады деп көрсетілген [5].

Енді келесі маңызды мәселе, осы заңнаманы дұрыс түсіну, әрі қолдану үшін біз, тұтынушы деген кім екенін және оның басқа субъектілермен қатынасқа түсу жағдайын анықтап алуымыз керек. Заңға сәйкес тұтынушы — жеке өзі тұтыну немесе өзі жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат.

Аталмыш анықтамадан көріп отырғанымыздай тұтынушыға үш талап қойылады.

Оның біріншісі жеке өзі тұтыну және пайдалану мақсатында тауар сатып алу, яғни тауар пайда табумен байланысты емес жеке қажеттіліктер үшін алынуы тиіс. Сондықтан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң азаматтар арасындағы жеке тұрмыстық емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қатынастарды реттемейді. Толығырақ айтар болсақ, азаматтардың тауарды, жұмыс пен қызметті кәсіпкерлік қызмет үшін, яғни пайда табу мақсатында және негізгі қызмет қажеттіліктерін не өз жұмысшыларының әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында алуы осы Заңмен реттелетін қатынастар қатарына жатпайды.

Тұтынушыға қойылатын екінші талап — ол міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс. Ал заңнамаға сәйкес, жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының  азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар жатады, әрі Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағына сәйкес, шетелдiк жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi [3]. Ал заңды тұлғалардың тауар алу кезіндегі бұзылған құқықтары жалпы заңнама нормалары арқылы қорғалады. Олардың мұндай бөлінуін заңды тұлғалардың мүдделері мамандармен (экономистер, заңгерлер және тағы басқалармен) қорғалатындығымен, ал тұтынушыға ешкім мұндай көмек көрсетпейтіндігімен түсіндіруге болады.

Заң бойынша қызмет пен тауарды алатын адам ғана емес, осы өнімді пайдаланатын адам да, сонымен бірге тауарды алуға ниет білдірген адам да тұтынушы болып есептеледі. Яғни, адам сатушыдан тауарды көрсетуді және ол туралы ақпарат беруді өтінгеннен бастап тұтынушы болып есептеледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың болуы бүгінгі қоғамымызда өте маңызды және олардың осы салада алатын орны да зор. Өйткені кез-келген тұтынушы, тіпті ол құқықтық жағынан сауатты болса да ұйымның моральдық қолдауынсыз өз құқығын қорғай отырып, сот тартысын бастай да жеңе де алмайды. Ал ұйым бір мақсатта үнемі жұмыс істейтіндіктен, ондағы адамдар  тұтынушыларға қатысты барлық мәселелерді жақсы түсінеді, құқық қорғаушылық қызметте зор тәжірибе жинайды, олар үшін тиісті сараптаманы ұйымдастыру, өзі қойған талапты сотта дәлелдеу еш қиындыққа соқпайды. Қоғамдық ұйымның ерекше психологиялық потенциалы да бар, өйткені оның шешімін сатушы ескереді. Егер жеке тұтынушы сотқа дейінгі талап қойса онда сатушы оны қайтіп болса да алдап жеңемін деп сенеді, ал егер талапты тұтынушының атынан ұйым қойса, онда бұл жерде сатушы мамандармен кездіккенін түсініп, залалдың орнын сөзсіз толтырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995-жылғы 30- тамыз. «Заң» деректер базасы. 5.0. версиясы. ҚР Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы.

  2.  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 2010-жылғы 4-мамыр № 274-IV Заңы.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994-жылғы 27-желтоқсан және 1999-жылғы 1-шілде.

  4. Басина Г.Ю. Сулейменова М.К.Комментарий к Гражданскому кодексу РК. — Алматы:  Жетi Жарғы, 2000.

  5. Жоғарғы Соттың 1996-жылғы 25-шілдедегі № 7 «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысы.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров488
Номер материала ДВ-163593
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх