Инфоурок Всеобщая история Конспекты"Тәуелсіз елім ұлы өлкем" 6 сынып ашық сабақ факультатив

"Тәуелсіз елім ұлы өлкем" 6 сынып ашық сабақ факультатив

Скачать материал

                                Тәуелсіз елім  ұлы өлкем!

  Мақсаты:

Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

   Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

көрнекілігі:

1.      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Слайд көрсету

2.      Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3.   Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

             Ашық сабақның барысы:

Мұғалім сөзі:

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

        Міне содан бері    25  жыл!     Атамекен әні орындалады   (хор)

Мұғалімнің сөзі:

Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің  мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

І – жүргізуші:

Қазақстан республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

Қазақстан дейтін менің бар елім,    Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,   Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

ІІ – жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 – желтоқсанда қазақ жастары  Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

 Атыңнан айналайын егемен ел,  Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!  Ғасырлар тойы болшы келе берер!

 1- оқушы:   Мадина

Мерекең құтты болсын  егемен ел,  Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,    Теңдікті бостандықты иеленгендер.

ІІ – оқушы:  Ирода

Бостандық құтты болсын ерікті ел      Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың      Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

ІІІ – оқушы: Азизбек

Егемен елімнің ертеңі деп,   Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін    Еңбек ет тыным таппай, жан ая ма

ІҮ – оқушы:   Мохида

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,   Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,    Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Ү- оқушы:    Жавохир

Ел болдық егеменді, теңдік алып,      Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,       Жыл  сайын келеді өсіп қанат жайып

ҮІ – оқушы:      Одина

Ел болдық ерік алдық астаналы,     Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,       Нұрсұлтанның атымен басталады

ҮІІ – оқушы:    Гулхая

Жаралдық машылықтан, толы ағыстан Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,     Көркейген елім менің – Қазақстан!

ІІ- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.   Мемлекеттік рәміздерТу, Елтаңба, Әнұран.   Бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуәрбір азаматтың міндеті

1-оқушы:   Анзилат

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген  тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түсашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетедіТудың ортасындағы алтын күнбаршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.  Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді  қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқанақиық қыран құсерлік белгісі. Матанаң сол жағында қызыл түсті оюөрнегі бар тік жолақ орналасқан, бұл қазақ елінің ұлттық әшекейіАлтын күн. Қыран және оюөрнек біздің халқымыздың ашық  келешегі  мен  байберекесі, тыныштықпен байлықтың белгісі.

3-оқушы:  Икром

Желбірейді шалықтап,      Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,     Қанат қағып барады

І-жүргізуші:

Қазақстан республикасының  мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ  бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдызОтанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісіБидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.

       Хадича

Бейнелеп сан ғасырды,  Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі,   Киесіндей жерімнің

Бабам тұлпар жаратты,  Құлынын да танып – ақ

Тұлпар барда қанатты, Шайқалмайды шаңырақ

Тәуелсіздік көркі ол да,  Өркениет  өрінде

Нұр төгеді    елтаңба,   Ақ Орданың төрінде

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Мұғалімнің сөзі:

Батырлыққа уызынан  жарыған Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта Кім айта алар Болмаған, — деп — Әнұран?!

І- жүргізуші

Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы — Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы  айтылған

 ІІ – жүргізуші:

Сөзі :  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

          Әні: Шәмші  Қалдаяқов      Әнұран орындалады   (хор)

 Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы?   Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  Сол туралы ойымызды ортаға  салсақ.

1- оқушы:   1991 жылы 1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады.

2- оқушы:   1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан республикасының жоғарғы  сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы»  мемлекет деп жарияланды.

3 – оқушы:   1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы,  әнұраны туралы.   Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

4 – оқушы:   1992 жылы 28 қаңтарда  Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата  заңы  қабылданды

5- оқушы:  1993 жылы 12 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.

             « Менің Қазақстаным »   әні орындалады (хор)

Қорытынды:

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз!       — дей отырып, ашық сабағымызды

қорытындылаймыз!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз елім ұлы өлкем" 6 сынып ашық сабақ факультатив"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2016 958
    • DOCX 28.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Сабира Юлдашбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Сабира Юлдашбековна
    Омарова Сабира Юлдашбековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34177
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе