Инфоурок / Дошкольное образование / Рабочие программы / Тәжірибелі сабақ "Жабайы аңдар"
Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение на курсах повышения квалификации прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40%. По окончании курсов Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Открыт приём заявок на новые курсы повышения квалификации:

- «Профилактическая работа в ОО по выявлению троллинга, моббинга и буллинга среди подростков» (108 часов)

- «Психодиагностика в образовательных организациях с учетом реализации ФГОС» (72 часа)

- «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО» (108 часов)

- «Профориентация школьников: психология и выбор профессии» (108 часов)

- «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе» (72 часа)

- «Патриотическое воспитание дошкольников в системе работы педагога дошкольной образовательной организации» (108 часов)

- «Психолого-педагогическое сопровождение детей с синдромом дефицита внимания и гиперактивности (СДВГ)» (72 часа)

- «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС» (108 часов)

- «Специфика преподавания русского языка как иностранного» (108 часов)

- «Экологическое образование детей дошкольного возраста: развитие кругозора и опытно-исследовательская деятельность в рамках реализации ФГОС ДО» (108 часов)

- «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов» (36 часов)

- «Федеральный государственный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку» (72 часа)

- «Организация маркетинга в туризме» (72 часа)

Также представляем Вашему вниманию новый курс переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту» (300/600 часов, присваиваемая квалификация: Тренер-преподаватель).

Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Тәжірибелі сабақ "Жабайы аңдар"

библиотека
материалов

Сабақ талдауға қойылатын жалпы талаптар

Сабақ талдауға ғылыми көзқарас – психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді.

Талдаудың жан-жақтылығы мен тереңдігі – сабақ құрылымындағы кезеңдердің байланыстылығын, дидактикалық қабысуы мен логикалық жүйелілігін ескере отырып бағалау. Жаңа тақырыпты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыра қарастыру. Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінеді.

Бағалаудың шынайылығы. Бағаның, негіздеменің, қорытындының ғылыми негізділігі, нақтылығы, дәлелділігі, шынайылығы қажет. Қатысқан оқу пәнінің ерекшелігі. Ұсыныстар.

Сабақтарға қатысу түрлері және қатысуды жоспарлау

Сабаққа қатысу және оны талдау мектепішілік бақылаудың бір әдісі.

Сабақтарға қатысу түрлері: іріктеу, тақырыптық, параллель, мақсатты, кешенді (толық оқу күні барысында 1 сыныпта сабақ берілу жағдайын) талдау.

Сабаққа қатысуды жоспарлау: алдын ала жоспарлау (1 жылға, жартыжылдыққа), ағымдағы (1 айға, 1 аптаға), күнтізбелік, графикалық.

Сабаққа қатысуға дайындық. Сабаққа қатысу мақсатын анықтау. Оқу бағдарламасымен, осы сабақтың нақты материалдарымен, сабақты өткізу әдістерімен (оқулыққа, әдістемелік құралдарға, білім беру органдарының нұсқауларына, т.б. сүйеніп) танысу. Пән бойынша дайындалған оқу-көрнекілік құралдармен танысу. Сынып журналын тексере отырып мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын, оқушылардың баға жинақтауын, сол сәтке үлгерімін, өткізілген бақылау, жазба жұмыстарының санын, күнін, бағдарламаның практикалық жағының орындалуы мен үй жұмысы деңгейін анықтау. Қорытындылар, ұсыныстар мен тапсырмаларды қарастыру (олар мұғалімге сабақтан соң беріледі). Оқушы жұмыстарымен танысу. Оқушылардың білім сапасын тексерудің жеке түрлерін анықтау, осыған қажетті материалдарды іріктеу. Мектептің басқа мұғалімдерін сабаққа шақыруды шешу. Мұндай шақырудың мақсатын белгілеу.

Сабақты бақылау және сабақ барысын жазу сызбасы. Сабақты бақылау сызбасы – тексерушінің (қатысушының) жұмысын ұтымды ұйымдастыруының алғышарты. Сызба тексерушіге сабақтың кезеңдерін нақты, жүйелі белгілеп, жазып алып, дәл осылай жүйелі түрде талдауына мүмкіндік береді.

Тексерушінің қатысылған сабақты талдауға дайындығы. Сабағына қатысып отырған мұғалімнің бұрынғы қатысылған сабақтары туралы хаттамаларын, ескертулері мен ұсыныстарын қарап өту. Сабақ жоспары мен оны орындау бойынша мұғалімге қойылатын сұрақтарды ойластыру. Сабақты талдау түрі мен орнын (әңгіме-сұхбат, пәндік комиссия отырысында, педагогикалық кеңесте) тағайындау.

Сабақты кезеңдерге бөліп талдау, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекетіне баға беру. Оқушының білім сапасын, білімін, білігін, дағдысын тексерудің қорытындысы. Сабақтың жетістігін, жақсы жақтарын, танысып, талдап, қолданысқа енгізуге болатын мұғалімнің шығармашылық жаңалықтарын бөліп атау. Сабақ кемшіліктері мен мұғалімге қажетті көмек көрсету жолдарын айту. Сабаққа қойылатын жалпы бағаны, қорытындыларды, ұсыныстарды түйіндеу.

Сабақты өзіндік талдау

Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар:

  • Талданып жатқан сабақтың оқытылып жатқан тақырыпта алатын орны;

  • Сабақ мақсаты мен міндеттерін негіздеу, жоспарланған іс-әрекеттердің орындалу деңгейі;

  • Сыныпқа мінездеме беріп, қолданылған оқу материалдарын таңдау себебін түсіндіру;

  • Оқушылар орындаған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне педагогикалық, психологиялық баға беру, оқушылардың сабақтағы өзбетінше ойлау қабілетінің даму деңгейін бағалау. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдерді түсіндіру, осы тәсілдердің сабақ мақсатына, құрылымына, қойылға білімділік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкестігін дәлелдеу;

  • Мұғалімнің сабаққа (оның кезеңдеріне) қанағаттануы немесе қанағаттанбауы. Аталған кемшіліктерді жою жолында іске асырылатын іс-шаралар, сабақта қол жеткізген жағымды нәтижелерге баға беру, түсіндіру.

Өзін-өзі талдау – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің бір шарты.

Сабақты тексерушінің талдауы

Сабақ мақсаттарын талдау. Оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына, сыныптың дайындығына баға беру. Сабақ идеясының қойылуы мен оқушы санасына жеткізе алуы. Сабақ мақсатына жету деңгейі.

Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау. Сабақ құрылымының мақсатына сәйкестігі. Сабақ түрінің, құрылымының, логикалық жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығының ойластырылғандығы. Уақытты үнемдеп қолдануы. Оқыту түрлерінің тиімділігі. Сабақ жоспарының болуы және мұғалімнің оны орындауды ұйымдастыруы. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен құралдар. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру

Сабақ мазмұнын талдау. Сабақ мазмұнының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкестігі. Баяндаудың толықтылығы, нақтылығы, түсініктілігі, ғылымилығы. Сабақтың тәрбиелік бағыты, адамгершілік ықпалының деңгейі. Сабақтың (тақырыптың, курстың) негізгі идеяларының айналымға түсуі. Сабақтың политехникалық бағыттылығы, өмірмен, кәсіби тәрбиемен, еңбекпен байланысы. Танымдық қызығушылық пен өзіндік ойлауды дамыту жолындағы белсенді оқу әрекетін қалыптастыру мақсатындағы сабақтың дамыту мүмкіндіктерін іске асыру. Оқушылардың жаңа білімді қабылдамауы. Жаңа материалдың негізгі идеясын нақтылау. Жаңа түсініктер қалыптастыру. Тіректі білімдерін жаңғырту.

Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Бекіту жаттығуларының мінездемесі, өзбетінше жұмыс түрлері, қиындық деңгейі, көпнұсқалылығы, сынып оқушыларының дайындық деңгейін ескеру. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі мен көмегі. Жаңа материалды игеру деңгейі (қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі). Жаңа тақырыптың өткен тақырыптармен байланысы. Қайталау (ұйымдастырылуы, түрі, әдіс-тәсілдері, көлемі).

Сабақты өткізу әдісін талдау. Сабақ беру әдістерін, тәсілдерін, көрнекіліктері мен құралдарының дұрыс таңдалуын, негізділігін; олардың оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне сәйкестігін, сабақтың әдістемелік аппаратының әр кезеңіне сайлығын, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін анықтау. Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі эмоциялылығы. Таратпалы дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды қолданудың тиімділігі. Мұғалімдің әдістемелік жағынан қаруланғандығы мен педагогикалық техникасын бағалау.

Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау. Сынып жұмысына жалпы баға беру. Зейіні мен тәртібі. Пәнге деген қызығушылығы. Сыныптың белсенділігі, оқушылардың сабақтың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі. Оқушының өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың оқу әрекетінің тиімді әдістерінің іске асуы. Қолданылған оқу әрекеті түрлерінің тиімділігі мен орындылығы. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жалпыға ортақ талаптарды орындауы. Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмыс. Ұжымдық және жеке жұмыстарды біріктіру. Сыныптың тәртіптілігі және тәртіпті сақтау тәсілдері. Қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің педагогикалық такт пен нормаларды ұстануы, мұғалімнің осы сыныпта ұйымдастырған моральдік-психологиялық ахуалына баға беру. Білім, білік, дағдыларының сапасы. 1. Білімдерінің беріктілігі, тереңдігі, нақтылығы. 2. Сабақ материалынан негізгі ойды анықтай алуы, алған білімдерін түрлі жағдайларда қолдана алуы, оның негізінде өздігінен білімін тереңдете алуы. 3. Тәжірибелік дағдыларды игеру деңгейі. Мұғалімнің оқушы білімін тексеруі. Тексеру түрлері. Қойылған бағаның шынайылығы, саны, түсіндірілуі, қызықтырушылық, тәрбиелік мәні.

Оқушылардың алған үй тапсырмасын талдау. Мақсаты, көлемі. Сыныпта орындалған жұмыс пен үйге берілген тапсырма көлемдерін салыстыру. Үйге берілген тапсырма түрі (шығармашылық, бекіту, дамыту, қайталау), оның орындауға оңайлығы. Мұғалімнің үйге берілген тапсырманы түсіндіруі.

Сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайн бағалау.

Мұғалімнің тексеруші сұрақтарына жауап беру барысында өзіндік талдауына баға беру, түйіндеу.

Сабақтың оқу-тәрбие мақсаттарына жету деңгейін бағалау. Сабақтың нәтижесін жалпы бағалау: мұғалімнің білім беру әрекетінің тиімділігі; білім, білік, дағды сапасы; олардың дамуы мен тәрбиелілігіндегі өзгерістер. Сабақ жетістіктері мінездемесінің дәлелділігі.

Талданып, мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде қолдануға тұрарлық шығармашылық элементтер.

Сабақ кемшіліктері. Олардың дамуындағы өзгерістер мен себептерінің диагностикасы.

Қорытындылар мен бағалардың ғылыми негізіділігі, психология, педагогика ғылымдарының жетістіктеріне, озық педагогикалық тәжірибеге сүйену. Қорытындылар мен ұсыныстардың нақтылығы, дәлелділігі, нанымдылығы.

Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар.

Жасалғаған қорытындылар мен берілген ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар беру.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Мұғаліммен сұхбаттасу стилі. Мұғаліммен тілдесу барысында тілектестік, құрмет пен әдептілік (тактичность), жағымды жақтарына сүйену. Мұғалімнің жеке ерекшеліктерін ескеру: мінезін, қызметінің мазасыздығын, өтілін, педагогикалық іскерлік дәрежесін, жалпы ой өрісін, педагогикалық білімдарлығын.

Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері


1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын)бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;

2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;

3 – жүйелі талдаубұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;

4 – толық талдаубұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;

5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау; 6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;

7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);

8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);

9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру. Сабақ аспектілерінің мысалдары:

  • Мұғалімнің сабақтың үш мақсатын (міндетін) іске асыруы;

  • Сабақта дамытушылық тәсілдерді қолдануы;

  • Оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру әдістерін зерделеу;

  • Танымдық қызығушылықты дамыту жолдары;

  • Оқушылардың жалпы білімділік әдістері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау;

  • Сабақта проблемалық білім беруді ұйымдастыруы, т.б.

10 – комплексті талдаусабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау (көбіне түгел сабақ жүйесін).












ПРОБЛЕМАЛЫҚ-ДАМЫТУШЫЛЫҚ САБАҚТЫ

кешенді ТАЛДАУ ҮЛГІСІ


(үлгіні өзіндік талдау үшін де қолдануғы болады)


  • Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы (сырт қарағанда);

  • Оқушылардың сабаққа ішкі, психологиялық дайындығы;

  • Мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеті (қажет болған жағдайда);

  • Мұғалімнің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді жоспарлап, оқушыларға айтуы;

  • Проблемалық оқытудың қандай тәсілдері қолданылды (ізденушілік, зерттеушілік, проблемалық баяндау);

  • Оқушыларға білім беруде проблемалық әдістерді қолдану;

  • Сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекеттерінің қатынасы (байланысы);

  • Оқушының өзіндік жұмысының көлемі мен түрлері, продуктивті (өнімді), репродуктивті (өнімсіз) өздік жұмытарының қатынасы;

  • Мұғалімнің оқушы білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуы;

  • Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеті;

  • Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызуы, проблемалық сұрақ қоюы, проблемалық сұрақ құруы, оларды шешу жолдарын көрсетуі;

  • Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызу әдістерін білуі;

  • Оқу проблемасын қою ережелерін сақтауы;

  • Оқулықты қолдануы, онымен жүргізілген репродуктивті, жартылай ізденушілік жұмыстар қатынасы;

  • Таңдалып алынға көрнекі құралдардың проблемалық оқыту талаптарына сайлығы;

  • Оқушылардың арнайы, жалпы білімділік біліктіліктерін қалыптастыру;

  • Оқушыларда танымдық біліктіліктердің болуы: проблеманы қоя білу, болжамды құрып, негіздей алу, болжамды дәлелдеу(жоққа шығару) жолдарын табу, шешімнің дұрыстығын тексеру;

  • Оқушылардың логикалық әрекеттерді орындай алуы;

  • Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту (оған дәлел);

  • Жалпы сынып оқушыларына, жеке оқушыларға кездескен қиындықтар мен олардың себебі, шешу жолдары;

  • Оқушылардың үй тапсырмасын орындауында проблемалық-дамытушылық білім беру талаптарының орындалуы: қандай тапсырмалар берілді (сыныпта басталған зерттеуді жалғастыру, жаңа ұқсас емес тапсырма орындау, негізгі білім, біліктерін жаңғырту үшін тапсырма беру, білімдері мен біліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін, өзіндік теориялық ұғынуға берілген тапсырмалар);

  • Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, дайындық деңгейін ескеруі, деңгейлік тапсырмаларды ұсынуы;

  • Сабақ оқушылардың еркін, ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін, сезімін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында сабақ не берді;

  • Сабақтың жалпы нәтижелілігі.


Сабақты бақылау парағы (сабақты талдау және өзіндік талдау сызбасы)

Жалпы мәліметтер:

  • мектеп, сынып, сабақ өткен күн;

  • сабақ тақырыбы мен міндеттері;

Сабақ жабдықтары:

  • мұғалім сабақ берудің қандай тәсілдерін қолданды;

  • көрнекі құралдар мен техникалық жабдықтар дайындалған ба;

  • сынып тақтасы сабаққа қалай дайындалған;

Сабақ мазмұны:

  • сабақ мазмұны бағдарламаға, сабақ міндеттеріне сай ма;

  • оған дидактикалық өңдеу жасалған ба;

  • қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған;

  • оқушылар қандай материалдармен алғаш жұмыс жүргізді, сабақта қандай білім, білік, дағдылар қалыптастырылды және бекітілді;

  • сабақ материалы оқушылардың шығармашылықтарын дамытуға қалай ықпал етті;

  • қандай жалпы білімділік және арнайы дағдылар дамытылды;

  • пәнішілік байланыстар іске асырылды ма;

  • сабақ құрылымы оқушылардың қызығушылығын арттыруға жағдай жасады ма.

Сабақ түрі мен құрылысы:

  • сабақтың қандай түрі таңдалып алынған, оның тиімділігі;

  • сабақтың тарау бойынша сабақтар жүйесіндегі орны;

  • сабақтың өткен сабақтармен байланысы қалай жүзеге асырылды;

  • сабақ кезеңдері, олардың логикалық байланысы мен жүйелілігі;

  • сабақ құрылысының берілген түрге сәйкестігі;

  • сабақтың тұтастығы мен аяқталғандығы қалай іске асырылды.

Білім беру принциптерін жүзеге асыру:

  • білім берудің міндеттерді комплексті шешуге бағытталу принципі;

  • білім берудің ғылымилығы, өмірмен, тәжірибемен байланысы қалай орындалды;

  • білім берудің түсініктілігі принципі қалай жүзеге асырылды;

  • әр көрнекілікті қолдану мақсаты;

  • білім, білік, дағдыны қалыптастырудағы жүйелілік, бірізділік қалай орындалды;

  • оқушылардың саналылығына, белсенділігіне, өз бетіншелігіне қалай қол жеткізілді, оқушылардың білім алуы қалай басқарылды;

  • оқушылардың сабақтағы дамуы қандай деңгейде болды;

  • танымдық әрекеттік қандай түрі үстем болды (репродуктивті, ізденушілік, шығармашылық);

  • білім беруді даралау мен деңгейлеу қалай іске асырылды;

  • оқушылардың білім алуға оң көзқарастары қалай ынталандырылды.


Білім беру әдістері:

  • қолданылған әдістер сабақ міндеттеріне қандай деңгейде сай болды;

  • олар қандай дағды әрекетін қамтамасыз етті;

  • оқушылардың білім алуын қарқындандыруға қандай тәсілдер көмектесті;

  • өздік жұмыс қалай жоспарланып, өткізілді, ол оқушылардың танымдық дербестігін қамтамасыз етті ме;

  • қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі неде

Сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастыру:

  • сабақтың әр кезеңінде білімділік міндет қалай қойылды;

  • жұмыс түрлері: жеке, топтық, сыныптық, қалай үйлестірілді;

  • оқушылардың түрлі іс-әрекетінің кезектесіп ауысуы іске асырылды ма;

  • оқушы әрекетін бақылау қалай ұйымдастырылды;

  • оқушылардың білімдері мен біліктері дұрыс бағаланды ма;

  • мұғалім оқушыларды қалай дамытты (логикалық ойларының дамуы, сын тұрғысынан ойлауы, салыстыру, қорытындылау қабілеттері);

  • оқушыларды ұйымдастыруда мұғалімнің қолданған әдістері;

  • сабақ пен оның кезеңдерін қалай қорытындылады

Мұғалім жұмысының жүйесі:

  • сабақты жалпы ұйымдастыр алуы: уақытты үнемді қолдануы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуінің байланыстылығы, оқушылардың білім алу әрекетін басқаруы, сыныпқа ие болуы, тәртіп сақтауы;

  • оқушыларға білім алудың тиімді жолдарын көрсету;

  • сабаққа қажетті оқу материалын таңдауы;

  • мұғалімнің сабақта өзін-өзі алып жүруі: сөйлеу мәнері, такты, эмоциялылығы, кабинеттегі орны, сырт пішіні, қарым-қатынас түрі (демократиялық, авторитарлық), баға қоюдағы әділдігі;

  • қажетті моральдік-психологиялық ахуал жасаудағы мұғалімнің рөлі.

Оқушы жұмысының жүйесі:

  • сабақтың барлық кезеңдеріндегі белсенділік пен ұйымшылдық;

  • эмоциялық жауаптардың орындылығы;

  • жұмыс әдістері мен тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;

  • мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы;

  • негізгі білім мен мілікті игеру деңгейі;

  • білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдана алу қабілеті.

Сабақтың жалпы нәтижелері:

  • сабақ жоспарының орындалуы;

  • сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейі;

  • оқушылардың іс-әрекетінің, білімді игеруінің деңгейі:

1-шіқабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде игеру;

2-шіұқсас жағдайда қолдану;

3-шіжаңа жағдайда (шығармашылықпен) қолдану;

  • сабақ нәтижесі мен тиімділігінің жалпы бағасы;

  • сабақ сапасын жоғарылату үшін ұсыныстар беру.







Сабақты бақылау, талдау сызбасы

I

Сабақ мазмұнының негізгі бөліктері




Іс-әрекет әдістері

Қолданылған құралдар

мұғалімнің

оқушылардың

II

Мұғалімнің сабақ беру ерекшелігі





Оқушылар не үйренді

Сабақта нені жақсарту (түзету) керек

III

Бақылау түрлері





Не тексеріліп жатыр

Бақылау тәсілдері мен түрлері

Бақылау қорытындысы

IV

Мұғалім әрекеті






Мұғалім әрекеті мен ахуалының себебі

Анықталған кемшіліктер

Кемшіліктерді жою жолдары

V

Сабақ кезеңдерінің уақыты мен құрылымы


Іс-әрекет

Сабақ бойынша ескертулер

Мұғалімнің учителя

Оқушының


Тексеруші ____________________________________________________

Мұғалім _____________________________________________________



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-565425

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"