Инфоурок / Информатика / Конспекты / Урок информатики "Файлмен жұмыс істеу процедуралары"

Урок информатики "Файлмен жұмыс істеу процедуралары"


библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Файл. Файлмен жұмыс істеу процедуралары (2 сағ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Файл, файл процедуралары туралы түсінік қалыптастыру.

Файл процедураларын есеп шығару барысында қолдануды меңгерту.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа

тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін

біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

III. Сабақтың түрі: аралас сабақ

IV. Сабақтың барысы:

А) ұйымдастыру кезеңі

Б) сабақ сұрау

В) Бағалау

Г) Жаңа сабақ

Ғ) Практикалық жұмыс

Д) Бекіту

Е) Үйге тапсырма

Ж) Қорытынды

Жаңа сабақ

1. Файл. Мәтіндік файлдар. Файлдың программада сипатталуы.

2. Файлға деректерді жазу, оған жазуды ұйымдастыру. EOF фукциясы.

Берілгендер файлы- жазулардан тұратын элементтер тізбегі. Файлмен жұмыс алдында файлдық айнымалы мен дискілік файл аты арасында байланыс орнатылады.

ASSIGN( файлдық айнымалы, файл аты); (assign-тағайындау, орнату).

Файлдық айнымалы программаның Var айнымалыны сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Мысал: Var f1:text;

Begin

Assign(f1, ‘C:\ out. txt’);

…….

End.

Ашылған барлық файлдар программа аяқталған соң

CLOSE(файлдық айнымалы) процедурасы арқылы жабылу қажет.

Мысал: Close(f1);

Дискіде бар файлды ашу үшін RESET( файлдық айнымалы ) ;

процедурасы қолданылады. Файлдан мәліметтерді оқу үшін қолданылатын READ енгізу процедурасының жазылу үлгісі төмендегіше болады:

READ( файлдық айнымалы, var1, var2,… );

Файлға жазу үшін REWRITE( файлдық айнымалы ) ;

процедурасы қолданылады. (rewrite- жаңадан жазу). Бұл процедура нәтижесінде дискіде жаңа файл жасалады.

Файлға мәліметтерді жазу үшін қолданылатын WRITE шығару процедурасының жазылу үлгісі төмендегіше болады:

WRITE( файлдық айнымалы ,var1,var2,…..);

Элементтер файлда 0-ден бастап нөмірленеді. Соңғы элементтен кейін файл соңы белгісі автоматты жазылады. Егер көрсеткіш файл соңында тұрса, логикалық типті EOF(f) функциясы ақиқат мән қабылдайды.

EOF (End OF File )- көрсеткіштің файл соңына жетуін тексеретін стандарт функция.

While Not EOF(f) do – көрсеткіш файл соңына жеткенге дейін орындау циклі.



Мысал1. Компоненттері нақты сандар болатын f1 файлы берілген. Файл компоненттерінің жалпы санын және олардың көбейтіндісін табыңдар. Нәтижені f2 файлында шығарыңдар. Кіру файлының аты Esep1.txt, шығу файлының аты out1.txt.


Program pr1;

Var f1,f2:text; x, P, n: integer;

begin

Assign(f1, ’c:\ Esep1.txt’); Reset(f1); {дискіде бар файлды ашу}

Assign(f2, ’c:\ out1.txt’); Rewrite(f2); {жаңа файл жасау}

While not eof(f1) do

Begin

Read(f1,x);n:=n+1; P:=P+x;

end;

Write(f2,’n=’,n,’P=’,P);

close(f1); close(f2);

end.


Мысал 2. Компоненттері нақты сандар болатын f1 файлы берілген. Файл компоненттерін ең үлкенін анықтап, нәтижені f2 файлында шығарыңдар. Кіру файлының аты 11.txt, шығу файлының аты 22.txt.


var f1,f2:text; a,b,c:integer;

begin

assign(f1,'c:\11.txt'); Reset(f1); {дискіде бар файлды ашу}

assign(f2,'c:\22.txt');Rewrite(f2); {жаңа файл жасау}

while not eof(f1) do

begin

read(f1,a,b);

if a>b then c:=a else c:=b

end;

write(f2,'c=',c);

close(f1); close(f2);

end.







Бақылау сұрақтары:

  1. Файл деген не?

  2. Файлдық айнымалы мен дискілік файл аты арасында байланыс қалай орнатылады?

  3. Файлды ашу процедурасы қандай?

  4. Файлға жазу процедурасы қандай?

  5. Файлдан мәліметтерді оқу үшін READ процедурасы қалай жазылады?

  6. Файлға мәліметтерді жазу үшін WRITE шығару процедурасы қалай жазылады?

  7. EOF функциясының мәні, қызметі қандай?

  8. Көрсеткіштің файл соңына жеткенге дейін орындау циклі қалай жазылады?



Үйге тапсырма беру. Теорияны оқып келу.

Оқушыларды бағалау.

Сабақты қорытындылау.


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-081175

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG