Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок на тему "Құлақ-есту мүшесі."

Урок на тему "Құлақ-есту мүшесі."

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Құлақ-есту мүшесі.

 

Мақсаты: 1. Оқушыларға  құлақ-есту мүшесі туралы, оның қызметі  мен құрылысы туралы түсінік беру. Құлақты күту ережесімен таныстыру;

2.Оқушыладың  білімі мен тілін дамыту;

3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

Көрнекілігі:оқулық, интерактивті тақта, Венн диаграммасы

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Көз –көру мүшесі тақырыбын «Бәйге» ойыны арқылы сұрау.

Сұрақтар:

 -Адам заттың пішінін, түсін, мөлшерін қай сезім мүшесімен ажыратады? (көз)

-         Оқығанда кітап , дәптер көзден қандай қашықтықта болуы керек? (30-35 см)

-         Көздің қорғанышына не жатады? (кірпік, қабақ, қас)

-         Көз туралы қандай мақал-мәтел білесің?

-         Кірпік, қабақ , қас-адамды неден қорғайды? (шаңтозаңнан, қоқымнан,сұйық тамшылардан)

-         Егер ұзақ оқу керек болған жағдайда қандай уақыт мөлшерінде көзді демалдыру қажет? (әрбір 20 мин.сайын)

-         Теледидардан қандай қашықтықта отыру керек? (3-6 м алыс о.қ.)

-         Сезім мүшелеріне не жатады? (көз, құлақ, мұрын, тері, тіл)

-         Көзді қандай заттардан сақтау керек?

 

 

1.     Үй тапсырмасын бекіту

Суретке қарап, оған қорытынды жасау:

 

IV. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау.  Сезім мүшелерінің қызметі.

 

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу, тақырыбын жазу.

- Құлақ-есту мүшесі.Құрылысы мен қызметімен таныстыру

-Құлақты күту ережелері мен таныстыру.

- Оқулық бойынша жұмыс: оқыту

 

4. Сергіту сәті

Көзімменен көремін, табиғатты құлпырған.

Құлағыммен естимін, дыбыстарды сан қырдан

Мұрнымменен сеземін , аңқыған гүл иісін

Осының бәрі құрайды,адамның сезім мүшесін.

 

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауапалу.

2.Құлақ туралы мақал-мәтел сұрау.

3.Сарамандық жұмыс: құлағыңды жауып көршіңмен сөйлес. Болған соң қорытынды жаса.

4. Суретке қарап, оған қорытынды жасау 45 бет. Әр заттан шығатын дыбысты ми қалай қабылдайды?

 

VII. Бекіту кезеңі:Венн диаграммасын құру

 

 

Екі суретті салыстыр. Адам айналадағы құбылысты қайсы суреттен құлағы немесе көзі арқылы анықтай алады?

Бір-бірден оқушылар тақтаға шығады.

 

Қорытындылау :

-         Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сезім мүшелерін көзіңізді, құлағыңызды күте біліңіз.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 44-45 бет оқу, мазмұндау.

ҚҰЛАҚТЫҢ СУРЕТІН САЛЫП КЕЛУ

ІХ. Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

"№ 7 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

                                                                                             

Тақырыбы:Құлақ – есту мүшесі

 

 

 

 

                             3 «В» сынып

                                                   Өткізген:Абат А.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем  әдебиет

Тақырыбы: Балабақша мен отбасындағы ынтымақтастық.

Мақсаты:

Білімділік: Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде адамгершілік эстетикалық және қазақи ұлттық тәрбиенің алғашқы үлгілерін қалыптастыру

Дамытушылық:  Балалардың ойлау қабілетін, есту зейінін жетілдіре отырып, сөйлеу тілдерінің диалогтық формасын дамыту;

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтына баулу.

Әдісі:  сұрақ-жауап, пікірлесу, әңгімелеу, сергіту сәті.

Көрнекілігі:отбасы мүшелерінің және  балабақшаның суреттері, дастархан мәзірін бейнелеу.

Жүрісі: Қайырлы таң балалар

Тәрбиеші:Балалар , бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан ерекше болмақ. Бүгін бізге көптеген қонақтар келді. Келген қонақтармен амандасайық.

Балалар:  Сәләматсыздарма апайлар.

Тәрбиеші: Кел, балалар, ортаға үлкен шеңбер құрайық. Қол ұстасып бәріміз , әр қашан дос болайық.

Арайлы таң атып,

Алтын сәуле  таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды бақшамыз.

Тәрбиеші: Бәріміз қолдарымызды ұстап жылы тілектер айтайық.

Балалар: 

-         Аспанымыз ашық болсын

-         Күніміз жарық болсын

-         Еліміз тыныш болсын

-         Достарымыз көп болсын

-         Ата-анамыз аман болсын

-         Балабақшамыз мәңгі жасасын.

Тәрбиеші: Жақсы балалар отыра қойыңдар.

Балалар, бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі – Көркем әдебиет

Тақырыбы: Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық.

Тәрбиеші:  Яғни балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты және күнделікті тіршілігімен жете танысатын боламыз.

Мына тақтадағы суреттерге қарайықшы. Олар неге теріс қарап тұр?

Бұл суреттердің артында сұрақтар жасырулы. Демек біз сұрақтарға жауап берген жағдайда ғана суреттерде не жасырулы екенін біле аламыз.

-Топты бой-бойымен қатарға тұрғызу;

-Жұмбақ жасыру;

-Сұрақтар қою;

-Сурет бойынша суреттерді теріс қойып сұрақ-жауап

-Балаларды тақтаға бір-бірден  шығарып суреттерді бойларына сәйкес таңдап алу;

Тәрбиеші:

-         Арсен , сен күнімен қайда боласың?

Арсен:   Балабақшада

-         Біздің балабақшада кім бізге дәмді тамақтар әзірлейді?

Құндыз: Аспазшы

-         Отбасында ең үлкен қарт кісі кім?

Ерасыл: Ата

-         Балалар, үйде сізге кім ертегі айтып береді?

Құралай: Әже

-         Үйде кім ақша табады?

Жалғас:  Әке

-         Бізді алақанымен аялайтын жан кім?

Ернар:   Ана

Тәрбиеші: Балаларға отбасы мүшелері жайында түсінік беру.

Арсеннің әжесі тәрбиешіге телефон шалып:

-Сәләматсызба, мен Арсеннің әжесімін. Бүгін балам Арсеннің туған күні, сіздерді үйімізге қонаққа  шақырамыз.

Тәрбиеші:

-Сәләматсызба, иә балаңыздың туған күні құтты болсын. Жарайды , біз онда балалармен бірге барамыз.

Тәрбиеші:

Балалар , бүгін Арсеннің туған күні екен. Әжесі бізді үйіне қонаққа шақырып жатыр. Арсеннің үйі балабақшамыздан қашықтықта орналасқан соң  барлығымыз жиналып, көлікке мініп барайық.

Арсеннің үйіне кіріп, амандасамыз. Дастарханға отырып, Арсенді туған күнімен құттықтап тілектер айтамыз. Отбасы мүшелерімен танысып, әжесінің әңгімесін тыңдаймыз.

Әжесі:

-Балалар, мен сендерді өз отбасымның мүшелерімен таныстырып өтейін.

Мына отырған ақсақалды кісі Арсеннің атасы, мен әжесімін.

Мына оң жағымда отырған Арсеннің  әкесі. Қасында отырған анасы. Содан соңғы ағасы мен қарындасы.

Балалар, мен сендерге Арсеннің қалай дүниеге келгенін айтып берейін.

Әженің әңгімесі.

Балалар дастарханнан дәм алып отырыңдар. Айран ішіп, бауырсақ жеңдер.

Тәрбиеші: Рахмет әже, біздің балалар да өз отбасы жайлы  тақпақтар айтыпбергісі келіп отыр.

Балалар тақпақтар айтады.

Рамазан, Аягөз, Ернар, Ерасыл, Ләззат, Мағжан.

Тәрбиеші: Алдымызда аналарымыздың мерекесі келе жатыр. Балалармен бірге «Апа» әнін орындап берейік.

Ән «Апа»

Тәрбиеші: Қане ендңі балалар балабақшамызға оралайық. Көлікке мініп, балабақшаға барайық.

Сұрақтар қою:

-         Балалар, біз қайда бардық?

-         Кімді көрдік?

-         Әже бізге не айтты?

-         Не істедік?

-         Не жедік?

-         Не іштік?

Иә, балалар, біз бүгін Арсеннің отбасы мүшелерімен таныстық.

Қане енді балалар балабақшамызбен жақынырақ танысып кетейік.

Суреттерге қарайықшы . Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-         Балабақшаны

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар бұл суретте балабақшамыз бейнеленген.

Балабақшамыз Мұнайшы кентінде орналасқан. Балабақшамыздың аты «Балауса». Балабақшамыз екі қабаттан құрылған. Көптеген топтар мен бөлмелер бар. Балабақшамызда алты топ бар, аттарын атап өтейін: Балапан, Балдырған, Ақбота, Балбөбек, Қарлығаш, Айгөлек.

Бұл топтарда әр түрлі жас аралығындағы балалар тәрбиеленеді.

Балабақшамызда Асханамыз бар. Онда аспазшылар қызмет істейді және осы балабақшамызға үлкен үлесін қосып көмегін беретін меңгеруші апай бар. Оның аты-жөні Нұрбергенова Амал Қазаханқызы. Тағы басқа да қызметкерлер бар. Ән-саз бөлмесі бар. Онда ән айтуды үйрететін Қарабек ағай бар. Дене тәрбиесі бөлмесі бар. Онда Ақсұлу апай жұмыс жасайды. Ол сендердің деніңіз сау болу үшін салауатты өмір салтын сақтау үшін өз үлесін қосады. Біздің денсаулығымызға өте көңіл бөлетін жан дәрігеріміз бар. Ол біздің күнделікті денсаулығымызды тексеріп, ауырып қалсақ дәрумен беріп, өз көмегін көрсетеді.

Ойын «Жылдам тап орнын тап»

Тәрбиеші: Қане, балалар, екі топқа бөлініп балабақшамызды құрастырайық.

Жарайсыңдар, балалар сендер өте жылдамдықпен орындадыңдар.

Орындарыңызға отыра қойыңдар.

Қорытынды:

-         Балалар, бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-         Қайда бардық?

-         Кімдерді көрдік?

-         Кімдермен таныстық?

-         Балабақшамыз қайда орналасқан?

Балалар: Мұнайшы кентінде

-         Неше топ бар?

Балалар: алты

-         Аттарын атап айтып беріңдер?

Балалар: Балапан, Балдырған, Ақбота, Балбөбек, Қарлығаш, Айгөлек.

-         Біздің тобымыздың аты қандай?

Балалар: Ақбота

Жарайсыңдар, бүгінгі оқу  іс-әрекетіне  барлығыңда  өте жақсы қатыстыңдар. Олай болса қонақтармен қоштасатын сәт келді.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат  болайық.

 

 

          "Балауса балабақшасы" мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

                                                                                             

Тақырыбы:Балабақша мен отбасындағы

 ынтымақтастық.

   

 

 

                        «Ақбота» тобы

                                           Өткізген:Рамазанова  М.С.

 

 

 

    

 

 

 

 

2012-2013  жыл

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Құлақ-есту мүшесі.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 368 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2015 965
    • DOCX 2.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абат Ақтоты Сәркенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абат Ақтоты Сәркенқызы
    Абат Ақтоты Сәркенқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1874
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 448 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе