Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок Наурыз -жыл басы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок Наурыз -жыл басы

библиотека
материалов

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

***************************************************************************
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
**************************************************************************
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

************************************************************************

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі


16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 24 жыл толды.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма төрт жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.

Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты. Қазақстанда шұғыл бетбұрыс 1995 жылдан басталды. 2000 жылдың басында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылы Америка тарапынан Қазақстан нарықтық экономикасын қалыптастырып ел ретінде танылды. Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындығы беделін биіктете түсті. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген.



Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тәуелсіздік туын көтерген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін құқықтық мемлекетке жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Әділет министрлігі және оның органдары түбегейлі өзгерді, мемлекеттік органдар жүйесінде өз орнын тапты, өзінің көп салалы қызметінің арқасында егеменді мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыруда. Әділет органдары өзінің басты міндетін юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы ұғымына сай «әділеттілік» қызметін жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойылған міндеттерді атқаруда.

Қазіргі кезде халықты құқықтық институттар мен құқықтық көмекпен қамту, жас ұрпақ заңгерлерімен толықтыру әділет органдарын дамытудың негізгі мақсаты болып табылады. Құқықтық жүйені жетілдіру, халыққа нотариалды, заңи басқа да қызмет көрсету, қазіргі заманғы талаптар деңгейіне сай бағытталған.

Әділет органдарының алға қойған міндеттері сот әділеттігін, заңдылықты қамтамасыз ету, заң шығару, құқықтық ағарту тиімділігін бұдан әрі көтеру, адам құқығын қорғау.

Әділет органдары құқықтық мемлекет құруға бағытталған барлық күш-жігерлерін салып қызметін атқаруда.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу саласында заңи сараптама жасау жолымен мемлекеттің құқықтық дамуына айтарлықтар үлесін қосуда.

Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.
















«ә







 





















Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз

 

Өлеңнің сөз маржанын терейінші,

Алқадан сөз бастап бір берейінші.

Қазақтың мың толғаған күйі болып,

Қобыз боп құлақтарға енейінші.



Бабалар армандаған – тәуелсіздік,

Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік.

Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік. 

Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік.

 

Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы,

Сарқылмайтын қазағымның бұлағы.

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз,

Көк аспанда қалықтаған қыраны.

 Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн,

Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн.

Арайлап атқан күн мен батқан түннің,

Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр.

 Тәуелсіздіктің алғашқы белесінде,

Тіл туралы заң енді өз күшіне.

Еуропаға төрағалық еткеннен соң,

Беделіміз арта түсті күннен-күнге.

 

Сарыарқаның сайын даласында,

Бой түзеді Астана қаласы да.

Еліміздің, халқымыздың мақтанышы,

Бола бермек құт-береке қаламызда.

 

Талай-талай жетістікке жеттік біз,

Астанада Саммит, Азиада ойындарын өткізіп,

Қазағымның асқақтап мәртебесі,

Төрткүл дүние танып бізді жырға қосып.

 

Бейбітшілік аспанында,

Елтаңбамызды жарқыратар,

Көк Туымызды асқақтатар,

Әнұранымызды қалықтатар,

Мәңгі жастар жасасын!













Тақырыбы: Наурыз – жыл бас
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнектілігі: слайд
Әдісі: Сұрақ жауап,әнгімелеу,талқылау әдісі.
Түрі: Топаралық сайыс 
Барысы: І Ұйымдастыру 
Кіріспе 
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем айымен қатар даламызға жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.

Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқының жаңа жылы. Бұл кез-күн мен түн теңелетін уақыт.Наурыз мерекесі күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан.


Сіздерге сынып оқушыларының әзірлеген мерекелік тақпақтарын тарту етеміз

Аяулым:

Уа, жарандар,жарандар!

Бәрің бері қараңдар

Наурыз – думан басталды,

Бері жақын тұрыңдар.

Ислам:
Наурыз тойы тамаша,

Наурыз тойы жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Сафина:
Наурыз парсы тілінде «Жаңа к
үн » дегенді білдіреді.Бұл күн даланы Қыдыр баба аралайды екен. Сондықтан сол түнді.Қыдыр түні деп атаған.Бұл күні бардық ыдыс атаулыны толтырып қояды.Өйткені ырыс мол болсын деген тілек болған екен.

Алима:
Малдар төлдеп,қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған. 
Жаңа жылдық сипаты, 
Басталыпты Наурыздан.

Ақжол:
Ақ қар кетіп,қой қоздап,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген 
Күн мейрамы ежелден.

Темірлан:

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Бексұлтан:

Ашық болсын қос қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Құндыз:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.Наурыз келді!-салтымыз:

«Көгерсін!» деп халқымыз

Көшеге тал егеді

.

«Оң болсын,-деп, ұлысың!"

Төс түйісіп көрісер.

Көжедегі ырысын

Көпшілікпен бөлісер.



Төс түйісу дегені-

Тату болсын ел іші.

Бөліп ішу көжені-

Тоқшылықтың белгісі.

Наурыз жыл басы

Түйе сеніп бойына,

Қалған ұмыт жылдардан.

Жатпа қарап, мойыма,

Тұрма именіп ділмардан.

Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып 
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі 
Кім жүйрік ойға – сол алда,дегендей жарыс түрінде өткізілетін сынып сағатымызда озық ойлы топты анақтаймыз 

бүгінгі сабақта « Күншуақ» ,« Айжұлдыз» топтары қатысады.Әр топтың өзінің топ басшысы болады.


Әр топ өз тобын таныстырады.
« Ханталапай » Сұрақ-жауап 

(Қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтар)

1.Ою ою ( қыздар )

2.Өнер көрсету 
3..Қол күрестіру 

Аяулым:
Қазағымның салт-дәстүрін құрметтеп,
Оқушылар жауап берсін сұраққа 
Бабалардың салған жолын дәріптеп,
Әр қашанда жүрейікші құрметтеп.
Қандай бата білесің?

Елдар:Атаның ақ батасы

1.Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз)
2.Төрт түліктің түрлері қалай аталады?

(Шопаната,Қамбар ата , Ойсылқара,Зеңгібаба)


3.Жылқының жасына қалай аталуы.

(Құлын, жабағы,тай,бесті, дөнен құлын )

4.Қандай тыйым сөзді білесің? 

(Ақты төкпе,Малды теппе, Нанды теріс қаратып қойма )

5Қандай ұлттың ойындарын білесің? 

(Көкпар,теңге ілу,алтыбақан,асық,тоғыз құмалақ)

6. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
7.Жігіттің неше жұрты бар? Аттарын ата (Үш жұрты бар: Өз жұрты,нағашы жұрты,қайың жұрты )
8. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9)
9. Екі ақынның өнер сайысы? (айтыс)
1
0. Қырық өтірікті айтқан бала? (Тазша бала )

О, заманда ашқан қазақ өмір сырын,
Шақырған сайыстарға брін-бірі
Тыңдайық тамашалап көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
« Өнерлі өрге жүзеді» демекші,
Өнер сайысына кезек береміз.
Қорытындылау
Ұстаздарымыз
Күлімдеген көзі қандай 
Мәпелеген, білім берген,
Сүп- сүйкімді шәкірттері қандай 
Тілек айтып балаларға
Нүкте қойсын сайыстарға.
Топтарды Құттықтау,марапаттау






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров113
Номер материала ДВ-493995
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх