Инфоурок Другое КонспектыУрок по казахской литературе на тему:" Қылау"(6 класс)

Урок по казахской литературе на тему:" Қылау"(6 класс)

Скачать материал

                         Ш.Батталова  атындағы   ЖОББМ

 

 

 

 

 

 

 

 

          Ашық  сабақ :  

                 С.Мұратбеков . «Қылау» әңгімесі

 

                               6 «ә» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

                                      Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі :

                                                Кусайнова Мугилсим Сатбековна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           2015-2016   оқу   жылы

 

Сабақтың тақырыбы:Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:

    Оқушыларды  Сайын Мұратбековтың өмірімен , «Қылау» әңгімесінің мазмұнымен таныстырып,кейіпкерлеріне талдау жасау.

   Міндеттері:Оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу,пікірлерін тыңдай отырып, талдау жасауға жағдаят жасау.

  Мәтін мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа,мейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:талдау ,

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,слайд, қанатты сөздер.

Оқыту нәтижесі:1.С.Мұратбековтің өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет алады

2.Әңгіменің мазмұнын меңгереді

3.Кейіпкерлер бейнесін танып, талдау жасайды

4.Әңгіменің негізгі идеясын біледі

5.Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндай алады

                           Негізгі идея: « Жақсы киім бойды жылытады,

                          Жақсы жолдас ойды жылытады» (Әлішер Науаи)

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

 А) Оқушылардың бәрі тақтаға шығып , шаттық шеңберіне тұрады. Әр оқушы өз есімінің басқы әрпінен басталатын сөзбен есімін айтып, келесі оқушыға тілек білдіреді. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

  Б) Үстел үстіндегі  қағаздарды  алады.

      Өлең шумақтары бойынша топқа бөлінеді.

I. топ. «Білім»  тобы.      Өлең:  «Адамдық борышың»   Ш.Құдайбердіұлы

II.топ. «Өнер» тобы .            « Әсемпаз болма әрнеге»   А.Құнанбаев

III.топ. «Жігер» тобы    «Шығамын тірі болсам , адам болып»  С.Торайғыров

    Топқа бөлінгеннен кейін оқушылар «Алтын ережені» еске түсіру Сабақ барысында формативті бағалау жүзеге асады( қол шапалақтау)

    Үш қасиетті бір ғана сөзбен қалай атауға болады ?(Адамгершілік)

IV.Мақсат қою кезеңі.

Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармаларын айтып, «Қылау» әңгімесінің мазмұнын баяндау, кейіпкерлеріне талдау жасау т.б.

V.Үй тапсырмасын тексеру.

Слайдпен ақынның бейнесі көрсетіледі.Оқушылардан кім екенін сұраймын. 3 топ бір-біріне сұрақтар қояды.

1.Сайын Мұратбеков қай жылы  дүниеге келген?

2. Жазушының туған жері?

3. Жазушының басқа  қандай әңгіме, повестері бар?

4. "Қылау" әңгімесінің негізгі тақырыбы?

5. Жазушы шығармаларында қай жылдардағы оқиғалар суреттеледі?

6. Қылау дегеніміз не?

7. Ол кім?

I. топ. Ол ақын.

II.топ.Жазушы.

III.топ.Қоғам қайраткері.Ұлы тұлға.

V.Жаңа сабақ.

Сонымен бүгінгі сабағымыз Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесі.

Ал енді, балалар « Қылау» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Осы кезде слайд көрсетіледі.Аудио кітап.

Содан кейін әңгімені 3 топқа  бөліп беремін. 

     I топқа 221-223 беттегі “Оранып ап аунай кетіп ұйықтаса ,шіркін” дегеннен  

      аяқтау(жоспар құру,  постер қорғау)

      Мәтінді әңгімелеу жоспарын құру:

1.     Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, шанаға жұмсауы.

2.     Сатайдың жолға шығуы, зират жанынан өтіп бара жатқандағы қорқынышы.

3.     Жол бойынан Рәбиға атты кезіктіруі.

4.     Рәбиға екеуінің әңгімелесуі.

5.     Рәбиғаның жол жиегінен түсіп қалуы.

6.     Сатайдың  Рәбиға үшін алаңдауы, іздеуі.

7.     Рәбиғаның Сатайға оқулық сыйға тартуы.


II топқа 223-224 беттер
,   мәтінге қатысты 5 сұрақ әзірлеңіз.

III топқа 225-226 беттер , қысқаша мазмұнын жазыңыз.

                       Сөздікпен жұмыс:

Қылау – қыста сілбіреп жауатын ұлпа, майда қар.

Шәугім – су қайнататын темір ыдыс.

Ішік – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады.

Зират – дүниеден өткен адамдардың жатқан жері.

VI.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі.

                   Слайд бойынша тапсырмаларды орындау

I.топ. «Зерттеушілер». Әңгіме  құрылысына   талдау жасайды .

 Әңгімеге композициялық талдау жасау:

Әңгіменің басталуы: Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, көрші ауылға шанаға жұмсауы.

Әңгіменің дамуы: Сатайдың Рәбиғаны кезіктіріп, өз шанасы отырғызып алуынан дамиды.

Әңгіменің шиеленісуі: Рәбиғаның ауыл  бұрылысынан түсіп қалуы.

Әңгіменің шарықтау шегі: Сатай Рәбиғаны уайымдап, ауылына дейін жеткізіп салу үшін артына қайтып, Рәбиғаны іздеуі.

Әңгіменің аяқталуы: Рәбиға Сатайға ризашылық ретінде оқулық беруі.

 

ІІ топ «Ізденушілер» .    Талқылау» кестесін толтырады.

ІІІ топ «Мінездеме берушілер» . Кейіпкерлерге    мінездеме береді .

Келесі тапсырмамыз әр топқа жеке беріледі.

I.топ.Әңгіме қай мезгілде орын алған бейнелейміз(сурет салу).

II.топ.Әңгімеге байланысты  мақал-мәтелдер табамыз.

1.Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі .............. . (ниетінде)

2.Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің .............. . (көрерсің)

3.Жақсылық етсең, .................... . (жарты ерпе)

4.Әдептілік белгісі - ................... . (иіліп сәлем бергені)

5.Таршылықты көрмесең, ......................... . (кеңшілікті білмейсің)

ІІІ.топ.Әңгімеге байланысты төрт жол өлең шығарыңдар.

VII.Бекіту кезеңі.  Сұрақтарға жауап беру.(слайдтағы)

1. Сатай бойындағы қай сәт сендердің өз бастарыңнан өтті? 
2. Әкесінің ақылы Сатайды  неге ызаландырды?
Бұл сұраққа балалар: - Үлкендер бір айтқандарын қайта - қайта айта бермесе ғой, біз де осылай ызаланамыз,- деп жауап берді.
3. Сатайдың мектеп туралы ойлары қандай? Осыған өз көзқарастарың қандай? 4.Сатай Рабиғаға деген балаң сезімін қалай білдірді?
Кері байланыс .
Рефлексия( слайдтағы сұрақтар бойынша жұмыс)

VIII.Үйге тапсырма беру .эссе жазу: «Мен достықты қалай түсінем?»

9.Бағалау.Сынып оқушыларының бағалауы: (формативті  бағалау)

Сіздерге сыныптастарыңыздың жұмысты орындауы қаншалықты ұнады?

                                                         (1 сын есім айту)

Қандай сөз есіңізде қалды?        (1 зат есім айту)

Қандай баға қояр едіңіз?            (1 сан есім айту)

 

 

 

 

 

 

              Әңгіме  құрылысына   талдау жасайды .

 Әңгімеге композициялық талдау жасау:

Әңгіменің басталуы: Әкесі Сатайды ұйқыдан оятып, көрші ауылға шанаға жұмсауы.

Әңгіменің дамуы: Сатайдың Рәбиғаны кезіктіріп, өз шанасы отырғызып алуынан дамиды.

Әңгіменің шиеленісуі: Рәбиғаның ауыл  бұрылысынан түсіп қалуы.

Әңгіменің шарықтау шегі: Сатай Рәбиғаны уайымдап, ауылына дейін жеткізіп салу үшін артына қайтып, Рәбиғаны іздеуі.

Әңгіменің аяқталуы: Рәбиға Сатайға ризашылық ретінде оқулық беруі.

 

 

 

Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасау.

                                 1. Әңгіменің авторы- Сайын Мұратбеков.

 

                                 2. Тақырыбы- Қылау

                                 3. Кейіпкерлер- Сатай, Рәбиға, әкесі.

                                 4. Теңеу- найзадай шаншылып

                                 5.  Тұрақты тіркес- зәресі ұшу, тіл- жағы байлану.

                                 6. Идеясы- балалар арасындағы достық

                                 7. Тәрбиелік мәні- бір-бірімен адал дос болуға, адамгерешілікке   үндейді.

Кейіпкерлерге мінездеме беру.

       ақылды                                                         досқа берік

 

 

 

 


әңгімешіл                          қамқор                          мейірімді

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по казахской литературе на тему:" Қылау"(6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.01.2017 472
    • DOCX 22.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусайнова Мугилсим Сатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусайнова Мугилсим Сатбековна
    Кусайнова Мугилсим Сатбековна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25153
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой