Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Урок по тему "Атадан өсиет" Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша өткізілген ашық сабақ

Урок по тему "Атадан өсиет" Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні бойынша өткізілген ашық сабақ

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Орыс сыныбына қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімі:

Сағынтайқызы Р.

Сыныбы:

9 «Б»


Күні:




Тақырыбы:

Атадан –өсиет. Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау.


Мақсаты:

Атаның айтқан өсиетін тыңдау,оны орындау, үлкеннің сөзін ұғынып,қай ортада жүрсең де әдепті, саналы, тәрбиелі, инабатты, ибалы болу керектігін ұғыну,білімді болсаң,рухани бай болатынын ұғындыру,өтілген тақырыпты қайталап еске түсіру.

Күтілетін нәтиже:

Атаның ақылын,айтқан өсиетін ұғынады,орындау керектігін түсінеді,үлкендердің сөздерін тыңдайды, әдепті, ибалы, саналы, ибалы, тәрбиелі болу керектігін түсінеді, өтілген тақырыпты меңгеріп, білімдерін пысықтайды, сыни ойлау арқылы жаңа білімді ұштай біледі, оны қолданып мәтінмен топ арқылы жұмыс істеуге үйренеді.

7 модульдің қолданылуы:

«АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»


Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Мағынаны тану», «Ой қозғау», «Өрмекші торы», «Ойлан,бірік,топтас»

Қолданылатын ресурстар:

Проектор, бейнебаян, нақыл сөздер, оқулық, қосымша материалдар

Сабақ барысы:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі:







Топтарға бірігу.


Нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру,топтарға бірігу.

1.Қариясы бар үйдің,қазынасы бар.

2.Ауылында қария болса,жазып қойған хатпен тең.

3. Ағадан –ақыл,

Атадан –нақыл .

Оқушылар нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп, бірдей шыққан нақыл сөздер бір топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын сұрау:


«Өрмекші торы» әдісі арқылы

өтілген тақырыптар ды еске түсіру.























1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2.Салалас пен сабақтастың құрмалас сөйлемнің ерекшелігі мен айырмашылығы қандай?

3.Салалас сөйлем мағынасына неше топқа бөлінеді?

4.Ыңғайлас құрмалас сөйлем, жасалу жолы, жалғаулықтары қандай?

5.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем,жасалу жолы, жалғаулықтарын ата?

6.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем,жасалу жолы, жалғаулықтарын ата?

7.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем,жасалу жолы, жалғаулықтарын ата?

8.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем,жасалу жолы, жалғаулықтарын ата?

9.Кезектес салалас құрмалас сөйлем,жасалу жолы, жалғаулықтарын ата?


Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды, «өрмекші торы» әдісі арқылы ортада шеңбер болып тұрған оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды,егер білмей қалса, басқа оқушы жауап бере алады,ең көп сұраққа бергендерді ынталандыру арқылы фишкалар немесе жұлдызша,смайликтер беріледі.








Білу

Ойтолғауды тексеру.


«Атамның сөзі –отбасымның негізгі тәрбиесі»тақырыбында жазған шағын ойтолғауды тексеру.


Оқушылар үлкендердің, ата-ананың, қария кісінің айтқан ақыл-нақыл сөздерін айта отырып,ой қорытады.

Түсіну


«Мағынаны тану»



«Жомарт»деген сөзге сипаттама беру



«Ой қозғау»




































1.«Еңбекпен тапқан нан тәтті»

2. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе»

3. «Ұлық болсаң, кішік бол»

Атымтайдың төрт ақылы

Атымтай жомарт өзі есепсіз бай болса да күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп,отын кесіп,шөп тасып, жұмыс қылады екен.Бір күні өзінің баласы сұрапты дейді: «Әке, дәулетіңіз бар, ашқа тамақ, жаланашқа киім, үйсізге үй бердіңіз. Сөйте тұрып,өз басыңызды кемшілікке салып, жарлы адамша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не?» Атымтай жомарт баласына қарап отырып,былай деп жауап беріпті: «Төрт түрлі себеп бар.Әуелгісі-әдемі ат,асыл киім,асқан салтанатты ғадет етсең, көңілге жел кіргізеді. Сол жел менде болып,өзімнен төмен бейшарадан жиреніп, көз салмай, кемшілікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі –бар бола тұра жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін.Үшіншісі –күн сайын өз бетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды. Еңбекпен табылғанның дәмінің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі –Құдай тағаланың берген дәулетін өзімсініп, керекті орындарына жаратпай, көпсініп, өзім ғана ішіп-жесем, Алла тағалаға күнәлі болармын деп қорқамын».

Ы.Алтынсарин.


1.Әңгімедегі әкесі баласына нені үлгі етті?

2.Ал сіздердің ата-аналарыңыз нені үлгі етеді?

3.Мақал-мәтелдер бойынша мәтіннің мазмұнын баяндау.

Оқушылар мәтінді оқиды, мағынасын түсіндіреді, жомарт деген сөзге сипаттама береді, мақал-мәтелді тілге тірек ете отырып,мәтіннің мазмұнын айтады.







































Сұрақтарға ойлана жауап береді.

Оқушылар мақал-мәтелдерді тілге тірек ете отырып, мәтіннің мағынасын ашады.

Қолдану


Бейнебаян көру

«Аталы сөз» бейнебаян көрсету

Оқушылар бейнебаянда көргенін,не туралы екенін сыни ойлай отырып, баяндайды.

Ойсергек

«Сөздің құдіреті»

Бейнебаянды тамашалау, ойлану.

Оқушылар бейнебаяндағы көргенін айтады, сөздің құдіретті, әсерлі, қасиетті күш екенін түсіндіреді, айналамыздағыларға мейіріммен қарап, жанашырлық жасап, көмектесе, жәрдемдесе білу керектігін ұғынады.

Талдау


«Ойлан,бірік,топтас» әдісі

Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіндіру



Өсиет –белгілі бір адамға жасы жеткенде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туыстарына айтып кететін ақыл,кеңесі,өтініші немесе соңғы тапсырмасы.


Сөздікпен жұмыс

Өсиет

Балаларыма өсиет:

Қылмаңыздар кепиет,

Бірлігіңнен айырылма,

Бірлікте бар қасиет.

Татулық болар береке,

Қылмасын жұрт келеке.

Араз болсаң алты ауыз,

Еліңнен кетер берекет.

Бар арманым айтайын –

Батырлаша жорықта

Өлмедім оқтан қайтейін!...


Ақтамберді жырау





Келеке –насмешка

Береке –достаток

Алты ауыз –недружный

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды, мағынасын түсінеді, өздері білетін мағынасын түсінеді,ашады, ой бөліседі.















Оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды,дәптерге жазып,аудармасын түсінеді

Жинақтау

«Ойлан тап»әдісі


Жұптық жұмыс.


Әр жұпқа салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің жалғауларын пайдалана отырып,тақырыпқа байланысты 2 сөйлем құрастыру

Оқушылар бір-бірімен жұптаса отырып,салалас құрмалас сөйлемнің түрлерінің жалғауларын байланыстырып,тақырыпқа қатысты салалас құрмалас сөйлем құрастырады.

Бағалау


Бағалау критерийі арқылы бағалау

Тақырыпқа байланысты бағалау критерийін жасап,сол бойынша оқушы білімін бағалау

Топтағы оқушыларға бағалау критерийі арқылы қалыптастырушы баға қойылады.

Рефлексия

Алған білімді қорытындылау

Рефлексиялық шеңбер


Бұл тәсіл «Үлкен шеңбер» тәсіліне ұқсас.Оқушылар шеңберленіп орындықтарға отырады (немесе аяғынан тік тұрса да болады). Мұғалім оларға рефлексияны шақыратын мынандай сұрақтар қояды:

1.Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

2.Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

3.Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

4.Сабақта қандай қиындықтар туындады?

5.Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?





Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін айтады.

Үйге тапсырма:

Тапсырманы түсіндіру, тақтаға жазу.

Құрмалас сөйлемнің түрлері,сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы мен түрлерін қайталау, С.Дәуітовтың «Өркенің өссін!»мәтінін оқып,мазмұндау.

Тапсырманы күнделікке жазады,берілгені бойынша орындайды.



Аталы сөз

Әрбір іс бастан түзу бола келмесе,түбінде түзелуі де қиын болады. Ағашты жас күнінде қисығын түзей келсең,түзу болып өседі.Һәм бір түзу болып өскен соң жаңадан қисаймайды.Ағаш ұлғайып,қатып кеткен соң түзеуге де көнбейді,сынып кетеді.

Сол жақсы,көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан соңғы уақыттарда қандай қиыншылық көрсеңіз де жаздырмас.Ұлғайғанша жамандықты қалып еткен кісінің бұл қалыбын өзгерту де қиын болса керек, бәлки, мүмкін болмастығы да ғажап емес.





Бағалау парақшасы

Оқушының аты-жөні


Үй тапсыр

масы


5” –7-10 “4” –4-6 “3” –1-3

Эссе


5” – Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу.
“4” – Жүйелі,сауатты жазу.
“3” – Сұрақ бойынша ойын, түсінігін жеткізе білу.

Жаңа сабақ


5” – Мәтін мазмұнын мақал-мәтелдерді қолдана отырып,баяндау.
“4” – Мәтін мағынасын түсіндіру,тірек сөздерге түсініктеме беру.
“3” – Мәтінді жүргізіп оқи алу.

Өлеңді мәнерлеп оқу


1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2.Мағынасын өз сөзімен түсіндіру.

Жұптық жұмыс


5” – Салалас құрмаластың екі түріне екі сөйлем құрастыру;
“4” – 2 сөйлем құрастыру, біреуі дұрыс байланыспаса;
“3” – 1 сөйлем құрастырса;

Қорытынды баға


20-25 –«5»

15-20 –«4»

10-15 –«3»

1.









2.









3.









4.















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

"Атадан өсиет" тақырыбындағы ашық сабақ жоспарында атаның айтқан өсиетін тыңдау,оны орындау, үлкеннің сөзін ұғынып,қай ортада жүрсең де әдепті, саналы, тәрбиелі, инабатты, ибалы болу керектігін ұғыну,білімді болсаң,рухани бай болатынын ұғындыру болатын.Осы мақсатта бірнеше тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары орындалды.

Автор
Дата добавления 03.10.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров365
Номер материала ДБ-233257
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Комментарии:

3 месяца назад

"Атадан өсиет" тақырыбында өткізілген ашық сабақтың жоспарында атаның айтқан өсиетін тыңдау,оны орындау, үлкеннің сөзін ұғынып,қай ортада жүрсең де әдепті, саналы, тәрбиелі, инабатты, ибалы болу керектігін ұғыну,білімді болсаң,рухани бай болатынын ұғындыру болатын.Осы мақсатта тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары орындалды.


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх