Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урокпо казакскому языку на тему "Сан есим" 2 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урокпо казакскому языку на тему "Сан есим" 2 класс

библиотека
материалов

hello_html_m1e6aae7a.gifhello_html_6bf8dbfa.gifhello_html_m710826b6.gifhello_html_625f4b4f.gifhello_html_2d820c0.gifhello_html_4222f0c4.gifhello_html_3c6d93c1.gifhello_html_3c6d93c1.gifСабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алдыңғы сабақта алған сан есім туралы білімін нығайту, пысықтау.

Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын молайту. Дидактикалық ойындар арқылысабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды таза, шапшаң және әдемі жазуға тәрбиелеу. Достыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, топтастыру,талдау.

Сабақтың типі: Ойын сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: күн, бұлт, ребус, үй, кеспе сөздер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психалогиялық дайындық.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар? Отырыңдар.

  • Терезеге қараңдаршы. Бүгін неткен тамаша, жарқын күн! Күннің сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш сыйлайды. Келіңдер күннен өтінейік, әрдайым жылы әріжарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сенен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық, ізгілік!

-Көздеріңді жұмып, күннің сәулесі бойларыңа қалай тарап, жылу дарытқанын, сонымен біргеденсаулық, ізгілік сыйлағанын сезініңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ( 503-жаттығу.)

ІІІ. Өткенді пысықтау.

Қараңдаршы балалар, жаңа ғана жарқырапнұр сәулесін шашқан күніміздің бетін бұлт торлап қалыпты. Күн көзінің жылуы болмаса адамның көңіл күйі бола ма? Онда күн көзінің нұрын шашуға көмкетесейік. Ол үшін көптеген тапсырмалар орындап бұлттарды ығыстыруымыз керек. Бұлттың тапсырмаларын орындау.

Сан есім

Сын есім

етістік

Зат есім

Сөз табы

1сұрақ Сөз табы дегеніміз не?















2 сұрақ. Зат есім дегеніміз не?

3 сұрақ.Етістік дегеніміз?

4 сұрақ. Сын есім дегеніміз не?

5 сұрақ. Сан есім дегеніміз не?

-Жақсы балалар, күннің көзі жарқыраған нұрын шашты.Көңіл күйіміз көтерілді ме?

-Енді осындай көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды жалғастырайық.

-Балалар бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз.

Ерте –ерте ертеде бұл оқиға орманда болған еді. Ашық алаңқайда кіп –кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді.Ол тоқтап . Сүп сүйкімді кіп кішкентай бұл үйшікте кім бар? деп сұрайды. Ешкім жауап қайтармайды. Тышқан үйшікке кіруіне көмектесейік.

Тышқанның тапсырмасы. 507- жаттығу.

Сан есімдерге-ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жаз. Сонда оларға қандай сұрақ қойылады.

Үш күн – үшінші күн, екі ай – екінші ай, алты бала- алтыншы бала, жеті ата – жетінші ата, тоғыз пәтер – тоғызыншы пәтер.

Бақаның тапсырмасы: 505 – жаттығу. Суреттегі құстардың атауларын қатыстырып сөйлем құра.



Сергіту сәтін жүргізу.

Көбелек тұрып ертемен,

Күлімсіреп керілді.

Бір- шықпен бетін жуынды.

Екі – шыр айналып бұрылды.

Үш- еңкейіп жерге жетті,

Төрт дегенде ұшып кетті.

Қоянның тапсырмасы. 506 – жаттығу.

Берілген сөздердің сан есім екенін дәлелде.

Сегіз, тоғызыншы, қырық, алпыс.

Түлкінің тапсырмасы.Ребус шешу.

Қасқырдың тапсырмасы.507 – жаттығу.

Тірек сөздер бойынша әңгіме құра.

Ю. Гагарин, 1961 жыл, 12 сәуір, ғарышкер, ұшты, таң қалдырды.

Кім шапшаң ойынын ойнату.

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім

Айгүл жүгіріп келді ауыр екінші

Қозы биледі әдемі отыз сегіз

Кітаптар жүзді ақылды оқып отыр

Балалар оқып отыр қызыл қырық

Аюдың тапсырмасы: 509- жаттығу.

Сандарды сөзбен жазып сөйлемдерді көшір.

Бір аптада жеті күн бар. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар. Бір сағатта алпыс минут бар.

Аюдың басы кіріп денесі сыймай қалады. Ол үйге сыймағандықтан ол үйшіктің шатырына шығып жатады Үйдің шатыры ортасына түседі. Олар тату –тәтті тұрғандықтан аюға ренжімейді. Олар барлығы бірігіп үлкен үй салмақшы болады. Оларға үй салуға көмектесеміз бе? Онда Мындай тапсырмалар орындайық.

Үй құрау.

Тапсырмаларды орындай отырып , сабақты бекіту.

-Жақсы балалар Біз оларға бәрі бірге тату – тәтті тұратын үлкен үй салып бердік.

Бағалау . Таратқан бағалау белгілерін санау арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: 508 – жаттығу . Қадыр Мырза Әли туралы материал жинақтау.















































Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: Үш таңбалы санды атау, жазу, оқу және салыстыруды тиянақтай түсу, натурал сандардың қатары және әр санның орны, қатардағы кез келген санды шығарыпалу, екі амалмен шығарылатын есепті шығаруды пысықтау. Оқушы логикалық ойлау қабілетін кеңейте түсу.

Тәрбиелік мақсаты: Ұлтжанды өскелең ұрпақты бірлікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ин. Тақта, қима таблица, түсті бағалау текше, қазандық.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Білімді тиянақтау.

1-слайд. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар. Мақал мағынасын қысқаша ашу. Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызда ұлттық ойын «Көкпар». Бұл ойынды ойнай отырып 2 топ «Сұңқар», «Бүркіт» өз білімдерін көрсетіп күш сынасады, ұпайлар қазандыққа салынып отырады.



2- слайд. Ер жігіт туралы мақал – мәтел айтылады.

1 тапсырма. Кестені толтыру. (Интер-тік тақтада орындау.)

Жүзд.

Онд.

Бірл.

Оқылуы

Жазылуы

9

0

0

Тоғыз жүз

900

9

9

0

Тоғыз жүз тоқсан

990

9

0

9

Тоғыз жүз тоғыз

909



3-слайд. Білім туралы мақал – мәтел айту.

2 тапсырма. Сандарды оқы және жаз.

596,590,500,509,650,695.

Үлгі: 596=5 жүзд.+9 онд.+6бірл. ендеше,

596= 500+90+6 тақтаға,

( екі топтан 2 бала орындайды жарыса)



4- слайд. «Тақым тартыс» ин – тік тақта. Әр топтан оқушылар тез ұтымды орындайды.

Салыстыру: 59 * 60 159 * 160

74 * 71 174 * 171 т.б.

5- слайд. Сергіту сәті.

Үнтаспамен «Қара жорға» биінен үзінді.

6- слайд. Ұлттық ойындарды ата.

4 тапсырма. (карточкамен жұмыс)

а) жүздіктерінің цифры2, ондықтарының цифры 0, ал бірліктерінің цифры әр түрлі; яғни, 205

б) в) г) д) т.б.



7- слайд. Ат әбзелдерін атау.

5 тапсырма. Қайсысы есеп? Шығар.

Тапсырманы есепке айналдыр, шығар.

Сурет- 5 Әшекей-60

Жалауша- 25 Сурет- 5

Сурет, жалау қанша ? әшекей Жалауша- 25

Болса сонша шар Неше шар-?

Ш: (5+25)+30=60 Ш: 60-(5+25)=30

Ж: 60 әшекей. Ж: Шар 30.



8- слайд. Логикалық тапсырма. (Ин-тік тақтадан оқып орындайды.)

6 тапсырма. Суретте барлыға қанша асық бар? Осы асықтарды екі балаға тең бөліп бер. Әр бала неше асық алды? Сол асықтарды балаларға 2- ден бөліп бер. Неше бала асық алды?



9- слайд. Шығармашылық ткапсырма.

Ойлан, тап. (14 6) =10

Осымен, балалар ойын сабағымыз аяқталды, ұпай санайық.



Қорытындылау. Бағалау.



Үйге тапсыма: 198- бет. №7. Салыстыр.


































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров159
Номер материала ДВ-528304
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх