Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыВнекалссная работа"Бастауышым – балбұлағым"

Внекалссная работа"Бастауышым – балбұлағым"

Скачать материал

 

Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Майманов Нуркан Джаныбекович

 

Тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда

деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!!
- Армысыздар, құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт
! – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «
ә» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «
ә» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірттер.

  Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата - аналарына өздерінің 4 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, ертеңгілігімізді бастайық!
Нұрсезім

-Қайран кешегі күндерім...

Анам алғаш әкеліп партасына отырғызған еді. Есімде,қолымда гүлім бар,бүлдіршін бала едім.Ал бүгінше?...

Бүгін мен сол ұядан ұшқалы отырмын. Жүрегім сезімдерге,ойым армандарға толы,бірақ көзімде жас бар. Осындай қуанышты сәтімде мен қалай жылап тұрмын. Жоқ,жылап тұрғам жоқ. Жыласам да қайғыдан емес қуаныштан,өкініштен емес,қимастықтан жылап тұрмын.

Сен мені кешір,мектебім! Кешір,ұстаздарым!!!

Марғұлан

- Йә,бәлкім балалық болар,шәкірттік еркелігім болар... Мен ұстазымды,ренжіттім,тыңдамадым,

сабағын бөлдім,қатарлас отырған құрбы қыздың шашынан тарттым.

Бірақ,мен сені қанша ренжітсем де,сен мені қуанта білдің ұстазым. Сол үшін де мен саған қарыздармын, ұстазым.

Міне, сені ең болмаса бүгін қуантудың орнына кешегімді айтып,тағы бір ренжіттім.Бірақ бүгін мен де жылап тұрмын. Өйткені сіздей  аға маған ешқашан табылмас. Менің бұл күндерім енді қайтып келмейді. Әйтсе де сіздің атыңызға кір келтірмеймін. Мен қанатымды кеңге жайып,сіздіің еңбегінізді ақтаймын. Шыңға шықсам ең бірінші сізге бас иемін.

Сылдыр қоңырау үнін мәңгі есімде сақтаймын. бұл қоңырау үнімен мен саған келіп ем, енді кетіп барам мектебім...

Мен сенен түлеген жаспын,мен сенен ұшқан құспын.Жас болсам сенен көктедім, құс болсам сенен қанатымды кеңге жайып кетіп барам,мектебім.

Қош бол!...

Аяулы менің,ыстық ұя -Мектебім...

Асылжан :

- « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің,Марғұлан?

Марғұлан

-Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Нұрсезім

-Дұрыс айтасың , Марғұлан , ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Асылжан:

-Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Нұрсезім

- Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Марғұлан

-Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!

 Нұрсат

 Өзіңде өсіп,өзіңде гүлдеп көктеп ем,

Қиялмай барам!

Көңілде сұлу көктем ең.

Сағынып сендік,бала күнімді еске алып,

Ойыммен шолып өткенге сапар шеккен ем

Руслан

Арман мен қиял асқардай болған талабым,

Үстімде костюм,қолымда дәптер қаламым.

Ұстаздың алғаш алдына келіп отырған

Оралмас мәңгі артымда қалған бала күн.

 

 

Алсу

Оралмас қайта сендегі ыстық күндерім,

Кей күні  жылап,

Шаттанып кей күн күлгенім.

Ұстазым өзің ардақтап салған жолменен,

Дұрыста шығар есейіп өмір сүргенім.

Дильшат

Жадымда мәңгі гүл болып көктеп жатталар,

Өзіңде өткен кешегі күндер,апталар.

Партамда бірге төрт  жылымды өткерген,

Құрбымның сыры жүректе мәңгі сақталар.

Айнұр

Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4-жыл бойы ата анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.

Бекзат

Жас түлек мәңгі адаспа асыл жолыңнан,

Жарқырап көкте,жұлдызың тусын оңыннан.

Анаңдай қымбат ұстаздарыңа бас иіп,

Көгершініңді ұшырғын бүгін қолыңнан

Марғұлан                                                                                                                                                                  Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.

 Ғалымжан                                                                                                                                                       Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4 «ә» сыныбының орындауында ән: «Мектебім, аяулы мектебім»

Асылжан :

Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Асылбек :

Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.

Ернар:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым
Мектебіме арналады бұл әнім.

 

Амина: 

Мектебім мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз әлі талай біз.

Гумар:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым
Мектебіме арналады бұл әнім.

 Ән: «Ұстазымыз үйретеді »

Асылжанның орындауында « Жастар » күйі

КВН- нан көрініс :

Кіріспе

-Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!
-Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін!

Қол қою

-Әке, Сіз қолыңызды көзіңізді жауып тұрып қоя аласызба?
-Ия.
-Онда менің күнделігіме көзіңізді жауып тұрып қол қойып көріңізші...
Бала қырғыны

Мектепте Асхатқа күнде бір бала тиіседі екен.Бір күні ұрайын деп жатқанда:
-Ағама айтып қоямын,спортсмен!
-Ағаң қандай спорт түрімен айналысалы?
-Шахмат.

Нұрсезім:

Алғыс сізге , алғашқы ұстаз

Бізге үйреткен Әліппені

Алдыңызда иеміз бас

Атыңызды дәріптеумен

Асылжан :

Ажар апай анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

Марғұлан :

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін
Мая апай есіміңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

Нұрсезім :
Жүрегі нұр біздің Ақгүл апайдың ,
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейміз біз сізді әрдайым.

Асылжан :
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Марина апай неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.


Марғұлан :
Ұстаздардың арқасында шаттандық,
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.
Мектебімде ұстазым бар Айжан атты
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

Нұрсезім :
Орыс тілі әр кезде керек ертең
Гауһар апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.
Асылжан :
Жүрегімді Айнұр апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.
Марғұлан :
Мектебімде Қанат атты ағай  бар
Бізді ол секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.

Нұрсезім:
Түзеттіріп шалалықты,
Тастатып артқа балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның

Шын көңілден Нұрқан ағай айтамыз
Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!

4 «ә» сыныбының орындауында «Вальс»

Нұрсезім :

-Құрметті қонақтар, осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Мұғалімі:

-Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, түлектер!
Ұстаздарыңыз, мектебіңіз соған тілекші. Жолдарыңыз босын, түлектер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внекалссная работа"Бастауышым – балбұлағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 562
    • DOCX 31 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Майманов Нуркан Джанибекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Майманов Нуркан Джанибекович
    Майманов Нуркан Джанибекович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4180
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 952 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 702 человека

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе