Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятия на тему"Салауатты тамақтану"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Внеклассное мероприятия на тему"Салауатты тамақтану"

библиотека
материалов

«Ақкөл қаласы Ақкөл ауданы

10 Агротехникалық колледжі» КММ









«Салауатты тамақтану»

тақырыбы бойынша сынып сағаты





Дайындаған: Арнайы пәндер оқытушысы

Кулушов Сералы Шорманұлы

























Ақкөл қ.

2015-2016

Салауатты тамақтану

Мақсат:

1.Минералдық заттар,дәрумендер және олардың денсаулыққа маңызы туралы түсінік 2.Қоректік заттар (ақуыздар,майлар,көмірсутегілер,минерал заттар,дәрумендер) және олардың организм тіршілігіндегі ролі туралы білімді қорытындылау

3.Оқушыларды дұрыс тамақтануға бейімдеу

Қосымша құралдар:

1.Сабақ девизі: Дәрігерсіз сау бол!

2.Салауатты өмір жайында плакаттар

Сабақ барысы:

1.Тақтаға тақырып жазу

2.Әңгіме өткізу(оқушылар баяндайды)

2.1 Ақуыз, майлар, көмірсу туралы

2.2 Минералды заттар (темір,йод,калий,магний,натрий,фосфор,кальций)

2.3 Дәрумендер (А,В,С,Д,Е)

Адам денсаулығының 50% өмір сүру қалпына байланысты.Қоректі ж/е қауіпсіз тамақтану денсаулықты сақтаудың ж/е нығайтудың басты негіздері.

-Денсаулық жақсартуға көмектесетін факторларды еске алып,атап өтіңдерші(күн тәртібін орындау,дұрыс тамақтану,оптималды физикалық жүктеу,жақсы көңіл-күй,зиянды әдеттердің болмауы).

-Дұрыс тамақтануды қалай түсінеміз?(Қоректік заттарға бай тағамдармен тұрақты бір мезгілде тамақтану)

-Қандай қоректік заттарды білеміз?(Ақуыздар,майлар,көмірсулар)

3.Дұрыс тамақтанудың қағидалары:

3.1 Тұрақты тамақтану.Біздің ағзамызда болып жатқан барлық құбылыстар (тыныс алу,жүрек соғысы,зат алмасу) ырғақты сипатта болады.Ағзадағы күрделі биологиялық жүйе тиімді қызмет ету үшін тіршілік құбылыстары тұрақты,жүйелі болу керек.Тамақтану тәртібі күні бойына ас қорыту жүйесіндегі біркелкі жүктемені қамтамасыз етуі тиіс.Тұрақсыз тамақтану ас қорыту жүйесіне қосымша салмақ түсіреді ж/е осы кездегі салмақ денсаулықтың түрлі ауытқуларын тудырады.

3.2 Түрлі тамақтану.Ақуыздарды,майларды,көмірсуларды,дәрумендерді,минералды заттарды-барлығын адамдар тағамнан алады.Осы заттардың әрқайсысының өз қызметі бар: ақуыздар-негізгі құрылыс материалы,көмірсулар мен майлар-организмді қуатпен қамтамасыз етеді,дәрумендер мен микроэлементтер-организмде болатын биологиялық процестердің маңызды реттеушісі.Олардың кез келгенінің жетіспеушілігі организм жұмысының үлкен бұзылыстарына әкеліп соғады.

3.3 Тағам көлемінің сәйкестігі.Организмнің шығындарын толық қалпына келтіру үшін пайдаланылатын тағам сапалық ж/е сандық құрамы жағынан жеткілікті болу керек. Жұмыс сипатын ескеретін болса аз қозғалысты өмір салтында қуаттылығы жоғары тағам қажет емес,ал егер денеге күш түсетін жұмыс болса-керісінше.Артық ішіп-жеудің салдарынан түскен артық калория жұмсалмай,организмде май болып жиналатынын есте сақтау қажет.

3.4 Қауіпсіз тамақтану.Тамақтану қауіпсіздігінің негізгі үш шарты:гигиена ережелерін сақтау,тағам дайындау технологиясын қадағалау,азық-түлікті дұрыс сақтау.Қол жуу,ыдыстарды,ас үйді таза ұстау керек.Өнімдерді сақтағанда олардың ерекшеліктерін, сақтау мерзімін ескеру қажет.

4.Топтық жұмыс

Қазір үш топ келесі тақырыптарға әңгіме құруы керек:

1-топ – Ақуыздар маңызы

2-топ – Майлар

3-топ – Орыны толмас көмірсулар

Мен сендерге көмек ретінде кейбір тағамдарды атап өтемін, әр топ өз тақырыбы бойынша қоректік зат бар тағамды таңдап алады;

Сүт,жаңғақтар,балық,картоп,алма,ет,сәбіз,қарақұмық,сүзбе,сары май,жұмыртқа,шоколад,сұйық май,қаймақ,ұн тағамдары,ірімшік,варенье.

Енді әр топ өз тақырыбы бойынша 1-2 мин ішінде әңгіме құрап,бізге топтан бір адам баяндайды. Қалғандары тыңдап,керек болса толықтырады.(Жауаптар тыңдау,толықтыру)

Ақуыз клетканың негізгі құрылыс материалы,онымен көпшілік өмірде маңызды функциялар байланысты, мысалы: оттегі тасымалдау,иммундық процестер.Асқазанда тағамдағы ақуыз аминоқышқылдарға дейін бөлшектеніп,қанға сіңеді.Оқушы күн сайын 60-90г ақуыз қабылдауы тиіс,оның 40-55 грамы мал өнімдерінен болуы тиіс.Ақуыз өсімдік және мал өнімдерінде кездеседі.Рационда міндетті түрде сүт,айран,қымыз,шұбат,құрт,сүзбе,балық, ет тағамдары,жұмыртқа болуы қажет.

Көмірсулар ми,бұлшық ет клеткаларына энергия көзі болып табылады.Күрделі көмірсулар қарапайым түрге дейін бөлінеді,мысалы глюкоза,ол қанға сіңеді.Қандағы глюкоза деңгейі тұрақты болу керек (0,10-0,12%),ол арнайы гормон-инсулинмен реттеледі.Көмірсулар крахмал мен қантқа бай көптеген өсімдік өнімдерінде кездеседі: астық тектес өсімдік дәнінде,картопта,жеміс-жидекте.Оқушыға көмірсудың тәуліктік мөлшері 300 – 400 грамнан аспауы қажет.Ас мәзірінде міндетті түрде нан,жарма,картоп,бал,кептірілген жеміс,қант болуы керек.

Майлар байланыс тканьдарында жиылып, органдарды механикалық зақымданудан сақтайды.Тер асты майы жылуды нашар өткізеді,ол дене температурасын тұрақты ұстауға көмектеседі.Организмге өсімдік және жануар текті майлар бірдй қажет,себебі өсімдік майында жануарлар майында кездеспейтін компоненттер кездеседі.Адам денесіндегі май қоры тамақ тапшылығында және энергия шығынында пайдаланылады, себебі 1г май бөлшектелгенде ақуыз бен көмірсутегіге қарағанда 2 есе артық энергия бөлінеді.Оқушы үшін тәулігіне майлардың мөлшері-80-90 грамм, күнделікті сары май,өсімдік майы,ет,қаймақ жеуі керек.

Адам дұрыс тамақтанбаса зат алмасу бұзылады.Майлар мен көмірсулар көп болса адам семіздікке шалынады.Ұн тағамдары мен тәттіні көп жеуден қауіпті ауру-қант диабетіне шалдығады.Тағамдағы ақуыз тапшылығының орнын толтыру мүмкін емес,себебі олар тек аминоқышқылдардан құрылады,ал аминоқышқылдар не майдан,не көмірсудан пайда бола алмайды.Ақуыз кемшілігі әсіресе өсіп келе жатқан жас организмге қауіпті.Адамға мал текті де,өсімдік текті де тағам қажет,себебі өсімдік ақуызында адамға қажет барлық аминоқышқылдар болмайды.

Сонымен денсаулыққа қандай қоректік зат керегірек?Ақуыз негізгі құрылыс материалы,онсыз организм қалыпты дами алмайды.Майлар мен көмірсусыз адам әлсіз,сылбыр болады.Жоғарыда естігендеріміздің қорытындысы;адам дені сау болу үшін ақуызға да,майға да,көмірсуға де бай тағаммен тамақтануы керек.

5.Реферат(өмір сүру қалпына пайдалы ақпарат)

Ақуыз-организм кірпіші сияқты,ал кірпіш қалану үшін цемент керек.Адам организмінде ол кальций,әйтпесе кірпіштер шашылып қалады.

-Қалай ойлайсыңдар,ден сау болу үшін организмге тағы қандай компоненттер керек?(жауаптар)

Организмге тағы керек заттар бар,оларсыз да адам дені сау бола алмайды.Ол- минералдық заттар,олар табиғатта кездеседі: темір,мыс,күкірт,марганец,йод т.б. Адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан бұл элементтер адам организмінде де аз мөлшерде кездеседі,бірақ күнделікті өмірде олар организмнен шығарылып отырады,сондықтан орынын тұрақты толтырып отыру керек.Бұл микроэлементтер жеткілікті болу үшін тағам әртүрлі болу керек,оны тепетеңдестірілген тамақтану деп атайды.Швейцар ғалымы Герман Залидің айтуы бойынша организм тағамның тек біраз бөлігін ғана пайдаланады.Егер адам оны тез жұтып қойса,аз өмір сүреді,ал ұзағырақ жесе ,өмірі ұзарады.

Минерал заттар организмге калория бермейді,бірақ оларсыз минералдық алмасу бұзылады.Мысалы: сүйектің кальций жоғалтуы оны сынғыш қылады,анемия-темір кемшілігі,одан адамның көңіл-күйі нашарлайды.

Кальций-сүйек, тістер бекітеді – сүт,сүзбе

Фосфор-сүйек бекітеді,ми жұмысына керек – балық

Темір-анемияға қарсы – алма,анар,бауыр

Йод-жемсауға (зоб) қарсы – теңіз өнімдері

Калий-жүрек бұлшықетіне – бауыр,картоп,жүзім.

Адамға тағы бір керек заттар бар,олар дәрумендер.

1.А дәрумені жайында айтады ...

А дәрумені сілті, қыздыру әсеріне тұрақты,бірақ қышқыл,ультрафиолет сәулесі,оттегі әсерінен күші бұзылады.А дәрумені мал өнімдерінде,әсіресе балық майында,қара малдың бауыры мен бүйрегінде,сары май,қаймақ,жазғы сүтте,шикі жұмыртқада кездеседі.Қара мал,қой,шошқа еттерінде,өсімдік майларында А дәрумені жоқ.Өсімдік пигменттері-каротиноидтар -А дәруменіне жатады,олар өсімдіктің жасыл бөлігінде және қызыл-сарғыш көкөністер мен жемістерде болады,мысалы сәбіз,қызанақ,қызыл бұрыш,өрік,облепиха.

А дәрумені жас организмнің өсуі мен дамуына,көру қабілетіне әсер етеді.А дәрумені жеткіліксіздігінен тауық соқырлығы ауруы,түс айыру қабілетінің төмендеуі туындайды.

Ересек адамға тәулігіне 1,5мг А дәрумені қажет

2.В дәрумені жайында айтады ...

В2 дәрумені(рибофлавин) қоршаған орта әсеріне тұрақты,бірақ күн сәулесі әсерінен күшін жоғалтады. Дәрумен зат алмасуға,өсуге қатысады,көру күшін қалыптастырады,сондықтан балалар мен жасөспірімдерді тамақтандыруда маңызды.

Рибофлавин жұмыртқада,сүзбеде,сүтте,етте ,балықта,қарақұмықта,жасыл бұршақта,көкөніс пен жемісте,құрғақ ашытқыда кездеседі.

Адамға тәулігіне 2,5мг рибофлавин керек,оның 70% сүт өнімдері,ет,нан есебінен,30% көкөніс және жеміс есебінен толтырылады.

ВдәруменіқатарынаВ1(тиамин),В3(пантотенқышқылы),В6(пиридоксин),В9(фол-ацин),В15(пангам қышқылы) жатады.

3.С дәрумені жайында айтады ...

С дәрумені (аскорбин қышқылы) маңызды суда еритін дәрумен.Адам организмінде 5000мг жуық аскорбин қышқылы түрлі органдардың тканьдерінде жайылған.Олар зат алмасу,синтез процестеріне араласады,организмнің қорғану механизмдерін,инфекцияға қарсы күресу күшін күшейтеді.

Адам тағамындағы С дәруменінің табиғи көзі- өсімдік өнімдері.Етте ол жоқ,бірақ қымызда және ашыған сүт өнімдерінде мол кездеседі.С дәруменінің қажеттілігі тәулігіне 70-100мг,ол үшін жыл бойы күнделікті асқа жаңа көкөніс пен жеміс-жидек пайдаланып отыру керек. С дәрумені итмұрындық,қарақат,қырққабат,қызанақ,цитрус жемістері,пияз,сарымсақта көп.Организм ұзақ уақыт С дәруменін қабылдамаса цинга ауруына шалдығады.

4.Д дәрумені жайында айтады ...

Д дәрумені балық майында,бауырда,тауық жұмыртқасының сарысында,т.б. тағамдарда кездеседі.Бұл дәрумен жетпегенде балаларда рахит ауруы туындайды.Сүйекте кальций мен фосфор алмасуы бұзылғандықтан баланың өсуі ақырындайды,скелет дұрыс қалыптаспайды.

Күн сәулесі әсерінен адам терісінде Д дәруменіне айнала алатын зат пайда болады,сондықтан балаларды аздап күнге күйдірген жақсы.Д дәрумені қосымша түрде балалардан басқа күннің көзінде аз болатын адамдарға керек:шахтерлер,метро жұмыскерлері,төсекте жатып қалған аурулар,поляр шеңберінен әрі тұратындар.Дені сау адамға қалыпты жағдайда қосымша түрде Д дәрумені керек емес.

5.Е дәрумені жайында айтады ...

Е дәрумені(токоферол) бұлшық ет жүйесін қалыптастырады,жасы ұлғайғандарда атеросклероз дамуына кедергі болады.Бұл дәрумен дәнді дақылдар,бұршақ дақылдастар дәнінде,өсімдік майында көп кездеседі.Адамға тәулігіне 20-30мг Е дәрумені қажет,ол негізінен ортабалансты аралас тамақтанудан қамтамасыз етіледі.

Сонымен, біздің рационда түрлі дәрумендер қажет мөлшерде болу керек.Олардың тағамдағы мөлшері кулинариялық өңдеу түріне және сақтау жағдайына байланысты.А дәрумені пісіргенде тез бұзылады,піскен сәбізде ол шикіден 2 есе кем.Ол кептіргенде де бұзылады.Жоғары температура В тобы дәрумендерін азайтады. Піскен ет 15-60 %,өсімдік өнімдері – 20% В тобы дәрумендерін жоғалтады. С дәрумені қыздырудан және ауаға тиюден бүлінеді,сондықтан көкөністі дәл пісіру алдында аршып,тураған жөн.Ең дұрысы-қайнап жатқан суға салып,жабық ыдыспен аз уақытта пісіру.Металл С дәруменін бүлдіреді,сондықтан көкөністі эмальді ыдыста пісірген дұрыс.Көкөніс тағамдарын дайындағасын қолма-қол жеу керек.Қыста дәрумен көзі ретінде алма,шикі сәбіз,қырққабат,сары май,жұмыртқа,өсімдік майын,пияз,сарымсақ,цитрустарды пайдаланады.

Дәруменді қажеттен тыс мөлшерде пайдалану организмде ауыр өзгерістер тудыруы мүмкін,сондықтан дәруменнің синтетикалық препаратын абайлап қолданған жөн.

6.Тамақтану тәртібі

Таңғы ас ылғи ыстық болу керек.Түсте ылғи көкөністерден жасалған салатты, балауса жемістер,шырындар қабылдау керек.Кешкі асқа дұрысырағы сүт,көкөніс,ұнтақтардан ж/е жармалардан жасалған тамақтарды,балауса жемістерді қолдану.Артық тамақ ішуге жол бермеу керек.Күні бойы бір тамақтың қайталанбауын қадағалау керек.Тамақта қазіргі тағамдық қоспалардың аз болғаны жөн.Адам асқазанының көлемі шамамен 1,5л.Адам тойғаны туралы белгі миға шамамен 20 мин кешігіп келеді,сондықтан тез тамақ ішкен кісі артық тамақ ішіп қояды. Асқазан сөлі тым көп тағамды қорыта алмайды,сондықтан аз мөлшерде жиі тамақтанған жөн. Таңғы ас күндік норманың 20% , түскі-50% ,жарты күндік-15% ,кешкі ас-10 % 09рау керек.

Су тамақ өнімдеріне жатпайды,бірақ адам организмінің 60% судан тұрады ж/е өмірлік керек зат,себебі қоректік заттарлы ерітіп,белсенді жұмыс жасап жатқан ағзаларға жеткізеді. Су организмге тамақ ж/е ішімдіктер арқылы түседі, 0,5л су организмде заттар алмасуы арқылы пайда болады.Дем алғанда,терлегенде жоғалтқан судың мөлшерін толтыру үшін оқушы күніне 1,5 – 2л су ішуі керек.Тамақпен көмірсуларды қабылдау ұлғайған сайын суға қажеттілік ұлғаяды.

7.Жақсы тамақтанудың тоғыз принципі

Сонымен, дұрыс тамақтану ережелері:

-Тамақ алдында қол жуу

-Тоқ болсаң тамақ жеме

-Жүре тамақтанба

-Тамақты мұқият шайнап, асықпай тамақтан

-Көкөніс пен жеміс-жидек ұдайы рационда болу керек және оны жуып же.

-Дайын тамақты ертеңге қалдырмай бірден ішіп қою

-Өнімдерді жәндіктерден,кеміргіштерден қорыңыз

Осы ережелер орындалса, дендерің сау, көрікті боласыңдар.

Ақуыз-толыққанды протеин.Ол-ми,сүйектер,бұлшық еттер,жүрек үшін құрылыс материалы.Диетологтар айтуынша тәуліктік норма- 60-90г(адамның 1кг салмағына 1г ақуыз).Бір тамақ ішкенде 20-25г,одан артығы бойға сіңбейді.

Қызыл балық құрамындағыВ12 дәрумені тері,шаш,тырнақ жағдайын жақсартады,ал майлы қышқылдар жүрек-тамвр,жүйке ж/е иммунитет жүйесіне оң әсер етеді,жадыны жақсартады.

Жұмыртқа ақуызында бұлшық етті беріктендіретін аминоқышқылдар бар.Протеиннің көп бөлігі жұмыртқаның ағында, сарысында- май мен холестерин.Жұмыртқа сарысын жемеген көз сетчаткасы мен тамырларын қорғайтын каротинойдсыз қалады.Күніне 1-2 жұмыртқа жеуге болады.

Тауық еті- басқа етке қарағанда онда протеин көп,фосфор,калий,магний,темір,дәрумендерВ12, В6,В2,А ж/е Е бар.Таза ақуыз төс етінде көп.

Қоян еті- онда 100г етте 25г ақуыз болады.Сонымен қатар В3 дәрумені,темір,ниациннің күндік нормасының ¼ бөлігі бар.Ниацин жүрек шыдамдылығына керек.

Грек жаңғағы- нағыз ми қорегі,онда протеин,альфа-минольдік қышқыл ж/е омега-3 бар.Олар иммун ж/е жүрек-тамыр жүйесін,май балансын жақсартады.Күніне 50-70г жеуге болады.

Ірімшік пен майлы емес сырдың 100 грамында 16-18г ақуыз болады.

Сұлы жармасы протеин мен падалы көмірсу,магнийге бай.Олар қандағы холестеринді азайтады, жүрек-тамыр ауруларының дамуына бөгет болады.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-028397

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"