Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖаңа форматта оқыту баяндама

Жаңа форматта оқыту баяндама

Скачать материал

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстаннның болашағы-бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім

 

берсеңіздер,Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Әрбір мемлекеттің

 

болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматттар

 

бүгінгі мектеп оқушысы.Иә, қазіргі уақыт талабы оқушыдан көп нәрсені білуді қажет

 

етсе,ал мұғалім жан-жақты,кәсіби дайындығы терең,өз бойына жинақтаған білімін

 

жастарға үйрете алатын маман болуы қажет. Ертеңгі келер күннің бүгінгі күннен нұрлы

 

болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.

 

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім

 

жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

 

Бастауыш мектеп-оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше қайталанбайтын кезең. Сондықтан да бастауыш сынып үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.

           

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

 

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

 

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

 

 

«Сабақ – оқытушының  педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығарары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.

 

Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.

 

            Дәстүрлі оқыту  әдістері  оқушылардың  мінез-құлқы,олардың уәжі, арман тілектері мен қызығушылықтары, дағдылары,оқу стильдері әртүрлі  болатынына  немесе әлеуметтік жағдайына  онша көңіл бөле бермейді.Оқыту мен оқудың  заманауи әдістері жоғарыда айтылған мәселелерге көңіл бөле отырып, біздің оларғақол жеткізудегі қажеттіліктеріміз оқудың сапасы мен көлеміне түбегейлі әсер ете алатындығын жітіназарға алады. МҰғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына орындауға тиіс екені түсінікті, алайда оқушылар оқу үдерісінде өте аз үйренетін болса, жалғыз мұның ешбір мәні болмас еді. Пән бойынша  Оқу бағдарламасының  талаптарын орындап ,  сонымен қатар,оқушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін  сабақты барынша тиімді жоспарлау қажет.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған  оқу бағдарламасындағы  оқу мақсаттары оқушылардан шынай проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-ақ, «Бастауыш сынып пәндері  бойынша критериалды бағалау  және оқытуды жоспарлау» тарауында  бағалау және жоспарлау әдіс- тәсілдері  анағұрлым толық қарастырылатын  болады. Сонымен қатар  педагогиканың   түрлі аспектілері қарастырылады: қарым-қатынас  жасау дағдылары  белсенді оқу, зерттеуге  негізделген оқу.

            Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда,  оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол  мүмкіндік береді.

            Мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы  білімдері мен бүкіл білім беру  бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау «оқушылар туралы хабардарлықты негізінде оқытуға» түрткі , ал  бұл өз алдында саралауды қолдануға жол ашады. Мұғалім  оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге  қолдау көрсетеді.Мұғалімдер үшін білім берудегі жаңа идеяларды талқылап , ол идеялар туралы ақпарат алмасуға  мол мүмкіндік берудің маңызы зор.Осы Бағдарлама мұғалімдерге  белсенді оқу  жаттығуларына  қатысып, бастауыш сыныптарды оқытуды тиімді  жүргізуге ненің көмегі бар деген мәселе тұрғысынан  кәсіби әңгімеге қатысуға мүмкіндік береді.Осы тәсілді  қолдана отырып, мұғалімдердің  дағдылары мен  білімін арттыруға қол жеткізуге болады. Оқытуда осы қарым-қатынас тәсілін қолдану арқылы мұғалімдер барлық оқушылардың оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көрініс тапқан оқу мақсаттарына жетуге  ынталандыратын жаттығуларды қалай жоспарлауға болатынын көре алады.

            Бастауыш сыныпта  мұғалімнің рөлі оқушылардың үлгерімін қадағалап және есепке ала отырып, олар үшін «белсендіргіш» рөлін орындауға  негізделеді. Оқу үдерісін жандандыру үшін  мұғалімдер ынталандырғыш материал ұсынып, оқу үдерісіне  таңдамалы түрде араласады. Осылайша  оқушылардың бойында  танымдық  өзгерістердің орын алуына ықпал етеді. Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын оқушылар анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін өз бетінше әрекет  етуге үйрену керек.

            Оқушыларға оқу жоспарындағы  жаттығулар аямында  көзделген оқу мақсаттарына  қол жеткізуге  көмектесетін бірқатар  педагогикалық тәсілдерді пайдалануға  мұғалімдерге  біліктілікті арттыру  курстары арқылы қолдау көрсетіледі.Критериалды бағалау моделі оқушылардың оқу мақсаттарына жетудегі ілгерілеуін анықтау үшін қосымша  тәсілдерді пайдаланады.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың  үлгерімі  алдын ала  белгіленген критерийлердің нақты  жиынтығының көмегімен өлшенеді.Бұл бағалу  түрі  оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен  салыстьырмалы түрде бағаланатын нормаға  негізделген бағалаудан  ерекшеленеді. Оқушылардың пән бойынша  үлгерімі екі тәсілмен  бағаланады: қалыптастырушы бағалау және  жиынтық бағалау.

            Қалыптастырушы бағалау күнделікті  оқыту мен оқу  үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау  үздіксіз  жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және  балл не не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқуды өлшеу үшін  және алдағы  сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.

            Жиынтық  бағалау  оқу бағдарламасының бөлімдерін ортақ тақырыптарын және белгілі  бір кезеңін аятаған оқушының үлгерімі туралы  ақпарат алу  мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

            Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беру үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа форматта оқыту баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.08.2016 2454
    • DOCX 17.9 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калияскарова Айгерим Буркитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16106
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе