Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЖаңартылған білім беру аясындағы бастамалар

Жаңартылған білім беру аясындағы бастамалар

Скачать материал

 

                             Жаңартылған білім беру аясындағы бастамалар.

 

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да жақсырақ етіп жасауға болады» Генри Форд.

 

    Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

   Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады.

    Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
   Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
   Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады.

  1 сыныпта оқытылатын пәндер: Сауат ашу, математика, жаратылыстану, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, музыка, көркем еңбек. Факультативтік сабақ : Мәңгілік ел, драма.

   Енді  әр пәннің  апталық сағат жүктемесіне тоқталатын болсам: Сауат ашу 6 сағат, математика4 сағат, жаратылыстану 1сағат, дүниетану 1сағат, орыс тілі 2сағат, ағылшын тілі 2 сағат, өзін-өзі тану 1сағаттан, дене шынықтыру 3 сағат, музыка 1 сағат, көркем еңбек 1 сағаттан ұсынылып отыр. Факультативтік сабақ : Мәңгілік ел, драма 1 сағаттан ұсынылды.

  

     1 сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары). Оқу жылының барысында 1 сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.

Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалысын ескеруі қажет.

    Балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтады, яғни оқу жүктемесін біртіндеп өсірудің «сатылы» сабақ кестесі қолданылады: қыркүйекте ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап 35 минуттан төрт сабақ жоспарланады; екiншi жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады.

Сауат ашу

«Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы оқушыларда сөйлесім әрекетінің төрт түрін дамыту қажеттілігімен анықталады (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым). Пәнді оқытуда оқылым және жазылым дағдыларын дамыту жұмысы кіріктіріле жүргізіледі.

Сауат ашу процесінде үш кезеңді көрсетуге болады: әлiппеге дейiнгi, әліппе, әліппеден кейінгі. Сауат ашудың әліппе кезеңі бірінші тоқсанда басталып, үшінші тоқсанда аяқталады. Әліппеден кейінгі кезең 4-тоқсаннан басталады.

Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқыту мақсаттарын меңгеру мен әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.

Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз және белгі; бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді.

1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы

Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), сөйлемдерді (2-3 сөзден тұратын) жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.

Екінші жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрамында дауыстылар, ұяң, үнді және қатаң дауыссыздар, йотты дауыстылар кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз); 2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мәтіннің мазмұнын жеткізу (15-20 сөз және белгі); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.

- таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;

- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;

- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;

- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.

   Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты.

    Математика пәні бойынша 1,2 тоқсанда бағаланбайды, 3 тоқсанда 3 бақылау, 3 өзіндік жұмыс, 4 тоқсанда 3 бақылау, 3 өзіндік жұмыс ұсынылып отыр.

   Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Ең жоғары балл 60 ұпай, орташа балл 48 ұпай деп белгіленеді. Баланың жан-жақты ізденуіне

Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалау түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мұғалім арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау, қиындықтарды айқындау, анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу, оқу процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған білім беру аясындағы бастамалар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңартылған білім беру аясындағы бастамалар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 732 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2017 843
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзашева Нурслу Сагиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мырзашева Нурслу Сагиновна
    Мырзашева Нурслу Сагиновна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14451
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 222 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 420 человек

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы продаж и управление продуктом

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе