Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жарқамыста туған баламын" (7 класс)

"Жарқамыста туған баламын" (7 класс)

Скачать материал

Байғанин ауданы

Жарқамыс селосы

Қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімі

«Жас әдебиетшілер»  үйірмесі жетекшісі

Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы

 

Тақырыбы:  Жарқамыста туған баламын...

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын шыңдау

Білімділік: Оқушыларды өлең өлкесінің сырлары мен сан алуан   қырларына үңілтіп, Өлең шығару еріккеннің ермегі еместігін сиқырлы әлем екендігін, шығармашылық  шабыт Алла берген  дарындылық екенін түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық

қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету

Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға,ойын қорыта  білуге тәрбиелеу,сөз қадірін ұғындыру,поэзияға  құштарлығын ояту

Түрі:   шығармашылық  жарыс сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,өлеңге теориялық талдау жасау,баяндау,мәнерлеп оқу, жоба қорғау,сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Көрнекілігі: слайд,суреттер,бүктеме,кітап көрмесі

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері арқылы оқушыларыма шығармашылық шабыт тілеймін,олар бір-біріне және маған тілек тілейді. Оқушыларды топқа бөлу үшін стикерлер пайдаланамын. Бірдей стикер таңдағандар бір топ құрайды.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ,ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді,тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.,-деп ұлы Абай толғанады.Ал қазақтың классик ақыны Мұқағали :

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,

Ермек үшін немесе өлмеу үшін.

Жазсам жазам жырды мен жасырмаймын,

Жаралы жүректерді емдеу үшін.

Өлмеу үшін,құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-деп поэзия әлеміне еркін кіріп,қазақ жыр отауының босағасын аттаған.

       Бүгінгі сабағымыз  «Жарқамыста туған баламын»   деп аталатындықтан туған топырағымыздан шыққан ұлы ақын-жазушыларымыздың өмірі мен шығармашылықтарынан бір ауыз сыр шертейік.

     Жарқамыс топырағында туған жергілікті ақындар шығармашылығынан сусындап өскен Жас әдебиетшілер үйірмесі оқушыларының бүгінгі шығармашылығына шабыт тілей отырып , шығармашылық жарыстың бөлімдерімен таныстырайын

Жарыс 5 түрлі тапсырмадан тұрады:

1.     Жарқамыста туған баламын...

2.     Ұйқасын тап

3.     Шығармашылық жұмыс

4.     Диалог-ертегі

5.     Жоба қорғау

Слайд-тақтадан  жарыс барысы көрсетіліп отырады

      Ендеше,сөз өнерінің бүгінгі баспалдағында тұрған сіздерге ӨЛЕҢ атты қасиетті киенің қыр-сырын үйретуді мақсат тұттым және нәтижесін көремін деген ниеттемін

І – бөлім.  Жарқамыста туған баламын...

Үй тапсырмасы ретінде Жарқамыста туған баламын... тақырыбында  өлең  жазып келуді тапсырғанмын,сол шығармашылықтарына кезек берейік.

Мұғалім:  Балалар , сөз өнерінің құдіретін қара сөзбен де,өлеңмен де жеткізуге болады.Алғашқы сұрақ: Өлең деген не?

Оқушы:  Өлең-белгілі бір өлшеммен,үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін поэзиялық жанр түрі.

М: Өлең неден тұрады?Өлеңнің өзіндік құрылымы болады,соны кім айтып бере алады?

О:  Өлең тармақтардан яғни өлең жолдарынан,тармақ,бунақтардан тұрады, Бунақтар өлең ырғағын құрайды. Ал тармақтардың соңғы сөздері үндесіп келіп,өлең ұйқасына әсер етеді.Бұлардың барлығы жеке жеке жүйе құрап,өлең шумағы деп аталады.

Тақтаға назар аударамыз. Е. Дүйсенбаевтың Жарқамысты сүйемін жан-тәніммен ... өлеңі. Өлеңді бір оқушы оқиды

М: Өлең неше тармақтан тұрады?

Өлеңде неше шумақ бар?

Неше буыннан тұрады?

Шумақ –өлең ішіндегі аяқталған бір ойды білдіретін топталған бөлшек.

Бұл өлең қандай өлең ұйқасына құрылған?

Қазақ өлеңінде тағы қандай ұйқас түрлері бар?Жалпы,ұйқас деген не?

О: Ұйқас-тармақ соңындағы үндестік. Қара өлең ұйқасы,кезекті ұйқас,шалыс ұйқас,егіз ұйқас,аралас ұйқас,шұбыртпалы ұйқас және қазір қолданылып жүрген ерікті ұйқас

ІІ-бөлім Ұйқасын тап

1-тапсырма: сөз және сөз тіркестеріне ұйқас табу

2-тапсырма: өлеңнің 1 тармағына ұйқас табу және алдыңғы екі тармағын жалғастырып шумақ құрау

ІІІ-бөлім Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма.Берілген сөздердің қарама-қарсы мағыналарын  және мағыналары жуық сөздерді  табу

2-тапсырма. Кеспе қағаздарда берілген әртүрлі тақырыптағы сөздер мен суреттерге қарап өлең құрастыру

3-тапсырма. Тақтада көрсетілген пейзаж,портреттерге арналған шығармашылық жұмыс

Сергіту сәті . Хор айту.Өлең жолдарын шатаспай 4 оқушы бір мезетте орындайды

ІV-бөлім Диалог-ертегі

Шарты: Жүргізуші ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме – ертегіні бір-бір сөйлеммен әрі қарай жалғастырады. Мысалы жүргізуші былай бастайды: “Ертеде піл мен құмырсқа жақсы жолдас болыпты...”

1-оқушы жалғастырады.

2-оқушы жалғастырады. Солай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр оймен аяқтауы тиіс. Кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

V-бөлім  Жоба қорғау.

Көптеген қиылған суреттер арқылы бір тақырып қорғап көрсету.

Оқушылар жұмысын аяқтағанша көрермендерге тапсырмалар беріледі

1.“Сөздерді орнына қойып батаны дұрыс құрастырып шығу” ойыны:

Қара, нардай, арқаң, болсын, жауыр,

Ауыр, мінезің, қара, жердей, болсын,

Өкпең, бауыр, жоқ, болсын.

Сыртынан, дүбір, үйіңнің, кетпесін,

Сыбыр, құлағыңнан, кетпесін, - деп береді батасын Малайсары.

2. Ойын шарты қанатты сөздердің жалғасын табу

Аңдамай сөйлеген....

Ойнап сөйлесең де....

Тисе терекке...

Айтылған сөз...

Бал тамған тілден....

Көп сөз күміс...

Атаның баласы болма....

Білекті бірді жығады....

3.Тізбектен шығып қалма. Мыс: кіТАП-ТапҚЫР-ҚырМАН......

Жаңа ғасыр талабы,

Ізденулер заманы.

Бүгінгідей сабақта

Жетістіктер болады.

Нәтижесі:

  -  Өзін-өзі, бірі-бірін бағалай алды;
  - Сыни ойлау дағдылары төселді;
 - Жаңа тәсіл  қолдану арқылы     оқушылардың  сабаққа ынтасын арттырдым

- Жаңашылдықпен бөлісу арқылы  әріптестерімді тарта отырып, көшбасшылық жасадым.
 - Топтық жұмыс кезінде жоба қорғау арқылы        талантты және дарынды оқушыларды басқа қырынан таныдым.

Жинақтаушы қолшапалақтау жаттығуы

    Балалар , бүгінгі сендердің еңбектерің үшін алғысым шексіз. Бір-бірімізге алғысымызды білдірейік. Мен сенің жаныңа келемін де саған қол шапалақтаймын.,бұл саған арналған .Келесі кімге барамыз,сен өзің таңдайсың. Осылайша барлық қатысушылардың  жанына барамыз. Ең соңында барлық қатысушылар бір-біріне алғысын білдіріп, оң алақандарын қойып ,сол алақандарын дәл осылай біріктіреді.Кішкене үнсіздіктен кейін бәрі  бірі бірігіп САУ БОЛЫҢЫЗДАР деп айтады

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жарқамыста туған баламын" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 1073
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы
    Қалиева Әсел Нұрлыбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4752
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек