Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / 13 жас ашық тәрбие сағат

13 жас ашық тәрбие сағат

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

13 жас -алғашқы мүшел

Мақсаты

-Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру негізінде оқушыларда имандылық, инабаттылық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

-Мүшел жас ұғымы туралы мағұлымат бере отырып,оқушылар бойына адами қасиеттерді сіңіре білу алғашқы мүшелі мектеп табалдырығында өтетіндіктен,осы мүшел жастың мәнін, мағынасын ашу, ұлттық дүниетаным қалыптастыратын өзін тануға ықпал етер мерекелердің мазмұнын ұғындыру.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды үлкен екі бөлімге бөлдік

-Бал-балалық шақ.

-Есейген шақ.

Әрбір халықтың,ұлттың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады. Соған сай әр халықтың өз тарихы бар.Тарихсыз халық жоқ. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек,халқымыз ата-бабаларының ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған.Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп,үміт сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойып,келелі міндеттер жүктеген,болашақ ел қамқоры, Отан қорғаушысы,шаңырақ иесі ,өмір гүлі деп бар жақсысын баласына арнаған.

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет-адал,білімді,еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру.Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап,адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығыда адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.

Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.Ал,енді осы ырымдар мен салт –дәстүрлер туралы сендер не білесіңдер екен,тыңдайық....

1-оқушы Қазақ халқында балаларға деген қамқорлық,оның аман-сау өсуіне тілектестік бала тумай тұрып жасалады.Мысалы аяғы ауыр анаға жүк көтертпеуге,жерік кезінде сүйген асын тауып беру,құрсақ той жасау,енелердің келінін ана болуға дайындауы.Халықта екіқабат келін жыласа,бала жасық болады деген түсінік бар.Сондықтан парасатты енелер келіннің көтеріңкі көңіл-күймен жүруін қадағалаған.Арагідік Келін көңілі деп аталатын жастардың бас қосуын ұйымдастырып отырған.

2-оқушы Ана толғата бастағанда енесі көршілерге Жарыс қазан асу қамына кіріседі.Самаурын қойылып,сүт пісіріледі,үй ішіндегі әбдіре ашылады,тендер шешіледі.Бұл Әбдіре ашылғандай,тең шешілгендей,түйін тарқасын деген мағынаны береді.

3-оқушы Босанатын күні шілде күзет шілдехана күзет өткізіледі.Ананың әл-қуатын жиып,белі бекіп кетуі үшін оған арнайы мал сойылып,қалжа беріледі. Бұл дәстүрдің сақталмауы кешірімсіз жағдай деп бағаланған. Тілімізде Сені туғанда шешең қалжа жемеді-ау деген ренішпен айтылатын сөз сақталған.

4-оқушы Кіндік кесер.Кіндік кесу-мәртебелі,абыройлы іс.Байыпты Әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге кіндік кесер кәдесі беріледі.

5-оқушы.Шілдехана.Сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп,оның көңілін көтеріп,оның қасына дастархан жаю әдеті. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып,сыңғырлаған тиындар салады,балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді.

6-оқушы Бесікке салу.Бесік қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.Ел іші-алтын бесік деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі,өнегелі әжелеріне тапсырылады.Ол бесікті отпен аластап тыштырма жасап алып,баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі,таза заттар қойылады.Бесікке салған адамға бесікке салар,яғни,кәделі сый беріледі.Осындай қуаныш үстінде Бесік жыры айтылады.

7-оқушы.Қырқынан шығару.Бөбек дүниеге келген соң 40-күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынатын,баланың ит көйлегі тасталатын күн,яғни,тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойнына көйлегімен байланады да жүгіртіледі.Соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. 40 күннің өзі ананың бой көтеріп,денсаулығы түзелген кезде болады.

8-оқушы Тұсау кесер.Бір жасқа толып еркін жүре бастаған бөбектің басқан қадамы құтты болып,одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп келуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді.Ортаға аяғын тәй-тәй басқан баланы әкеліп,беліне кішкентай қалта байлайды,оның ішіне тәттілер салып тұрып

Беліне қалта байладым,

Дәулетіңді асырсын.

Ішіне тәтті сайладым,

Қиындықты қашырсын,-деп жиналған жұртқа көрсетіп,баланың аяғына төмендегілерді байлайды

Ішекпен байлағаным-малды болсын,тоқ болсын деген ниетім.

Көк шөппен байлағаным-жершіл болсын,көпшіл болсын,өсіп-өнсін дегенім.

Ала жіппен байлағаным-адал болсын,ақ болсын дегенім.

Тұсауын кеседі,тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып,еркін жібереді.

Тәй,тәй,тәй,тәй,

Қаз,қаз,балам,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Жүгіре қойшы,құлыным,

Желбіресін тұлымың,

Елгезек бол,ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе!

9-оқушы Баланы атқа мінгізу салты.Баланың буыны бекіп,4-5жасқа келгенде ат үстіне өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде ,атқа мінгізу салтын жасап,ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор,мықты шымыр жауынгер,еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер-тұрмандарын сайлап жандорба,тоқым,жүген,ноқта атқа мінгізіп сүндетке отырғызып той жасайды.

10-оқушы.Тілашар.Тілашар тойына арнап шашу шашады.Әр отбасы баласы 5жасқа толған соң мектепке оқуға береді. Бұлда бала өміріндегі елеулі оқиға,есте қаларлық елеулі кезең болып табылады.Осы күні балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны дәстүрлі тілашар тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға азамат бол,ғалым бол деген сияқты тілек білдіріп,бата береді.Жақын туыстары баланың ата-анасына құтты болсын айтып,балаға сәт-сапар тілейді.Бастауыш сынып мұғалімі ата-ананың өзіне сеніп тапсырған әр балдырғанға мұқият көңіл қойып,олардың зейінін дамытуға үлкен күш салады. Себебі,білім нәрі-бастауыштан қаланады.

11-оқушы.Бастауыштан орта буынға өткен кезде біз бір белестен өткенімізді сезіндік.Бастауышта бір ғана ұстаздан дәріс алсақ,орта буында әртүрлі ұстаздан білім ала бастадық.

Сынып жетекшісі.Сіздер күні бүгінге дейін ата-аналарыңыз өздеріңізге қандай тойлар жасағанын айтып өттік.Әрбір ата-ана баласының бір жасқа толғанынан бастап,жыл сайын туған күнін атап өтеді.Мұның ішінде баласының ең алғашқы мүшел жасқа толып,одан аман-сау өтуі ата-аналар үшін үлкен қуаныш. Жас сәби ер жетіп,азамат болғаннан кейін өз туған күнін өткізеді,оған құрбы-құрдастарын шақырады.Туған күннің ішінде 40,50,60,70,80,90,100-ге толу-мерейтой болып саналады.Мерейтойы мүшел жасының алдында келсе,мүшел жастан шыққаннан кейін барып той жасайды. Өйткені,халық сенімінде мүшел жас әртүрлі ауыртпалықтарға толы.

Міне,бүгінгі тәрбие сағатымызды сынып оқушыларының туған күндерін атап өту негізінде бүгінгі айтылған салт-дәстүрлеріміздің жалғасы болып табылатын мүшел жасты тойлауға арнап отырмыз.

Бүгінгі мүшел жас иелері туған күндеріңіз құтты болсын!

Туған күн кешінде әні орындалады.

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған,

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

13жасқа ,содан кейінгі мүшел жас оған 12 жылды қосып отыру арқылы анықталады.

Қазақтардың дәстүрлі күнтізбесінде Жаңа жыл –күн мен түннің теңелген уақыты –Ұлыстың ұлы күні 22наурызда келеді. Бір жылда 30күннен 12 ай болады. Қалған 5 күн 5 қонақ деп аталады. Ал 12 жыл 1 мүшел болып

есептеледі .5мүшел 60жылдық айналамды құрап,ол толық мүшел деп аталады. Ендеше, мүшел жасты былай жіктеуге болады.

13жас-ер жете бастау.

25жас-жігіттік шақтың нақ өзі.

37жас-ақырын басып,анық жүріп,ақыл тоқтатқан кезең.

49жас-орта жас.

61жас-өз балаңнан тәтті болатын немере сүю.

73жас-қарттықтың басы болар.

85жас-кәріліктің келгені.

97жас-қалжырап,ештенеге жараусыз қалғаның.

109жас-шөпшек сүю.

121жас-қа жетсең,онда неменеңде қасыңда дей бер.

Жыл қайтару бойынша он екі жыл айналғанда бір мүшел толады. Көне көз қариялар өткен жылдарды есептегенде немесе адам жасын айырғысы келгенде осы мүшелді қолайлы көреді.

Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері,ықпалы болады.Алғашқы мүшелде он үш жастағы баланы ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады.Бұл кезеңде ер балалардың даусы өзгеріп,сүйегі іріленіп,қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыз осындай ес тоқтатып,етек жаба бастаған жасты Он үште –отау иесі деп дәріптеген.Балаларын отбасылық өмірге баулуды қолға алған.Осындай жеткіншек шағында Ақтамберді жырау

-Жасым жетіп он беске,

Кірерме екем кең есікке,

Бұғана қатып,бел бекіп.

Ерегіскен дұшпанмен

Шығар күн туса күреске!-деп талпынса,Алмажан Азаматқызы

-Он төртіме келгенде,

Салиқалы қыз болдым,

Жібектей шашын талдаған,-деп бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.

25-жас –нағыз жігіттік жас деп есептелінеді.Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді.Тасыған күш қайратты қайда жұмсарын білмей,жалындап тұратын кез. Бұл дәуренді Жүсіп Баласағұн

-Ең тәтті кез-жігіттіктің шағы да,

Игіліктің о да берген бағы да,деп дәріптесе,ұлы Абай

-Жастықтың аты арындап,

Тас қияға өрледің,-дейді.Шал ақын-Жиырма бес-енді келмес албырт жасың, Қайратың қиратқандай таудың тасын,деп тамсана жырына қосқан.

37жас-өмірдің жақсы –жаманын,оң-солын танып,ақыл тоқтатып,қырықтың қырқасына көтерілген кез.Бұл уақытты Ж.Баласағұн

-Жаста келіп қырықпенен астасар.

Сол уақытта жігіттік пен қоштасар,деп,ал Бұқар жырау

-Қырық деген жасыңыз

Еріттеп қойған құр аттай,деп жырлайды.

49жас –бойдағы күш қайта бастағанымен,кәрілікті әлі мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген ердің жасы. БҰҚАР ЖЫРАУ

-Елу деген жасыңыз Ода бір көшкен ел екен-деп толғанады.

61жас-даналығы артып,өткеніне сын көзбен қарайтын,тәубеге келетін кезең. Бұл кезеңді Шал ақын

Алпыстағы жасыңыз

Қоңыр салқын күн екен,деп бейнелеп барып

-Алпыс жас –бұл бір өткен өмір сәні,

Алпыста бойда қуат тұрмас бәрі,-деген тоқтамға келеді.

73-Бұл мүшелде кәрілікті мойындап ,бойы еңкіш тартады,аяғы тұсалып,жүріп-тұруы қиындайды. Бұл кезеңді Ж. Баласағұн: - Бұл дүние көздің жауын, нұрын алар, Жасарып ап жас келіндей ырпғалар. Қуантар да жалған салар сүргінге, Теріс қарар мәз қып қойып бір күнге, - днп суреттесе, Шал ақын: -Жетпісте жер таянбай тұра алмассың, Мойыныңды жан –жағыңа бұра алмайсың, -деп күрсінеді.

85-жас

Сексен бес жас. Бұл жаста адам жүріп –тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі. Бұқар жырау бұл уақытты:

  • Сексен деген жасыңыз

  • Қараңғы тұман түн екен, -деп түұыртса, шал ақын:

  • - Сексенде тұяғыңды серппейсің,

  • Селт етіп еш нәрсеге елікпейсің, -деп сынап, мінейді.

Жүргізуші.

Көркейер көңіл батадан,

Үлгі алып өскен атадан.

Он үшке толсаң,қазақта,

Бір мүшел жас деп атаған.

Бұрынғы ата-бабаларымыз 13жас-отау иесі деп бекер айтпаса керек.

Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз әңгіменің бірін еске түсірейік.

Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп,оларға атқосшы етіп 13-14 жасар Қазыбекті аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды.Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда,есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан алып тұрып,Қонтайшыға былай деп айтқан.

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз.

....Асқақтаған хан болса,хан ордасын таптай білген елміз,-деп әйгілі қаз дауысты Қазыбек би бабаларың сендердей кезіңде алмастай өткір сөзбен төпелей келіп,қалмақ ханын састырып,дұшпанын қазақтың алдына жығып беріпті.

Міне,сендер де Қазыбек би аталарындай сөзге шешен,батыл,ел басқаратын азамат болыңдар.

Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы –Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Ана баланы 9ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Мұзды бесік таянған да ана,көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп,сазына қандыратын да ана.

Аналар тілегін тыңдау.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер,ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең-дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Ұстаздың тілегін тыңдау.

Жүргізуші.

Өнеге қалса данадан,

Өсиеті елге тараған.

Бір мүшел жасты халқымыз,

Есейген шақ деп санаған.

Ата-анасын,өмірінің әрбір сәтін той еткен,ұстаздардың тілегі мен батасын алған,бүгін міне тәтті үмітпен есейіп,жақсы ойларға кенеліп отырған туған күн иелеріне арнаған сыныбымыздың өнерпаздарының ән-шашуларын қабыл алыңыздар.

Тәрбие сағатымыздың соңында « Бақытты балалық шақ» әні орындалады.

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров233
Номер материала ДВ-375974
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх