Инфоурок Классному руководителю Статьи“ Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»

“ Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»

Скачать материал

Баяндама тақырыбы:

“ Жасөспірімдер арасындағы 

құқық бұзушылықтың алдын алу»

Мақсаты:

Білім алушылардың  құқық бұзушылығын алу, оқытушылардың  құқықтық тәрбиесін арттыру.

         Бүгінгі жалпы баяндамамның  тақырыбым  “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.”

          Бұл тақырыптағы баяндама тектен- тек өткізгелі тұрған жоқпын.         Өйткені қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек

         Құқықтық тәрбие дегеніміз не?

         Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл  Құқықтық білім беру – адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.  Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру- құқықтық сананың негізгі белгілері.  Аталынған белгілер білім алушының  құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасы, мектеп және колледж  табалдырығынан бастап жүзеге асады.Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім- тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады

         Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: қоғамдық тәртіпті; заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т.б.. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға-құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады.

         Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді  тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.

         А.С.Макаренконың: «Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек»  деген пікірін ұмытпаған жөн.

         Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.

Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?

– Әрине бұл Заңдарды білу

Бала мен ата-ананың құқықтары  мен  міндеттері білгіленген заңдар – бұл

1.     Бала құқығының   Декларациясы

2.     ҚР бала құқықтарытуралы Заңы

3.     ҚР Конституциясы

4.     Білім туралы Заң

5.     Неке жәнеотбасы туралы Заң

6.     Балалар  құқығының  Конвенциясы

7.     Әкімшіліқ құқықбұзушылық туралы Кодекс

 

https://lh3.googleusercontent.com/cEjdd3rzZGjtKzoH1y2JSpeVpBkiVq2gJUl9dxPHiQbcHwK6FHQy2wb-AmGHSm78R3sBtvFFI6gg1NOLr77OYfe3083XifD4lgv52WRwjxDFAFgcIw_jlo3t_KuXHbtD5St7neaRy04

 

Осы құжаттар бойынша баланың мынадай құқықтары бар:

 

https://lh5.googleusercontent.com/9nnVrurihuXFLWe-3TkPsypYTmkzC0bZKUuUB4mWAkNigOaC50TCIhQ7gHYYF9Fm0mwSu10jsbxmHQ9fzMCYR35Oh0sEMPKZTXLwqvxX5Lh7iLpJUkHDpxzVkl-ly_-IkZw9u9ft8kc

 

         Сонымен қатар бұл құжаттарда баланың құқығымен бірге ата-ананың міндеттері де көрсетілген.

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» жолдауы –еліміздің дамуына соны серпін беретін жаңару стратегиясы.  Жаңа кезеңдегі ел саясатының маңызды бағытының бірі – жас ұрпаққа заманына сай білім мен тәрбие беру мәселесі. Сондықтан да Ұлт көшбасшысы «Бала тәрбиелеу –болашаққа ең үлкен міндет, балаларымызға жақсы білім мен саналы тәрбие беруге ұмтылуымыз керек»  атап көрсетті.

         Білім алушылардың  бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы мен білім ордасының  серіктестігі қажет.

Жағдаяттарды талқылау

Жағдаят №1

         Нұрлан 1 курс білім алушысы.  Нұрланның білім алуға талабы жақсы.  Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар.  Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды.  Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Коледжде  ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

         Топ жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды.  Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.

Сұрақтары:

1.     Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

2.     Топ  жетекшісінің орнында не істер едіңіз?

3.     Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?

4.     Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?

Жағдаят №2

         Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

1.     Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

2.     Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

3.     Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

4.     Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?

2.     Рефлексия “Соңғы сөзді мен айтайын…” (жиналыс басында таңдаған мақал-мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, шағын әңгіме немесе суреттер арқылы)

Қорытынды.

         Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

          Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы.

Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.  Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

         Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

         Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды.

          Білім алушылардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.  

         Сондықтан да бүгінгі баяндамамды  А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "“ Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 423 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2018 5242
    • DOCX 123.6 кбайт
    • 167 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мангенова Асем Советжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мангенова Асем Советжановна
    Мангенова Асем Советжановна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28091
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 750 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 028 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе