Инфоурок Классному руководителю КонспектыЖаз мезгілінде өмір қауіпсіздігін сақтау жолдары

Жаз мезгілінде өмір қауіпсіздігін сақтау жолдары

Скачать материал

Бекітемін: ______________ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары  А.Х.Негаев

Тәрбие сабағы

Жаз мезгілінде төтенше жағдайларда қауіпсіздікті сақтау жолдары

Өткізілген уақыты

21.05.2016  жыл

9 "Ә" сынып жетекшісі

Еспентаева Клара Кумаргалиевна

Жалпы мақсаты

1) Оқушыларға жазғы демалыста өрттен, электр тогынан сақтану жолда жүру ережелері және өзен мен көлдің жағасында қауіпсіздікті сақтау ережелерін білу;

2)  Жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өміріне қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға  және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу;

3) Білім алушылардың  жаз мезгілінде табиғат апаты жағдайында болатын қауіпсіздік шаралары туралы ой- өрісін кеңейтіп білімін дамытып тереңдету

Күтілетін нәтиже

Өзінің және өзгенің жаз мезгілінде табиғат апаттары жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтай білу.

Сабақты өткізу әдістері

Миға шабуыл,  топтық жұмыс, оқушылар жобасының презентациясы

Ұсынылған ресурстар

Үлестірмелі материал,  плакаттар, сызбалар, маркерлер, кеспе қағаздар

Сабақ барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың  іс- әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қолданылатын ресурстар

7 мин

Кіріспе

Сәлемдесу: Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Шаттық алаңында сұхбат алу

Тренинг:

Су - беті мен қолын жууды бейнелеу;

Күн - басын алақанымен жабу;

Өрт  - шелекпен су құюды бейнелеу;

Электр тогы - киіммен орамалмен қасындағы оң жағындағы көршісін сол қолынан ұстау

 

    Мұғаліммен орыннан тұрып амандасады.

Шаттық алаңында сұхбат сұрақтарына жауап береді және

 тренингін орындайды.

 

формативті

Ноутбук

 

7 мин

Негізгі бөлім 1) Миға шабуыл

Топқа бөлу.

Нұсқау: 4 түсті стикерлер  бойынша топқа бөлу.

   Бейнекөрсетілім: "Жаз мезгілінде төтенше жағдайдалардан сақтану жолдары мен қауіпсіздік ережелері туралы"

Бейнекөрсетілім туралы  не айта аласыз?    Не ой түйдіңіз? 

     Оқушылар түстердің санаттары бойынша топқа бөлінеді (1-топ су, 2-топ күн, 3-топ өрт, 4-топ электр тогы).     Бейнекөрсетілім көреді.

Әр топтан бір оқушы сұраққа жауап береді

 

формативті

 

 

 

 

 

Стикерлер,

бейнекөрсетілім, ноутбук

 

7 мин

 

 

2) Топтық   жұмыс

 

 

 

 

 

Топтық жұмыстың ережесімен таныстырады.

 

 

 

Әр топ басшысы, баяндаушы, уақыт бақылаушы, бағалаушы оқушыны анықтап алады. Бейнекөрсетілім бойынша және үлестірілген мәтіндер мен суреттерді пайдаланып өз ойларын өмір қауіпсіздігін сақтау және қорғану амалдарын талқылап  өз ойларын постерге түсіреді.

 

формативті

 

3 плакат, мәтіндер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, желім, маркерлер, таймер, ноутбук

10 мин

3)  Қорғау

Әр топқа сұрақ қояды

Баяндаушы оқушы өз тобының жобасын қорғайды

шапалақтау

магниттер

2 мин

 

4) Сергіту сәті

«Макарена» сергіту биі

Сергу қимылдарын орындайды.

формативті

"Макарена" MP4

5 мин

5) Сұрақ-жауап

 Викториналық сұрақтар:

 

Әр топ сұраққа  тез жауап береді. Жауабын білмесе, басқа топ жауап береді. Дұрыс жауапқа стикер алады.

формативті

стикерлер

7 мин

Қорытынды

6) Кері байланыс.

 «Білем, білдім, білгім келеді» кестесін ұсынады.

 

Топтағы әр оқушы

«Білем, білдім, білгім келеді»

кестесі бойынша сабақтан алған әсерін жазады және оқиды.

формативті

«Білем, білдім, білгім келеді»

кестесі, стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаз мезгілінде төтенше жағдайларда қауіпсіздікті сақтау ережелерімен танысқандығы туралы

 

р/с

Оқушының тегі, аты, әкесінің аты

Таныстым, күні

Қолы

1

Биғалиев Ержігіт

 

 

2

Ғұбайдуллин Нұртай Нұрланұлы

 

 

3

Жасқайратова Айсезім Тельманқызы 

 

 

4

Зинетуллина Альбина Айдарбекқызы

 

 

5

Құрманғалиев Әли Ерболұлы

 

 

6

Мағзомова Шынар Дидарқызы

 

 

7

Нағым Бану-Сара

 

 

8

Нәсіпқалиева Инабат Бірімжанқызы

 

 

9

Нұржанқызы Сағыныш

 

 

10

Сатымов Бақытбек Нұржанұлы

 

 

11

Серикова Элеонора Мағауияқызы

 

 

12

Талапқалиева Аяжан Мұхтарқызы

 

 

13

Теміржанов Жандос

 

 

14

Төлегенова Гүлсезім Талғатқызы

 

 

15

Тулегенов Даулет Даниярович 

 

 

 

                                                                                                          Сынып жетекшісі:                  К.К.Еспентаева

 

 

 

 

 

 

Жаңақала мектеп-гимназиясы

Бекітемін:__________

директордың ТІЖ орынбасары А.Х.Негаев

21.05.2016 жыл

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:

"Жаз мезгілінде төтенше жағдайларда қауіпсіздікті сақтау жолдары"

9"Ә" сынып жетекші: Еспентаева Клара Кумаргалиевна

1 (ілгері ) деңгей мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Жаңақала, 2016 жыл

Өрттен сақтану жолдары

             Көптеген адамдар өртті өздеріне қатысы жоқ, немесе олардың кесірінен болмайтын нәрсе деп қарастырады. Алайда өрт жағдайларының жартысынан астамына адам факторы – отты пайдаланудағы бейқамдық пен абайсыздық себеп болып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барлығы білуі тиіс. 
Ең әуелі кез келген бейтаныс ғимаратқа кіріп бара жатқанда, жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы есіктердің орналасуына мән беріңіз. Егер де «Өрт!» деген айқайды естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, не болмаса жалын байқаған болсаңыз, өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз. 
            Сабырлылық пен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз. Жағдайға баға беріңіз, шын мәнінде қауіп төніп тұрғанына көз жеткізіңіз, оның қайдан пайда болғанын анықтаңыз, содан соң сабырмен, үрейге бой алдырмай қарама-қарсы бағытта есікке қарай жылжыңыз. Топ ішінде келе жатқанда, қартаң адамдарға жол беріңіз, байбалам салушыларды тоқтатыңыз. Қорқыныш салдарынан қозғала алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды, түсінікті түрде сөйлесіңіз. 
Тобыр ішінде қалсаңыз, шынтағыңызды бүккен күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге қойыңыз да, жұдырығыңызды түйіңіз. Кеудеңізді шалқайтып, аяғыңызды алға тіреп, тегеурінді арқаңызбен тоқтатуға тырысыңыз, сөйтіп алдыңызды босатып, асықпай жылжыңыз. 
Түтіні қалың жерлерге кірмеңіз! Заманауи ғимараттардың тұрғызылуында жанған кезде уытты заттар бөліп шығаратын пластик, синтетика көп пайдаланылады. Бірнеше рет тыныс алсаңыз-ақ болды, уланып өліп кетуіңіз мүмкін. 
Бөлмелердің, дәліздің түтінге толғанын көрген сәтте түтін жете қоймаған басқышқа немесе есікке қарай жүріңіз, тек лифтке кіруге болмайды. Өрт кезінде лифтті пайдалануға мүлде тыйым салынады. Қабырғалардан, тұтқалардан ұстаңыз, қол орамал немесе киім сыртынан дем алыңыз. Егер де түтін қоюлана бастайтын болса, еңкейіп немесе жер бауырлай жылжыңыз. Ал егер температураның жоғарылап бара жатқанын сезсеңіз, демек қауіпті аймаққа жақындап қалдыңыз деген сөз. Мұндайда ең дұрысы – кейін шегіну. 
Егер қалың түтіннің, жоғары температураның және өрттің кесірінен басқышқа немесе дәлізге шыға алмайтын болсаңыз, есікті мықтап жауып, тез арада кейін қайтқаныңыз жөн. Ал есіктің жарықтары мен желдету саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз. 
Түтіннің қалыңдығы қауіпті деңгейге жетіп, ғимараттағы температура тым артқан болса, есікті жақсылап жауып, балконға, лоджияға шығу керек. Суланған жапқыш немесе басқадай қалың матаны ала шығыңыз, өрт есік немесе терезе ойықтарынан өткен жағдайда сонымен қымтанасыз. Алайда бұл қорғаныш ұзаққа бармайды. Балкон болмаған жағдайдағы сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап, терезе алдындағы тақтайға (ернеуге) шығу. 
Егер де төменде өрт болмаса, ал бөлмеде қалу қауіп туғызса, өрт сөндірушілер басқышы арқылы астыңғы қабатқа түсуге тырысыңыз. Өзіңізді қорғау үшін өрт сөндіру жеңін де пайдалануға болады. Бір-біріңізді сақтандыра отырып, жеке-жеке қорғануға кеңес етеміз. Әрине, бұл өмірге қауіп төндіреді, алайда басқадай амал қалмайтын жағдайлар бар. 
Егер де түтіні қалың дәліз арқылы шықпақ боп шешсеңіз, (ал ол өте қауіпті), суланған қалың матаны жамылып, еңкейе немесе еңбектей қозғалыңыз. Қалың мата сізді түтіннен қорғайды және от жалындап, қызуы артқан шағын телімдерден секіріп өтуге мүмкіндік береді. Ал егер от толқынының өзіңізге жақындап келе жатқанын көрсеңіз, матамен басыңызды қымтап, ойланбастан жерге жата кетіңіз, бұл сәтте ішкі ағзаларыңыздың күймеуі үшін тыныс алмағаныңыз жөн. 

Электр тогынан сақтану

            Тұрғын үйлердің өртке қарсы жағдайын талдау олардың қауіпсіз қолданылуы негізінен электр жабдықтары, электрқондырғылары мен құралдарының техникалық жағдайына байланысты екендігін көрсетеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жалпы әдісі, сонымен қатар электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігінің жеке әдісі жану көзінің пайда болу қаупін, тез жанғыш ортаның, өрттің таралу жолдарының пайда болуын жоюды немесе шектеуді көздейді. Өрт қауіпсіздігі талаптарымен элетротехникалық және жылыту қондырғыларын құру мен пайдалану кезінде орындалатын ережелер белгіленген, оларды орындау өзіңді өрттің пайда болу қаупінен барынша қауіпсіздендіру мүмкіндігін береді. 
Электр құралдарын пайдаланған кезде: 
- электр қуатын қабылдағыштарды (электр құралдарын) оларды дайындаушы мекемелердің нұсқаулықтары талаптарына сәйкес келмейтін немесе ақаулығы бар болған жағдайларда қолдануға, сонымен қатар зақымданған немесе қорғағыш белгілерін жоғалтқан оқшаулаулары бар электр сымдары мен кабелдерін пайдалануға; 
- тежегіштердің балқығыш ендірмелері жанып кеткен жағдайда қолдан жасалған ендірмелерді қоюға болмайды, бұл барлық электр сымдарының қызып кетуіне, олардың қысқа тұйықталуына және өрттің пайда болуына әкеліп соғады; 
- ашық электр сымдарын бояуға немесе үстінен түс қағаз жапсыруға; 
- ақаулы ажыратқыштарды, розеткалар мен патрондарды қолдануға; 
- электр шамдарын жанғыш материалдардан жасалған абажурлармен жабуға; 
- жылу реттегіші жоқ немесе ақаулы электр жылытқыш құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
          Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуін, олардың қатты қызып кетуі мен өтпелі қарсылығын болдырмау үшін жоғары қуатты бірнеше электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды. 
Жиі түрде өрттің себептері - қосылып, қараусыз қалған электр жылытқыш құралдарының (электр плиталары, су қайнатқыштар, каминдер, үтіктер, грелкалар) жанында орналасқан жанғыш заттардың тұтануы болып табылады. 
          Қосылған электр жылытқыш құралдары жылуды сақтайтын жанбайтын қойғыштарға орнатылуы қажет. 
Сымдардың оқшауларының кеуіп кетуі мен зақымдалуының алдын алу үшін оларды жылитын жерлердің (пештер, түтіндіктер, жылыту батареялары, т.б.) бетімен жүргізуге болмайды. 

 

 

 

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

 Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және дұшпаның». 

 Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау  үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн: 
 
  I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
    - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
     - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
 
     - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
 
     - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
 
     - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
 
     - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
 
     - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
 

  II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері 
     Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.    

  III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз 
      Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. 
     - егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
 
     - Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
 
   - Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
 
     - Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.  

  IV.   Су иірімінен шығудың тәсілдері 
      - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз. 
      - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
 
      - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
 
  

  V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет 
       Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады. 
      - Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
 
     - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
 
     - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
 

VI. Суық судың қауіптілігі 
     Суық суға түсіп кеткен адам  10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс    болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық   суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады. 
Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас  күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60
 
минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3
 
минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады.
Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.     

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек 
     Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше  тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар. 
     - қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын  судан босатуға кірісу;
 
     - қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің  әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.
 
      - Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.
 
     - Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - «ауыздан - ауызға» немесе «ауыздан  - мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып  екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.
 

 Есте сақтаңыздар!  Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаз мезгілінде өмір қауіпсіздігін сақтау жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 423 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2016 15396
    • DOCX 31.7 кбайт
    • 303 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Еспентаева Клара Кумаргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 89446
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 750 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 028 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе