Инфоурок Директору, завучу КонспектыЖелтоқсан жаңғырығы -жадымызда» тәрбиелік іс-шара

Желтоқсан жаңғырығы -жадымызда» тәрбиелік іс-шара

Скачать материал

1.Бейнеролик (10-15 минут) (Бейне ролик біткен соң сахына ашылып,хор орындаушылары тұрады)

2.Хор «Желтоқсан желі»

3.Ләззат Асанова монологы ( Лаззаттың бейнесі қойылған ескерткіш, гүл алып анасы шығады.Анасының сөздері айтылады.Ескерткіш сөйлегендей сахна сыртында бір оқушы Лаззаттың монологын оқиды).

4.Ән:  «Ләззат қыз»               

5.Оқушы:)(Оқушы сахна сыртында оқиды) - 1991 жыл 1желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін бүкіл халықтық сайлау өтті.Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында

Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

     1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСРО-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің 7-ші сессиясында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.

     Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар - елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу,көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану.Ал, сыртқы саясаттағы басты мақсаты - Қазақстаннның бүкіл дүние жүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау.Республика халқының ерік –жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.

                                   

 (Фанфар ойнайды)

 

1-жүргізуші: - Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсан жаңғырығы -жадымызда» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

 

2-ведущий: - Добрый день, дорогие друзья, уважаемые учителя и гости праздника! Мы рады приветствовать Вас в этот торжественный час в нашем зале. 16-го декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День Независимости! 


АӘД пән мұғалімі : -Түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортаға кіргізілсін!

 

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
                                         

                                            Әнұраным – жан ұраным

                                            Айтар әнім – сөйлер сөзім

                                            Туған жерім – сағынарым

                                            Мәңгі бақи шақырады.

                                            Республикам әнұраным!

 

                            (Әнұран орындалады)

1-жүргізуші: - Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп

оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз. 
 

2-ведущий : - Основной целью приема в «ЖасҰлан» является повышение общественной социальной, познавательной и творческой активности школьников. Его задачи реализация социально-значимых инициатив, обогащение и развитие социального опыта учащихся школ; реализация воспитательного потенциала школ. 

Ұланбасы: (Топбасшылары сапқа тұрғызылады) -Топ басшылары, Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

Жолдас мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының аға тәлімгері, мектеп оқушы Президенті - ________________ топ басшыларымен салтанатты жиынға дайын.

Тәлімгер: - Топ басшылары, мәлімдеме қабылданды. Еркін тұр!

 

1-жүргізуші: - Еліміздегі барлық балалар мен жасөспірімдерді бір тудың астына біріктіру мақсатында құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына аз уақыт болса да, өз биігіне жетуге ұмтылуда. Біз өз достарымызды ұйымымыздың қатарын толықтыруға шақырамыз.

 

(Музыка ойнап тұрады)

 

«Жас ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды қошеметпен ортаға шақырайық!   

                                                                                                                                         2-ведущий :- К принятию торжественной клятвы Республиканской общественной организации единая детско – юнешеская организация «Жас Ұлан» приготовится.

 

   2-ведущий :- Право прочесть клятву Единой детско-юнешеской организации    

   «Жас Ұлан» предоставляется Призиденту школы ученице ...........

              

                         ( Барлығы бірге айтады.)

МЕН! (қабылданатын оқушылар өз аты-жөндерін айтады)

Оқушы Президенті: - Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:

1. ҚР патриоты болуға;

2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

 3. Отанымызды мақтаныш етуге;

4. Ата-ананы қадірлеуге;

5. Білімге ұмтылуға;

6. Салауатты өмір салтын ұстануға;

7. Табиғатты аялауға;

8. «ЖасҰлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;

9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

       АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН.

                                  (Фанфар ойнап тұрады.) 

 

1- жүргізуші: -Төрімізде отырған мектеп директоры _____________________, Оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________________, Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ___________________ «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымының оқушыларына галстук тағуларына рұқсат берейік.

 

ҰЛАНБАСЫ: Ұйымның аты – «Жас Ұлан»!

 

ҰЛАНБАСЫ: Ұйымның ұраны:

 

«Нұрсұлтан, Жас Ұлан, Қазақстан»

 

(Әнұран «Жас Ұлан» орындалады)

 

1- жүргізуші: - «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданған оқушыларымыз осы ұйымға лайық деп санаймыз. Жасұландықтарға шығармашылық табыс тілейміз.

АӘД пән мұғалімі : -Түзел! Тік тұр!

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы  шығарылсын!

 

(Фанфар ойнап тұрады.)

 

1-жүргізуші: - Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
                          Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
                          Ғасырларға жалғастырып елдікті 
                          Дақ түсірме ата баба рухына 
                          Үлгі бізге аталардың ерлігі 

 

(Мерекелік бағдарламамыз өз жалғасын табады).

(Фанфар ойнап тұрады.)

 

Ән: «Жаса, Қазақстан»   

2-ведущий. 

Казахстан – земля родная, 
Очень любим мы тебя. 
Море, горы, даль степная – 
Это Родина моя!

 

Песня:  «Мой Казахстан»       


1- жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің 
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 

              

                Қазақ биі

 

1- жүргізуші

-Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,

 Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
 Болашаққа даңғыл жол салып берген,
 Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.

 

2-ведущий

-У казахстанского народа путь к незовисимости и свободе был тернистым и       

  долгим. Много веков понадобилось нашим предком, чтобы    

  засилить,освоить,защитить родную землю от врагов и передать ее в   

  наследство нам ,ныне живущим.

 

1-    жүргізуші:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн. 

 

«Қара бауыр қасқалдақ»   

 

         2-ведущий Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое         

         слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом

         мы понимаем нашу школу, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу    

         огромную Республику Казахстан.

 

         1 жүргізуші: - Отан –әр адамның жүрегіне жақын, жылы, киелі сөз.Отан   

         дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған –туыстарымен бірге тұратын   

         атамекені.Сондықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті, киелі ұғым –   

         Отан!

 

          Ән: «Менің Отаным»      

 

1- жүргізуші:

-Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
 Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
 Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
 Таныды тепе - тең деп тереземді. 
 Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
 Әнімде бес құрлықтың бәрінде айтам. 

 

          Ән:  «Нұр аға»       орындайтын: Хор

 

2-ведущий

Ты выстрадал, мой Казахстан, не мало,

Но стал свободным и сейчас.

Здесь равноправны все народы,

Народ единственная власть!                                                                                            

 

           Ән: «Қазақ жастары»   

 

(Көгершіндер, әр ұлт өкілдері шығады)

 

         2-Ведущий: Мы ещё раз поздравляем всех с праздником – Днём   

         Независимости нашего родного Казахстана! Желаем всем мирного неба над    

         головой! Достатка вашим семьям! Живите в дружбе и согласии!

 

         1-жүргізуші:Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі          

         тәуелсіздігімізге 24 жыл толуына орай өткізілген «Желтоқсан жаңғырығы- 

         жадымызда» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.           

 

Қазақ елім!Туды жастын дәуірін.

Алғандайсың жұлдызының жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын,қымбаттым.

Туған  күнің құтты болсын,алыбым!

                           Келесі кездескенше,Қымбатты достар!


 

     «Жезді аралас жалпы орта білім беретін мектеп интернат» КММ

 2015-2016 оқу жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 24 жыл  

             толуына арналған мерекелік іс-шаралар қорытындысы.

 

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 24 жыл тоуына орай мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілді.

     «Ұлы Дала елі-Мәңгілік ел!» атты желтоқсан оқиғасы мен тәуелсіздігімізді айқындайтын кітаптар көрмесі мектеп кітапханашысы мен мектеп белсінді оқушылары арасында,өлеңдер оқудан сайыстар ұйымдастырылды.Белсенділер оқушыларға әрбір кітаптың шығу тарихы мен авторлары туралы қызықты ақпараттар берді.Бастауыш сынып оқушылары өз шығармаларынан суреттер салып көрме ұйымдастырды.       

      «Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы», «Желтоқсан желі» атты әдеби-монтажды ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Ата-аналар мен оқушылар бірігіп өткізілген іс-шаралар өте ауқымды өтті.Бастауыш сынып оқушылары өздері жүргізушілік ете отырып,оқушылар тәуелсіздігіміздің құрбандарын еске алуға бір минуттік үнсіздік жариялаудан бастап,бейнебаяндар көрсету арқылы оқушылар санасына көптеген тарихи оқиғаларды айта отырып,өздері дайындаған көрініс,ән,өлең шумақтары мен билерін ортаға салды. Ата-аналар оқушыларға Тәуелсіздік жолындағы қиыншылықты өздері бастарынан өткергендіктері туралы,енді бұндай жағдайдың қайталанбауын,бейбіт өмір сүруімізге тілектес екендіктерін оқушыларға айтып берді.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай спорттық іс-шаралар

шахмат,тоғызқұмалақ,баскетбол ойындарынан оқушылар мен мұғалімдер бірігіп атсалысты. Шахмат пен төғызқұмалақ ойындарынан мектеп оқушылары өз дәрежелерін көрсетті.5,6,7,8 сынып оқушылары сайыс нәтижелері бойынша сыйлықтарын тең бөліп алды.Атап айтсақ,1-орын,Алшынбек Асылхан 6 «А»,

2-орын,Алшынбек Мейірхан 5 «А»,3-орын, Шәкей Әбубәкір 6 «А»,ынталандыру сыйлығы Дихан Нұржан 5 «А» сынып оқушылары шахмат ойындарынан алға шықса,шашки ойындарынан 1-орын, Сұлтанбек Ақтілек 6 «А»,

2-орын,Игіліков Ислам 6 «А»,3-орын,Мұратбекова Айым 6 «А»,ынталандыру сыйлығына Мұханбетқалиев Құдайберген 5 «А» сынып оқушылары иеленді. Үйірме жетекшісі Ажибеков Зейнулла мұғалім. Тоғызқұмалақтан өткен жарыс нәтижесі бойынша  Мұратбекова Айым 6 "А" 1-орын,Абдуғалиева Томирис

6 «А» 2-орын,Алшынбек Асылхан 6 «А» 3-орын иеленсе,Атлас Аружан,Төлеутай Әділхан,Шәкей Әбубәкір сынды оқушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.Үйірме жетекшісі Сұлтанбекова Асем Ашықбаевна.

       «Біз -Тәуелсіз  ел ұландары!» атты сурет көрмесі байқауында 5-6-7 сынып оқушылары суреттер салып қатысқан болатын. Оқушылар өз ойларынан шыққан туындыларын көпшілікке ұсынды. Өте жақсы деп 2 сынып оқушысы

Токарева Аделина және 6 сынып оқушылары Мұратбекова Айым,Төлеутай Әділхан,Игіліков Ислам,Алшынбек Асылхан сынды оқушылардың жұмыстары жоғары бағаланды.

 

 

    «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» атты мектепішілік концерттік бағдарлама өтті. Осы бағдарлама аясында оқушылар «Жас ұлан» ұйымының қатарына қабылданды. Барлық сынып оқушылары мен мұғалімдердің атсалысуымен өткен бұл іс-шара өте жоғарғы деңгейде өтті.Бейнебаяндар көрсетіліп,желтоқсан құрбандарын еске алып,Лаззат Асанованың монологы оқылды.Мектеп тәлімгерлері оқушы Президенті мен топ басшыларын сапқа тұрғызып, «Жас ұлан» ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімін өткізді. Қабылданған оқушылармен бірігіп,оқушы Президентінің көмегімен Ант қабылдады. Ұйымның ұраны мен әнұранын шырқады.Мектеп директоры,оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар оқушыларға төсбелгі мен галстук тақты,құттықтау сөз сөйледі. Алғашқы әскери пән мұғалімінің көмегімен ортаға ту әкелінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

     

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

   

 

 

   

 

 

 

   

 

 

 

 

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Желтоқсан жаңғырығы -жадымызда» тәрбиелік іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2016 1798
    • DOCX 190.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бримжанова Шолпан Дихановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бримжанова Шолпан Дихановна
    Бримжанова Шолпан Дихановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1898
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Защита информации и защита персональных данных

72/144/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 317 человек

Курс повышения квалификации

Повышение квалификации работников транспортной безопасности

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Фотография как искусство: от истории до современных тенденций

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек