Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЖоба жұмысы «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы»

Жоба жұмысы «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы»

Скачать материал

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «СҚО бойынша педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институты»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоба жұмысы

«Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Орындаған: Кусаинова А.К.

Тексерген:Сексембаева А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл

2017 жыл

 

 

МAЗМҰНЫ

                                                                                                                                                                                      

 

 

1.     Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... .... ..... ..... ... .... ...3

2.     Дидактикалық ойындардың негіздері..... ...... .... .... ..... ...... ......4

3.     Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:...5

4.     Ойын арқылы  балалардың  қарапайым математикалық 

түсініктерін қалыптастыру..... ...... ..... ....... ....... ....... ....... ....... ..7

5.     Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар.. .... .... ......... .....6-9

6.     Ересек топ балаларына арналған ойындар.. .... .... .... ..... ..... 9-11

           8.  Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................. 19

 

 

7.     Қорытынды ....................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл өз бетінше әрекет ететін бастамашыл өз мүмкіндігін біліп, өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымда «Таным» білім беру саласы бойынша математика оқу –іс әрекетінің маңызы зор.

Бұл саланың мақсаты:қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру. «Таным» білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлау туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.

Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.

Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салуымыз керек. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, ол тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға  ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».

Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар. Осы жөнінде Аристотель былай деген: «Кез келген іс әрекеттің сәтті болуы екі шартқа байланысты: Түбегейлі мақсатты дұрыс анықтау, белгілеу. Осы мақсатқа қол жеткізетін тиімді тәсілді қолдану».

 

 

Зерттеудің өзектілігі: Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер  мектеп жасына дейінгі тәрбиеге  ерекше мән беруді талап етір отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына  дейінгі  балалардың қарапайым математикалық  түсініктерін қалыптастырудың  теориялық негіздері мен әдістемесін  меңгертуде аталған пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні  мамандыққа байланысты негізгі пән  болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әртүрлі жас  топтарында оқытудың  мазмұны мен формалары, балалардың математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай  өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі  педагогикалық ғылымдар  жүйесінде  мектеп жасына дейінгі балаларды  мектептегі іргелі пәндердің бірі-  математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп,  элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі  өз бетінше ғылыми оқыту саласы болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдісетемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді, сонымен қатар, әдістеменің алға қойған мақсат-міндеттері айқын.Математика қазіргі кезде ғылымда, техникада, бейнелеу өнері, музыка мен экономикада және т.б. адам қызметінің барлық салаларында да жан – жақты қолдау тапқан. Математика өзінің даму тарихын ықылым заманнан бастап,  өркениеттің табыстарын паш етіп қана қоймай, оның өркендеуіне де мол үлес қосып келе жатқан ғылым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер   екенін білеміз. Республикамыздың  «Білім туралы» заңында  білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық  және жалпы ұлттық азаматтық  құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды  қалыптастыруға, дамытуға, білімін бекітуге бағытталған. Сонымен қатар, жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау керек екендігі жайлы айтылған. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру – балаларда сатылап жүретін күрделі процесс. Яғни,  бұл тақырыпта  ересек тобындағы  балаларға қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдала  білуі. Бұл тақырыпты  таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделей келе сол зерттеген біліммім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Математиканы балаларға  үйретпестен бұрын оларға математикалық маңыздылықты түсіндіруіміз қажет. Және математика тарихын білуіміз қажет. Сол себепті математиканы зерттеген адамдардан бастау алған жөн. Сандар мен санау жүйесін ерте бастан – ақ  зерттеген  болатын. Соларды айтатын болсам; Аристотель, Магницкий, Грубе, Евтушевский, Тихеева т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор. Дәл осындай зерттеулерге байланысты математика ғылымдарын толығымен қарастыра отырып, зерттеу жұмысымның барысында  осы жайттарды толығымен қарастырамын.

Зерттеудің мақсаты: Бұл қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер атты  тақырып бойынша балаларға   қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдіс – дидактикалық ойындар арқылы математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру. Ересек тобы балаларына қарапайым математикалық  түсініктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдалану оларды ұйымдастыру түрлері   осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу пәні: «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы»

Зерттеу объектісі: Балабақшадағы ересек тобының  балалар

Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңнен тұрады.

                            

1.     кезеңде :  балабақшада ересек топ балаларына  қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудағы әдістер бойынша теориялық материалдарды зерттеу, қарастыру.

2.     кезеңде:   Осы тақырыпқа байланысты жинақталған материалдарды  пайдалана отырып, әдістеме бойынша жұмыс жүргізіліп, ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін жүзеге асыру.

3.     кезеңде:     Алынған теориялық мәліметтер бойынша  ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізуге  тәжірибелік – эксперимент жұмысын жүргізіп,  оларға талдау жасау. 

Міндеттері:

1.Ересек топ  балаларына дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жолдарын айқындау

2.Қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру  дидактикалық ойын барысында  әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданудағы  ерекшеліктер. 

3.Математикалық түсініктерді  қалыптастырудағы дидактикалық ойындар түрлерін анықтап ұйымдастыру түрлерін қарастыру.

 

Дидактикалық ойындардың негіздері.

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didacticos – үйретуші, didascalos – мұғалім деген мағынаны білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика ойындар сонымен бірге кішкентай баларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойындар балалардың ойын әрекетіне тән құрылымы элементтерінің бірі: ой – ниет, мазмұн, ойын әрекеттері, ереже, нәтиже бар. Дидактикалық міндеттін болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдылық әрекетін дамытуға бағытталғаның атап көрсетеді. Дидактикалық ойындардың зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсендігін дамытатындай.

Дидактикалық ойын элементтерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және өз тарапынан, ойын әрекеттерінің сипаты мен тәсілін белгілейді, балалардың мінез – құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым – қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс- әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды. Ойын ережелерін үйретуші, ұйымдастырушы және тәртіптендіруші сипаты бар. Үйретуші ережелер баларға не істеу, қалай істеу керек екені ашып беруге көмектеседі, олар ойын әрекеттерімен үйлес болады, оның ролін күшейтеді, орындау тәсілін анықтайды. Ұйымдастырушы ережелер ойынның тәртібін, жүйелілігін және балалардың ойындағы қарым – қатынасын белгілейді. Тәрбиеші ережелер нені және неге істеуге болмайтынын ескертеді.

Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте – бірте меңгереді. Соларды бағалай отырып, олар өзінің және жолдастарының ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым – қатынастардың дұрыстығын бағалайды.

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.     Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық – оңай жолымен, қажеттілер – қызық жолымен беріледі.

2.     Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3.     Ойын – болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді...?” , “Мен не істер едім, егер...” деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

4.     Ойын – жұмбақтар. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.

5.     Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым – қатынасын негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындар мынадай түрге жіктеледі:

1.     Сюжеттік – рольдік ойындар.

2.     Жаттығу ойындар.

3.     Драммалық ойындар.

4.     Шығармашылық ойындар.

5.     Әдеби – музакалық ойындар.

Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандайда бір мақсаттары мен міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұлылдыру, ерікті зейін қою, ой – күшін жұмсау, ережені ой енігінен өткізе білу, іс - әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.

Мақсаты:

1.     Бала ойының құрылымы бойынша негiзгi математикалық түсiнiктердi (сан, есеп, пiшiн, көлем, бағыт) бiлуi қажет.

2.     Бала қандай да бiр нақты математикалық жағдайда дидактикалық ойындардың шарттарын пайдалана бiлуi керек.

3.     Баланың пайдаланылатын дидактикалық ойындар жайында түсiнiгi болуы қажет.

Мiндеттерi:

Мектепке дейінгі балаларда танымдық процесстерiн (зейiн, есте сақтау, ой-өрiсiн, қиял, қабылдау) негiздерiн дамыту.

Ойын арқылы  балалардың  қарапайым

математикалық  түсініктерін қалыптастыру

         Ойын туралы ұғым.Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі, ересектермен, өз қатарластарымен қарым - қатынасты тиімді жасауы педагогикалық-психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Балалардың жас ерекшеліктеріне қатысты психологиялық дамуы, осыған қатысты оқыту-тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар,зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иоган Хейзингтің «Ойыншы адам»,  Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы»,  Әрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев,  И.П. Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. Сонымен қатар, ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: P.M. Жуковская, Д.В. Менджерицкая, Т.А. Маркова, Н.Я. Михайленка т.б.
     Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс-әрекеттің мақсат бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағымен, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл-ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі.
      Балалық шақ ойыннан бөлінбейді. Мәдениетті балалық шақтың мәні көп
болған сайын, соғұрлым ойын да қоғам үшін маңызды болады. Балалықты
танудың оған әсер етудің және балалық шаққа енудің бірден-бір әдісі ол –
ойын.
     Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес, ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б.
     Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қорғауды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта: «Баламен ойнама шаршайсың», «Бала - щапшаң, бала - ұрыншақ» , «Ойнай білмеген, оймен білмейді» - деп тегін айтылмаған.
        Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға, тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қимылдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады .
М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде ойына мынадай мән
берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады». Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала жанындағыны
әсерлене пайдаланады. '
       3-5 жас арасы анатомиялық, физиологиялық жағынан қауырт қимыл әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организімі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнаса да шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны, олардың өмірге бейімделуі.
     Бұл жөнінде көрнекті психолог, профессор А.В. Запорожец: «Біз дидактикалық ойын жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, Н.К.Крупская «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында  А.С.Макаренко ойын мен бала еңбегінің арасында заңды байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан  А.С.Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп тұжырымдайды. М.Горький         «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады» ,  дегені мәлім.
2. Ойынның түрлері мен рөлі. Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
    Бала бақшада ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ, олар:
1. Дидактикалық ойындар.
2. Сөздік — дидактикалық ойындар .
3. Ролъді сюжетті ойындар .
4. Драмалық ойындар.
5. Шығармашылық ойындар.
6. Әдеби – музыкалық ойындар .
       Осылардың ішінде дидактикалық ойындардың маңызы зор. Әрбір мұғалім сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатынын күні бұрын сабақ мазмұны мақсатына сай лайықтап алғаны жөн. Өйткені мектепке келген балалар үшін қызықты әрекет бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол ұйымдастырылған педагогикалық процеске еңгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның дамуы мен орнығуы оны нақ осылай тәрбиелеу құралы ретінде пайдалануға көп байланысты.

Дидактикалық ойындар

Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:

1. Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);

 2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;

3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, баланың бойында оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті. Ойын барысында баланың көңіл – күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйренуі, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойындарды сабақта қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын , математикалық қабілеттерін дамытады, сабақтың сапасын арттырады.               Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.

Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады. Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық психикалық үрдістерін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі. Баланың логикалық ойлау қабілетін, дағдысын, білуге құштарлығын, ойлаудың қарапайым тәсілдерін дидиактикалық ойындар арқылы дамытып ,көздеген мақсатымызға жете аламыз. Мысалы: Балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындай пішінді тап», «Салыстыр да, атын ата», «Үлкен - кіші», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бет орамалға лайық жамауларды табу», «Таныс пішіндер доминосы» , «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сипаттамасы бойынша тап», «Тәулік бөліктері», «Жұмбақ ойла», «Доппен ойнау», «Сөзді жалғастыр», «Қанша - сонша».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр»,«Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық еттерін дамытады.

 Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

• Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық – оңай жолымен, кісіге көмектесу, немесе жоғалған затты табу сяқы. т.б

• Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттерді, әрекеттерді бір нәрсені болжауға, орындауға негізделеді.

• Ойын – болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді...?” , “Мен не істер едім, егер...” деген сұрақтарға негізделеді.

 • Ойын – жұмбақтар. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.

 • Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым – қатынасына негізделеді.

          Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшелінеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді. Олардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру үшін де,тілін дамытып, грамматикалық құрылысты білдіру үшін де, айналадағы дүниені таныстыру үшін де, ойын әдістері қолданылады. Әр қашанда ойынның басшы рөлін тәрбиеші атқарып отырады. Ойын барысында балалардың еркін қарым–қатынас жасай алуын, сұрақтардың жауабын тілектеспен тыңдай алуын қарастырып отырады. Ойыншықтарды, керекті құралдарды салыстырмалы түрде, үйлесімді және балалардың үнемі талдау жасай алуына, өз қорытындыларын жасай алуға және дұрыс тиімді таңдай алуға болатындай етіп жағдай жасау. Баланың жеке-дара келу үрдістеріне келетін болсақ, олар ақыл- ой дамуының әр түрлі дәрежелерімен ерекшеліктерін біз білеміз.Сұраққа жауапты бірі тез табады,екіншісі ұзақ ойланады, бірі білімді тез меңгереді, екіншісі баяу қабылдайды. Тәрбиеші жұмысын балалардың осындай жеке -дара ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастырады. Біз тәрбиешілер аталған дидактикалық үрдістерге жеке көңіл бөлсек, оқыту ісінде жақсы нәтижелерге жете аламыз.

     Көпшілігінде балаларды жарыстыруға берілген ойындар балалардың белсенділігін арттырады. Мысалы,  санауға үйрету ойындары: «Қай цифр жоғалды?», «Қанша?», «Қатесін түзе», «Цифрды алып тастаймыз», «Не өзгерді?», «Кім бірінші атайды?», «Қай ойыншық жоғалды?». Ойын баланы шапшандылыққа, тез ойлауға баулиды. Балабақшада оқыту кезінде төмендегі тарауларда әртүрлі ойындар өткізіп тұрамын.
        Ұйымдастырған оқу іс - әрекет кезінде ересек балалардың  ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға жасалған оқу іс әрекетін баяндап кетсек.

Тақырыбы: «Көңілді марғаулар»

 

Іс-әрекеттің мақсаты:

1. Балалардың образдық қабылдау мүмкіндіктерін дамыту, басқа кейіпке түсе білуі, гриммен жұмыс істеу-арттерапия тәсілдерін қолдану.

2. Балаларды белсенді ойын іс-әрекетке қатыстыру, музыкалық және әдебиет тәсілдерді қолдану.

3. Ұжымдық жұмыстың белсенділігін көрсету, сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану (саусақты кескіндеме).

4. Қиялды елестетуді дамыту, суырып салуды қолдану.

5. Балалардың көңіл-күйін көтеру.

 

Іс-әрекетке дайындық.

- Мысықтардың суреттері.

- Грим және мақта таяқшалары немесе косметикалық қара және қоңыр қарындаштар, гримді сүртетін сүлгі.

- «Құралдар» шулы оркестрге арналған (түрлі салымдары бар қорапша , суы бар ыдыс, қағаз) барлығы әдемі безендірілген үлкен қорапшада.

- Себетке салынған түрлі-түсті орама жіптер (ақ, қара, көк, көгілдір, жасыл, сары, қызыл, қоңыр)

- Суретке: «аквариум» фоны ұжымдық жұмысқа арналған, қызыл, сары, қызғылт сары, көк түсті гуаштар дымқылдатылған губкалар.

- Сулы сүлгілер қол жууға арналған су құйылған екі ыдыс, сүлгілер.

- Мысықтардың суреттері бейнеленген календарь сыйлыққа

- Үнтаспа: «Марғаулардың биі» . «Көңілді тышқан».

- Дәм татыру -  кешені – «балықтар» (печенье)

 

Іс-әрекет жоспары және жүргізу тәсілдері.

 

1.Тәрбиеші балаларды кілем үстінде шеңбер жасап отырғызады да балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:

Шықпайды үйден

Тоны жібектен

Күндіз ұйықтайды

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады

Сол аңды үйден табады

Білдіңдер ме, бұл - ........ мысық.

 

Тәрбиеші мысықтың суреттерін көрсетіп әңгімелейді.

 

   Мысық – ол ең сүйікті үй жануарларының бірі. Бұл таңқаларлық жануар; тәуелсіз және тәкккәппар; мейірімді және сүйкімді, ақылды. Сендер білесіңдер бұл (Мяулайтын) пырылдауық жануарларды. Бір-біріне ұқсас мысықтар жоқ. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мамығында және көздерінің түстерінде, мінездері де әртүрлі. Ұзын мамықты және мамығы қысқа мысықтар болады.. Мысықтардың қасы мен мұрттары оларға иістерді сезуге көмектеседі. Құйрығы мысықтың көңіл-күйін көрсетеді. Байсалды, ойыншыл және ашулы.

 

 Мысықтар жүгіруді, ойнауды жақсы көреді. Олар тамаша аңшылар. Олар нені аулайды? (балалардың жауабы).

Мысықтар не жегенді ұнатады?

 

     Мысықтар өте ақылды жануар, көбін біледі. Мысықтарды аңшылыққа, жуынуға, ойнауға кім үйретеді, білесіңдер ме?

(Балалардың ойлары).

Марғауларға балабақша, мектеп жоқ, оларды Мысық-ана кішкентай кезінен үйретеді.

 

    Мысық-ана өз марғауларын қалай үйрететінін білгілерің келе ме? Ендеше мысықтарға айналамыз, мен Мысық-ана боламын, ал сендер менің тәртіпті, ақылды, көңілді марғауларым боласыңдар.

 

     (Тәрбиеші айнаның алдында гримм жасап, мақталы таяқшамен мұрнын және мұртын салады. Балаларға да гримм жасауды ұсынады).

 

-  Міне біз марғаулармыз.

«Мысық-ана күні бойы марғауларын үйретеді,

Мысық-ана сияқты әр марғау мұртты»

 

Марғау (баланың аты) –

 

- Ең аппақ

- Ең қайсар

- Ең таза

- Ең жүйрік

- Ең мамықты

- Ең тырнақты

- Ең мұртты

- Ең ала денелі! Т.с.с. (барлығын мадақтау!

Мысық-ана барлығының бастарынан сипайды.

 

Ойын ойнауды ұсынады: кілемге жатып ішінен арқасына домалап айналу; аяқтарын жоғары көтеріп ойнау; артқы аяқтарына отырып, құлақтарын қасу, өз құйрығымен көңілді ойнау. Марғаулар шаршады, доп-домалақ болып, шумақ жіп құсап оралып ұйықтап қалды. Оларға жылы пеш пен тәтті сүт түстеріне кіреді. Марғаулар ләззәттана пырпырлайды: Мур-мур, мур-мур.

 

-         Марғаулар, тұрыңдар, ояныңдар! Бізді қызықты оқиғалар тосып тұр!

 

2. Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды.

 

- Менің марғауларым жүгіруді, секіруді, ойнауды, әрине билеуді де қатты ұнатады!

 

-Кәнекей, балақайлар, 1,2,3,4,5 бұйрығымен көңілді би билейміз!

 

«Марғаулар биі» билейді (әні мен сөзі М. Картушкиной)

Тырнақтарымен тырнайды, жуынады, сүт ішеді, торғай ұстайды, секіреді орнында тұрып т.б  Тәрбиеші әрі қарай әр түрлі жүрістерді көрсетеді.

     Мысық-ана: « Марғауларды жақсы биледі» - деп мадақтайды.

 

Жұмбақ шешу

 

Үстел астында футбол добы

Марғаумыз біз өте шапшаң,

Жіптен жасалған.

Допты ол табанымен жүгіртеді,

Бұл доп – бауырсақ, аты оның....   шумақ!

 

Марғауларым, қараңдаршы, менің себетімде қанша түрлі-түсті жіптен жасалған шумақтар жатыр, барлық жіптер оратылып қалды. Маған сендердің көмектерің  керек, мына оратылған жіптерді түсіне қарай жинап беріңдерші.

 

Марғауым...(Таня), сенің жібің қай түсті? Ал сен, Саша, марғауымда қай түсті жібің? (әр балаға осылай сұрақ қою).

 

- Ойын: «Түсіне қарай жина» ( 1жіптер  бала санынан артық болуы керек). Балалар өз жіптерін тауып жинайды.

 

- Рахмет, мақұл, марғауларым. Табандарың қандай икемді. Тез арада жіптің жұбын тауып жинап бердіңдер. Жарайсыңдар!

 

4. Тәрбиеші балалардың назарын үлкен әдемі безендірілген қорабқа аударады.

 

- Марғауларым, қараңдаршы, қандай әдемі, үлкен қорапша!

 

 Мұнда не бар екен? Көрейікші! Бұл не? (шулы аспаптарды алып шығады)

 Бұл мысықтардың музыкалық аспаптары, олар шуылдайды, бүлкілдейді, тарсылдайды (тәрбиеші әрбір аспапты ойнатып көрсетеді, балалар мұқият тыңдайды).

 

- Бұл аспаптарда ойнағыларың келе ме?

Кәнекей, үлкен мысықтар оркестрін ұйымдастырайықшы. Өздеріңе ұнаған аспаптарды таңдап алыңдар. ( бала санына қарағанда, 1 аспап артық болуы тиіс). Музыка ойналған кезде, бізде ойнауды бастаймыз.

 

- «Шулы оркестр» (үнтаспа «Көңілді тышқан»)

- Қандай көңілді ән болып шықты! Тамаша!  Менің марғауларым жақсы ойнауға тырысты.

 

- Мына шыққан әнге қандай мінездеме бересіңдер? (Балалардың жауабы).

 

5. Тәрбиеші балаларды сурет салуға үстел басына шақырады.

 

- Мына тағы бір  жұмбақтың шешуін табыңдаршы!?

 

«Үстел үстінде шыны көл, онда балықтар тұрады» (Аквариум)

 

Барлық мысықтар аквриумдағы балықтарды бақылауға ұнатады: олар шомылады, жүзеді, үстіне және астына сүңгиді....

 

- Марғауларым, қараңдаршы, балалар қандай үлкен аквариумның суретін салған (үлкен ақ қағазға салынған аквариумның суреті – бұл ұжымдық жұмысқа салынған фоны (реңі))

 

-         Бұл аквариуда не бар екен? (Су , балбыраулар, ұлу, тастар). Не жетіспейді мұнда? –

-          (Балықтар).

-          

Балалар аквариумды салуға күштерін аямады, бірақ балықтарды салуға уақыттары жетпеді, өйткені серуенге шығып кетті.

Ал марғаулар сурет салуды ұнатады ма?

 

 Менің марғауларыма сурет салу қатты ұнайды, бірақ қылқаламмен емес, табандарымен. Үйретейін бе сендерді?

 

(Тәрбиеші тәсілімен таныстырады: алақанымызды қосылған саусақтарымен бояуға малынған губкаға бастырамыз, содан соң аквариумға алақанымызды жапсырамыз. Міне балық болып шықты. Бірақ оның басы қайда? Құйрығы ше? Балық жақсы жүзу үшін саусағымызбен оған жүзетін құйрығын жасаймыз. Бізді балық көруі үшін саусағымызбен оған көз жасаймыз.

 

(Балалардың жұмысы. Көмектесу)

 

Аквариумды тамашалаймыз.

 

-         Қанша әдемі балықтар тұрады біздің аквариумда? Олар түрлі-түсті, әдемі, көңілді.

-          

Біздің балықтарымыз аквариумның  барлық шеттерінде, балбырауда тығылады. Марғаулар балықтарды жеуді жақсы көреді, бірақ біз өзіміздің балықтарымызды жемейміз. Біз оларды тамашалаймыз.

 

- Ал мен сендерді басқа балықтармен дәм татырамын (Марғаулар қолдарын жуады, су құйылған ыдыста).

 

Қорытынды: Сүйікті, Марғауларым! Бүгін сендер көп нәрсені үйрендіңдер, біз не істедік бүгін? (Биледік, ойнадық, сурет салдық) Сендерге не ұнады? (Балалардың жауабы).

 

Маған да Мысық-ана болуға және сендермен ойнауға да ұнады. Мен сендерді суретке түсірейін, естелік болсын. Ал мынау сендердің суреттерің (балаларға календарик сыйлайды).

 

Осындай тәсілдермен жүргізілген ойын ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ересек балалардың қызығушылығын, ынтасын арттыруға әсері мол .

 

Ересек топ балаларына арналған математикалық түсініктерін қалыптастыруға арналған  дидактикалық ойындар.

 

1.     Балаларды санауға үйрету ойындары.

«Қай сан жетіспейді?»

«Апта күндері»

«Адасқан цифрлар»

«Дауыстап санау»

«Не өзгерді?»

«Өз орныңды тап»

«Сандар шатасты»

«Көрші көрші»

 

«Қай сан жетіспейді?»

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.

Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.

Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.

 

«Сандар шатасты»

Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.

Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады.Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.

 

«Не өзгерді»

Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іліп, бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін, керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың суретін іледі. Бұдан не өзгергенін сұрайды.

 

«Адасқан цифрлар»

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.

Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

 

«Дауыстап санау»

Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.

1-нұсқа.

Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.

Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.

2-нұсқа.

Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.

Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.

- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

«Өз орныңды тап»

Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.

Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін тәрбиеші бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.

 

 

 

“Апта күндерi”

Ойын мақсаты: Апта күндердi есте сақтау. Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру.

 

Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 7 және суретi жоқ 1-2 тәж.

Ойын барысы:

Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды.

Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi.

Осыдан кейiн тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады. “Апта күндерi, сапқа тұрыңдар” деген бұйрық берiлiсiмен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиiс.

 

2.                 «Уақытқа саяхат» ойындары

«Біз не істеп отырмыз?»

Мақсаты: тәулік аттарын бекіту. Таңертен, күндіз, кешке, түнде.

Барысы: балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші балалардан танертен не істейтіндерін көрсетуді сұрайды.  Ойнап жатқан балалар әр түрлі қимыл жасап көрсетеді. Жүргізушінің міндеті – ойнап жатқан балалар нені көрсетіп жатқанын табу.

 

«Апта күндері»

Мақсаты: апта күндерінің атауын бекіту.

Барысы: балалар екі топқа бөлінеді. Әр топта жеті баладан. Қанша топ бар, сонша үстел, үстел бетінде санды карточкалар санымен төмен қаратылған және түстері әр түрлі. Балалар бөлменің ішінде еркін жүгіреді. Тәрбиеші белгі берген кезде  санды карточкаларды алып ретімен сапқа тұрады.

 

3.     «Кеңістікті бағдарлау» ойындары

«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.

 

«Ойыншықты тап»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Көрнекілік: Топтағы ойыншық.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.

 

«Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

 

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

 

«Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.

 

4.Геометриялық пішін ойындары

 

«Дәл осындай пішінді тап»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндер келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

 

«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

 

«Үй құрылысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

 

«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)

Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

 

5.Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойындар

а) Қонжық екеу, табаны нешеу?       (8)

б)Үш қоянда қанша құлақ бар?   (6)

в) Ағашта төрт құс отыр,оған екі құс келіп қосылды.Ағашта қанша құс отыр?(6)

г) Бір шеңбер, бір шеңберді көтеріп тұр?  (8)

 

Шытырманды жұмбақтар.

Дөңгелек өзі

Төртеу көзі

Ұстайды мықтап

Тұрғанды сырттап        «Түйме»

 

 

2016-2017оқу жылы

Санауға үйрету

Уақытқа саяхат

Кеңістікті бағдарлау

Геометриялық пішіндер

Логикалық ойындар

қыркүйек

85%

65%

75%

82%

69%

мамыр

95%

85%

89%

92%

87%

 

 

Қортындылай келгенде дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады.

  Жас ұрпақ  - біздің   өміріміздің  тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес,еліміздің  тірегі ,мызғымас болашағы.

  Балабақшада қарапайым  математика  ұғымдарын қалыптастыру  сабағында дидактикалық мазмұнды  ойын есептерін  оқушылардың  ой- өрісін дамыту мақсатында  қолданудың әдістемесін теориялық – әдіснамалық  және  тәжрибелік – сараптамалық  зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады:

   Психология мен педагогикада  ойындарды  қолдану  теориясы  мен практикасы  мектеп жасына дейінгі балаларды  тәрбиелеу  жөнінде толықтай баяндалған. Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым білім беру барысында дидактикалық  ойындар ұғымы пайда болған. Бірақта сабақта қолданудың   әдістемесі жасалмаған.

   Ойын сабақтың  соңында болса,тақырыпты бекіту не сол сабақтан  алған білімді жинақтау  мақсатында пайдаланылады.Ойын оқушылардың  оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы.Сондықтанда да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде  ойынды көп қажет етеді.Оларға пайдаланатын ойындар  балалардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.Яғни   алты жасарлармен  ойнайтын ойынның мазмұны ауыр  болады,ал жасы кішілерге ойын жеңіл түрі ұсынылады.

    Жекелеген дидактикалық  ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару, және балаларды зеттеу элементтеріне ие іс – әрекетке тарту болу табылады.Мұндай тапсырмаларды орындау  үрдісінде балалар бір қатар логикалық операцияларды жүргізеді,танымдық  іс – әрекеттің  аралық кезеңдерін шешу жүйелілігін  белгілейді.

Мұндай дидактикалық ойындар ізденгіштік  деп аталады.

 

 

 

 

 

 

                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаев Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.

2.     Л. Мартынова. Обучение математике младших дошкольников.

3.     Т. Қаражанұлы, Ш. Хайралақызы. Математикадан дидактикалық материалдар.

4.     Т.К. Жикалкина. Игровые и занимательные занятия по математике.

5.     Р.Ф. Соболевский. Математические игры.

6.     Ж. Мурадян. Дидактические игры, развивающие математические представления.

7.     М.К. Сай, Е.И. Удальцов. Математика в детском саду.

8.     Ғ. Дұкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

9.     П. Есімбетова. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау.

10. Б. Баймұратов. Мектепке дейінгі дидактикалық ойындар, принциптер туралы түсінік.

11. М. Фидлер. Математика уже в детском саду.

12. Е. Водопьянов. Формирование начальных геометрических понятий у дошкольников.

     13.Болашақ мұғалімдердің қазіргі заман мектеп математика курсын
    14. Ойын арқылы бала-бақша балаларының қарапайым математикалық түсініктерін
    15. Бастауыш білім журналдары.
    16. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы. /Бастауыш мектеп
   17. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді
  18. Санап үйренеміз. /Мырза Әли Қ. – Алматы:
  19. Логика: 5-7 жастағы балаларға арналған. /Алматы: «Алматы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоба жұмысы «Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі заманға сай білім беру жүйесінің басым бағыттарындағы өзгерістер қабілетті және шығармашыл өз бетінше әрекет ететін бастамашыл өз мүмкіндігін біліп, өз ойын іске асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесін мақсат етіп қойып отыр. Бұл мақсаттар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру стандартында белгіленген. Соның ішінде мектепке дейінгі ұйымда «Таным» білім беру саласы бойынша математика оқу –іс әрекетінің маңызы зор.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.08.2017 14366
    • DOCX 77.6 кбайт
    • 248 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусаинова Айжан Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусаинова Айжан Кайратовна
    Кусаинова Айжан Кайратовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27266
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Песочная терапия в работе с детьми

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 427 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 244 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Особенности работы с детьми после кохлеарной имплантации в условиях дошкольного учреждения

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек