Инфоурок Начальные классы Рабочие программы«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Скачать материал

Өткізген: Алишева Арай Сериковна   4 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

 

І топ   «Тапқырлар», II топ  «Алғырлар» ІIІ топ «Білімділер»
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.
1топ «Тапқырлар»

Ұраны: Тапқыр болсаң, талас жоқ

2 топ «Алғырлар»
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

3 - топ. «Білімділер»
Ұраны:
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Ой жүгірту.
ІІ. Мақал –сөз мәйегі.
ІІІ. Ғажайып сурет.
ІҮ. Шешімін тап!
Ү. Полиглот.
Ү І. Кім тапқыр?
Ү І І. Біліміңді шыңда.

Осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.

 


1топ «Тапқырлар »
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
7.
Айдың  бетіне астронавтар қанша рет қонды? ( 6 рет)
8. Сезім мүшелерін ата (құлақ, көз, мұрын, тіл, тері)
9. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
10. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
11. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
12. Түйеқұс бір аяқпен тұрғанда 25 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг?  Жауабы:25 кг


2 - топ. «Алғырлар»
1. Неше септік бар? атап шық ( 7 септік .Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)
2. Қысқа сүйек? (омыртқа )
3. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
4. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
5. Қай ғаламшар теріс айналады? (шолпан )
6. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)
7. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (куб см, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік)
8. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алып, қажетіне жұмсалатын тау жыныстары п/қ д. а.
9. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)
10. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
11. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
12. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)

3 топ. «Білімділер»

1. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
2. Бос тау жыныстарын ата. (құм, саз)
3. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)

4. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтан ба?, Жазғытұры. Т. б)

5. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
6. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
7. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)
8. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
9. Адам ұйқы кезінде қанша түс көреді? (7 түс)

10.Ең жылдам жиырылатын бұлшық еттер қайда орналасқан?  (көздің маңайында)

11. Уильям Гершел қай ғаламшарды ашты?

12.Марстың қанша серігі бар? 

 

 

 


ІІ кезең «Мақал – сөз мәйегі» дегендей, бұл кезеңде оқушылар берілген тақырыпта мақал – мәтелдерді . Қане, қай топ көп мақал біледі екен. Берілетін тақырыптар:
Отан, туған жер, туған ел, атамекен.
Оқу, білім.
Ерлік, батырлық.
Достық, жолдастық.

ІІІ кезең «Ғажайып сурет»

Қиылған заттың суретін құрастыру.
Бәйтерек. Мемлекеттік ту. Елтаңба, құс т.б.

ІҮ кезең «Шешімін тап!»
Оқушылардың адыңда шиден жасалған сандар тұрады. 1 таяқшаны қозғау арқылы өрнектің дұрыс шығару  керек .

1 топ        8+5 = 11                            2 топ   9+9 =13                      3 топ   11-3 = 1

     8+3 = 11                                        8+5 =13                                  4 - 3 = 1


Ү кезең «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс ағылшын  тілінде айтады.

Жұмбақтар:  1 топ
1). Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга , бук)
2). Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка, кәт)


2 топ

3). Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка, пенсл)
4). Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су – вода)

 

3 топ
5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік – двер
, дур)
6) Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет
, эйр плейн).

Ендігі кезекті «Кім тапқыр?»
 Әр топтың жанкүйер оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады.

1 топ
1). Сабыр түбі ...................сары алтын

2) Батыр бір өледі,    (қорқақ мыңрет өледі)

3). Бірлік болмай, …… тірлік болмас
4). Кішіпейіл болғаннан ...............кішірейіп қалмайсың

5). Қына тасқа бітеді, …. Ақыл басқа бітеді

6). Ашу дұшпан, ……... Ақыл дос

 

2 топқа:
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды… (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан … (да өткір)
6. Отан … (оттан да ыстық)
3 топқа:
1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
3. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
5. Жақсы жолдас жанға серік, … (жаман жолдас малға серік)
6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)

VII - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет. Әр жауапқа 5 ұпай
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
6. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
7. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
8. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса

9. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Барлық айда) 

 

Сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды, қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.

 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.05.2016 705
    • DOCX 23.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алишева Арай Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алишева Арай Сериковна
    Алишева Арай Сериковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1387
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 889 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 135 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек