Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӨзін-өзі тану 1 сынып Сабақ жоспары Менің үйім

Өзін-өзі тану 1 сынып Сабақ жоспары Менің үйім

Скачать материал

Өзін-өзі  тану  пәнінен  сабақ  жоспары

Тақырып: «Менің үйім»       Мұғалім: Жөнкебаева Гүлжан Темірғалиқызы

Күні:10.11.2016.               Сынып: 1                 

Құндылық: «Сүйіспеншілік»    Оқушылар саны:14

Қасиеттер:жауапкершілік, тәртіптілік, татулық

Сабақтың мақсаты: Отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

арқылы      сүйіспеншілік    құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларға отбасы ұғымының мәнін ұғындыра отырып,жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

-оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту.

-оқушыларға  отбасын құрметтей отырып, жауапкершілікке, тәртіптілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ресурстар:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

-Мен бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

-Көңіл күйіміз қалай? Өзіңнің көңіл-күйіңді қалай бағалайсың?(бас бармақпен бағалау, қалыптастырушы бағалау)

Әннің әні мен сөзі жазылған таспа, дәйексөз,суреттер, оқулық, дәптер.

Тыныштық сәті:

Қане,балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін...Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан  бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына  сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.

Сұрақ:

1.Өзіңді қалай сезіндің?

2.Қандай жағымды әсерде болдың?

Мұғалім қорытынды жасайды:

Әр күнде бір-бірімізге жақсылық тілейік. Көзіңізді ашып күлімдеңіз.

 

Дәйексөз:

-Балалар, мен сіздерге бүгінгі сабақтың дәйексөзін айтамын сіздер менімен бірге қайталап айтасыздар.

«Отан –от басынан басталады»

                                   Мақал

Оқушыларға 2-3 рет қайталатып, жатқа сұрау.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Мұғалім өзі қорытындылайды.

 

Бірге оқимыз:

«Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір үлкен отбасы болыпты.

Отбасында көп адам, тіпті бір қауым ел бірге тұрыпты. Ол отбасында адамның көптігіне қарамастан, олар тату-тәтті өмір сүрген екен.Бұл жағдай елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген болмайды екен.

   Бұл отбасы жайлы хабар патшаның құлағына да жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекшк бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, шат-шадыман, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

    Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы  татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.

    Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз  рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

 Үш сөзді оқыған патша таңғалып:

-Осы – ақ па?- дейді.

-Иә,-деді ақсақал. –Барлық жақсы отбасы тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, және «шыдамдылық» деген сөзді қосады.

 

Әңгімелесу:

-Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты?

-Әрбір адам оған жауапты ма? Неліктен?

-Отбасында қандай бала, аға, іні, әпке, қарындасың?

-Сендердің отбасыларыңның татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?

 

Сергіту сәті:

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

 

Топтық, шығармашылық тапсырма:

1-тапсырма: Әр топқа суреттер беріледі. Оқушылар суреттерге қарап, отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынасты тауып, әңгімелеп береді.

2-тапсырма: Отбасындағы мінез-құлық ережесін жасайды.

3-тапсырма:Суреттердегі  (гүл, ара, күн, ай, кітап, жеміс ағашы) бейнелердің  қайсысын өз отбасы мүшелеріңе теңер едің? Әңгімелеп бер.

Суреттер:

Оқушыларды байқай білуге, сезімталдыққа үйрету.

Топпен ән айту:

«Болайықшы осындай» әні

 

 

Қорытынды:

Сұрақ:

-Балалар, бүгін біз қандай құндылықтармен, қасиеттерді үйрендік?

-Осы қасиеттер отбасында қалай өмір сүруге септігін тигізеді?

Кері байланыс

Соңғы тыныштық сәті:

-Енді көзімізді жұмып осы  сабақта айтылған ойлар мен істерді ой

елегінен  өткізіп көрейікші.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып

орналастырайық.

-Енді көздеріңді аша қойыңдар.

-Сабақ аяқталды. Қош сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзін-өзі тану 1 сынып Сабақ жоспары Менің үйім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2017 16023
    • DOCX 15.6 кбайт
    • 90 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жонкебаева Гульжан Темиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35792
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 148 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 354 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов