Инфоурок Другое КонспектыӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАН САБАҚ ЖОСПАРЫ "ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН ЕРІНШЕКТІК"

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАН САБАҚ ЖОСПАРЫ "ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН ЕРІНШЕКТІК"

Скачать материал

« Өзін-өзі тану»  сабағының  жоспары

 

Мектеп:№33          

Мұғалім: Қожакеева Г.Ә.

Сынып: 4                                   

Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық  

Мақсаты:

Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқитқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасау.

Міндеттері:

 Білімділік: еңбекқорлық пен еріншектіктің мәнін түсіндіру арқылы ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Дамытушылық: Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту

Тәрбиелік: еңбекке қызығушылықтарын арттыру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру  кезең. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

-         Қандай күйде болдыңыздар?

-         Балалар осы тыныштық  сәті  сендерге  қалай әсер етті?

 

Үй  тапсырмасын тексеру

101 бет,      «Еңбекқорлық пен Еріншектік»,   В.С. Сухомлинский

 

Сұрақтар:

-         Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттері қандай, ерекшеліктері ше?

-         «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

-         Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?

Ескерту

Дәйексөз.

«Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап» Абай

 

1.     Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

2.     Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?


- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың. 

Жаттату:

-3 рет қайталау;

-қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;

-2-3 баладан сұрау.

 

Оқиғаларды  әңгімелеу

 « Еңбек жемісі»      Б. Әділ.

(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).

Әкесі алты гектер егістік жер алған.Сол – ақ екен,қауырт жұмыс басталды да кетті.

-Тұр,балам, - дейді әкесі. – Көктемнің әрбір күні жылға азық.Содан үй іші болып жердің басына келеді.Әкесі,шешесі,өзі,екі інісі ... Жұмыс қызу басталып кетеді.Екпегендері жоқ. Сәбіз,картоп,пияз,жүгері,капуста,қауын,қарбыз.

Асан жазғы каникулын атыз басында өт кізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.

-Биыл өнім жаман болмас, - дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. – Еңбек етсең, Жер-ана да иіс сала береді.

Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар... Теңкиіп көздің жауын алады.Сауда бақшалықта-ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп,өздері тиеп әкетіп жатты.

Әкесіә мәз,мұртынан күледі.

Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке-шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған-құтқан өнім көп.Қызанақтар жерге түсіп,ағып жатыр.

Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді.Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.

-Қауының не деген тәтті, - деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының...» деп айтқанына ...

-Тойып жеп ал, - деді.

-Кешке бес-алты қауын ала кет.Әйтпесе,үйіне өзім апарып тастайын.Ауыр ғой...

Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны.Әкесі бүгін өте көңілді екен.

-Ертең менімен бірге жүріңдер, - деді үш ұлына. – Базарға апарып,керектеріңді алып берем...

Сол күні үй іші жаңа бешпент – шалбарды қайта-қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс-пыс етеді.

-Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, - дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.

Сұрақтар:
-  Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?

 

 

Шығармашылық  іс-әрекет,топтық  жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

1-топ:   «Еңбектің жемісі» өлең құрастыру
2 – топ: «Еңбекқор» мен  «еріншек»  баланы  мінездеме (слыстыру)

3 -топ: «Адал еңбек»  Коллаж жасау

Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Қорытындылау: - еңбексйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірге құрметке бөлену арқылы, ақиқитқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасайық.

 

Топпен  ән  айту

 

Болайықшы осындай.                                        Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.       

Қиындықты жеңіп кіл, 

Құшағы гүл толады.

Қайырмасы:

                             Еңбекшіл осындай,       

                             Болайықшы, досы-ай!                                     

   Таза бала мұнтаздай

   Сүйсінеді қараған.

   Ұқыпты деп бұл қандай,

   Жақсы көрер бар адам.

 

 

Үй  тапсырмасы.

105 бет, «Әдемі әже», Р.Әбілқадырова

 

Сабақтың  соңғы  тыныштық сәті

Баяу әуен қою.


- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.
Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДАН САБАҚ ЖОСПАРЫ "ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН ЕРІНШЕКТІК""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2015 2544
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қожакеева Гүлназ Əбубəкірқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қожакеева Гүлназ Əбубəкірқызы
    Қожакеева Гүлназ Əбубəкірқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26884
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе